kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан" атты 8 наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Тусупбаева Салтанат Сейткалиевна мектепке дейінгі толы? к?нгі ша?ын орталы? топ т?рбиешісімін. Мені? ?станымым: мейірім мен махаббатты, сабырлы? пен т?зімділікті с?йеніш етіп, айнала?ды адамгершілікті? шапа?аты мен шарапатына б?леу. Балаларды? танымды?, шы?армашылы?, логикалы? ойлау ?асиеттерін дамыту. ?з ойларымен б?лісе білуге талпындыру, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан" атты 8 наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік»

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...

Жүргізуші: Келді көктем күнін,

Күлімдейді гүлің –

Алтын ойлы Анам,

Мерекеніз бүгін.

Жүргізуші: Балалар тақпақтарымызбен аналарымызды қуантайық.

  1. Бала: Инабат: Жақсы көрем күлкінді

Айналайын, ақ анам

Менің анам сүйкімді

Бәрінен де жақсы адам

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Ән маржанын шашайық.



  1. Бала: Айша: Ақ сүтінді ақтармын,

Ізгілікті сақтармын,

Сенен алғам өнегем,

Ақиқатты жақтармын.



  1. Бала: Аяулым Ж: Наурыздың 8-зі

Сұлулықтың негізі,

Әдемі сөз баланың

Ана айтар лебізі.

  1. Бала: Заңғар: Ана – бақыт,

Ана – гүл

Ана – қуаныш,

Ана – жыр.

Жүргізуші: Балалар аналар әлемдегі ең әдемі және мейірімді жандар. Мерекемізді қарсы алайық, аналарымызға ән сыйлайық. «Құттықтаймын мама!» әнімізге тұрайық.

Жүргізуші: Аналарымызды әнмен құттықтадық, «Рокн-ролл» биіне шақырамын.

Жүргізуші: Балалардың тақпақтарын тамашалайық:

  1. Бала: Мариям: Жүрегімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат анамыз.

  1. Бала: Амина: Анашым, анам,

Ризамын саған,

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

  1. Бала: Аяулым Т: Менің анам, ақ анам,

Жұмсағанда тіл алам,

Ойыншыққа толтырды

Айналайын ақ мамам.

  1. Бала: Асемай: Жүзімізге қараңыз,

Бал күлкілі баламыз,

Бізге қымбат күншуақ,

Бізге қымбат анамыз!

Жүргізуші: Қазір біз ата- аналар сіздерге «Қызыл телпек» ертегісін ұсынамыз.

Жүргізуші: Ерте – ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Оны Қызыл телпекті қыз деп атапты. Анасы оған бір күні:

Анасы: Қызым, әжеңе барып, денсаулығын біліп, мына бәліш пен құмырадығы майды апарып бар. Тек орманда абайла, еш жерде кідірме және ешкіммен әңгімелеспе.

Жүргізуші: Қызыл телпекті қыз сол сәтте әжесіне аттанып кетеді. Ол анасының айтқанын ұмытып, жолай соқпақ жолдан орманға қарай бұрылады.

Жүргізуші: Келе жатып орманда айнала ұшып жүрген көбелектерді көреді.

«Көбелектер» биі.

Жүргізуші: Қызыл телпек балаларды ойын ойнауға шақырады. «Гүлзар» ойыны. Ойын шарты: Екі жерде жатқан құрсаулардың ішіне балаларды шақырамыз. Өлең қосылған кезде балалар құрсаулардан шығып айнала билейді. Ал өлең аяқталған кезде тез арады құрсаудың ішіне кірулері керек. Соңғы құрсаудың ішіне кірген бала ойыннан шығады.Ойынды бастайық!

Жүргізуші: Қызыл телпектің алдынан қасқыр шығады.

Қасқыр: Қызыл телпек, қайда барасың?

Қызыл телпек: Мен әжеме барамын. Оған бәліш пен май апарып беремін.

Қасқыр: Әжең қайда тұрады?

Қызыл телпек: Әжем орманның аржағында тұрады.

Қасқыр: Жарайды. Онда мен де сенін әжеңнің ауылына барып қайтайын. Қал жағдайын білейін. Ондай болса екеуіміз жарысайық. Сен болсаң ана жолмен бар, ал мен мына жолмен барамын.

