kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ДАРЫНДЫ О?УШЫЛАРМЕН Ж?МЫСТЫ ЖА?АША ?ЙЫМДАСТЫРУ АР?ЫЛЫ СУБЬЕКТІЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? дарындылы? ?абілеттерін арттыру.Дарынды о?ушыларды? ж?регінен жол таба білуге да?дыландыру.

Дарынды о?ушымен ж?мысты? негізгі ма?саты—оларды? шы?армашылы? ж?мыста ?зіні? ?абілетін

іске асыру?а дайынды?ын ?алыптастыру. М??алімні? де дарынды о?ушылармен ж?мыс жасау

бейімділігін де диагностикалау ?ажет,я?ни «субъект-субъект» парадигмасыны? орындалуы керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ДАРЫНДЫ О?УШЫЛАРМЕН Ж?МЫСТЫ ЖА?АША ?ЙЫМДАСТЫРУ АР?ЫЛЫ СУБЬЕКТІЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ »

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет,яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы керек.

Бастауыш сынып мұғалімі: Маулетова Нургул Шарменқызы

ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ЖАҢАША ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ СУБЬЕКТІЛІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ



Дарындылық—адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін,оқушы дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жұмыс істей алады. Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Белгілі ағылшын психологі П.Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ қоятын, өз жұмысымен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. П.Торранстың зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн. [1;2 ]

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты—олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек ? Ол үшін :

•Дарынды оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесін сынып журналын зерттеу;

•Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасап, талдау жүргізу;

•Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтау керек.

Кез-келген мұғалім осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе алса ғана, оқушылардың дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындай алады. Дарындылықты,оқушының креативті белсенділігін айқындау процесі көпжақты.Дарындылық- табиғи және тәрбиелеу барысындағы дарындылық болуы мүмкін, сондықтан да оның қалай пайда болғанына қарамастан диагностикасы болу керек. [2;3] Осы тұрғыда мектеп психологының ролі артады, олар педагогтарға көмек көрсетуі қажет. Дарынды оқушыны диагностикалауды мына бағытта жүргіздім:

-Оқушының креативті ойлауына;

-Оқушының өзін-өзі бағалау деңгейіне ;

-Оқушының толеранттылығына;

-Оқушының интуициясына;

-Ол лидер ме ?

-Өзін оқымысты деп бағалай ма?

-Оқушының қызығушылығы;

-Оқушының көңілінен шығатын іс-әрекеті;

-Оқушының тұлғалық бейімділігі мен қабілеттілігін анықтадым. Дарынды оқушымен жұмыс жүйесіндегі мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты.

Бұл контексте болашақ мұғалімді жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану арқылы даярлаудың келешегі зор деп ойлаймын.

Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастырып, одан педагогикалық зорлықтың барлық түрін аластатуға бағытталған ізгіліктік стратегиясымен сипатталады .[3;4 ]Өз тәжірибемде төмендегідей ережелерді басшылыққа алдым.

· оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.

· Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);

· Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);

· Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);

· Оқушылардың өзін- өзі шығармашылық басқаруы;

· Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;

· Ата- аналармен ынтымақтастық құру;

Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Мұғалімнің де дарынды оқушылармен жұмыс жасау бейімділігін де диагностикалау қажет,яғни «субъект-субъект» парадигмасының орындалуы, оқушы мен мұғалім арасындағы синергетикалық педагогиканың басшылыққа алынуы қажеттігін түсіндім. [4;4 ] Ол үшін өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білу керектігіне көз жеткіздім.

· оқушы дарындылығының моделін білу;

· қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білу;

· дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлу;

· дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып, оларға шығармашылықпен жұмыс жасайтын тапсырмалар дайындай білуі қажет деп ойлаймын.

Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зертеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне, қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды. Мұғалімнің іскерлігіне қойлатын талаптар:

· дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алуы;

· дарынды оқушыларды (жекелей және топпен)оқытуға арналған бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс істей білуі;

· оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

· дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

· дарынды оқушының ғылыми –ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі;

· дарынды оқушыны олимпиадалар мен сайыстарға дайындауда жетістікке жете алатындай деңгейде жұмыс жасауы. Қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын анықтадым.

Осы бағыттардың мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

•Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін анықтадым;

•Жан-жақты ақпаратты қабылдауын

•Коммуникативті бейімділігін

•Дарынды оқушының шығармашылық деңгейін;

•Дарынды оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауы

Бұл мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін мынандай жұмыс түрлерін жүргізуді жоспарладым:

1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр жоспарын құрдым;

2.Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасадым;

3.Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал еттім;

4.Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрдым;

5.Оқушының мектептегі тьюторлық орталық пен тринитаризм академиясымен тығыз байланыс жасауына ықпал ету;

6.Дистанциялық оқуды ұйымдастыру.

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынадай мәселелерге баса назар аудару керектігін анықтадым;

1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.

2.Дарынды оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыру.

3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада, ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.

4. Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;

Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анамен бірігіп құрылды.

Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелі болу үшін, балалардың ата-аналарымен де бірқатар жұмыстар жүргізілуі керек.

Олар: - Ата-аналар күндерін ұйымдастыру;

-Мектеп психологы тарапынан ата-аналарға кеңес беру;

Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, портфолиосы жинақталды, оқушылардың білім жетістіктері мен психологиялық дамуының диагностикалары салыстырылды.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді. Өзімнің іс-тәжірибемде оқушылардың дарындылығын анықтау барысында төмендегідей параметрлер бойынша психологпен бірлесе отырып, зерттеу жүргізу барысында ата-аналарға дарындылықты бағалау парағы толтырылды. Нәтижесінде 0-5 ке дейінгі бағамен бағалау бойынша төмендегідей көрсеткіш көрсетілді. Қатысқан баланың ата-аналар саны-25




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Маулетова Нургул Шарменовна

Дата: 08.02.2015

Номер свидетельства: 169518


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства