kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Математика пәніннен "Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған қарапайым есептер" 3 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Матемтаика пәнінен 3 сыныпқа жоспар Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған қарапайым есептер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Математика пәніннен "Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған қарапайым есептер" 3 сынып»

Сабақтың тақырыбы: Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған қарапайым есептер

Сабақтың мақсаты: 1. Бөлу компонентерімен танысу, Бөлу амалдарын орындау

арқылы қарапайым есептерді шығарып үйрету. оқушыны

белгісіз бөлінгішті табу тәсілімен таныстыру.

2. Талдау, салыстыру және қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

Есептеу дағдысын жетілдіру. Бөлу компонентерін ажырата алуды

дамыту. Көбейту мен бөлу кестесін пайдалану арқылы білімін

жетілдіру

3. Топпен, өзіндік жұмыс жасауға тәрбиелеу. Ұжымшылдыққа,

жылдам есептеуге баулу.

Сабақтың көрнекіліктері: бөлінгіштер кестесі, есептің шарттары, тақырыпқа сай суреттер.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, ой қозғау, түсіндіру, өзіндік жұмыс, саяхаттау.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сыныпты түгендеп, амандасу.

2. Сыныпты ретке келтіру. Сабаққа назар аударту.

3. Дәптерлерді жинау, алмастыру.

Психологиялық дайындық

Мен оқушы баламын,

Оқу ,білім аламын.

Мәтін түрін игеріп,

Сабақта белсенді боламын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.Қайталауға арналған картокалар беру

2 *4 2*6 2*8 2*5 2*6 2*7 2*9 2*3

6:3 9:3 12:4 15:3 18:3 21:3 24:3 27:3

ІІІ. Жаңа сабақ: Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған

қарапайым есептер

Бүгінгі сабағымыздың саяхат түрінде өтетінін хабарлау. Саяхатымызға мултьфилм кейіпкері саяхатшы Дара қатысады. Дараның тапсырмаларын орындау арқылы Қазақстанды аралаймыз.

Дараның тапсырмасы Ақтау қаласынан Орал қаласына аттанамыз.

1-тапсырма. 3 балаға 4 жидектен бөлініп берілді.Барлығы неше жидек бөлініп берілді?

Х:3= 4

Х =4*3

Х =12

Тексеру: 12:3= 4 

Жауабы: 12 жидек

Белгісіз бөлінгішті  бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады.

24 жаңғақ әр қалтада 8 жаңғақтан болатындай етіп, бірнеше қалтаға салынды. Неше қалтаға жаңғақ салынды?

24:х= 8

Х= 24:8

Х=3

Тексеру: 24:3=8

Жауабы: 3 қалтаға жаңғақ салынды

Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.





ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Тапсырмаларды ауызша орындап келесі қалаға аттанамыз Орал қаласынан Көкшетау қаласына барамыз. Ондағы берілген 3- тапсырма:

1.Саябаққа әрбір қатарға 3 шыршадан отырғызғанда , 7 қатар болды. Неше шырша отырғызылды?

2. 27 асықты 9 балаға тең бөліп алды. Әрбір бала неше асықтан алды?

х: 3 = 7 ------------------------------- 27: х = 9
х = 7*3 ------------------------------- х = 27: 9
х = 21 --------------------------------- х = 3
21: 3 = 7 ----------------------------- 27: 3 = 9
Жауабы: 21 шырша ------------- Жауабы: 3 асықтан

  • Тапсырманы орындап Дарамен саяхатымызды жалғастырамыз. Ендігі Көкшетау қаласынан Алматы облысына аттанамыз

4-тапсырма. Кестені толтыр:

Бөлінгіш

10

12

8

18

24

12

Бөлгіш

 

5

3

4

3

3

2

Бөліндінің мәні

2

4

2

6

8

6


7-тапсырма:

  1. Теңіз шеруіне 8 бригантинадан 2 қатар және 19 фрегат қатысты. Шеруге барлығы неше кеме қатысты?

  2. 2. Теңізге 72 балықшылар шхунасы шықты, олар баркастардан 29-ға артық болды. Теңізге барлығы неше шхуна мен баркас шықты.


Бригантина -8 - 2 қ. Шхуна -72

Фрегат- 19 Баркас - ? 29 артық

Барлығы ? Барлығы ?

Ш.: (8*2)+19= 25 кеме Ш.: ( 72-29)+72 =113
Ж.: барлығы 25 кеме Ж.: барлығы 113 шхуна мен баркас шықты

-Ендігі аялдайтын қала Алматыдан Астана қаласына.

V. Жаңа сабақты пысықтау:



8-тапсырма: Теңізге желкенді қайықпен 34 офицер және одан 27-сі артық матростар шықты. Ал жас матростардың саны офицерлер мен матростарды бірге алғандағы ға тең. Желкенді қайықпен теңізге неше матрос шықты?

Офицер – 34

Матрос - ? 27 артық Жас матрос - ?

Ш.: 1) 34+27= 61 ( матрос )

2) 61+34= 95 ( жас матрос )

Ж.: 95 жас матрос қатысқан.

9- тапсырма: Өрнектің мәндерін салыстыр:

2×7 * 5×3 21:3*16:2 12:3 * 2×2

4×3* 2×6 18:3 *14:2 3×2 * 15: 3

10-тапсырма: берілген суретте неше кесінді бар? Ең ұзын кесіндінің ұзындығы қандай?

3см 3см 3см 3см




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Автор: Тулеубаева Мұнара Орынбасарқызы

Дата: 21.02.2017

Номер свидетельства: 394495


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства