Мақсаты мен міндеттері: Адам ағзасының мүшелерімен таныстыру. Денсаулықты күте білу салауатты өмір сүру екенін түсіндіру.
1.Адам ағзасының мүшелерін атау.
2.Адам денсаулығын жақсарту мен қорғау жолдарын үйрету.
3.Дені сау адам еңбекке қабілетті болатынын дәлелдеу.
Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
Көрнекіліктер: Адам ағзасының мүшелерінің суреттері.
Әдіс-тәсілдер: жұптық , талдау,түсіндіру
Сабақ барысы
1.Психологиялық икем.
2.Бақылау күнделігімен жұмыс.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар өздері салып келген суреттерді көрсетіп, оны түұсіндіру.
Суреттерді мағынасына қарай екіге бөлеміз.
1.Табиғаттағы тіршілік.
2.Қазіргі дүниедегі тіршілік.
Жаңа сабақ:
-Адам ағзасының қызметі біртұтас екенін қалай дәлелдеуге болады?
-Адам денесі қандай бөліктерден тұрады?
-Әрбір ағза қандай қызмет атқарады?
-Адам ауырғанда өз бетінше емделу дұрыс па?
-Адамның тек қана тісі ауырса, оны ауру адам деуге бола ма?
Жұмбақтар жасыру:
1.Ти десем тимейді.
Тиме десем тиеді (Ерін)
2.Бес арғымақтың
Құйрығы біреу-ақ. (Бес саусақ пен білек)
3.Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін (көз)
4.Екі атым бар тынбайтын,
Өзімді ғана тыңдайтын. (екі аяқ)
-Осы жұмбақтардың барлығы адамға байланысты болса,қандай да бір ортақ жауапқа келуге бола ма?
-Адамның басқа қандай мүшелерін білесіңдер?
Оқушылардың жауаптарын тақтаға жазады.Жаза отырып олардың сызбадағы мүшелердің қайсысына қатысты екенін анықтатады.Жауабы тақтаға жазылады.
Адам денесі:Бас.Көкірек.Мойын.Құрсақ.
Оқулықпен жұмыс.Адамның ішкі мүшелерінің суретімен танысу.Мәтінді оқу.Мұғалім мәтінді оқумен бірге тақтаға бас сүйектегі ми,омыртқа,жотасындағы ми деп жазып қояды.Оқығандары туралы әңгімелесу.Оқушыларға тақтадағы жазуларды қалай түсінетіндігін өз сөздерімен айтып беруін сұрайды.
Сұрақтар.
1.Адам ағзасы қандай мүшелерден тұрады?
2.Егер адам ағзасының бір мүшесі жұмыс істемесе не болар еді?
3.Барлық мүшелердің қалыпты,үйлесімді жұмыс істеуін басқаратын негізгі мүшені атаңдар.
Оқулықтағы сұрақтарға жауап.
Адам денесіндегі мүшелердің орналасуын анықтау.
Топпен жұмыс.Тапсырма.
Мүшелердің жұмыс істеуін жақсарту жолдары.
1-топ-жүрек 4-топ-өкпе
2-топ-қарын 5-топ-ішек
3-топ-ми 6-топ-бауыр
берілетін уақыт 5-7 мин.
Топ жұмысымен танысу.Бұл ағзаның тек суретін салып қоймай оның жұмыс істеу қызметін түсіндіруді естеріне салып қойыңдар.
Үйге тапсырма.
Оқулықтағы мәтінді оқу.Адам мүшелерінің суретін салу.