Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?нінен "С?йлемні? дара ж?не к?рделі м?шелері" та?ырыбы »
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік; Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық; Пәнге деген қызығушылын, ой-қиялын дамыту.Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба білу дағдыларын арттыру.
Тәрбиелілік; мақалдар, тыйым сөздер арқылы сабақтың тәрбиелік мәнін ашу.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап,баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, сурет,сызба.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар?
Психологиялық дайындық
Қуан шаттан, қуан шаттан
Қуанатын күн бүгін,
Қуанамын мен де, қуанасын сен де,
Арайлап атқан күнге!
Үй тапсырмасын тексеру.
Жай сөйлем дегеніміз не?
Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Айырмашылықтары қандай?
Жаңа сабақ
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері.
Мағынаны тану.
А) мұғалімнің түсіндіруі
Ә) жаттығулармен жұмыс
Б)сергіту сәті
В) қосымша тапсырмалар
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жаз.Екі қатардағы қарамен жазылған сөздерді салыстыр, сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.
1.Аулада тазартылды. 2.Алматы –оңтүстіктегі әсем, жасыл қала.
3.жаңбыр жауды. 4.әсел үйге кірді.
2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз.Сөйлемдердегі күрделі мүшелерді тап, астын сыз.
Мен Жамбылды бірінші рет қырғыз елінде көрдім. Керімсаз жайлауында бір үлкен ас болды. Оған арңы жағынан қырғыз, бергі тұстан қазақтар жиналды. Асқа әнші, балуан, ақындар жиналды.
М енің Жамбылды көргім келеді.
Сергіту сәті
Бала, бала, балапан.
Қане, қайсысы алақан.
Саусақтарын әйбат
Былай былай ойнат.
3 жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.Қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесі?
Дала баласы
Бес жасында ат құлағында ойнайтын,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын
Мен баласы даланың!
Жеті түнде бес жүз қойдың түс кейпін
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін
Мен баласы даланың!
М.Әлімбай
Ой –толғау. Бес жол өлең құрастыру.
Зат есім
Сын есім
Етістік
Сөйлем.
Мағыналас сөз
4-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жаз. Күрделі баяндауыштарды тауып, астын сыз.
Нүргүл дүкен сөресіндегі кітаптарды қарап шықты. Биік үйлер алыстан көріне бастады. Зеренді көлінің табиғаты әдемі. Бақшада жеміс-жидектер, көкөністер өсіп тұр. Мектеп ауласы ағаш жапырақтарынан тазартылды.