Мектеп: «А.С.Пушкин атындағы орта мектебі» КММ Күні: 10.05.2017 Сынып: 1 Мұғалімнің аты-жөні: Бахтиярова Жанар Ахметкановна Қатысқандар: 12 Қатыспағандар: - |
Сабақтың тақырыбы: | Тазалық – денсаулық кепілі. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру |
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар: |
Жеке бас гигиенасының ұғымын түсіндіреді. |
Оқушылардың басым бөлігі: |
Жеке бас гигиена ережесін құрастырады. |
Кейбір оқушылар: |
Жеке бас гигиенасының маңыздылығын дәлелдейді |
Бағалау критерийі | Жеке бас гигиенасының ұғымын түсіндіреді. Жеке бас гигиена ережелерін құрастырады. Жеке бас гигиенасының маңыздылығын дәлелдейді | |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар ... істей алады? |
Жеке бас гигиенасын сақтауға арналған құралдарды пайдаланып, тазалықты сақтай алады. |
Негізгі сөздер мен тіркестері: гигиена, тазалық, денсаулық. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: |
Талқылауға арналған сұрақтар: |
-Дене мүшелерін қалай таза сақтауға болады? -Не үшін тазалық сақтау қажет деп ойлайсыңдар? -Жеке бас тазалығы дененің сымбатты болуына ықпал ете ме? Себебін түсіндіріңдер. -Жеке бас гигиенасының ережелерін білесіңдер ме? |
Құндылықтарға баулу | Жеке бас гигиенасын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану құндылықтарын дарыту. |
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, дене шынықтыру, музыка. |
Алдыңғы білім | Дене мүшелерін таза ұстау керектігін біледі. |
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, Bilimland |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы. 7 минут. | Психологиялық ахуал тудыру: Шаттық шеңберге тұрып: «Мен тазалықты сүйемін» әнін орындайды. Өлеңді бірге айтып, қимылмен көрсетеді. Топқа бөлу: Денсаулық, гигиена, тазалық сөздері жазылған қима қағаздарды алу арқылы үш топқа бөлінеді. -Балалар, неліктен осы сөздер арқылы біз топқа бөліндік деп,- ойлайсыңдар? -Біздің сабағымыздың тақырыбына байланысты, -деп ойлаймыз? Тірек сөздермен жұмыс: денсаулық, гигиена, тазалық. | АКТ. Қима қағаздар |
Сабақтың ортасы. 25-30 минут | (Ұ) «Кім жылдам?» ойыны. Тапсырма №1. Сұрақтарға жауап береді, жауаптар талқыға салынады. -Денсаулық кепіліне не жатады? -Дене мүшелерін қалай таза сақтауға болады? -Жеке бас гигиенасын сақтауға арналған қандай құралдарды білесіңдер? -Жеке бас тазалығы дененің сымбатты болуына ықпал ете ме? -Жеке бас гигиенасының ережелерін білесіңдер ме? Дескриптор:1.Сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын мысал келтіре отырып дәлелдейді. Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім «Смайлик» әдісімен бағалайды. (Т) «Құрастыру» Интербелсенді тақтадан «Менің күн тәртібім» туралы видеоролик ұсыну Тапсырма №2. Интербелсенді тақтадағы суреттерге қарап гигиена ережелерін құрастырады, постерге түсіреді. Дескриптор: - Шаш күтімі ережесін құрастырады. - Қол жуу ережесін құрастырады. - Тіс тазалау ережесін құрастырады. - Тырнақ алу ережесін құрастырады. Қалыптастырушы бағалау: Дескриптор арқылы бағалау Сергіту сәті: Тазалық сақтау туралы өлеңдерді дауыстап оқып және қимыл арқылы көрсетеді. (Ж) « Мен зерттеушімін» Тапсырма №3 Тіс тазалауды тәжірибеде орындайды. Дескриптор: - Тіс щеткаларын таныстырады, сипаттайды. - Тіс пасталарын таныстырады, сипаттайды. - Тіс тазалауды тәжірибеде орындайды. Қалыптастырушы бағалау: Жұптық бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. | Смайликтер, суреттер, Интербелсенді тақта А3 парағы Дескриптор |
Сабақтың соңы. 10-15 минут. | «Микрофон» Денім сау әрі әдемі болу үшін .... деген ойды аяқтап, өз пікірін айтады. Қалыптастырушы бағалау: | Микрофон Керемет! Жарайсың! Тамаша! |
Саралау – оқушыларға қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Бағалау ағашы арқылы бағаланады. Себеттегі алма, гүл және жапырақтарды флипчартта бейнеленген ағашқа жапсыру арқылы сабақты өздері бағалайды Алма – Бүгін мен көп үйрендім Гүл – Маған сабақ ұнады. Жапырақ – менде әлі сұрақтар бар.
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. -Жаттығулар жасау, сергіту кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Блум таксономиясы. Білу және түсіну. Талдау, жинақтау және бағалау. | Барлық оқушы: Жеке бас гигиенасының ұғымын түсінеді(Ұ) «Кім жылдам?» ойыны. Тапсырма №1. Сұрақтарға жауап бере отырып, жауаптарды дәлелдейді. Қолдану. Оқушылардың басым бөлігі: Т) «Құрастыру» Тапсырма №2 Суреттерге қарап гигиена ережелерін құрастырады, постерге түсіреді. Кейбір оқушылар: (Ж) « Мен зерттеушімін» Тапсырма №3 Тіс тазалауды практикада орындайды. |
|
Сабақ бойынша рефлексия. Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсат тары шынайы, қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? | Оқушылар жеке бас гигиенасының ұғымын бір-біріне түсіндіре білді. Оқушылар жеке бас гигиена ережелерін құрастырып үйренді. Оқушылар жеке бас гигиенасының маңыздылығын дәлелдей алды. Барлық оқушылар белсенділік танытып, оқу мақсатына жетті. | |
Жалпы бағалау.Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?1. Суреттерге қарап гигиена ережелерін құрастырып, постерге түсіргені.2. Тіс тазалауды практикада көрсетуі. Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?1.Оқушылар топта бір-бірін тыңдап, әділ бағаласа 2.Оқушылардың белсенділік дағдыларын арттыратын деңгейлік тапсырмалар түрін көбірек пайдалану. Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Топта оқушылар топ ережесіне бағынып, бір- бірін әділ бағалауды үйрету. |