М.Дулатов ?мірімен таныстыру. А?дарды? ?ыс?ы тіршілігі туралы т?сінік беру. ?ыс?ы е?бек т?рлерімен таныстыру. ?ыста болатын мейрамдар туралы ??гімелеу. Сурет бойынша ??гіме ??растыра білуге баулу. Ж?мба? шешуге да?дыландыру.?оянны? неден ?оры???анын т?сіндіру.?ояндарды? ?алай ойна?анын айтып т?сіндіру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: а)қыс мезгілінің кереметтері және қыстағы жануарлардың тіршілігі туралы айту.Сабақтың тақырыбын ашу, мазмұнын игеруге жағдай жасайды.ә)зер салу, ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысын қалыптастырады.б) жан - жануарларға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс- тәсілі: Білгенін айту, талдау, жинақтау, еркін сөйлеу. Жеке, топпен, сыныппен жұмыс жасау. Көрнекілігі: үлестірмелер, оқулықтағы суреттер.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, олардың зейінін сабаққа аудару. Балалар, бәріміз орнымыздан тұрайық. Енді алақандарыңды көршілеріңнің алақандарына қойыңдаршы. Бәріміз көздерімізді жұмамыз да іштерімізден ең жақсы тілектерді жанымыздағы досымызға тілейміз. Ал енді көздеріңді ашыңдар. Балалар, жаңа сендер алақандарыңдағы жылулықты сезіндіңдерме? Олай болса осы ыстық ықыласпен бүгінгі сабағымызды бастайық!
ІІ. Үй жұмысын сұрау: Мағжан Жұмабаевтің «Аққала» өлеңінің соңғы үш шумағын жаттау.
ІІІ. Қоян. Міржақып Дулатов. Бүгінгі сабақта қыстағы жануарлардың тіршілігі туралы білетін боламыз. Қоянның бір күндегі тіршілігімен толық танысамыз. Міржақып Дулатов – қазақтың көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Бұрынғы Торғай уезінің, Сарқопа облысының үшінші ауылында атақты етікші, мәсі шебері Дулаттың отбасында дүниеге келген. Шешесі Дәмеш әнші кісі болған. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Жақсы оқып, ауыл балаларына дәріс беріп, «ауыл мұғалімі» атанады. Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!» - деп ұрандаудан танған жоқ. Өмірінің соңына дейін ұлы ақын Ахмет Байтұрсынұлымен бірге қазақ даласын шарлап, елді білімге шақырады. Екеуін еріксіз айырып, жендеттер атып өлтіреді. Ұлы тұлғалардың есімі әрқашан өлмейді.Мына суреттерге зер саламыз. Бұл суретте қай мезгіл және нелер бейнеленген? Енді осы суретке қарап бүгінгі өтетін тақырыбымыз не туралы болатынын болжаймыз. Балалар, мына жерде бір - біріне ұқсас екі сурет берілген. Суретке мұқият қараңдар. Енді ондағы бес айырмашылықты табуымыз керек.1. Бірінші суретте қарға тік қарап тұрса, екінші суретте қарға жерге қарап тұр.2. Бірінші суретте қарғанын бір қанаты көрініп тұрса, екінші суретте қарғаның қанаты көрінбейді. 3. Бірінші суретте қоянның құлағы тікшиіп тұрса, екінші суретте екі құлағының арасы алшақтау болып тұр.4. Бірінші суретте қоянның көзі ашық тұрса, екінші суреттер қоянның көзі жабық тұр.5. Бірінші суретте қоян теректің оң жағында тұрса, екінші суретте сол жағында тұр.Ал енді екі суреттін айырмашылықтарын көрейік.Жарайсыңдар, балалар. Сендермен бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Қоян» деп аталады. Бұл әңгіменің авторы Міржақып Дулатов. ІҮ. Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың қыстағы аңдардың тіршілігі туралы білімдерін тексеру үшін сұрақтар жазылған карточкалар тарату.1.Қыста не үшін қоян аппақ тонын киіп алады? 2.Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?3.Қыста қанатты достарымызға қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?4.Аңдардың қысқы тіршілігі туралы не білесіңдер?
Ү. Сергіту сәті: «Қоян»Ұзын құлақ, сұр қоян,Естіп қалып сыбдырды,Ойлы – қырлы жерлермен,Ытқып – ытқып жүгірді.Қарап еді артына,Қиығын салып көзінің.Келе жатқан томпаңдап, Көжегі екен өзінің.
ҮІ. Бекіту.Ой – толғаныс.Карточкалардағы сұрақтар арқылы тақырыпты бекіту. 1.«Қоян» әнгімесінің авторы кім?2.Мәтіндегі оқиға қай кезде болған?3.Қоян қайда жол алды?4.Екі қазақтың біреуі не туралы сөйлеп келе жатты?5.Түн жарымына дейін қояндар не істейді?6.Таңертеңгі ауылды суретте.7.Қоян қалай ұйықтайды?Балалар, біз бүгінгі сабақта нені үйрендік? Қыста аңдарға, құстарға оңай болмайды екен. Сондықтан оларға қамқорлық жасауымыз керек.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру. Аңдардың қысқы тіршілігі туралы мәліметтер жинап, дәптеріне жазып келу.
Топ – топты бағалайды. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау