kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дос болайы?, б?ріміз.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха ?аласы

«№ Жалпы орта білімберу мектебі» КММ

3 – сынып.

?зін – ?зі тану п?ні

                                                                                   Бастауыш сынып  м??алімі

                                                                                   Оспанова Айн?р ?алымбек?ызы

Та?ырыбы: Дос болайы?, б?ріміз!

Ма?саты: О?ушылар?а досты?, татулы? туралы т?сінік беру. ?зара сыйласты? ?арым – ?атынастарын дамыту. Досты?ты ?адірлей білуге т?рбиелеу.

К?рнекілігі: интерактивті та?та, слайдтар

Т?рі: аралас саба?

?дісі: С?ра? – жауап, м?тінмен ж?мыс, жа?даяттарды шешу.

Ж?рісі:

І.?йымдастыру

ІІ.??гімелесу с?ті

      1.Адал досты?ты ?алай т?сінесі?дер?

      2.Сендерді? достары? к?п пе?

      3.Досы?а к?мекті, ?ам?орлы?ты ?алай жасайсы?дар?

      4.Достары?ды ренжітіп алса?дар, ?алай татуласар еді?дер?

      5.Досты? туралы ?андай ма?ал – м?телдер білесі?дер?

ІІІ.М?тінмен ж?мыс. Сазды хикая. (Ертегі)

                                                       Е.Козлова

                             Аудар?ан: М.Есен?лиева

         К?зді? бір к?ні еді. ??стар да жылы жа??а бет ал?ан мезгіл. Тынышталып ?ал?ан орман ішінде бір К?ртыш?ан келе жатады. Кенет ол орманда ?алып ?ой?ан бір ??сты? керемет ?уенін естиді. М?ндай ?уенді келесі жаз?а дейін ты?дай алмаймыз – ау деген ойдан К?ртыш?анны? к??ілі бір т?рлі жабыр?ау к?йге т?сіп, басы салбырап кетеді. Осы кезде сын?ан а?аш б?та?тарыны? арасынан:

-Ай-?й-?й-?й-?й-?й,

-Ай-?й-?й-?й-?й-?й, - деген ?уен естілді.

-Амансы? ба, ??рметті Б?лан! Айта ?ойшы, ?азіргі орында?аны? ?андай ?н? – деп ?ызы?а с?райды  К?ртыш?ан.

-?, не., тым ?атты ?ндеттім бе?

-Жо?, ?ле?ді тамаша орындады?. Мені? ойымша, сен мынадай б?лб?л дауысы?мен эстрада сахнасына шы?уы? керек. Бізді? орманымызда ?з «ж?лдыздарымыз» бар емес пе? Міне, бір сазгер табылды, орындаушы да табылар, - деп К?ртыш?ан армандайды.

-Біз мына ??стан ж?з есе арты? айтпаса?, кем айтпаймыз. Мен достарымды ?йымдастырып, музыкалы? топ ??райын, содан со? к?рші ормандар?а гастрольге шы?амыз. Ар?ысын та?ы к?рерміз.

         «К?ртыш?ан дарындарды жинап ж?р» деген жа?алы? ?п-с?тте б?кіл орман?а тарайды. «Дарындымын» дегендер орманны? т?кпір-т?кпірінен жортып та, жор?алап та, секіріп те, ж?гіріп те жинала бастады. ?ндетемін деп  егіз – шылбыр ?ыры?буындар, желкілдеген ?оян, ?уендеткен Тиін, ?абан-торай, ??рт-??мырс?а, Шыбын-шіркей т?гел жиналады.

         К?ртыш?анны? алдына келген орманны? ?рбір т?р?ыны ?з ?нін ?згеден ?атты айт?ысы келеді. Ала??айды ??ла? жарарлы? ай?ай-шу басады. Жамыра?ан дауыстан шошып ?алмасын деп орман т?р?ындары бала?айларыны? ??ла?тарына ма?та ты?ады. Ал к?рші ала?ны? т?р?ындары мекенжайларын ауыстырады.

-Болды! То?таты?дар! – деп ай?ай салады К?ртыш?ан. – Жетер енді! Ешкімді де ты?да?ым келмейді! Еш?айсы? да ?ле? айта алмайсы?дар! Сендерде не дауыс, не ?абілет жо?, еш н?рсеге жарамайсы?дар!

         К?ртыш?ан ай?ай-?ндерден ?йіне ?ашады. Екі ??ла?ын жасты?пен бекітіп, мазасы кетеді. Ол ойла?ан ойын іске асыра алмай, ?атты ?апаланады. Ал К?ртыш?ан?а дарындарын к?рсеткісі келген достары о?ан наразы болып, жан – жа??а тарайды. Енді ол м?лде жал?ыз ?ал?ан еді.

         Арада бірнеше к?н ?теді. К?ртыш?ан достарын са?ына бастайды. Оларды ?алай ?айтаруды? амалын ойластырады. А?ыры, біреуден а?ыл с?рау керек деген шешімге келеді. Осы ниетпен ол жа?ын ма?айда?ы к?лді мекендеп ж?рген дана Ба?аны іздеп табады. К?ртыш?ан Ба?а?а бол?ан м?н – жайды баяндап береді. К?ртыш?анны? ??гімесін ты?дап болып, Ба?а:

-Ымм. Енді ??ла? салып, к?пті к?рген мені ты?да, - дейді, - д?ниеде ??стар к?п, даусы керемет, ?серлісі де бар, даусы жо? ба?ыр?андары да кездеседі. Ал на?ыз досты жолы?тару ?те ?иын. Ескі достан айрылса?, жа?асын таппайсы?. Осыдан ?зі? ?орытынды жаса!

         К?ртыш?ан ?йіне ?айтып келе жатып, ?арияны? с?зін есіне т?сіреді. «Ба?а д?рыс  айтады, жалпы олар тым нашар ?ндетпейді. ?здері де жа?сы достар еді», - деп ойланып ?алады: Кенеттен ол:

-Таптым! Таптым! Мен оларды? басын ?осып, ?н айтуды ?йретемін! – дейді ?уана ай?айлап. К?ртыш?ан достарын жинап:

-Мені кешірі?дер! Мен ?діл болмадым. Сендерді д?рыс к?ріп, д?рыс естімеппін. Д?ниедегі е? дарынды ?нші екендері?е к?зім енді жетті. Егер б?ріміз бірігіп, тамаша  хор ?йымдастырса?, бізден талантты ?жым болмас еді, - деп ?з ?сынысын айтады. Осылай достар татуласады. Бірігіп с?йікті ?ндерін шыр?айды.

ІV.Бекіту с?ра?тары

      1.К?ртыш?анны? жал?ыз ?алу себебі неде деп ойлайсы?дар?

      2.К?ртыш?ан достарымен ?алай татуласты?

      3. “Ескі достан айрылса, жа?асын таппайсы?” дегенді” дегенді ?алай т?сінесі?дер?

V.Сергіту с?ті.

       Кешірімді баламыз,

       Ж?лдыздай болып жанамыз.

       Кішіпейіл боламыз,

       ??стай ?анат ?а?амыз!

VІ.Д?птермен ж?мыс

VІІ.Д?йекс?з

       1.Татулы? – досты? кепілі.

                                    Халы? ма?алы.

       2.?р?ашан тілектес,

          Досы?а к?мектес.

                                    Е.?тетілеуов.

VІІІ.Жа?даяттарды шеші?дер

№1.

     Санжар, ?айнар, Айдос ?шеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде ?зенге жетті. ?зендегі к?пір тар екен. ?шеуі ?атар ?те алмайтын болды. Бір – бірден ?тпек болды.

    Демалыс к?ні достар саяхат?а шы?ты. Т?с кезінде олар тама?тану?а дастар?ан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып т?р?ан еді.

  • Сен неге дастар?ан басына жа?ындамай т?рсы?? – деді ?айрат.
  •  Дайындап ?ой?ан тама?ымды ?йде ?мытып кетіппін.
  •  ?иын бол?ан  екен, - деді Досын, нанын аузына ?ома?айлана ты?ып жатып.

 Кел, б?ле жейік, - деді ?айрат.

№2.

     Сені? жан досы? жаман ?ылы? к?рсетіп, сол ?шін м??алім алдында с?гіс естіді. Б?л жа?дайда сен жан досы?ны? ісі д?рыс болмаса да оны? к??іліне ?арап оны жа?тайсы? ба?

№3.

      Сен математикадан есеп шы?арып келді?, досы? сеннен к?шіріп алды. Сеннен кеткен ?атені ол бай?ап ?зіне ?атесіз жазды. ?й ж?мысынан сен “4”, ол “5” деген ба?а алды. Сен не істер еді??

№4.

     Сен к?птен к?ткен циркке бару ?шін билет алу?а бара жатырсы?? ?алта?да 200 те?ге бар, билетті? ??ны 200 те?ге. Жолдан досы? кездесіп ты?ыз а?ша керек болып т?р?анын айтып ?арыз?а 100 те?ге беруін ?тінді. Сен не істейсі??

ІХ.Ж?ректен ж?рекке .    Достары?а арнап ?з тілектері?ді  білдірі?дер

Х.?орытындылау.

    ?йге тапсырма: “Сазды хикая” ертегісін о?ып, мазм?нын айтып келу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дос болайы?, б?ріміз.»

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы

«№ Жалпы орта білімберу мектебі» КММ














3 – сынып.

Өзін – өзі тану пәні













Бастауыш сынып мұғалімі

Оспанова Айнұр Ғалымбекқызы






Тақырыбы: Дос болайық, бәріміз!

Мақсаты: Оқушыларға достық, татулық туралы түсінік беру. Өзара сыйластық қарым – қатынастарын дамыту. Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Түрі: аралас сабақ

Әдісі: Сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс, жағдаяттарды шешу.

Жүрісі:

І.Ұйымдастыру

ІІ.Әңгімелесу сәті

1.Адал достықты қалай түсінесіңдер?

2.Сендердің достарың көп пе?

3.Досыңа көмекті, қамқорлықты қалай жасайсыңдар?

4.Достарыңды ренжітіп алсаңдар, қалай татуласар едіңдер?

5.Достық туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

ІІІ.Мәтінмен жұмыс. Сазды хикая. (Ертегі)

Е.Козлова

Аударған: М.Есенәлиева

Күздің бір күні еді. Құстар да жылы жаққа бет алған мезгіл. Тынышталып қалған орман ішінде бір Көртышқан келе жатады. Кенет ол орманда қалып қойған бір құстың керемет әуенін естиді. Мұндай әуенді келесі жазға дейін тыңдай алмаймыз – ау деген ойдан Көртышқанның көңілі бір түрлі жабырқау күйге түсіп, басы салбырап кетеді. Осы кезде сынған ағаш бұтақтарының арасынан:

-Ай-әй-әй-әй-әй-әй,

-Ай-әй-әй-әй-әй-әй, - деген әуен естілді.

-Амансың ба, құрметті Бұлан! Айта қойшы, қазіргі орындағаның қандай ән? – деп қызыға сұрайды Көртышқан.

-Ә, не.., тым қатты әндеттім бе?

-Жоқ, өлеңді тамаша орындадың. Менің ойымша, сен мынадай бұлбұл дауысыңмен эстрада сахнасына шығуың керек. Біздің орманымызда өз «жұлдыздарымыз» бар емес пе? Міне, бір сазгер табылды, орындаушы да табылар, - деп Көртышқан армандайды.

-Біз мына құстан жүз есе артық айтпасақ, кем айтпаймыз. Мен достарымды ұйымдастырып, музыкалық топ құрайын, содан соң көрші ормандарға гастрольге шығамыз. Арғысын тағы көрерміз.

«Көртышқан дарындарды жинап жүр» деген жаңалық әп-сәтте бүкіл орманға тарайды. «Дарындымын» дегендер орманның түкпір-түкпірінен жортып та, жорғалап та, секіріп те, жүгіріп те жинала бастады. Әндетемін деп егіз – шылбыр Қырықбуындар, желкілдеген Қоян, әуендеткен Тиін, Қабан-торай, Құрт-құмырсқа, Шыбын-шіркей түгел жиналады.

Көртышқанның алдына келген орманның әрбір тұрғыны өз әнін өзгеден қатты айтқысы келеді. Алаңқайды құлақ жарарлық айқай-шу басады. Жамыраған дауыстан шошып қалмасын деп орман тұрғындары балақайларының құлақтарына мақта тығады. Ал көрші алаңның тұрғындары мекенжайларын ауыстырады.

-Болды! Тоқтатыңдар! – деп айғай салады Көртышқан. – Жетер енді! Ешкімді де тыңдағым келмейді! Ешқайсың да өлең айта алмайсыңдар! Сендерде не дауыс, не қабілет жоқ, еш нәрсеге жарамайсыңдар!

Көртышқан айқай-әндерден үйіне қашады. Екі құлағын жастықпен бекітіп, мазасы кетеді. Ол ойлаған ойын іске асыра алмай, қатты қапаланады. Ал Көртышқанға дарындарын көрсеткісі келген достары оған наразы болып, жан – жаққа тарайды. Енді ол мүлде жалғыз қалған еді.

Арада бірнеше күн өтеді. Көртышқан достарын сағына бастайды. Оларды қалай қайтарудың амалын ойластырады. Ақыры, біреуден ақыл сұрау керек деген шешімге келеді. Осы ниетпен ол жақын маңайдағы көлді мекендеп жүрген дана Бақаны іздеп табады. Көртышқан Бақаға болған мән – жайды баяндап береді. Көртышқанның әңгімесін тыңдап болып, Бақа:

-Ымм... Енді құлақ салып, көпті көрген мені тыңда, - дейді, - дүниеде құстар көп, даусы керемет, әсерлісі де бар, даусы жоқ бақырғандары да кездеседі. Ал нағыз досты жолықтару өте қиын. Ескі достан айрылсаң, жаңасын таппайсың. Осыдан өзің қорытынды жаса!

Көртышқан үйіне қайтып келе жатып, қарияның сөзін есіне түсіреді. «Бақа дұрыс айтады, жалпы олар тым нашар әндетпейді. Өздері де жақсы достар еді», - деп ойланып қалады: Кенеттен ол:

-Таптым! Таптым! Мен олардың басын қосып, ән айтуды үйретемін! – дейді қуана айқайлап. Көртышқан достарын жинап:

-Мені кешіріңдер! Мен әділ болмадым. Сендерді дұрыс көріп, дұрыс естімеппін. Дүниедегі ең дарынды әнші екендеріңе көзім енді жетті. Егер бәріміз бірігіп, тамаша хор ұйымдастырсақ, бізден талантты ұжым болмас еді, - деп өз ұсынысын айтады. Осылай достар татуласады. Бірігіп сүйікті әндерін шырқайды.

ІV.Бекіту сұрақтары

1.Көртышқанның жалғыз қалу себебі неде деп ойлайсыңдар?

2.Көртышқан достарымен қалай татуласты?

3. “Ескі достан айрылса, жаңасын таппайсың” дегенді” дегенді қалай түсінесіңдер?

V.Сергіту сәті.

Кешірімді баламыз,

Жұлдыздай болып жанамыз.

Кішіпейіл боламыз,

Құстай қанат қағамыз!

VІ.Дәптермен жұмыс

VІІ.Дәйексөз

1.Татулық – достық кепілі.

Халық мақалы.

2.Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Е.Өтетілеуов.

VІІІ.Жағдаяттарды шешіңдер

1.

Санжар, Қайнар, Айдос үшеуі орманнан серуендеп келе жатты. Бір кезде өзенге жетті. Өзендегі көпір тар екен. Үшеуі қатар өте алмайтын болды. Бір – бірден өтпек болды...


Демалыс күні достар саяхатқа шықты. Түс кезінде олар тамақтануға дастарқан басына жиналды. Айбек шеткерірек барып тұрған еді.

  • Сен неге дастарқан басына жақындамай тұрсың? – деді Қайрат.

  • Дайындап қойған тамағымды үйде ұмытып кетіппін.

  • Қиын болған екен, - деді Досын, нанын аузына қомағайлана тығып жатып.

Кел, бөле жейік, - деді Қайрат.


2.

Сенің жан досың жаман қылық көрсетіп, сол үшін мұғалім алдында сөгіс естіді. Бұл жағдайда сен жан досыңның ісі дұрыс болмаса да оның көңіліне қарап оны жақтайсың ба?


3.

Сен математикадан есеп шығарып келдің, досың сеннен көшіріп алды. Сеннен кеткен қатені ол байқап өзіне қатесіз жазды. Үй жұмысынан сен “4”, ол “5” деген баға алды. Сен не істер едің?


4.

Сен көптен күткен циркке бару үшін билет алуға бара жатырсың? Қалтаңда 200 теңге бар, билеттің құны 200 теңге. Жолдан досың кездесіп тығыз ақша керек болып тұрғанын айтып қарызға 100 теңге беруін өтінді. Сен не істейсің?


ІХ.Жүректен жүрекке . Достарыңа арнап өз тілектеріңді білдіріңдер

Х.Қорытындылау.

Үйге тапсырма: “Сазды хикая” ертегісін оқып, мазмұнын айтып келу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Дос болайы?, б?ріміз.

Автор: Оспанова Айнур Галымбековна

Дата: 15.03.2016

Номер свидетельства: 306115


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства