Просмотр содержимого документа
««Массаж» ?йірмесіні? ?орытынды саба? жоспары »
« Мейірбике » колледжі
«Келісілді» «Бекітемін»
ЦӘК төрайымы «Мейірбике» колледжінің
Ж.З. Мергенбаева________ ДОІЖЖ орынбасары Қ.И.Қияқбаева________
«_04___»04____2015 жыл «__04___»__04.2015 жыл
«Массаж» үйірмесінің қорытынды сабақ жоспары
Пәні: Массаж курсы
Тақырыбы: Массаждың түрлері
Курс: 4
Тобы:437; 427
Мамандығы: «Мейірбике ісі», «Акушер ісі»
Дайындаған: Еспагамбетова К.Б
Ақтау – 2015 ж
Пәні: Массаж
Мамандығы: «Мейірбике ісі», «Акушер ісі»
Курс: 4
Дайындаған: Еспагамбетова Кунсулу Бишеновна
Сабақтың тақырыбы: Массаждың түрлері
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға массаждың науқас организміне әсер ету механизмі, жіктемесі, әдістері, сонымен қатар массажды пайдалануға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерін қолдана білуді үйрету. Организмнің бұзылған функцияларын қысқа мерзімде қалпына келтіру, науқастың денсаулығын оңалту, оның еңбекке қабілеттілігін арттыру және мүгедектікті барынша азайту.
V. Слайд (анаграммаларды шешу тақтамен жұмыс) - 7 (мин)
VI. Қорытынды (өзін –өзі массаж жасау әдістерін көрсету) -13 (мин)
VII. Бағалау - 3 (мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі: - 5 (мин)
Сабақтың барысы: Саламатсыздарма! Көңіл-күйлеріңіз қандай жақсыма?
Үйірме сабағымыздың ұстанымдары:
Ашық болу
Тәжірибе барысында бір-бірімізге кедергі келтірмеу
Белсенді болу
Тәжірибелік дағдыларды үйреніп алу.
а). Кіріспе - 10 (мин)
Ағзаға массаж жасау адамзаттың ерте кезден қолданып келе жатқан емдеу әдіс-тәсілдерінің бір түрі болып табылады.
Негізінен массаж жасайтын адам, ең әуелі адам анатомиясы мен физиологиясын жақсы білуі керек. Ағзаның нақтылы ауырып тұрған жерін тауып, сол жерге массаж жасауы тиіс. Массаждың буынға және қалың бұлшық етке қалай, қандай тәсілдермен жасалатынын меңгерген дұрыс. Ол үшін саусақтың ұшымен сипап отырып анықтап алуға болады. Себебі, массаж саусақтың ұшымен және алақан күшімен орындалатындығы ескертіледі. Осылайша, бір мүшеге жасап болғаннан кейін екінші мүшеге жасауға ауысып отырады.
Массаж пәннің міндеттер.
массаждың ағзаға әсерін білу;
массаждың негізгі техникасын игеру, практикада қолдана білу;
массаждың тәсілдерін игеру.
Емделу мақсатында қолданылатын массаж орындалуына байланысты үш топқа бөлінеді. Біріншісі — әр адам өзіне-өзі массаж жасай білуі керек. Бұл массаж жасаудың негізгі тәсілі болып табылады.
Екіншіден — массажды арнайы білімі бар адамдар жасайды. Оларға ерекше талап қойылады. Бұл мамандар әр түрлі науқасқа массажды қалай жасайтынын біледі.
Демек, денсаулықты сақтау үшін өзіңе-өзің және досыңа массаж жасауды үйренуіміз керек.
Үшіншісі аппараттардың көмегімен массаж жасау: бұған кіреді әр түрлі массаж жасау құралдары және аппараттар жаттады. Массаждаушы құралдарға таяқшалар, резеңке құралдар, гидро массажорлар және вибро массажорлар жатады.
Массаждың механикалық жолмен жасауына тоқтала кетемін Мысалы: Балаларға жасалатын жассаждарды көрсету. Аппараттардың көмегімен жасалатын массаждарды айта кетемін.
ІІ. Тәжірибелік дағдыларды орындап көрсету - 30 (мин)
Студенттер бүгінгі сабақта берілген сұрақтар өткен тақырыптарды қамти отырып, сіздердің білім, біліктеріңізді тәжірибе арқылы тексеруге бағытталады.
Біз өткен сабақта массаждың түрлерін қалыптасуын және оның қасиеттерін, туралы теориялық тұжырымдамаларға шолу жасадық. Сонымен бүгінгі тәжірибелік дағдыларды орындауға дайын болсақ бастаймыз. Олай болса Сіздердің алдарыңызға сұрақтар таратылып беріледі, осы арқылы тәжірибелік іс- әрекет дағдыларын орындауға кірісеміз.
Білімді бағалау бойынша ақпараттық сұрақтар:
Массаж жасаудың негіздері туралы түсінік беріңіз?(массаждың түрлері, массаждың организмге әсер ету механизімі)
Емдік массаждың негізгі амалдарын айтып жасап көрсетіңіз?
Массаждың қосымша әдістерін айтып жасап көрсетіңіз?
Массажды ұйымдастыруы және оған қойылатын талаптар.(массаж бөлмесінің емдік процесті ұйымдастыру, массажға қойылатын гигиеналық талаптар, массажға дайындық, массажға қарсы көрсетілімдермен көрсетілімдер, массажға қолданылатын заттар, майлардың түрлеріне) анықтама беріңіз?
Анатомиялық аймақтарға массаж жасау әдістерін айтып көрсетіңіз?(Басты массаждау),
Бетке массаждауды айтып көрсетіңіз?
мойынға массаждау, айтып көрсетіңіз?
арқаға массаждау, айтып көрсетіңіз?
кеудеге массаждау, ішке массаждау айтып көрсетіңіз?
қолға массаждау, иық буынына массаждау айтып көрсетіңіз?
аяққа массаждау, сирақ, тізе ахил сіңірлеріне, санның алдыңғы , артқы беттеріне массаждауды айтып отырып корсетіңіз?
Нүктелік массаждың негіздері. ББ Нүктелер туралы анықтама, нүктелі массажға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерін атаңыз?
Нүктелі массажды кейбір ауруларда пайдалану әдістемесін айтып көрсетіңіз?
Балалар массажы қалай жасалады айтып көрсетіңіз?
Спорттық массаждың түрлері.
ІІІ. Ситуациялық есептер - 15 (мин)
Тәжірибелік дағдыларды жетілдіріп пысықтау үшін іс-әрекетімізді ситуациялық есептер арқылы жасаймыз.
Массажға қажет негізгі қағидаларға тоқтала кетемін. Сіздер көріп отырғандай.
Массаж жасаған қолдың қимылы жұмсақ, жеңіл, теріде қызарған не көгерген із қалдырмауға тиіс. Дұрыс жасалған массаж сол аймақты жылытып, адамның көңіл күйін көтереді.
Белгілі бір жерге массаж жасау қажет болса, алдымен одан жоғарғы аймақты, тек содан соң ғана жарақаттанған бөлікке тікелей кіріседі (мысалы сіңір созылғанда, буын тайғанда, сүйек сынғанда т.б.).
Күнделікті жасаған массаж кейбір аурудың бетін қайтаруға үлкен көмек көрсетеді. Әсіресе, гипертония ауруында өз жағдайына лайықты қолданғанда қан қысымын әжептәуір төмендетіп, тіпті қалпына келтіреді. Қазір 3 студент келіп ситуациялық есептер алады және оның жасалуын көрсетеді.
Есеп . Аяқ- қолды соғып алғанда жасалатын массаж. (Айтып көрсет.)
Есеп. Буын сіңірі созылғанда қолданылатын массаж. (Айтып көрсет.)
Есеп. Сүйек сынғанда жасалатын массаж. (Айтып көрсет.)
IV. Сергіту жаттығулары - 7 (мин)
Сергіту жаттығуларын жасалады. ( барлығымыз орнымыздан тұрып Жүмагулдің көрсетуімен Буындарына арналған гимнастикалық массажын жасаймыз.
Бұл жаттығудың Мақсаты: Буындарына жиналып қалған сіңірлерін жан-жаққа жазу. Дұрыс және абайлатып қозғалта білу. Буынының арасына жиналып қалған еттерді жазу.
Олай болса жаттығуымызды бастайық.
Бірінші: - қолымыздың басын жайлап солға және оңға айналдырамыз. Содан кейін қолының басын жоғарға котереміз, төменге түсіреміз, солға және оңға бұрамыз.
Екінші: - шынтағымызды жайлап ішке қарай және сыртқа қарай айналдырамыз. Шынтағына уқалап және сипалап массаж жасаймыз. Бұл жаттығуды төрт немесе бес қайтара орындаймыз.
Үшінші: - бір қолымызбен иығынан ұстап, екінші қолымызбен қолынан ұстап жайлап артқа және алға айналдырамыз. Осылай төрт немесе бес қайтара орындаймыз.
Төртінші: - мойынымызды жайлап артқа қарай шалқайтамыз, төменге қаратамыз, солға және оңға қарай бұрдырамыз. Бұл жаттығуды үш немесе төрт қайтара орындаймыз.
Бесінші: - Қолымызбен белінен ұстап солға және оңға қарай бұрамыз. Осылай 3 немесе 4 рет қайтара орындаймыз.
Алтыншы:- тіземіздің чашкасының жандарына саусақпен жайлап сағат бағытымен айналдырып уқалаймыз. Тізелерін бүгіп және жазып орындаймыз. Осылайша 4 немесе 3рет қайтара орындаймыз.
Жетінші: - аяқтың басын жайлап айналдырамыз. Екі жаққа майыстырамыз, солға және оңға.
V. Тақтадағы (анаграммаларды шешу, тақтамен жұмыс) - 7 (мин)
Тапсырма: Анаграммаларды шешу бойынша массажда қолданылатын сөздерді тауып жазу.
VI. Қорытынды (өзін –өзі массаж жасау әдістерін көрсету) -10 (мин)
Қорытынды бүгінгң тәжірибелік үйірме сабағымызды қортындылай отырып (өзін –өзі массаж жасау әдістерін көрсету).
Массаждың осы түріне біз арнайы тоқтала кетеміз. Өйткені адамдар алдымен массаждың негізін, қасиетін, тәсілдерін, орындау әдісін зейін қойып шықса, өзіне-өзі массаж жасау аса қиындыққа түспейді деген ниеттеміз. Ал оған көңіл аудармай бірден өзін сипаттап мыжғылай бастаса, пайданың орнына зиян табады.
Өзіне массаж жасау денені баптау деген сөз. Ертемен жасалған массаж күні бойы адам организмді қалыпты жағдайда ұстайды. Ол таңертеңгі жаттығудың алдында өткізіледі. Сонда адам денесі сергек, бойына күш, ойына рухани азық толғандай болады. Жұмысқа да жадыраңқы көңіл-күймен аттанады.
Осы массажды көрсетеді маған бір студент. ... Меруерт
VII. Бағалау – 3 (мин) Студенттерді бағалау ең маңызды бөлімдерінің бірі.
Студенттер барлығын тәжірибелік дағдыларды меңгеріп орындағаны үшін бағаланады.
Осымен бүгінгі қорытынды сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар !