?аза? тілі п?нінен авторлы? ба?дарлама «?ызы?ты грамматика»
?аза? тілі п?нінен авторлы? ба?дарлама «?ызы?ты грамматика»
Б?л ба?дарлама бойынша аптасына 1 са?аттан ??рыл?ан.Бір са?аты ?те жа?сы ??рыл?ан о?ан ?оса саба? барысында орындалатын ж?мыстын ?те ?ызы? себебі о?ушы ?ызы?ып орындайды. О?у жылдын со?ында о?ушылардан тест ж?мысымен толы? білім де?гейі аны?талады. Осы жаз?ан авторлы? ж?мысымды бастауыш сынып м??алімдерімен б?ліскім келеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен авторлы? ба?дарлама «?ызы?ты грамматика»»
Авторлық
бағдарламасы
«Қызықты грамматика»
2-сынып
І. ТҮСІНІК ХАТ
«Қызықты грамматика» - таңдау курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. «Қазақ тілі» пәніндегі сияқты қазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілерді жою, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау барысында, бір сыныпта әр түрлі деңгейдегі оқушыларға білім беруді тиімді ету қарастырылуды. Сол себепті, бағдарлама жалпы білім беретін мектептегі сынып оқушыларының арасында баяу қабылдайтын, зейінінің тұрақсыздығы, еске сақтаудың барлық түрлерінің, сөздік-логикалық ойлау қабілеті мен сөйлеу тілінің жеткіліксіздігі байқалатын балаларға, психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып, қызығушылығы төменгі деңгейдегі, оқушылық деңгейге арналып құрылған. Сонымен бірге, бұл деңгейдегі оқушылардың «Сауат ашу» оқу пәнінде жіберілген қателіктерді түзетіп, 2-сыныпта тереңдетіп оқытуға дайындау үшін «Дыбыс пен әріп», «Сөз», «Сөйлем» деген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі. Жұмыс дәптерінде орындауға берілген жаттығулар мен тапсырамалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі.
Өзектілігі:
Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;
Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;
Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту. Басқалармен тең құқылы білім алуға мүмкіндік жасау. Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу. Сонымен қатар, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Олардың білімге деген құштарлығын, еңбек сүйгіштігін, орындалатын жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге баулу.
Міндеттері:
балаларға медико-педагогикалық көмек көрсетуге жағдай жасау;
толыққанды дамуына және бейімделуіне, табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;
балалардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;
байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;
үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.
Күтілетін нәтиже:
- Еркін ойлауға мүмкіндік алады;
- Ақыл-ойын дамытады;
- Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;
- Тіл байлығы жетіледі;
- Жан-жақты ізденушілігі артады.
«Қызықты грамматика» аторлық бағдарламасы 2-сынып оқушыларына арналған, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатты қамтиды.
ІІ. ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
Таңдау курсы төмендегідей 7 бөлімнен тұрады:
Тіл және сөйлеу.
Дыбыс пен әріп.
Сөз.
Сөйлем.
Сөз таптары.
Жыл бойы өткенді қайталау.
Сөйлеу мәдениеті.
Тіл және сөйлеу (3 сағат)
Мектеп - білім ордасы. (1 сағат)
Біздің сынып. (1 сағат)
Мен және менің достарым. (1 сағат)
Дыбыс пен әріп. (10 сағат)
Дауысты дыбыстар. Оның түрлері. (1 сағат)
Жуан дауысты дыбыстар. (1 сағат)
Жіңішке дауыты дыбыстар. (1 сағат)
Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. (1 сағат)
Буын. (1 сағат)
Дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)
Қатаң дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)
Ұяң дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)
Үнді дауыссыз дыбыстар. (1 сағат)
Тасымалдау. (1 сағат)
Сөз (6 сағат)
Сөз ойла, тез ойла. (1 сағат)
Адасқан әріптер әлемі. (1 сағат)
Мағынасы жуық сөздер. (1 сағат)
Қарама – қарсы мағыналы сөздер. (1 сағат)
Көп мағыналы сөздер. (1 сағат)
Өз біліміңді тексер. (1 сағат)
Сөйлем (3 сағат)
Сөйлемдегі сөздердің байланысы. (1 сағат)
Хабарлы сөйлем. (1 сағат)
Сұраулы сөйлем. (1 сағат)
Лепті сөйлем. (1 сағат)
Сөз таптары (5 сағат)
Заттың атын білдіретін сөздер – зат есім. (1 сағат)
Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. (1 сағат)
Заттың қимылын білдіретін сөздер – етістік. (1 сағат)
Заттың сынын білдіретін сөздер – сын есім. (1 сағат)
Заттың санын білдіретін сөздер – сан есім. (1 сағат)