Ұйымдастыру 3 мин Негізгі бөлім 25 мин Ашық сұрақ Шығармашылық тапсырма Қорытынды 5 мин Бағалау 2 мин Рефлексия 5 мин | 1 мин 2 мин 10 мин 15 мин 1 мин 5 мин 5 мин | Психологиялық дайындық Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде: Сәлеметсіздер ме! – деп Сәлемдесіп аламыз. Ой- толғаныс. -Мәтіннен бозторғай туралы қандай жаңа деректер білдің? -Аңшылық өнерде бозторғайға қатысты қандай ырымдар бар екен? -Құстар туралы жинақтаған материалдарымен бқлісу. Жаңа сабақ Қызығушылықтарын ояту. Балалар, сендер үй жануарларын асырайсыңдар ма? (Балаларды тыңдау). Осылардың ішінде қайсысы адамға өте үйір? Ит. Ендеше, ит туралы не білеміз? Тақта немесе плакатқа оқушылардың сөздері тізбеленіп жазылып тұрады. Мысалы: Ит: дос, көмекші, құтқарушы, күзетші, қызметші, иісшіл, сақ, ақылды, иесін жақсы көреді, т. б. Кіріспе. Мағынаны тану кезеңі Мағынаны тану. Балалар, ит туралы өте қызық әңгімелер, кинолар бар, тіпті оларға ескерткіштер де қойылған. Ендеше, ит туралы оқығыларың келе ме? - деп, тақырыппен таныстырып өту. Оқушылар топқа бөлініп отырады. 1.топ. Басынан бастап, «Байлап қою......» деген абзацқа дейін. 2.топ. «Байлап қою...» деген жерден бастап, «Әбекең-осы ауылдың қойшысы..» деген жерге дейін. 3.топ. «Әбекең-осы ауылдың қойшысы...» дегеннен бастап, сонына дейін оқып, мазмұнын білу. Әр топтың әңгімешілеріне сұрақтар қойылады: 1.топқа. Майлыаяқ иттердің қандай түріне жатады екен? Сендер қандай ит түрлерін, тұқымдарын білесіңдер? 2.топ. Иесінің итті байлап қойғаны дұрыс болды ма? Ит осыдан кейін нені сезді? 3.топ. Бұл оқиғаны әңгімелеп отырған адам, сендердің ойларыңша, қандай адам? Ол бала ма, үлкен адам ба? (Дәлелдеу). Аманат сөзін тағы қандай әңгімеден естіп едіңдер? (Еске түсіру, қайталау). Үй иесі Майлыаяқтың мәселесін қалай шешпек болды? Сергіту сәті. Балалар, өздерің жаңа ғана оқыған үзіндіде Майлыаяққа деген қандай сезімдер байқалады? (Дәптерлеріне жазу.) Балалар, осындай сезімдерге толы әңгіме сендерді де бейжай қалдырмайтынын біліп тұрмын. Не істеу керек? Итке де, оның иесіне де жақсылық жасау үшін жағдайды қалай шешер едік? (Дәптермен жұмыс). 3. Ойтолғау. Олай болса, тақтаға «Бір жыл өтті. Майлыаяқты сағынған иесі бір куні оны іздеп келді» деген сөйлемді жазып қоясыз. «Сол кезде ...» деп әңгімені оқушы өзінше қиялдап жалғастырып жазып келеді. Өзін-өзі бағалау, жұптық бағалау, геометриялық фигуралар арқылы бағалау Сабақ ұнады. Қиын болды. Саған сабақ ұнады ма? Не үйрендің? Не білдің? | Оқушылар назарын сабаққа аударады. Топпен отыру. Өтілген тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Дәптерлерін ашып, күн ретін, тақырыпты жазады. диалог Топтан бір оқушыдан оқып, талдау жасайды. Оқушылар оқып, топта бір-біріне сыбырлай әңгімелеп, іштерінен біреуі әңгімелеп айтуға дайындалады. Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасайды, дәтерлеріне жазады, шыққан мәтінге тақырып қойып, талқылайды. Слайд Өзін-өзі бағалау жүргізеді. Диалог |