Жүргізуші: Қызыл телпек ұзақ жолға түседі. Ол жол жөнекей гүл теріп жүреді, ал Қасқыр тура ауылға барады.

Апасы: Бүгін Қызыл телпек келуші еді. Әлі жоқ. Неге кешігіп жатыр екен?

Есік қағылады.

Апасы: Бұл кім?

Қасқыр: Мен Қызыл телпекпін.

Апасы: Жіпті тартсаң есік ашылады.

Қасқыр кіріп отырады.

Апасы: Құлыным сен келдің бе? Қалың қалай? Құлыншағым сенің көзің неге үлкейіп кеткен?

Қасқыр: Сені жақсы көру үшін.

Апасы: Ал құлағың неге үлкейіп кеткен?

Қасқыр: Сені жақсы есту үшін әжетай.

Апасы: Ал тістерің неге үлкейіп кеткен?

Қасқыр: Сені жеу үшін.

Апасы: Болмайды, болмайды!

Қасқыр: Неге олай?

Апасы: Өтйкені мен жалғыз емеспін. Менің достарым, балалар бар. Олар шымыр, мықты, ештенеден қорықпайды. Ызаланба, ашуланба, бүгін мереке ғой.

Қасқыр: Қандай мереке?

Жүргізуші: Бүгін 8 наурыз мерекесі.Біз бүгін аналарды құттықтау керекпіз.

Қасқыр: Ал мен болса, құттықтай алмаймын, ештене де істей алмаймын.

Жүргізуші: Уайымдама Қасқыр мырза! Біз саған көмектесеміз. Иә, балалар.

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Балалардың әжелерге дайындаған тақпақтарын тамашалайық.

  1. Бала: Мадина: Ақ әжемді әрқашан.

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

  1. Бала: Абай: Әжемде мейраммен құттықтаймын,

Айтатын ән, беретін гүлім дайын.

Әжетай сізді жақсы көрем деп,

Ақырын құлағына сыбырлайын.

  1. Бала: Наргиз: Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем апамды

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем әжемді.

  1. Бала: Сұлтан: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем,

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

  1. Бала: Ералы: Апамыз біздің мейірімді:

Әлпештейді көңілімді.

Әкем, шешем анасы

Әркез тілер өмірімді.

  1. Бала: Шерхан: Менің әжем – гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем,

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана – тіл әжем.

  1. Бала: Ева: Мені жақсы көреді.

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын,

Айтқан сөзді тыңдаймын,

Апашымды сыйлаймын.

Қызыл телпек апасын 8 Наурызбен құттықтайды:

Қызыл телпек: Әжетай, 8 Наурызбен құттықтаймын.

Апасы: Рахмет ботақаным. Маған бәліш пен май алып келіпсің ғой!

Жүргізуші: Енді балалар үй жинауға көмектеседі. «Әжелер және олардың көмекшілері» ойыны. Ойын шарты: Екі әже және олардың немерелері қатысады. Әр команданың алдына төрт конус қойылады. Қатысушылардың міндеті шарды сыпыртқымен жыланша ирелеңдетіп сыпыру. Кім бірінші бітіреді, сол жеңеді.

Қасқыр: Енді мен үй жинауды да білемін, тақпақты да айтамын. Рахмет сендерге!

Жүргізуші: Балалар, біз қасқырға үй жинауды, тақпақ айтуға үйреттік. Енді сендерді көңілді әуенге шақырамын.

Би: «Әжемнің ертегісі»

Апа: Сендер менің көңілімді көтердіңдер, Ал мен сендерге құр қол келген жоқпын. Сендерге арнап сыйлық әкелдім.

Апа: Сауболыңдар, балалар!

Жүргізуші: Құрметті аналар сіздерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Әр отбасыларыңызға қуаныш, бақ береке тілейміз. Бүлдіршіндеріміздің жетістіктері мол болсын! Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды. Сауболыңыздар!


























Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі


















«Балбөбек» тобының 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік сценариі:

«Әлемнің жарығын сыйладың сен маған...»

















Дайындаған: Тусупбаева С. С.

Аманбаева Ж.Ж









2015 жыл.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
"?лемні? жары?ын сыйлады? сен ма?ан" атты 8 наурыз мерекесіне арнал?ан ерте?гілік

Автор: Тусупбаева Салтанат Сейткалиевна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289822


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства