Бізді? планетамызды? ?сімдіктер мен жануарлар ?лемі, адамзатты? тіршілігі ?шін жылу мен жары?ты? алатын орны ерекше. Ал, жары? пен жылуды? негізгі к?зі – К?н. К?н – жерге ?те жа?ын орналас?ан к?дімгі ж?лдыз, керемет ?лкен газды шар. Ол к?н ж?йесіндегі орасан зор дене. Ж?лдыздар жай к?зге тек т?нде ?ана к?рініп, к?ндіз к?рінбейді. Оны? себебі:
К?н с?улесі оларды? жары?ын же?іп кетеді. К?нні? массасы Жерді? массасынан 333 000есе ?лкен. Жерден К?нге дейінгі ?ашы?ты? шамамен 150 000 000 км. К?нні? жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оны? бетіндегі температура +6000° С-ге жуы?. Ал ішкі жа?ында?ы температура одан да к?п. Жерге К?н ?уатыны? 2 миллиардтан бір б?лігі ?ана жетеді. К?ннен шы??ан жары? жерге 8 минут 19 секундта жетеді. К?н к?кжиектен не??рлым жо?ары к?терілсе, со??рлым к?штірек жылытады. К?н с?улесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. ?алымдарды? есептеуінше жер бетіндегі тіршілікті? пайда бол?анына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ?за? уа?ыт ішінде бір клеткалы ?арапайым организмнен ?р т?рлі ?сімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. К?н с?улесі болмаса жасыл ?сімдіктер ауада?ы к?мір?ыш?ыл газын сі?іріп, оттегін б?ліп шы?армас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, ?мір с?реді. К?н с?улесі т?спеген жерде ?сімдіктер ?спейді. Адамдар ?мір с?ру ?шін ?ажетті киім, тама?, ?й, д?рі - д?рмек, жануарлар ?шін азы? та ?сімдіктерден алынады. Олай болса, К?ннен шы?атын жары? пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?н – жары? пен жылуды? к?зі»
Сабақтың тақырыбы: Күн – жарық пен жылудың көзі. Сабақтың мақсаты:
1. Күн және оның тіршілік үшін маңызы туралы мағлұмат беру Күн, күн жүйесі туралы білімдерін толықтыру.Күн жүйесі, оның ғаламшарлары, ғарыштық денелер туралы түсініктерін қалыптастыру. 2. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту, танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
3.Оқушылардың ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын ояту. Ізденгіштікке,еңбек сүйгіштікке, табиғатты сүюге тәрбиелеу Көрнекілігі: Күн жүйесінің суреті, қосымша суреттер,электронды оқулық, қима қағаздар, интербелсенді тақта. Әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап. Қолданылатын стратегиялар:«Ой қозғау», «РАФТ», «Ассоциация», «Зерттеу» стратегиясы
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру а) Психологиялық дайындық Табиғат! Тіршіліктің тұнып тұрған. Сен – Күнсің! Көтерілген күліп қырдан. Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың, Адамды сұлулыққа құнықтырған.
Оқушыларды топқа бөлу: (планеталар бойынша ) Үй тапсырмасын тексеру «Ғарыш дегеніміз не?» тақырыбы
Әр топқа шар ішіндегі сұрақтарды беру арқылы үй тапсырмасы сұралады.
Ғарыш дегеніміз не?
Жұлдыз дегеніміз не?
Планетаның жұлдыздан қандай айырмашылығы бар?
Күн жүйесінің құрамына қандай аспан денелері кіреді?
Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?
Біздің заманымызда ғарыш қалай зерттелуде?
3. Жаңа сабақ - Балалар, сонымен біздер алдыңғы сабақта күн жүйесіндегі планеталар олардың зерттелуі туралы білдік.
Қызығушылықты ояту
Күндіз барда, түнде жоқ,
Онсыз өмір мүлде жоқ. (Шешуі: Күн)
Енді, күннің өзін алып қарайық. Ой қозғау «Ассоциация» құру - «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер? Алдарыңдағы күннің сәулелеріне ойларыңды жазып, тақтаға іле қойыңдар. Жылу, жарық, энергия көзі, дәрумен Бауырсаққа ұқсайды ,мейірім шуағы Аптап ыстық бағыттаушы - Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күн – жарық пен жылудың көзі» ә) Мағынаны тану (Электронды оқулықтан көрсету)
Біздің планетамыздың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, адамзаттың тіршілігі үшін жылу мен жарықтың алатын орны ерекше. Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн. Күн – жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз, керемет үлкен газды шар. Ол күн жүйесіндегі орасан зор дене. Жұлдыздар жай көзге тек түнде ғана көрініп, күндіз көрінбейді. Оның себебі: Күн сәулесі олардың жарығын жеңіп кетеді. Күннің массасы Жердің массасынан 333 000есе үлкен. Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км. Күннің жасы шамамен 5 миллиард жыл. Оның бетіндегі температура +6000° С-ге жуық. Ал ішкі жағындағы температура одан да көп. Жерге Күн қуатының 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Күннен шыққан жарық жерге 8 минут 19 секундта жетеді. Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды. Ғалымдардың есептеуінше жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 4млрд жылдан асыпты. Осындай ұзақ уақыт ішінде бір клеткалы қарапайым организмнен әр түрлі өсімдіктер мен жануарлар дамып жетілді. Күн сәулесі болмаса жасыл өсімдіктер ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығармас еді. Оттегімен жан - жануарлар, адамдар тыныс алып, өмір сүреді. Күн сәулесі түспеген жерде өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дәрі - дәрмек, жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын жарық пен жылусыз Жер бетінде атаулы болмас еді. б) Мәтінмен жұмыс
Сергіту сәті - Дауыстап оқу (әр топтан) «Зерттеу» стратегиясы
1. Күн дегеніміз не?
-Күн дегеніміз – қатты қызып тұрған шар тәрізді аспан денесі. 2.Күннің бетіндегі температура қандай? - 6000° С - ге жуық
3.Жер күннен қанша қашықтықта?
Жер күннен 150 000 000 км қашықтықта 4.Күн қуаты қалай пайдаланылады?
- Күн қуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және көкеністерді кептіруге т. с. с қолданылады.
Мәтінді толықтыр
Күн жерге жақын орналасқан ( ).
Бұл жанып жатқан орасан зор ( ).
Күннің пішіні ( ) тәрізді.
Күннің диаметрі ( ) есе үлкен.
Жер массасынан ( ) есе артық.
Күн жерден ( ) км қашықтықта орналасқан.
Ой қозғау Шығармашылық жұмыс
РАФТ стратегиясы Рөл – Күн Аудитория - тыңдаушы адамдар Жеткізу формасы – өз қалауыңша Тақырып – «Нұрлы әлем» - Бүгінгі сабағымызда басты рөлде – Күн. «Нұрлы әлем» тақырыбында өз қалауларыңша ақынның жүрегімен, суретшінің көзімен, жазушының тілімен Күнге ризашылығымызды білдіреміз. Жеткізу формасы өз қалауларыңша болғандықтан сурет арқылы, өлең жолдарымен, қара сөзбен, хат арқылы білдіруге болады. (ауызша тексеріледі) Бекіту Не білемін? Не таңқалдырды? Не білгім келеді? (ауызша оқыту) Сұрақ - жауап - Қандай әрекеттер орындадық? Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма беру. 118 - 119– беттер - Сабағымызды қорыта келе күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын деп сабағымызды әнмен аяқтайық. Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Мәтінді толықтыр
Күн жерге жақын орналасқан ( ).
Бұл жанып жатқан орасан зор ( ).
Күннің пішіні ( ) тәрізді.
Күннің диаметрі ( ) есе үлкен.
Жер массасынан ( ) есе артық.
Күн жерден ( ) км қашықтықта орналасқан.
- Күн дегеніміз не?
-Күн дегеніміз – қатты қызып тұрған шар тәрізді аспан денесі.
- Күннің бетіндегі температура қандай? - 6000° С - ге жуық
- Жер күннен қанша қашықтықта?
Жер күннен 150 000 000 км қашықтықта - Күн қуаты қалай пайдаланылады? - Күн қуаты электр энергиясын өндіруге, үй жылытуға, астық және көкеністерді кептіруге т. с. с қолданылады.