kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Cіз деген - ?деп, біз деген - к?мек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Н?р?а б?лену

Ы??айланып отыры?ыздар, денелері?ізді т?зу ?ста?ыздар. Ая?-?олы?ызды ай?астырма?ыз. ?олы?ызды тізе?ізге немесе ?стелге ?ою?а болады. К?здері?ізді ж?мулары?ызды ?тінемін.

Елестетіп к?рі?із: К?н н?ры сізді? т?бе?ізден ?тіп, кеуде?ізге ?арай бойлап барады. Кеуде?ізді? орта т?сында г?л т?йнегі орналас?ан. Г?лді? т?йнегі н?рдан баяу ашылып келеді. Бал?ын ж?не таза ?сем г?л сізді? ?р ойы?ызды, ?р сезімі?ізді, эмоция?ыз бен тілек-?алауы?ызды  шайып, ж?регі?ізді? ?ауызын ашты.Н?р с?улесі сізді? бойы?ыз?а а?ырын тарай баста?анын елестеті?із. Ол біртіндеп к?шейе т?суде. Оймен осы н?рды ?олдары?ыз?а т?сірі?із. Сізді?  ?олдары?ыз н?р?а б?леніп, с?уле шашуда. ?олымыз тек жа?сы, ізгі істер істейді ж?не барша?а к?мектеседі. Н?р ая?тары?ыз?а тарады. Ая?тары?ыз  н?р с?улесін шашуда. Олар сізді тек жа?сылы? жасау ?шін жа?сы жерлерге апарады. Олар н?р мен махаббат ??ралына айналды.Одан ?рі н?р сізді? аузы?ыз?а, тілі?ізге тарады. Тілі?із тек шынды?ты ж?не жа?сы, ізгі с?здер ?ана айтады. Н?рды ??ла?тары?ыз?а ба?ытта?ыз, ??ла?тары?ыз тек жа?сы с?з бен ?сем ?уенді ?ана естиді. Н?р к?здерімізге де жетті, к?зіміз  тек жа?сы?а ?арап, б?рінен жа?сылы?ты ?ана к?реді. Сізді? басы?ыз т?гелдей н?р?а б?леніп, басы?ыз?а тек ізгі, с?улелі ой келеді.Н?р бірте-бірте ?ар?ын ж?не ш??ылана бастайды, сізді? дене?ізден шы?ып, жан-жа?ы?ыз?а с?уле шашады. Осы н?рды туыс?андары?ыз?а, м??алімдері?ізге, достары?ыз?а, таныстары?ыз?а ба?ытта?ыз.

Н?рды уа?ытша  т?сініспей, ренжісіп ж?рген адамдар?а да ба?ытта?ыз, оларды? да ж?регі н?р?а толсын.Осы н?р б?кіл ?лемге: барлы? адамдар?а, жан-жануарлар?а, ?сімдіктерге, барлы? тірі жан?а таралсын. ?аламны? барлы? т?пкір-т?пкіріне н?р ба?ытта?ыз. Ойша айты?ыз: «Мен н?рлымын. Н?р мені? ішімде. Мен Н?рмын».Осындай Н?р, Махаббат ж?не Тынышты? к?йінде  отыра т?ры?ыз. Енді осы Н?рды ж?регі?ізге орналастыры?ыз. Н?р?а толы б?кіл ?лем  сізді? ж?регі?ізде. Оны осындай ?сем ?алыпта са?та?ыз. Жаймен к?зі?ізді ашу?а болады.Рахмет.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Cіз деген - ?деп, біз деген - к?мек»


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

№12 сабақ
Мектеп:Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ Мерзiм 3а(27.11.15) ә(26.11.15)б(02.12.15)

Тақырып:Сіз деген – әдеп, біз деген - көмек Құндылық:Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, сыпайылық, кішіпейілділік , көмекшілдік
Мұғалiм:Жандосова.А.Ж Сынып- 3

Сабақ мақсаты:

Балалардың сыйластық қамқорлық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:
- өзара сыйластық, қарым қатынастарының адам өміріндегі мәнің түсіндіру
-бірлесіп еңбек еңбек етуге қызығушылығын арттыру
-өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін.

Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.


2.Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.

Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.


3.Үй тапсырмасын тексеру.
№12 сабақ.Бірлік


4.Мұғалімнің сыйы. «Сіз» бен «Біз»

(Ертегі)

О.Әубәкіров

Ерте, ерте, ертеде,Бәлкім, одан да ерте ме?

Бір- бірімен адамдар«Сіз» десуді білмепті.

«Біз» десуді білмепті,«Сен» десуді білмепті,

«Мен» десуді білмепті,«Әй» десуді білмепті,

«Өй» десуді білмепті,Ең аяғы дұрыстап,

Сөйлесуді білмепті.Сан ғасырлар өтіпті,

«Армысыңдар, адамдар!Деп жаңа күн жетіпті.

Күндердің бір күніндеАқылы мол дария,

Бір ақсақал қарияЖиып алып халықты,

Мынадай жар салыпты:- Уа, халайық, халайық,

Тартып қалып иықтан,Сөз бастауды қояйық,

Шығайық бұл тұйықтан.Бірімізбен біріміз

Көріскенде «әй» дейік,«Әй» деп, «өй» деп алған соң,

Әрі қарай сөйлейік. Иықтан тартып сөз бастау

Жараспайтын секілді.Иба менен әдепке

Жанаспайтын секілді.Жамандықтан бері ұзап,

Әрі аспайтын секілді.- Уа, халайық, халайық,

Иықтан тарту орнына,«Әй», «өй» деуді алайық.

Қария сөзін құп алыпЖұрт мәз болып қуанып,

Түзепті де кетікті,Бір-бірімен адамдар

«Әй», «Өй» десіп кетіпті.Сан ғасырлар өтіпті,

«Армысыңдар, адамдар!»-Деп жаңа күн жетіпті.

Күндердің бір күніндеАқылы мол дария,

Бір ақсақал қарияЖиып алып халықты,

Мынадай жар салыпты:-Уа, халайық, халайық,

Бірімізге бірімізАйқай салып «әй» дейміз

«Әй» демесек те «өй» дейміз,Бұлай сөйлеу бұл күні

Жараспайтын секілді.Иба менен әдепке

Жанаспайтын секілді.Жамандықтан бері ұзап

Әрі аспайтын секілді.-Уа, халайық, халайық,

Осы «әй», «өй»-дің орнынаБір тәуір сөз табайық.

Сөзімізді жөндейік,Бірімізді біріміз

«Әй», «өй» демей, «сен» дейік.Қариялар сөзін құп алып,

Жұрт мәз болып қуанып,Түзепті де кетікті.

Бір-бірімен адамдар«Сен, сен» десіп кетіпті.

Сан ғасырлар өтіпті.«Армысыңдар, адамдар!»-

Деп жаңа күн жетіпті.Күндердің бір күнінде

Ақылы мол дария,Бір ақсақал қария,

Жиып алып халықты,Мынадай жар салыпты:

-Уа, халайық, халайық,«Сен» дегенге біреулер

Таласатын секілді.Құрбыға құрбы сен десе

Жарасатын секілді.Үлкенге кіші сен десе,

Адасатын секілді.«Сенге» серік таппасақ,

Шатасатын секілді.Бір тәуір сөз іздейік,

Келіссеңдер ал егер,Жасы үлкенді «сіз» дейік.

Қария сөзін құп алып,Жұрт мәз болып қуанып,

Түзетіпті кетікті,«Сіз», «Біз» десіп кетіпті,

Жарастыққа жетіпті.Содан бер, балалар,

Талай заман өтіпті.«Сіз» бен «бізді» адамдар

Сан ғасырлар іздеген.Бәрімізге сондықтан

Жарасады «Сіз» деген.


5.Дәйексөз.
Дәйексөз
«Көп жүрген жер - көңілді,
Көп еңбегі - өнімді»


6.Шығармашылық жұмыс.
Жағдаяттарды талдау

Балалардың сабақта түйген ойларын бекіту мақсатында жағдаяттарды талдау ұйымдастырылады.
1. Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетерде:
- Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел,- деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке - шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығу керек екенін білмеді.
Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2. Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар:
- Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші,- деді. Жаңыл інісінің сөзіне
ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.
Жаңыл інісіне не туралы айтты?
3. Бүгін сенбілік. Кеше мұғалім мектепке сыпыртқы, шелек алып келулерін тапсырған. Мектеп алдында барлық мектеп оқушыларына жиналыс болып, әр сыныпқа әр түрлі жұмыстар тапсырылды. 3 - сынып оқушыларына мектеп ауласын сыпыруды және гүлдерге су құю жұмыстары тапсырылды. Сенбілікке сыныптағы барлық оқушылар жиналды. Ұлдар мектеп ауласын сыпырып, ал қыздар гүлге су құйды. Сынып жетекшісі балаларға қызыға қарап тұр. Балалар өздеріне жүктелген жұмысты ұйымшылдықпен тез әрі ұқыпты аяқтады.
Бұл сыныпты қандай сынып деп ойлайсыңдар?
Ойын – жаттығу
Мақал - мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.
1. Көпшіліктен береке кетпес,
Берекеден.......... кетпес. (мереке )
2. Бірлік бар жерде,.......... бар (тірлік)
3. Татулық – табылмас......... (бақыт )
4. Игілік басы –............. (ынтымақ)
5. Бірлігі....... ел тозады, (жоқ)
Бірлігі....... ел озады. (күшті)


7.Топпен ән айту. Қошақаным
1.Жазда апамның ауылына, 
Барып едім қыдырып. 
Бір қошақан алдымнан, 
Ойнап шықты жүгіріп. 
 Қайырмасы: 
Ақ маңдайы ай ма екен?! 
Шекер ме екен, бал ма екен?! 
Кеттім оны сағынып, 
Қошақаным қайда екен?! 
 2.Демалыста өзіңді, 
Тағы іздеп барамын. 
Бір қошақан бәрі бір, 
Сені тауып аламын. 
Қайырмасы:
 3.Қозыларым жүр ме екен? 
Ерке сұлу сол ма екен?! 
Мені қашан келер деп, 
Сағынып ол жүр ме екен?! 
Қайырмасы:


8.Үй тапсырмасы.
№13 сабақ. Қызғаныштың кесірі


9. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жәй дауыспен:

- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Cіз деген - ?деп, біз деген - к?мек

Автор: Жандосова Айжан Жандос?ызы

Дата: 22.11.2015

Номер свидетельства: 256903


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства