kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, с?йікті ?ліппе.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімні? негізі ?ліппеден бастау алатын, білімні? сара жолы мектептен басталатынын,білімні? ке? д?ниеде ?мірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген ??штарлы?ын арттыру, о?у?а білімді болу?а ша?ыру.

Мектепті, білім ордасын, ?стаздарын ??рметтеп, е?бекті ба?алай білуге т?рбиелеу.А?ыл-ой ?рісін дамыту.О?ушыларды? білімділік да?дыларын бай?ау.Жас б?лдіршіндерді м?дениеттілікке, бірлікке ж?не ??ыптылы??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, с?йікті ?ліппе.»

Тақырыбы: Рахмет,саған Әліппе!

Мақсаты: Білімнің негізі Әліппеден бастау алатын, білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға білімді болуға шақыру.

Мектепті , білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ақыл-ой өрісін дамыту.Оқушылардың білімділік дағдыларын байқау.Жас бүлдіршіндерді мәдениеттілікке, бірлікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Оқушылар музыка әуенімен екі-екіден акт залына кіреді.

1- жүргізуші

Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.

2-жүргізуші

Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар,

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1- жүргізуші

Қош келіпсіз өр тұлғалы әкелер

Қыран құстай балапанын мәпелер

Бүгін міне әліппемен қоштасады

Азамат болған кешегі сәби ,еркелер.

2- жүргізуші

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді,

Адамның ой-арманы мақсаттары.

Оқудың сәулесімен жарык көрді.

1жүргізуші «Әліппемен аштық білім есігін тербетеміз тәуелсіз ел бесігін» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.


2- жүргізуші

Армысыздар қонақтар!

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз!

Себебі алғаш сауатымызды ашқан жақын досымыз Әліппемен қоштасамыз.


2-Жүргізуші

Олай болса Әліппені ортаға шақырайық

Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Менің атым-Әліппе

Мені анаңдай дәріпте

Мені окып ер жеткен

Ағаң менен әпкеңде


1- оқушы Еликбаева А

Ыстық әрбір беттерің

Жазуыңды ұғамын

Ақыл бердің Әліппе

Ақылшы және мұғалім

2- оқушы Әмина

Партаға тұңғыш отырдым

Қалам алып қолыма

Сызықтарға толтырдым

Қалдырмай дәптер жолында

3-окушы

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекте

Үйреттің оны әліппем

4-оқушы

Енді біз жаза аламыз

Әріпті қосып әріпке

Ырза болып саған жүреміз

Қош бол сүйікті Әліппем!

5-оқушы

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық

Әріптерді үйреніп

Сауат аштық тоймадық

6-оқушы Ержан

Ең алғаш қолға алғанда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың ,

Ұстазым маған кілтін алып берді

7-оқушы Ерсұлтан

Адамның досы - кітап өмір кілті

Тең келмес жиған дүние мүлкі

Ақылшы жанға серік жл бастаушы

Асыл ой қазынасы , өмір көркі.

Әліппе: Мен бүгін өзім сендермен қоштасқалы тұрмын Сендердің ендігі достарың ана тіліде қонаққа келеді. Ана тідін де жақсы оқыңдар, сау болыңдар достарым.

ХОРМЕН Қош бол сүйікті ӘЛІППЕ

1- жүргізуші

Қолымызға алғаш рет Әліппе оқулығын ұстаткан ұстазымыз Бақыт апайды ортаға шақырамыз

Мұғалімнің сөзі


Сіздерді алдарыңызда әліппемен қоштасудың вальсі


Вальс биленеді, билемейтін оқушылар сонғы шумақта қолдарын былғап шығады.

1- оқушы

Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз,

Сол елге лайық болу ұранымыз

Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын

Сарқылмас сан дауысты бұлағымыз.

2-оқушы

Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз,

Әзірге маңдайдағы құндызымыз.

арасын жер мен көктің жалғайтұғын,

Ертеңгі жарқырыған жұлдызымыз.

3- оқушы

Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер түсіп байқап , қаралықта

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра қалалық па?

Ән: Әлішер

  1. жүргізуші: Ал құрметті көрермен қауым, ендігі кезекті алфавиттерімізге берейік

1-оқушы Аят

А- Атыраудың айдыны

Алтай таудың айбыны

Астанамыз - Астана

Болды әлемге әйгілі

2-оқушы Айзия

Ә- Ата-баба жерінің

Қасиетін мен білдім

Әжеміз ғой үйреткен

Әліппесін өмірдің

3-оқушы Елдос

Б- Балқаш деген көл екен

Қазынасы кқп екен

Байқоңырдан ғарышқа

Көз тігемін алысқа

4-оқушы Әли

Ғ- Ғарышкері ғаламның

Намысшы ері даламның

Тоқтар сынды ағамның

Ізбасары боламын

5-оқушы Шыңғыс

Д- Сол аяқ пен оң аяқ

Кезек оны тебеді

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді.

6-оқушы Толғанай

Е- Жарға шығып ойнайды

Ойынға бір тоймайды

Болса дағы сақалы

Секеңдеуді қоймайды.

7-оқушы Мейрамбек

Ж- Жайық Еділ екі су

Дүшпан тізе бүккен жер!

Жер жәннаты Жетісу

Елім туын тіккен жер.

8-оқушы Әлішер

З- Заузадан көре аласың

Заңғырдан да табасың

Байқамасаң анықтап

3 екен деп қаласың.

9-оқушы Іңкәр

К- Кітап білім қайнары

Көгілдір - аққу баласы

Көңілді адам жайдары

Көңілінде жоқ аласы

10-оқушы Ерхан

Қ- Қиындықтан қорықпа

Қаймығып еш тарықпа

Қайратың мен жігерің

Қолғанатың жорықта

11-оқушы Мерей

М- Мұғалім , мектеп, мекеме.

Молда ,мешіт , мекке де

М әріпінен басталар

Мемлекет , мекен десе де

12-оқушы Бейсенбаева Аружан

Н- Ас біткеннің анасы

Қасиетті нан осы

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы.

13-оқушы Гүлхадиша

Ң- Қатар және тік қойып

Кұрық пенен сырықты

Арасына жіп қойып

Ң әріпін құрыпты

14-оқушы Жан-Муханбет

О- Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан туған ауылым

15-оқушы Жақсыбаева Аружан

Ө- Өрікте бар көріңдер

Бөрікте бар көріңдер

Бұл қай әріп екенін

Енді тауып беріңдер

16-оқушы Алпысова Аружан

П- Ата-анаңмен барып сен

Пілді көрдің парктен

Осы атауға зер салшы

Басталған қай әріптен.

17-оқушы Ерсұлтан

Р- Раушан гүлін Раушан

Өте жақсы көреді

Үй маңында болсындеп

Деп өсіріп келеді

18-оқушы Боранбай Аяулым

С- Сауысқанды , сағызды

Сарымсақты ,сәбізді.

Бастап тұрған қай әріп,

Сапсыз орақ тәрізді.

19-оқушы Альтмур

Т- Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

20- оқушы Амангелді

У- Уықтардың барлығын

Уыққапқа сал күнім

Уыққапқа салған соң

Уыздан жеп ал күнім.

21 - оқушы Сапарбаева А

Ұ- Темір құсты алып батпан

Көк аспанда қалықтатқан

Ағаларды кімдер дейді

Алдымен тез тауып мақтан.

22-оқушы

Х- Қорада жоқ ханда бар

Қағазда жоқ хатта бар

Кәне ойланып көрейік

Бұл әріпті кім табар

23-оқушы

Ш- Шындықты жақтаймыз

Шыншылды ақтаймыз

Жалпы топ алдына

Шығарып мақтаймыз.

24-оқушы Қарақат

Ы- Кесе , шыны , пиала

Оларсыз шай құя ма

Қасықсыз тамақ жемейміз

Бәрінің атын не дейміз?


  1. Жүргізуші –

  2. Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ғылымның қиын жалғасын,

Ана тілінен табамыз. Деп Ортаға Ана тілін шақырамыз!


Ана тілі

Амансыңдарма достарым

Сөйлетер сөзді шеберлеп

Өзіңнің ана тілімен

Байыптап жақсы сөйлесең

Негізі менде білімнің

Ана тілің құралың

Ана тілің ұраның

Ана тілің болмаса

Мықты болмас тұрағың



Ана тілі келеді

- Ал балалар , енді сендер мені оқып , менен білім аласыңдар. Өз ана-тілдеріңді құрметтеңдер

Міне сендерге асыл қазынам. (ана тілі кітапты береді)

1 жүргізуші:

Құрметті ана тілі . Біз әліппеден үйәренгенімізді сізбен әрі қарай жалғастырамыз.Сіздің біліміңізді қадір тұтамыз, құрметтейміз.

2 жүргізуші:

Иә ана тілін ардақтап өсер ұландарыңыз біз боламыз!

3Макал мәтел 3 жұмбак 3 жаңылтпаш

Ә- жүргізуші Ана- тілі сіз енді бізбен бірге боласыз



Ән Айбектің Қазағым




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
?ош бол, с?йікті ?ліппе.

Автор: Балова Бакыт Умирбековна

Дата: 16.05.2016

Номер свидетельства: 327069

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "канспект уроков "
    ["seo_title"] => string(16) "kanspiekt-urokov"
    ["file_id"] => string(6) "184744"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426089191"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства