kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бусы из пуговиц /Түймелерден жасалған моншақ./

Нажмите, чтобы узнать подробности

А) білімділік:

Оқушыларға  зергерлік өнер мен  зергерлік бұйымдар туралы кеңінен  түсіндіріп,түймелерден де әсем бұйымдар жасауға болатынын көрсетіп, моншақ жасаудың  жолын үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бусы из пуговиц /Түймелерден жасалған моншақ./»

249 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі: Жулдаякова Инкар

Сыныбы: 4

Пәні: Еңбекке баулу


Сабақтың тақырыбы: Түймелерден жасалған моншақ .



Сабақтың мақсат-міндеттері:


А) білімділік:

Оқушыларға зергерлік өнер мен зергерлік бұйымдар туралы кеңінен түсіндіріп,түймелерден де әсем бұйымдар жасауға болатынын көрсетіп, моншақ жасаудың жолын үйрету.



Ә) дамытушылық:

Оқушылардың ой - қиял қабілетін,шығармашылығын дамыту.




Б) тәрбиелік:


Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу



Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Дамыта оқыту технологиясы


Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту



Сабақтың түрі:

Дамытушылық сабақ



Сабақтың әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап



Сабақтың формасы:

Жеке,ұжымдық



Сабақтың пәнаралық байланысы:

Математика



Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:

Түймеден жасалған бұйымдар, әр түрлі моншақтар, түйме, жіп , қайшы.



Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі

- амандасу;

- түгелдеу;

- оқушының назарын сабаққа аудару;



ІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық


- Балалар, зергер дегеніміз кім?



Зергер



- Зергердің қолынан шыққан заттарды қалай атайды?

- Зергерлік бұйымдарға қандай заттар жатады?



Зергерлік бұйымдар




- Осы әшекей бұйымдарды неден жасайды?

- Алтын ,күміс,меруерт,темір,жаһұт,т.б

- Тағы да басқа неден жасауға болады деп ойлайсыңдар?


ІV. Жаңа сабаққа ену


(Тақтаға күн мен сабақтың тақырыбы жазылады,жаңа сабақ түсіндіріледі)

  • Балалар, рухани мұраларымыздың бірі - зергерлік бұйымдар. Зергерлердің қолынан шыққан бұйымдар адам бойына әрқашанда көрік, ажар берген.

  • Ал, жіпке тізілген әсемдік үшін мойынға салып жүретін моншақ түрлі - түсті майда асыл тастардан тұрады.Моншақты тек алтын, күміс, меруерт, маржандардан ғана емес, біздің күнделікті киімімізге тағылатын түймелерімізден де жасауға болады екен.

  • Түйме дегеніміз не,кім айтады?

(түйме сөзінің анықтамасы оқушының жауабын тексеру үшін инер-ті тақтадан қайталап оқылады)


Түйме – киімнің немесе бұйымның екі бөлігін бір-біріне бекіту үшін қолданылатын зат болып табылады.


  • Балалар, мына көріп отырған әшекей заттарыңның барлығы түймелерден жасалған

(түймелерден жасалынған әшекей бұйымдардың жинағы көрсетіліп,таныстырылады)


  • Түймелер қандай түрлі формада болады екен? (дөңгелек, төртбұрышты, сопақша, үлкен-кіші, т.б)

  • Түймелерді неден жасайды?(пластик,темір,ағаш,т.б)

  • Балалар біз бүгін осындай түрлі әдемі түймелерімізден моншақ жасаймыз.Бізге қажет болатын құралдар:жіп,түйме,қайшы,ине.

  • Бәріміздің құралдарымыз бар ма?

  • Пайдаланатын құралдарымызға байланысты қауіпсіздік ережесін еске түсіріп жіберейкші,кім айтады?

Қауіпсіздік ережесі:

1.Мұғалімнің рұқсатынсыз жұмысты бастама

2.Жұмысты бастамас бұрын жұмыс киіміңді киіп ал

2.Қайшыны құрдасыңа ұсынарда сабымен ұсын

3.Инемен жұмыс кезінде жан-жағыңа алаңдама,жұмыс біткен соң инеңді арнайы ине қыстырғышқа орналастыр

4.Құралдарыңды құрал салғышта ұста

5.Жұмысыңды аяқтаған соң,жұмыс орныңды жинастыруды ұмытпа!

  • Енді балалар,түймеден моншақ жасаудың ретімен танысп алайық.

Жұмыстың жасалу реттілігі:

1.мойнымызға өлшеп,өз қалауымыз бойынша жіпті инеге сабақтаймыз (1 – сурет).

2. Жіптің бір ұшына ілгекті байлап, бекітеміз (2 – сурет).

3.Түймелерді жіптің екінші ұшынан бір - бірлеп өткіземіз (3 – сурет).

4. Жіптің екінші ұшына ілмек жасап,оны ілгегіне бекітеміз (4 – сурет).

5.Жасаған жұмысымызды өз қиялымызбен әсемдейміз (баяу ән қосылып,ән ырғағымен оқушылар әшекей бұйымдар жасайды)

Шығармашылық тапсырма:

Түймеден қолға тағылатын әшекей жасау.


V.Жаңа білімді бекіту


- Біз бүгінгі сабағымызда нені уйрендік?

- Жасаған бұйымдарыңды қалай әсемдедіңдер?

- Түймеден тағы басқа қандай бұйым жасауға болады деп ойлайсыңдар?

- Жасаған бұйымдарыңды кімге сыйлайсыңдар?


VІ. Келесі сабаққа қажетті құралдар

Келесі сабақта әкелетін құралдар: пластмасса сақиналар( өлшемдері бірдей 3 –еу),жіп (қалыңдау),майда моншақтар және қайшы.



ҮІІ.Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай оқушыларды мадақтау, бағалау.





Қызылорда облысы

Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бусы из пуговиц /Түймелерден жасалған моншақ./

Автор: Жулдаякова Инкар

Дата: 10.12.2016

Номер свидетельства: 368050


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства