kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Е?бек б?рін же?бек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: «Е?бек – б?рін же?бек»

Саба? ма?саты:  «Е?бек»  адамгершілік ??ндылы?ы туралы т?сініктерін     

                               ке?ейту.

Саба? міндеті:

  • е?бек адам ?міріндегі м?ні туралы т?сінік беру.
  • е?бек етуге ?ызы?ушылы?тарын арттыру
  • е?бек с?йгіштікке т?рбиелеу.

Саба? к?рнекілігі:  т?рлі т?сті ?а?аз, ?айшы, желім, с?зж?мба?,

   ?има ?а?аздар.

Саба? ?дісі: жеке баламен, топпен, сынып ?жымымен, с?ра? – жауап.

П?н аралы? байланыс: ана тілі, д?ниетану, бейнелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Е?бек б?рін же?бек" »

«Мырзакент» мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мусабаева Жадыра


Сабақ тақырыбы: «Еңбек – бәрін жеңбек»

Сабақ мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін

кеңейту.


Сабақ міндеті:

  • еңбек адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру.

  • еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру

  • еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім, сөзжұмбақ,

қима қағаздар.

Сабақ әдісі: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен, сұрақ – жауап.

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, бейнелеу.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мен үшін әрқайсыңның орның бөлек.

Бейне бір сендер жеміс мен бәйтерек.

Бүгінгі сабағымыз сәтті өтуге,

Ұшқыр ой, ашық көңіл, білім керек!

Құрметті ұстаздар, ата – аналар және оқушылар. Бүгін 3 – сыныптар арасында «Еңбек бәрін жеңбек» атты сайыс сабағымызды өткелі тұрмыз.

Бұл сайысқа арнайы 3 – топ сайысуға келіп отыр.

Топтарды таныстырып өтейін.

1-топ «Шеберлер» 2-топ «Талапкерлер» 3 – топ «Өнерпаздар»

3 «В» сынып 3 «Г» сынып 3 «Д» сынып

Сайыскерлеімізді қошаметпен қарсы алыңыздар.

Құрметті сайыскерлер бүгінгі сайыс шартымен таныс болыңыздар.

  1. Таныстыру.

  2. Зымыран сұрақтары.

  3. «Мақал – мәтелдерді жалғастыр» ойыны.

  4. Жапсырмалау «Еңбек ептілікті сүйеді».

  5. Сөзжұмбақ шешу.

  6. Ойын «Еңбек құралдарын ажырат».

Енді осы топтардың әділ бағасын беретін «Әділқазылар алқасымен» таныстырып өтейін.

Армысыз әділ – қазы алқаларым,

Қайырған ақ жібектен жағаларын,

Сіздерден рұқсат алып, сынға түссек,

Сайыста балалар жеңіске жетпек.

Бастауыш сынып мұғалімі:Толғанбаева Салиха

Өзін - өзі тану пәні мұғалімі:Кадркулова Айсылу

Бастауыш сынып мұғалімі: Түркіменбаева Жанар


1 – шарт. «Таныстыру» (әр топ өзін таныстырып өтеді).


1-топ «Шеберлер».

Бүгін біздің мектпете дүбірлі той.

Ден салып тыңдаңыздар көңілді қой.

Жырдан шашу шалқысын күй күмбірлеп,

Қош келдіңіз, халайық сергісін бой.


Көп, көп сөйлеп нетейін,

Тобымды таныстырып өтейін.

Қыраны қалықтаған кең даламның,

Бауыржанұлы Бақдәулет мен боламын.

Елбасының есімін иемденген

Таныстырып өтейін Нұрсұлтанды.

Дәулет біздің білгіш және ақылды.

Үлгі тұтқан ұлы Абай ақыны.

Аружан қыз білім жиған бойына

Көркі менен ақылы сай ойына

Ақерке қыз өсіп келеді үлбіреп,

Қос жанары тұтқан судай мөлдіреп,

Қошеметпен алайық Самалды,

Қызғалдақтай өсе берсін жәудіреп.

Ұраны: Шебердің қолы ортақ.


2- топ «Талапкерлер»


Бас иіп сәлем беріп баршаңызға

Талапкерлер келді ғой ортаңызға.

Жігітті мәрттігінен сынаушы еді,

Қолдасын аруағы бабалардың.

Ұраны: Қанатты тұлпарым,

Алға ұмтыл ұрпағым


3-топ «Өнерпаздар»

Армысыз қасиетті халқым менің

Алдымен сәлем беру салтым менің.

Бас иіп сәлем берем баршаңызға,

Қасиетті қазағымның салтыменен.


Ізденіп оқимын мен талаптанып,

Білімім боймда тұр қабаттанып.

Сайысқа түсіп тұрған достарыммен,

Жұманов Сүндет мен боламын.

Рахат, Алғадай, Айжан, Алсу, Қамажай.

Ұраны: Өнерлі өрге жүзер.

2 – шарт. Зымыран сұрақтары (топ бойынша жауап беру).

1 – топ «Шеберлер»


  1. Бөлшектеп аралайтын құрал.

  2. Қағаз неден жасалады.

  3. Бес асыл істің бірі.

  4. Тамақ әзірленгенде киімге дақ түспей үшін қандай киім киеді?

  5. Тұт құртынан алынатын жіп.

  6. Тігіншінің негізгі құралын ата.

  7. Білекті бірді жығар.

  8. Қымызды қай түліктің сүтінен әзірлейді?

  9. Қалталы жануарды ата.

  10. Екі бөлшекті біріктіретін зат.


2 – топ. «Талапкерлер»

1. Белгілейтін, сызатын құрал.

2. Киім ілетін не?

3. Қазақстанның туының түсін ата.

4.Қасиетті тағамды ата.

5.Қымыранды қай түліктің сүтінен әзірлейді?

6.Еңбекқор жәндікті ата.

7.Балық аулайтын құрал.

8.Білекке салатын әшекей.

9.Жіпті сабақтайтын тігін құралы.

10.Ырыс алды - ...


3-топ «Өнерпаздар»

1.Ұрғыш құралыды ата

2. «Ақ алтын» ол- ... .

3.Кесе, қасық бұл не?

4.Сүттің түсі қандай?

5.Ыдыс салатын дорбаны ата.

6.Қағазды бөліктерге немен бөледі.

7.Екі бөлшекті біріктіретін зат.

8.Сандыққа қандай заттар салады?

9.Бірлік болмай, ... ... .

10. Киіз үй неден жасалады?









3 – шарт «Мақал – мәтелді жалғастыр» ойыны.

(Еңбек туралы мақал – мәтелдер)


1 – топ «Шеберлер»


  1. Еңбек етсең ерінбей, Тояды ... ... .

  2. Ерте тұрған жігіттің ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің ... ... ... .

  1. Көз қорқақ, ... ... .

  2. Күшіңе сенбе, ... ... .

  3. Ата көрген оқ жанар,

Шеше көрген ... ... .


2 – топ «Талапкерлер»


  1. Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың ... ... .

  1. Еңбек ет те, ... ... .

  2. Жас кезімде бейнет бер,

Қартайғанда ... ... .

  1. Жеті рет өлшеп, ... ... ... .

  2. Ердің атын ... ... .


3 – топ «Өнерпаздар»

1. Еңбек ерлікке жеткізер,

Ерлік ... ... .

2. Еңбек етсең ... .

3. Еңбексіз тапқан мал, ... ... ... .

4. Ұста пышаққа жарымас,

Етікші ... ... ... .

5.Кім еңбек етсе, сол ... .


4 – шарт. Жапсырмалау. «Еңбек ептілікті сүйеді» .

- «Дүниеде барлық қуаныштың, барлық жақсылықтың көзі еңбек» М.Горький айтқандай, ой еңбегімізді қол еңбекке ұштастырайық. Мына қалталарда әр түрлі фигуралар бар. Сол фигуралардан үйлесімді бір нәрсе құрау керек.









5 – шарт. «Сөзжұмбақ шешу» (әр топқа сөзжұмбақ беріледі).


1 – топ. «Шеберлер»


Қ








А






Й




Ш







Ы










1.Балық аулайтын құрал.

2.Ең қадірлі адам.

3.Өркешті жануар. Үстінде екі тауы бар.

4.Қой бағатын адам.

5.Ырыс алды ... .


2-топ «Талапкерлер»


М







А






Қ







Т






А




  1. Мойынға тағатын әшкей.

  2. Ұрғыш құралды ата.

  3. Суда өсетін өсімдік.

  4. Ине мен жіп арқылы матамен жұмыс істеу.

  5. Ұннан пісірілген тағам.









3 – топ «Өнерпаздар»



Б







А






Л





Ғ





А







  1. Ерлердің бас киімі.

  2. Қағазды бөліктерге немен бөледі.

  3. Ешкінің төлін ата.

  4. Қағаз неден жасалады.

  5. Ағаш көркі ... .


6- шарт. Ойын «Еңбек құралдарын ажырат».



Сабақты қорытындылау: Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары әділ шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.


(Әділқазыларды тыңдау)

Жеңіске жеткен топты марапаттау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Е?бек б?рін же?бек"

Автор: Мусабаева Жадыра Кожахметовна

Дата: 28.02.2015

Номер свидетельства: 179885


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства