Мерзімі | 18.09.2014 |
Тақырыбы | № 3. Қ. Мырза Әли «Мұғалима» |
Сабақтың мақ . | Ұстазды құрметтеуге ,өлең мазмұны бойынша өз ойларын түсіндіруге үйрету ,мәнерлеп оқуға жаттықтыру ,тіл байлығын дамыту,өлең мазмұнын аша білу. |
Күтілетін нәтиже | Ұстаздың қажырлы еңбегі туралы өз ойларын түсіндіреді,кәсіптік таңдау жасай алады,өлеңді мәнерлеп оқи алады,өлеңнің мазмұнын аша біледі. |
Әдіс- тәсілдер | «Сұрақты қағып ал» әдісі,Ассосация әдісі,Бес жол өлең,эссе,қанатты сөздер,СТО,Диалогтық оқыту. |
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеттері | Оқушының іс-әрекеттері | Бағалау | Уақыты | Ресурстар |
Ұйымдастыру бөлімі | Психологиялық ахуал тудыру Сәлемдесу «Кел,балалар,күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек Көңілді болып жүрейік» -өлең жолын жатқа айтқызамын. Оқушыларды топқа бөлемін. | Көңіл-күй көтеретін өлең шумағын жатқа айтып сабақты бастайды. Аю,жұлдызша,жүрек стикерлері арқылы үш топқа бөлінеді. 1 топ: «Оқушы» 2 топ: «Мұғалім» 3 топ: «Мектеп» | Мадақтау,ынталандыру. | 2мин | Аю,жұлдызша, жүрек стикерлері Топ аттары жазылған кестелер. |
Білу | «Күмән» әңгімесін мазмұнын әңгімелетемін. «Сұрақты қағып ал» әдісін пайдаланамын. «Күмән» әңгіме желісін оқушыларға сахналастыруды тапсырамын. | Оқушылар «Күмән» әңгімесін әңгімелеп береді.Өздері дайындап келген бірнеше сұрақтарды «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы әр топ бір-біріне сұрақ береді,жауабын алады. «Күмән» әңгімесіндегі кейіпкерлер Мұғалім,Әтіркүл,Боранбай, Дәуіт,Рақила өз рөлдерін сомдап шығады. | Әр түрлі бейнедегі смайликтер арқылы әр топ бір-бірін бағалады. | 10 мин | Доп,кейіпкерлердің аттары жазылған макеттер,көзілдірік, мұғалімнің журналы,смайликтер. |
Түсіну | Оқулықтағы сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашамын. «Ақын сазы» ойыны арқылы Қ. Мырза Әлидің «Мұғалима» өлеңін мәнерлеп оқытамын. | Сөзжұмбақ шешуін сыни тұрғыда ойлану арқылы табады. Оқушылар «Мұғалім, ұстаз» туралы өздері білетін өлең шумақтарын айтып шығады. «Мұғалима» өлеңін мәнерлеп оқиды. | | 10 мин | Сөзжұмбақ,оқулық. |
Қолдану | «Ассосация әдісі» арқылы «Мұғалім» қасиеттерін жазуға беремін. | Әр топ өз ойларын ортаға салып,берілген тапсырманы орындап,оны қорғайды. | Басбармақ арқылы әр топ бір-бірін бағалады. | 7мин | Смайликтер. |
Талдау жинақтау | Ұстаздың қажырлы еңбегі жайлы өз ойларын айтқызамын. «Ой толғаныс» 1.топ «Мұғалім-сыныптың анасы» тақырыбында эссе жаздырамын. 2 топқа «Бес жол өлең» өз ойларынан шығартамын. 3 топ «Қанатты сөздер» жазуға тапсырма беремін. | Оқушылар ұстаздардың қажырлы еңбегі жайлы айтып береді. Берілген тапсырмаларды әр топ орындайды. Тапсырмаларын оқып береді. | Смайликтермен бағалайды. | 12мин | Ассосация. |
Бағалау | | | «Көрші топты бағала» парақшасы арқылы бағалайды. | 1 мин | «Көрші топты бағала» парақшасы. |
Үй тапсырмасы | «Мұғалима» өлеңін жаттап,ребус құрастырып келулерін тапсырамын. | Оқушылар тапсырманы күнделіктеріне жазады. | | 1 мин | |
Рефлексия | Сабақтан алған әсерін білу үшін «Өрмекші торы»әдісін қолданамын. | Оқушылар шеңбер құрады да , оралған жіпті бір-біріне лақтырып өз әсерін айтады. | | 2мин | | |