kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза?станда?ы ежелгі м?дениет ескерткіштері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды ?аза?станны? м?дени –тарихи ескерткіштерімен таныстыру.

2. Шы?армашылы?пен ж?мыс істейтін адамны? таби?ат пен ?о?амда?ы орнын, ма?ызын т?сіндіре отырып, м?лени ескерткіштерге деген к?з?арастарын ?алыптастыру.

3. А?ыл –ой ?уаты мен ?ол шеберлігінен шы??ан туындылар?а ??рметпен ?арау сезімін т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза?станда?ы ежелгі м?дениет ескерткіштері" »

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштері

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды Қазақстанның мәдени –тарихи ескерткіштерімен таныстыру.

2. Шығармашылықпен жұмыс істейтін адамның табиғат пен қоғамдағы орнын, маңызын түсіндіре отырып, мәлени ескерткіштерге деген көзқарастарын қалыптастыру.

3. Ақыл –ой қуаты мен қол шеберлігінен шыққан туындыларға құрметпен қарау сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, пікірталас, топтастыру

Көрнекілігі: Қазақстандағы ежелгі мәдениет ескерткіштерінің суреттері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау, пысықтау

Ми шабуылы (сұрақтар мен тапсырмалар)

  1. Адамзат үшін құнды нысандар тобы қалай аталады?

  2. «Мұра» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  3. «Әлемдік» дегеннің мағынасы қандай?

  4. Әлемдік мұралар неше топқа бөлінеді?

  5. «Мәдени мұра» сызбасын естеріңе түсіріп, құрастырыңдар.

  6. Мәдени мұра ескерткіштерін атаңдар.

ІІІ.Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндіруі.

Қожа Ахмет Йасауи Арыстан баб кесенесі Айша бибі

кесенесі кесенесі

Алтын адам Мәдени мұра Аңыз

Киіз үй Ертегі Жырлар Қарахан кесенесі

Ұлы Жібек жолы – ежелгісауда керуендері қатынаған жол.Бұл жол қазір жаңа шабыт алды. Еуропа Одағы, АКШ,ТМД елдері,Оңтүстік –Шығыс Азия және Қазақстан Ұлы сауда жолын қайтадан жаңартатын мәдени –экономикалық концепция жасады. Ұлы Жібек жолы бойындағы ескерткіштер қалпына келтіріледі. Қазақстан Парламенті «Ұлы Жібек жолы бойындағы орталықтарды

Қалпына келтіру, түркі тілдімемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және сабақтастығын дамыту» деген мемлекеттік бағдарламаны бекітті. Ұлы Жібек жолы ұрпақтарына өзар түсіністік пен бейбітшілікті мұраға қалдырған.

Оқулық бойынша жұмыс

Топпен жұмыс. Мәтінді бөліктерге бөлініп оқытылады.

1-топ киіз үй туралы оқиды.

2-топ балалар туралы бөлікті оқиды.

3-топ бесік туралы оқиды.

4- топ Ұлы Жібек жолы туралы оқиды.

Қорытынды. Пікірталас

Қазақ халқы бала тәрбиесіне ежелден ерекше көңіл бөлген. Олар бала тәрбиесінде неге ерекше көңіл бөлген?

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Мәдени мұралар туралы іздену.

Сабақтың тақырыбы: Жазықтар.

Сабақтың мақсаты:Жер бедері туралы түсінік қалыптастыру;Қазақстан аумағындағы жазық, таулармен таныстыру: оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру; картамен жұмыс жасау, бақылау жасау, жинақтау, саралау, қорытындылау сияқты дағдыларды дамыту, жетілдіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ –жауап, топтастыру

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,тест.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ.Өткенді қайталау, пысықтау

Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақ –жауап

Көкжиектің тұстарын не арқылы анықтауға болады?

План дегеніміз не?

Масштаб дегеніміз не? т.б. сұрақтар қойылады

ІІІ.Жаңа сабақ

Психологиялық дайындық.

Қазақстан дейтін менің елім бар,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Пікірталас.

- Әрбір елін, жерін сүйетін азамат «Туған жерім тамаша!» деп тебіреніспен айтады. Осыған өз пікірлерінңізді білдіріңіздер. (оқушылар пікірлерін айтады)

Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс.Ойпаттар –қою жасыл түс

Оқулық бойынша жұмыс Төбелер –қоңыр түс

  • мәтінді нақышына келтіріп оқыту; Таулар –қоңыр түс

  • тізбектей оқыту;

  • түсініктерін тексеру.

Жазықтар – далаға шықсан кей жерлерде қырат та, тау да, айнала теп –тегіс болады. Мұндай жерлер жазықтар деп аталады.

Ойпат –жерде кездесетін ойыс жазықтарды айтады.картада қою жасыл түспен белгіленеді.

Төбелі жазықтар – төбелі жазық жерлер де болады. Төбелердің биіктігі бірнеше ондаған метрге жетеді және жазықта оқшауланып тұрады.

Қыраттар –бір –бір жалғасып жатқан төбелер қыраттарды құрайды.

Жыра – судың жер бетін тілімдеп, жырып кетуінен пайда болады.

Дәптер бойынша жұмыс Жазықтар


Тегіс Төбелі Ойпат


Беті теп –тегіс Ойыс тұстары

бар жазық

Ойпат,тегіс жазық, төбелі жазық, қыратты жазық.

Қорытынды.Сұрақ-жауап. Тестімен жұмыс.

Үйге тапсырма:өз жерінің жер бедерінің қандай түрлері кездесетінін жаз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
"?аза?станда?ы ежелгі м?дениет ескерткіштері"

Автор: Бекжанова Балиса Сембаевна

Дата: 09.04.2015

Номер свидетельства: 199613


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства