kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?нінен "Зат есімні? септелуі" та?ырыбы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: Зат есімні? септелуі

Саба?ты? ма?саты: зат есімні? септелуін о?ушыларды? ?алай т?сінгенін тексеру.

Білімділігі: саба?та ойын т?рлері ар?ылы тап?ырлы?, ізденімпазды? ?асиеттерін дамыту, ой белсенділігін арттыру.

Т?рбиелігі: сауаттылы??а, ?йымшылды??а, шы?армашылы??а т?рбиелеу.

Дамытушылы?ы: о?ушыларды? ойлау ?абілетін, шапша?ды?, жылдамды? ж?не к?регендік ?асиетттерін дамыту.

К?рнекілігі: Слайд, тест тапсырмалары, ?ажайып ала? барабаны, жеті септік.

?дістері: с?ра??а жауап, к?рнекілік, слайд.

Т?рі: ?айталау саба?ы.

П?наралы? байланыс: математика, ана тілі.

Саба?ты? барысы: I. ?йымдастыру кезе?і.

Психологиялы? икем.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен "Зат есімні? септелуі" та?ырыбы »

Тақырыбы: Зат есімнің септелуі

Сабақтың мақсаты: зат есімнің септелуін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.

Білімділігі: сабақта ойын түрлері арқылы тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, ой белсенділігін арттыру.

Тәрбиелігі: сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдық, жылдамдық және көрегендік қасиетттерін дамыту.

Көрнекілігі: Слайд, тест тапсырмалары, ғажайып алаң барабаны, жеті септік.

Әдістері: сұраққа жауап, көрнекілік, слайд.

Түрі: қайталау сабағы.

Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық икем.

810 : 90 – 2; 5 + 120 : 60; 3 + 100 : 25;

200 х 4 – 793;

II. Сұрақ - жауап. №1 слайд

Септік жалғаулары, олардың сұрақтары, сөйлемдегі атқаратын қызметі.

III. Сызбамен жұмыс. №2 слайд



Тексеру арқылы септіктердің дұрыстығын табу






Септіктер

Атау септік

Ілік септік

Барыс септік

Табыс септік

Жатыс септік

Шығыс септік

Көмектес септік




Сөздер

Гүлдің, әженің, заттың

Демалысты, сөйлемді,

Жастан, өзеннен

Ата - аналар, дәптер

Сабаққа, кітапханаға

Оқушымен, отпен

Ауылда, мектепте



IV. Терме диктант. №3 слайд

Оқушыларға кеспе қағаздар таратылды. Онда жеті септіктің аты жазылған.Интерактивті тақтада сөздер берілген, берілген кеспе қағазда жазылған септік бойынша оқушылар дәптерлеріне сол септікте тұрған сөздерді көшіріп жазады. Көршілес отырған оқушылар бір- бірінің жазылғанын тексереді.

Сөздер:

Суретшінің, аналар, еңбекпен, даланы, кірпіштен, жылқыға, қалада, қағазбен, көкте, Арайдан, қонақты, әншіні, ағаш, дүкенге, өсімдіктің, гүлдер,отқа, досыммен, адамның, темірден, үстелде.

Тексеру:

Септіктер

Сөздер

Атау септік

Аналар, ағаш, гүлдер

Ілік септік

Суретшінің, өсімдіктің , адамның

Барыс септік

Жылқыға, отқа, дүкенге

Табыс септік

Даланы, қонақты, әншіні

Жатыс септік

Қалада, көкте, үстелде

Шығыс септік

Арайдан, темірден, кірпіштен

Көмектес септік

Еңбекпен, қағазбен, досыммен



V. Ойын. «Адасқан жалғаулар» №4 слайд

(Боранның дауысы естіледі.)

- Балалар, 7септіктің жал,аулары бораннан адасып кетіпті. Енді сол жалғауларды орнына қоюымыз керек. Қазір сендер маған көмектесесіңдер. Ол үшін мына берілген сөйлемдегі сөздерге төмендегі жал,ауларды дұрыс жалғау керек.

Илеу – Құмырсқа... үйі. Илеу... қарап оңтүстік пен солтүстікті ажыратуға болады. Илеу.. бұзуға болмайды. Илеу... мыңдаған құмырсқа өмір сүреді. Илеу.. құмырсқалар шыға бастады. Құмырсқа... пайдасы бар.Құмырсқаның илеу.. ойнауға болмайды.

Жалғаулар: - мен, -ден, - ге, - ның, - де, - ді, - ның.

Тексеру.

VI.Ойын: «Сөз ойла, тез ойла» №5слайд

Ортаға «Ғажайып алаң» қақпасын қоямын. Барабан 7 бөлікке бөлінген. Әр бөлікте септіктердің аты жазылған. Бір- бір оқушыдан шығып барабанды айналдырады да сұраққа тез жауап беру керек. Тез жауап берген оқушы сұрақтың астындағы сыйлықты алады.

1. Асан кітапханаға келді.

(Сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшесіне талда, барыс септігіндегі сөз қандай мүше болып тұр?)

2. Тілден ұшып,

Құлаққа қонады.

(Шығыс септігіндегі сөзді тап, сұрақ қой.)

3. Тақтаға дәптер сөзін септеп жаз.

4. .............үні.

5. (Көп нүктенің орнына – ненің? Деген сұраққа жауап беретін сөзді қойып, сөйлем құра. Қай септікте тұрғанын айт)

6. (Берілген сөзді жатыс септігіне қойып, сөйлем құра.)

Ауыл.

7. Отпен кіріп,

Күлмен шығып,

Көрген емес

Белін бүгіп.

(Жұмбақты оқып, шешуін тап.Қарамен жазылған сөзге сұрақ қой, қай септікте тұрғанын айт.)

8. Оқушылар қысқы демалысты қызықты өткізді.

(Қарамен жазылған сөзге сұрақ қой, қай септікте тұрғанын айт.)

VII. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою, қай септікте тұрғанын анықтау, өлеңнің бір шумағын айту және авторын атау. №6 слайд

1) Оқығанды көңілге ..... тоқылық. ықыласпен (Көмектес. с)

2) Шықшы ....., қарашы кең далаға тауға (Барыс. с.)

3) Жазғытұры қолмайды ...... сызы қыстың (Ілік.с.)

4) Қара боран ..... жапты көкті (Табыс. с.)

5) ...... өзен ағар сарқыраған таулардан (Шығыс. с)

6) ....- сөздің патшасы, сөз сарасы өлең (Атау. с.)

7) Желсіз ...... жарық ай түнде (Жатыс. с.)

Тексеру:

1 Ы. Алтынсарин.

2. Қ. Аманжолов.

3. А. Құнанбаев.

4. А. Пушкин.

5. Ы. Алтынсарин.

6.А. Құнанбаев.

7. А. Құнанбаев



VIII. Тест тапсырмасы.

IX. Қорытынды. №7

- Сонымен, сабағымызды қорытындылай келе, тест тапсырмаларын орындағанда қандай сөздер шықты?

1- нұсқада «Қой», 2 – нұсқада «Табыс» сөзі шықты. Бұл септіктердің атауы және де биыл қандай жыл?

- Қой жылы.

- Ал, табыс дегенде ойларыңа не келеді?

- Қой жылы табысты жыл болады.

- Ендеше, осы жыл сендерге табысты болып, сабақтарыңды тек «Жақсы» деген бағаға оқыңдар.

X. Бағалау.

XI.Үйге тапсырма.

7 септікке байланысты сөйлем құрау.


















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза? тілі п?нінен "Зат есімні? септелуі" та?ырыбы

Автор: Рахметжанова Анар Амангельдиновна

Дата: 19.01.2015

Номер свидетельства: 157930


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства