Ұйымдастырушылық - ізденістік | -Балалар, бүгін біз сүйікті бақшамыз туралы ой-пікірімізді ортаға салайық. -Осы балабақшада сендер не үйренгендерінді айта аласындарма -Дұрыс айтасындар . Сендер көп нәрсені осы балабақшада үйреніп жатырсындар. Себебі сендер күні бойы осы балабақшадасындар. Сондықтан «Балабақша өз үйіміз» деп ата аламыз. –Ал сендер қалай ойлайсындар, балабақша деген атау не үшін берілген. «Балабақша»- бұл әдемі атау. Мысалы, бақшада жас жеміс ағаштар өссе, ал балабақшада Отанымыздың жас ұландары – сендер өсіп жатырсындар, бұл жерде сендер жақсылыққа, достыққа, әдептілікке, мейірімдікке, бір-бірінді және үлкендерді сыйлауға үйреніп жатырсындар. -Қазір мен сендерге Мұзафар Әлімбаев ағамыздың «Біздің балабақшада» деген өлеңін оқып берейін. Балабақша есігін Үшке тола ашқанбыз. Балапандай өсіріп, Мәпелейді бақшамыз. Бұл – екінші үйіміз, Бір туғанбыз бәріміз, Біз осы үйдің гүліміз, Біз – осы үйдің сәніміз. Сұрақ-жауап -Осы оқылған өлең шумағында не туралы айтылған. -Сендерге балабақша несімен ұнайды Балалардын жауабын тындап қортындылау. -Дұрыс айтасындар. Біз күні бойы балабақшада боламыз, бұл – біздің екінші үйіміз, біз осы балабақшаның гүліміз, сәніміз. Тыныштық сәті (баяу әнмен) Кірпігімізді төмен түсірсек Көзіміз жұмылады. Таза ауада еркін тыныстаймыз. Ғажап қана ұйықтасақ, Шаршағанымыз ұмытылып, Денеміз босаңсиды. Күн жылына бастайды, Қыстың соңғы күндерінде Арықтардан су ағып, Қар ери бастады. Түн болды! Аспанда әдемі жұлдыздар жарқырап, Жайнап шыға келді. Таң атты! Күн шықты!Көктем келді! Күнің сәулесі жарқырап, Денемізді жылытты. Алғашқы бәйшешек гүл ашып, Жұпар иісін ауаға таратып, Жымиып күліп, күнге қарай созылды. Ауаны терен жұтып, Еркін тыныс алындар! Оянатын сәт келді, оянамыз тұрамыз, Керілеміз, күлімдейміз Бәрекелді, қандай тамаша! Сергіту сәтті: Кел балақан, балақан, Шапалақта алақан: Жай,жай,жай! Қозғап барлық денені, Қолды қатты соқ енді: Сарт, сарт, сарт! Тықылдатып таяқты, Ақырын бас аяқты: Жай, жай, жай! Айтқан кезде өленді, Қатты басқын еденді: Тарс, тарс, тарс. Шығармашылық жұмыс: Дәптермен жұмыс: Сүйікті ойыншынғыңның суретін сал. | Би билеуге, ән айтуға, қамқор болуға, әдептілікке үйрендік Балалардың жауабы. Балабақша Түрлі жауаптар айтылады. Балалар қимылдарды жасай отырып сергиді. Тапсырманы өз бетінше орындайды |