Білімділік: Оқушыларға «Думан» ойын-сауық орталығы туралы түсінік беру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, сапалы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту,дүниетанымын кеңейту.Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру . Сауатты жазуға үйрету.
Тәрбиелік: Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір-біріне сыйластық сезімдерін тереңдету.
Оқушылармен амандасу,оларды сабаққа психологиялық дайындау.
-Балалар бізде бүгін ерекше сабақ,сабағымызда қонақтар бар.
-Қонақтармен амандасамыз
-Қазір бізде қандай сабақ?
-Қазір бізде қазақ тілі сабағы
-Қазақ тілі сабағында біз қандай тілде сөйлейміз?
-Қазақ тілі сабағында біз қазақ тілінде сөйлейміз
-Бүгін нешесі?18 сәуір
-Аптаның қай күні?сейсенбі
-Жыл мезгілі қандай?
-Көктем.Құлпырған жыл мезгілі
- біз де бүгінгі сабағымызды осы көктем сияқты бір-бірімізге қарап күліп, бір-бірімізге сәттілік тілеп, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық.
-Қане, онда :
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Сабағымызды бастаймыз,
Жалқаулықты тастаймыз.
Үй жұмысын тексеру.78 бет,№6
Үнтаспны тыңдаймыз.
-Бұл үнтаспада не туралы айтылған,не түсіндіңдер? Осы сұраққа жауап алау арқылы тақырыпқа шығамыз.
-Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс.7 мин.
1.Түсінік беру.(суретті көрсету)
Думан ойын сауық-орталығы Астана қаласында орналасқан.Ол 2003жылы ашылды.Ол үлкен,әдемі кешен.Думанда Мұхитарал,Джунгли,Ертегі қалашығы,Аттракциондар,Роллердром,Киноатракцион бар
-Балалар сендер Астана қаласына бардыңдар ма?Думанға бардыңдар ма?
Онда балалар біз сендермен тапсырмалар орындау арқылы пойызбен Астана қаласына Думанға саяхатқа барамыз.Әр тапсырманы орындағаннан кейін пойыздың вагондарын жабыстырып отырамыз.
III.Тапсырмалар: 20 мин.(Келісемін,келіспеймін смайликтері арқылы оқушылар әр топтың жауаптарын бағалайды)