kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ма?ал-м?тел б?йгесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Ма?ал-м?тел б?йгесі»

  Саба?ты? ма?саты:

 1. Ма?ал-м?телді? айырмашылы?ы мен ??састы?ын

ажырату,?р т?рлі формалар мен ?дістер ар?ылы с?з ?неріне баулу.

 2.?аза?  хал?ыны? ауыз-?дебиетіні? ??ндылы?ын ?астерлеп, оны ба?алай білуге т?рбиелеу.

3. ?р т?рлі формалар мен ?дістер ар?ылы о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

  Саба?ты? т?рі: Д?ст?рден тыс саба?

  Саба?ты? к?рнекілігі: Тапсырмалар жазыл?ан ?има ?а?аздар, та?ырыпты   суреттер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ма?ал-м?тел б?йгесі »

Сабақтың тақырыбы: «Мақал-мәтел бәйгесі»

Сабақтың мақсаты:

1. Мақал-мәтелдің айырмашылығы мен ұқсастығын

ажырату,әр түрлі формалар мен әдістер арқылы сөз өнеріне баулу.

2.Қазақ халқының ауыз-әдебиетінің құндылығын қастерлеп, оны бағалай білуге тәрбиелеу.

3. Әр түрлі формалар мен әдістер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Тапсырмалар жазылған қима қағаздар, тақырыпты суреттер.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезені

-Бүгінгі біздің ашық сабақтың тақырыбы: «Мақал- мәтел бәйгесі», мақсатымыз мақал-мәтелдің ұқсастығы мен айырмашылығын ажырату, әр түрлі шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы білімімізді, сөз өнерімізді шындау. Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспа сөздің қызметін алмастырады. Ол – айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік рөлі де бар. Мұндағы ақыл- кеңестер қысқа да нұсқа, тұжырымды.

1 сайысымыз: «Жалғастыр» деп аталады. 1 топқа

А)Еңбек түбі- береке, ...

(көптің түбі-мереке)

Ә)Елінең безген-ер онбас,...

(көлінең безген-қаз онбас)

Б)Ер бір рет өледі...

(қорқақ мың рет өледі)

В)Жері байдың...

(елі бай)

Г)Ұрлық – ұрлықтың...

(түбі қорлық)

2 топқа

А)Оқу түбі-... (тоқу)

Ә)Оқу инемен-... (құдық қазғандай)

Б)Қына тасқа бітеді-... ( білім басқа бітеді)

В)Сөздің көркі-... (мақал)

Г)Көп сөз- көмір - ... (аз сөз- алтын)

2 сайысымыз: «Әрі қарай, әрі қарай» деп аталады.

Сұрақ мақал қойылады, жауап береміз.

1 топқа:

1. Жақсы сөз сүйіндіреді,

Қандай сөз күйіндіреді. (жаман)

2. Түйе малдың қасқасы,

Жылқы малдың несі. (патшасы)

3. Адам болатын бала

Қайда қарайды? (алысқа)

2 топқа:

1.Көп сөз- күміс,

Аз сөз – не? (алтын)

1.Көп тыңда, қалай сөйле? (аз)

2.Тіл неден өткір (қылыштан)

3 сайысымыз: «Жасырдым жұмбақ»

Жұмбақты шешіп, сол сөз кездесетін мақал-мәтел айту.

1 топқа:

  1. Үй ішінде 32 батыр кіргендерді отап, турап жатыр (тіс)

(отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарар)

  1. Бетінді тырыстырады, арқанды құрастырады.

Ыңғайына көне берсең, досыңмен де ұрыстырады (ашу)

(ашу- дұшпан,ақыл-дос.

Ақылына ақыл қос)

  1. Көргендер көрші отырып

Бірін бірі көрмейді (көз)

(көз – нұрдың ұясы, көңіл- сырдың ұясы)

  1. Иесі оның- сәби, әрі төсек, әрі ұй (бесік)

(ел іші-алтын бесік)

  1. Жалт-жалт етер, жалмап кетер (от)

(отан оттан да ыстық)

2 топқа:

  1. Дүниеде бір құдық бар беті қатқан, бетінде беттегесі шығып жатқан Қараса сол құдыққа көз жетпейді, құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан (оқу білім)

(оқу – білім бұлағы, білім- өмір шырағы)

  1. Қабат – қабат қаттама, қаттамадан аттама ақылын оның ала бер, айтқан сөзің жатта да (кітап)

(күн шықса жайлау жадырайды, кітап оқысан жаның жадырайды)

  1. Ұрып қалсан кері атып, оралады өзіне, көрсе досың бері атып, қайтып барар өзіне (доп)

(асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар)

  1. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне

Киім тігіп береді ол өзіне ( ине)

(оқу инемен құдық қазғандай)

  1. Орақ болып туады табақ болып тұрады

(туған ай тураған етпен тең)

4 сайысымыз: Мақал –мәтел тест

1.топқа:

1. Адамзаттың тілін ... қана ұқпас.

А) ақылды Ә)әділет Б)қорқақ

2. Санап сөйлеген ...

А) сабырлы Ә)жігерлі Б)ақылды

3. Жасыңда қылжың болсаң, өскенде ... боларсың.

А) ақылды Ә)суық Б)мылжың

4. Айтылған сөз ...

А) асыл Б)ақыл Б)алтын

5. Білім ...

А) ортақ Ә)отан Б)оқу

2 топқа:

1.Отансыз адам- ормансыз ...

А) аққу Ә)бұлбұл Б)торғай

2. Білім қымбат, білу...

А) ауыр Ә)қиын Б)оңай

3. Ақыл – дария, ой - ...

А) теңіз Ә) мұхит Б) көл

4.Біле тұрсаң да,сұрап ...

А) оқы Ә) сөйле б) біл

5. Ақыл ойдан ...

А) Артық Ә) Асыл Б) Жақсы

5 Сайысымыз: «Шешен болсаң; шешіп көр»

Тақырыпты суреттерді таратып; сол тақырыпқа байланысты мақал-мәтел айтулары тиіс: Мысалы: Ана тақырыбы бойынша еркелесем күлімдейтін, ұрысқаны білінбейтін,

Маңдайынан иіскеп менің, құлыншағым, күнім дейтін.

Мақал айту: «Ақ шашты ана, «Жастығым –балам» дейді.

Ақылды бала, « Ай, күнім – анам дейді.

2. « Қыс» тақырыбы бойынша .

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Мақалмен жауап беру: Жаз сайға қонба, қыс қарға қонба.

3«Ана тілі» тақырыбы бойынша :

Сүйемін туған тілді – анам тілін ,

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім ,

Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Мақалмен жауап беру: Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте.

  1. « Достық» тақырыбы бойынша:

Достық бағы біздің бұл –

Көлеңке емес күнде өскен ,

Бөлек – бөлек қызыл гүл .

Бас қосқанда – гүлдесе .

Мақалмен жауап беру: Жүз теңгең болғанша, жүз досым болғаны артық . Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

5.Сайысымыз: «Әрі оқу, әрі ойын » деп аталады.

Орыс тіліндегі мақал – мәтелдердің қазақша баламасын айтасындар.

1 – топқа: Семь раз отмерь, один раз отрежь .

2.Семеро одного не ждут.

3.Не имей сто рублей , а имей сто друзей.

2 – топқа: 1.Родина жарче огня.

2. Что посеешь, то и пожнешь.

3. Чистота – залог здоровья.

Ойын «Кім шапшаң» ойынының шарты :

Жеке кеспе қағаздар беріледі , онда мақалдың сөздері буынға бөлініп жазылған , сол сөздерден мақалды құрастырамыз .

1.Оқу – білім бұлағы, Білім.– өмір шырағы

2. Оқу – білім азығы, Білім оқу қазығы

6 сайысымыз: «Топ басшылардың сайысы»

Венн диаграмманы толтыру:

Сабақтың бекітілуі: Сұрақ – жауап әдісі арқылы.

Сабақтың қорытындысы: Әділ – қазылар алқасына сөз беріледі. Олар қай топ жеңіске жеткендерін айтып; әр топқа сыйлықтар беріледі. ( бірінші орынға грамота беріледі)




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ма?ал-м?тел б?йгесі

Автор: Кызбикенова Камар Кабашевна

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170840


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства