kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект урока познанию мира "К?ктем" 1 класс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: К?ктем. Саба?ты? ма?саты О?ушылар?а к?ктем мезгілі мен к?ктем кезіндегі жасалатын ж?мыстар туралы т?сінік беру.Саба? барысында о?ушылардын ?ызы?ушылы?тарын арттыру ма?сатында сюжетті суреттер берілді.М?нда?ы негізгі ма?сат о?ушылардын с?здік ?орын молайту.Кейнгі тапсырмаларда о?ушылар жыл мезгілдеріне ?арай топ?а б?лініп,сол мезгілдер туралы білетіндерін айтып,постерге т?сірді.Саба? со?ында Т.Молдагалиевті? "К?ктем" ?ле?ін ты?дап,бейнероликтен ал?ан ?серлерін айтты.Саба? ?те ?ызы?ты ?тті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект урока познанию мира "К?ктем" 1 класс»

Дүниетану

Кабинет:

Уақыты:

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Көктем


Сабақтың жалпы мақсаты

Сабақтың мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту.
Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету. Құстарға, ағаштарға қамқор және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ- жауап , түсіндіру .


Көрнекіліктер

сабақ жоспары, суреттер, дидактикалық материалдар.

Меңгерілетін сөздер: айнала, аппақ, сырғанақ, теуіп жүр, тамаша.


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Балаларға төмендегі сұрақтарды қою:
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Жыл мезгілі төртке бөлінеді.
- Ендеше жыл мезгілін атаңдар.
- Күз, қыс, көктем, жаз.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты топтық жұмыс

1-топ «Қыс белгілері»

2-топ «Күз белгілері»

3-топ «Қысқы еңбек»

Топқа бөлу

Оқушыларды карточка мен сурет салу

арқылы жыл мезгілдерімен топқа бөлу .

Үш топ басшысы жыл мезгілдерінің атауларын ұстайды (автобус болады)

Оқушылар суреттермен топқа бөлінеді,яғни автобусқа мінеді

1-топ «Қыс» 2-топ «Күз» 3-топ «Көктем»


Қызығушылықты ояту

Суретпен жұмыс

Жаңа материалмен жұмыс.

.Мұғалім түсіндірмесі:

- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Назарларымызды тақтаға аударайық. (Көктем мезгіліне байланысты суреттер)


.
- Суреттен қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?
- Бұл – көктем мезгілі.
- Көктем екенін қайдан білдіңдер?
- Өйткені, жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштардың бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя жасап жатыр.
- Жарайсыңдар, қандай ақылды, аңғарымпаз балаларсыңдар! Біз бүгінгі сабақта «Көктем» тақырыбында әңгіме жүргіземіз.
Негізгі бөлім.
- Көктем мезгілін жақсы көресіңдер ме?
- Иә, жақсы көреміз. Бізге көктем мезгілі ұнайды.
- Көктем мезгілін мен де жақсы көремін. Сондықтан да:
- Көктем нұры қуатты,
Қарлар еріп, су ақты.
Күн күлімдеп төбеде
Төгіп тұр ғой шуақты.
Құстар келді ән салып,
Дала толды гүлдерге.
Осы шақты аңсадық,
Ғажап қой бұл білгенге!, - деп жырға қосамын.
- Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылынуынан мұздар, қарлар еріп, су болып, сай – салаға аға бастайды. Жануарлар да қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілігін бастайды. Жыл құстары туған өлкеге қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдене бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ (гүлдердің суреттерін слайдтан көрсету).

- Менің қолымда бірнеше көктем гүлдері бар. Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сабақ соңында тарту етемін.

Ой толғаныс

Дәптермен жұмыс.
а) Тұманбай Молдағалиевтың «Көктем» өлеңін тыңдау

Үйге тапсырма беру.

«Көктем көрінісі» тақырыбында суретер салу .

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер .













Рефлексиялық есеп

Дүниетану .Тақырыбы: «Көктем»

Бұл сабағымда оқушылар жыл мезгілдері туралы түсінік ала отырып көктем мезгілінің ерекшеліктерімен танысты. Сабақ психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды.Оқушылар шеңбер болып тұрып өздерінің көңіл-күйлерін көтеріп алды.Сабақты жыл мезгілдеріне қатысты сұрақтар қою арқылы бастадым.. Өткен сабаққа байланысты топтық жұмыс берілді.

1-топ «Қыс белгілері»

2-топ «Күз белгілері»

3-топ «Қысқы еңбек» Өткен сабақтарды топтық жұмыста пысықтады

Үш топ басшысы жыл мезгілдерінің атауларын ұстайды (автобус болады)

Оқушылар суреттермен топқа бөлінеді,яғни автобусқа мінеді.Автобусқа отырып жыл мезгілдерінің атауымен аталған аялдамаларға тоқтау арқылы топқа бөлінді.

1-топ «Қыс» 2-топ «Күз» 3-топ «Көктем»

- Суреттен қандай жыл мезгілін көріп отырсыңдар?
-Бұл–көктеммезгілі.
-Көктемекенінқайдан білдіңдер?
- Өйткені, жердегі мұз, қарлар еріп жатыр. Ағаштардың бүршік ата бастаған. Балалар құстарға ұя жасап жатыр.
- Жарайсыңдар, қандай ақылды, аңғарымпаз балаларсыңдар! Біз бүгінгі сабақта «Көктем» тақырыбында әңгіме жүргіземіз.
Суреттерге қарап әңгіме құрады.Өзім көктем мезгілі туралы қосымша түсінік бердім. Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылынуынан мұздар, қарлар еріп, су болып, сай – салаға аға бастайды. Жануарлар да қысқы ұйқыларынан оянып, тіршілігін бастайды. Жыл құстары туған өлкеге қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып, гүлдене бастайды. Көктемнің алғашқы гүлі – бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ .Сабақ барысында Т.Молдағалиевтің «Көктем» туралы өлеңін бейнефильм көрсету арқылы тыңдады.Өлең не туралы екенін оқушылар талқылады,сұрақтарға жауап берді.. Оқушылар жыл мезгілдерін салыстыра отырып ойларын білдіріп, дәлелдеп шықты. Оқулықтағы мәтінді топта талқылап,оқып шықты.

Сабақта не сәтті өтті? Қызығушылықты ояту кезеңінде оқушылар өз ойын еркін айтты. Қызу пікір – талас болды. Мағынаны тану кезеңінде 3 топта өздеріне берілген тапсырманы толық орындады. Мәтінге сүйене отырып, оқушылар қызу дәлелдеп , пікірлерін білдірді.

Сабақта не сәтсіз өтті? Үлгерімі орташа оқушылар тапсырманы орындағанымен, тақтаға шығып сөйлемеді. Уақыт тапшы болды.

Келесі сабақта нені ескеру қажет? Қлышнияз Азамат пен Қайратұлы Мади деген оқушылармен қосымша жұмыс жасау қажет,сабақта қалыс қалмауларын қадағалау.

Маңғыстау облысы

Қарақия ауданы

Құрық селосы













Тақырыбы: Көктем













1«А» сынып мұғалімі Ф.Маширова





2015-2016 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект урока познанию мира "К?ктем" 1 класс

Автор: Маширова Фариза Есенкуловна

Дата: 05.03.2016

Номер свидетельства: 302401


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства