kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Буын.(грамматика) О?ымысты бала. (о?у материалы) 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты:  а) білімдліік: о?ушыларды о?ы?анын т?сініп, ойын жеткізе білуге

                        ?йрету, буын туралы білімдерін ке?ейту.

                    ?) дамытушылы?:  баланы? тілдерін, шы?армашылы?ын  дамыту.

                    Б) т?рбиелік: балаларды? бойына жа?сы мінез ?алыптастыру,           

                        е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу.              

?дісі: «сын т?р?ысынан ойлау технологиясы» стратегияларыны?  элементтері

Формасы: с?ра?-жауап, пікірталас.

Типі: жетілдіру саба?ы

Т?рі: кіріктірілген саба?

К?рнекілік: ?а?аз?а жазыл?ан кеспе с?здер, ?кесі мен  баласыны?, тырманы?  суреті,

                      М. Дулатовты? портреті, н?мірлер, стрелкалар(са?атты? тілі),

                       «О?у?а н?с?ау» кестесі, ба?алау пара?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Буын.(грамматика) О?ымысты бала. (о?у материалы) 1 сынып»

1-сынып.

Ана тілі

Тақырыбы: Буын.(грамматика)

Оқымысты бала. (оқу материалы)

Мақсаты: а) білімдліік: оқушыларды оқығанын түсініп, ойын жеткізе білуге

үйрету, буын туралы білімдерін кеңейту.

ә) дамытушылық: баланың тілдерін, шығармашылығын дамыту.

Б) тәрбиелік: балалардың бойына жақсы мінез қалыптастыру,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: «сын тұрғысынан ойлау технологиясы» стратегияларының элементтері

Формасы: сұрақ-жауап, пікірталас.

Типі: жетілдіру сабағы

Түрі: кіріктірілген сабақ

Көрнекілік: қағазға жазылған кеспе сөздер, әкесі мен баласының, тырманың суреті,

М. Дулатовтың портреті, нөмірлер, стрелкалар(сағаттың тілі),

«Оқуға нұсқау» кестесі, бағалау парағы.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру. Сабаққа қажетті құралдарды түгендеу. (сабаққа әзірлігін тексеру)

Психологиялық дайындық.

-Балалар, біз өмірді сүйеміз! Табиғатты, қоғамды сүйеміз! Қазір бәріміз бар әлемге сәлем берейік!

Күн, саған сәлем бердік!

Су, саған сәлем бердік!

Таза ауа, саған сәлем бердік!

Бүгінгі күн тамаша, көңіліміз шат.

  1. Бүгінгі сабағымызға басқа мектептерден сендер танымайтын мұғалімдер келіп отыр.

Олардың да сендер сияқты оқушылары бар. Олар да сендер сияқты 1-сыныпта оқиды екен.

Біз өтіп жатқан тақырыптарды олар да өтіп, танысып жатыр. Сондықтан өздерінің оқушы-ларымен салыстырсын. Нені білеміз, ұялмай айтып береміз. Келістік пе?

Үй тапсырмасын тексеру.

«Төзім» әңгімесін әңгімелеу. Кім әңгімелеп айтып бергісі келеді?

Өткенді қайталау. «Нөмірленген бастар топтасады» әдісі

( жаңа сабаққа керекті білімді қайталау )

1) Буын дегеніміз не?

2) Сөзде неше буын болады?.

3) Дауысты дыбыстарды (жуан, жіңішке, бірде жуан, бірде жіңішке ) ата.

4) Сөздерді буынға бөл.(қима сөздерден қарамай кез келгенін тартып алады),

буынға бөліп, буын түрлерін ажырат.

Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын хабарлау.

-Буынға дұрыс бөлу жұмысын жалғастырамыз. М. Дулатовтың «Оқымысты бала» әңгімесін оқып, онда не туралы айтылатынын білуіміз керек.

Әр топтың оқушылары №1, №2, №3, №4 болып нөмірленеді. Әрбір жауапқа сай «5»- жұлдызша, «4»- төртбұрыш, «3»- үшбұрыш, «2» қара дөңгелек фигуралармен белгіленіп отырады да, сабақ соңында соның ортақ нәтижесімен бағаланатынын хабарлау.

Тақта жанында балалардың аттары жазылған «бағалау парағы».

І. Қызығушылығын ояту.

М. Дулатов кім?

Оның қандай шығармасымен біз танысып едік?

Оқымысты бала – қандай бала?

( оқушылар өз ойын, білгендерін айтады. )


ІІ.Мағынаны ажырату.

  1. Әңгімедегі «оқымысты бала» қандай екен? Оқып, білейік.

Оқулықпен жұмыс. «Авторға сұрақ қою» стратегиясы

  1. Мәтінді бөліктерге бөлу.

  2. 1-ші бөлігін оқуға уақыт.

  3. Әр топ автор тағайындайды.

  4. Авторға 1-ші бөліктің мазмұны бойынша жан-жақтан сұрақтар қояды.

Уақыт үнемдеу үшін бірінші шыққан автор дұрыс жауап берсе, басқа топтың авторын шығармауға болады. Келесі жолы шығады.

  1. Әрі қарай не болатынын болжайды. Болжаулары тақтаға жазылып отырады.

  2. 2-ші бөлігін оқуға уақыт беріледі.

  3. Авторды ортаға шығарып, оған сұрақтар қояды.

Осылайша барлық бөліктер мазмұны әуелі болжанып, сосын оқылып, авторға сұрақ қою арқылы талданады.

Дәптермен жұмыс.

Әңгіменің ішінен өзіңе ұнаған сөздерді буынға бөліп жаз. 3 минут уақыт

беремін. (жеке жұмыс , үшінші рет оқып көз жүгіртіп өтеді)

Оқып бергісі келген балалар өздерінің теріп жазған сөздерін дәптерінен буынға бөліп, оқып береді. Басқалары қате, дұрыстығын тексеріп, талдайды.Тексеру жұмысы аяқталған соң, дәптерлерін жауып қояды.

Сергіту сәті. Көз жаттығулары. Тыныс алу жаттығулары.

- Оң қолды алға созып, сұқ саусақтан айырмай қарау, басты қозғамау.

- Қолды оңға, солға, жоғары, төмен, шеңбер жасай қозғау

- Мұрынмен демді ішке тартып, ауыздан шығару (3-4 рет қайталайды.)

Бекіту.

Мәтіннің мазмұнына қайта оралады.

  1. Не түсіндік?

Түсінгенін көршісіне айтып пікір алмасады.

Өз тобында түсінгендерін бір-біріне айтады.Әр топ «топ пікірін» қорғауға спикер дайындайды.

- Ол не істеуі керек еді? Үлкеннің тілін алып, көмектесуі керек еді.

ІІІ. Ой толғаныс (тақтаға баласы әкесіне шөп жинасуға көмектесіп жатқанын бейнелеген сурет ілінеді)

-Сендер үйде көмектесесіңдер ме?

«Менің көмегім» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

«Дөңгелек үстел» әдісі. Партада ортада айналып тұрған стрелка.

( сағаттың тілі ) Сол стрелканы ( сағаттың тілін ) кезектесіп бұрып отырып, әрқайсысы өзінің үй шаруасына көмегі туралы әңгіме айтады. Ең жақсы деген әңгімені айтуға спикер дайындайды.

«Автор орындығы» әдісі бойынша ең жақсы деген әңгіменің авторы ортаға орындыққа отырып, өз әңгімесін ұжым алдында айтып береді.( Әр топтан 1 оқушы )

Сабаққа қорытынды жасалады. Әңгіме бізді қандай болуға үйретеді?

Бағалау. «бағалау парағындағы» алған фигуралары бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма : І-топ және ІІ-топ: «Оқымысты бала» әңгімесін тағы бір оқып әңгімелеп

келу.

ІІІ-топ және ІV-топ: осы әңгімені жалғастырып келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Буын.(грамматика) О?ымысты бала. (о?у материалы) 1 сынып

Автор: Досмагамбетова Гульбаршын Шариповна

Дата: 21.04.2016

Номер свидетельства: 321011


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства