Сабақ кезеңдері, модульдер | Мұғалім әрекеті | Тапсырма мазмұны | Оқушы әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
. І.(Психологиялық дайындық) | 1.Оқушыларды сабаққа физминутка арқылы психологиялық дайындайды. | Қимыл- қозғалыстарды тиянақты жасау. | Ұжыммен бірге жасайды. | Ынталандыру | Интерактивті тақта |
ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау. | «Талаптан да,білім мен өнер үйрен» тарауын тиянақтау тапсырмаларын орындату. | Білімнің мәнін түсінуге,адам өмірінде алатын орны туралы білетіндерін тиянақтау. | 1.Тапсырма мазмұнымен танысады. 2Сұрақтарды оқиды,жауап береді. . | Топ мүшелері стикерлер пайдаланыланып, формативті бағалайды. | Оқулық,маркер лер, стикерлер |
ІІІ. Негізгі бөлім (тақырып бойынша шығармашылық тапсырмалар) | Жаңа сабақтың тақырыбын табу. Тджптаонетптатаиаиавииивиаиаиикүзлпртропрпрпрпрпр Әріптердің ішінен тақырыпты тапқызу. | Мәтінді оқу,мазмұнын ашу | Мәнерлеп түсініп оқиды | Ынталандыру, мадақтау, формативті бағалау. | Үлестірмелі карточка |
Блумның сұрақ қою қадамдарына тапсырмаларды негіздеу.Сыни ойлауға бағыттау. | Мұғалім автор туралы мәліметті слайд арқылы көрсетеді. | Автор туралы мәлімет береді.Міржақып Дулатұлы -1885-1935жылы Қостанай облысы,Жангелдин ауданы,Қызбел ауылында дүниеге келген.Міржақып Дулатұлының «Оян,қазақ!», «Азамат», «Терме» атты кітаптары бар.Ақын өлеңдерінде қазақ халқын азаттыққа,теңдікке үндейді,оқуға,ғылымға тартуды,еңбекке баулуды көздейді. | Оқушылар мәліметті мұқият тыңдап,түртіп отырады. | Ынталандыру | Интерактивті тақта слайдтар |
| Білу (1-2 ұпай) -Қазір қай мезгіл? -Күз айларын айтыңыз. -Күзде қандай өзгерістер болады? Түсіну (3-4 ұпай) -Күз мезгілін суреттеп беріңіз. -Күз мезгілі туралы жазған қандай жазушы, ақындарды білесіз? Қолдану (5-6 ұпай) -М.Дулатұлының «Күз» шығармасының негізгі идеясы. Талдау (7-8 ұпай) -Жазушы неліктен «Жазда рақат болса да, киіз үйдің күзгі күні суығы-ай» деген сөйлеммен аяқтаған деп ойлайсың? Жинақтау (9-10 ұпай) -Қазіргі заманға сай шығарманы қалай өзгертер едің? Бағалау (11-12 ұпай) -Қазіргі заманға сай жазылған шығармалар туралы не айтар едіңіз? -Сізге ұнады ма? -Қандай өзгеріс енгізер едіңіз? | . Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындау. Күзгі табиғаттың құбылыстарын салыстырып айтулары керек. Оқушылар мәтінді қазіргі өмірмен салыстыру. Оқушылар өздерінің көзқарастарын білдірулері керек. | Өз түйіндерін жасайды Өздерінің ойларын жинақтап, тапсырмаларын орындайды. Күзгі табиғаттың құбылысын айтады. Оқушылар өздерінің сыни пікір көзқарастарын білдіреді. Оқушылар өз ойларын білдіреді | Формативті бағаланған стикерлер арқылы қорытынды шығару Ұпайларын қосу Ұпайларын қосу Жиынтық ұпайларын қосу | Интерактивті тақта слайдтар |
ІV. Сабақты қорытындылау Өз ойларын қорытуға бағыттау | Ұпайларын жинақтау,талдау жүргізу,бағалау жүргізіледі. | Кесте бойынша жұмыстарын анықтау | | | |
Кері байланыс | «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» тренинг | Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын білдіреді. | Оқушылар сабақ бойынша ұнаған екі сәтті және бір ұсыныстарын айтады. | Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды мадақтап өту. | |
Үйге тапсырма | Әңгіме желісі бойынша сурет салу.Мазмұнын айту. | | | | |