Просмотр содержимого документа
«Бес н?рседен ?ашы? бол, Бес н?рсеге асы? бол!»
Сабақтың тақырыбы:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол!
Сабақтың мақсаты:
І.Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен таныстыру. «Беснәрседен қашық бол,бес нәрсеге асық бол» сөздерінің мәнін ашып меңгерту,ой-өрісін кеңейту.
ІІ.Сөйлесу мәдениетін қалыптастыру,сөздік қорын дамыту,тіл байлығын молайту.
ІІІ.Жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге,бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Абай суреті , нақыл сөздер , тақырыбы жазылған буклет, плакаттар.
Гимн.
2. Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деп аталады.
-Ал,бұл сөзді айтқан кім деп ойлайсыңдар?
-Абай Құнанбаев.
-Абай Құнанбаев кім?
«Топтастыру »стратегиясы.
Кіріспе.
Абай-қазақ халқының ұлы ақыны.А. Құнанбаев 1845жылы туып, 1904 жылы қайтыс болған.Абай Семей облысы, Абай ауданында, Қасқабұлақ деген жерде туған.Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы- Ұлжан -ақылды,ал әжесі Зере ертегілерді,аңыздарды жақсы білген. Абай әжесінің тәрбиесінде өскен. Абай 12 жасынан бастап, өлең жаза бастады. 20-дан астам әндер шығарған үлкен сазгер. Үлкен аудармашы болған. Бірқатар өлеңдері халық мүддесін қорғауға арналған.Табиғат туралы лирикалық өлеңдері де жеткілікті. Жастарға ақыл-кеңес берер өлеңдері де мол. Абай-қазақтың ұлы ақыны , сазгер,философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.Қазақтың ұлы Абайы,арыстаны-ғұламасы, ақыны,данышпаны.
Абай деген- терең ой,терең арман,
Жарқыраған жұлдыз бір алыстағы
Абай деген халқының бір белесі,
Оқтайболып зулаған сұр жебесі.
Мектеп-кеме,білімді-теңіз десек,
Сол білімге бастайтын бір кемесі.
Ол ай мен күн,олжарық аспандағы,
Елестетер көзіне жас баланы
Білім менен ғылымның бәйшешегі
Тек Абайдан бүр жарып басталады.
Әрқашан жақсылық жасар жақсы адам болу үшін аталар өсиетін,ақылын көп оқыған, көңіліне тоқыған,соны үнемі орындап жүретін оқушы болуымыз керек. «Жақсылардың үлгісі-жанып тұрған шамдай» — дегендей Абай ата туралы оқушыларды тыңдайық.
Айар : Дана десең болады,
Дара десең болады
Қазағымның кемтігі
Абайменен толады
Қара сөзі құрандай
Өлеңдері тұмардай
Биіктейді ұлы Абай
Шыңға шыққан шынардай
Дамир :Өлеңі-ақыл, өзі-аңыз,
Абай- біздің бабамыз.
Өсиетін сондықтан,
Санамызға жазамыз.
Шен-шекпенге жасыңнан
Құмар болма депті Абай
Милары жоқ масылға
Сыңар болма депті Абай.
Динара : Бүкіл абзал адамның,
Атаң менен анаңның
Панасы бол депті Абай
Өсиетін Абайдың,
Орындап жүр кім қалай?
Абай атамыздың жыл мезгілдерінде арнап жазған өлеңдерін тыңдап көрейік.
Күз. (Әсия )
Қыс. (Әлихан )
Жазғытұры. (Сая)
Жаз.(Миниса )
Абай шығармалары жастарды білім алуға,оқуға,еңбекке шақырады және жас ұрпаққа айтар ақыл-кеңестерге толы. Сондай өлеңдеріне тоқталайық.
— Сауат ашу пәнінен Абай атамыздың қандай өлеңдерін жаттадық?
— Әсемпаз болма әрнеге. Сегіз аяқ.
— Қане есімізге түсіріп, айтып жіберейікші.
Сегіз аяқ. (Нұралы )
Әсемпаз болма әрнеге. (Алтынай)
Қазір А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңін тыңдап көрейік.
Ғылым таппай мақтанба.(Арай)
Балалар оқып білім алмай, үйренбей мақтануға болмайды.Ғалым болудың ең басты шарты-ақылды,білімдіболу. Енді осы өлеңде бес дұшпан және бес асыл іс туралы айтылыпты.
Қане, атап айтып жіберейікші.
Сызбамен жұмыс.
өсек
өтірік
Бес дұшпан мақтаншақ
еріншек
бекер мал шашпақ
Бес асыл іс талап
терең ой
еңбек
қанағат
рақым
Бес дұшпан деп отырғаны адамның бойындағы жағымсыз,жаман қасиеттер. Адамдарды осы бес нәрседен сақтандырмақ болған. Осылардан аулақ болуға шақырған.
Бес асыл іс деп отырғаны адамның бойынан табылуға тиісті жақсы қасиеттер. Осыны бойымызға сіңіре білуіміз қажет.
Қазір біз бес дұшпанымыз туралы тыңдап көрейік.
Өсек.(Аружан)
Адамгершілікке жатпайтын жаман қылықтың бірі- өсек айту.Өсек — бұл пыш-пыш деп біреуді жамандап айтылатын сөз екен. Өсек айтудан әркез аулақ болайық!
Өтірік. (Бейбарыс)
Өтірік- өрге баспайды. Өтірікші болу-өліммен тең.
Расы жоқ сөзінің,
Ырысы жоқ өзінің
Өңкей жалған мақтанмен
Шынның бетін бояды- деп өтірік айтудан сақ болып, шындықпен өмір сүру керек.
Мақтаншақ. (Мират)
Мақтаншақтық-бұл да жаман қасиет
«Жағымпаз адам- жасқаншақ,
Жаман адам- мақтаншақ» дегендей жаман әдеттерден аулақ болайық!
Еріншек (Бүркіт)
Адамның бойына біткен жаман қылықтардың ішіндегі ең жағымсызы-еріншектік. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік- бәрі осыдан шығады.
Бекер мал шашу (Меруерт)
Бекер мал шашу- бұл ысырапшыл деген мағынаны білдіреді. Мысалы, нан жеп жүріп, оның жартысын итке лақтырып, ысырап жасаушы болма. Оқу құралдарын да тиімді пайдаланбай, жыртып тастап, не лақтырып ысырып жасама!
-Осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы таудай сөзден тобықтай түйін сөз мақал-мәтел қалдырған.
-Кәне,осы жаман әдеттерден аулақ болып ,жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіру туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
1) Өтірік сөз өрге баспас.
2) Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.
3) Ұрлық, ұрлық түбі қорлық.
4) Еріншектің ертеңі бітпес.
5) Ұлдың аңқауынан, қыздың жалқауынан сақта.
6) Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
7) Есер бала шоқпар жинар,
Есті бала ақыл жинар.
Ал, осы жаман қасиеттерге қарама-қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі нағыз адам болу үшін қажетті 5 нәрсеге асық болу керектігін айтқан. Енді осы жақсы қасиеттер туралы тыңдайық.
Талап (Ақтоты)
Талап-бұл адамның өз алдына мақсат қойып, болашаққа талаптануы. «Талапты ерге нұр жауар» деп бекер айтылмаған.
Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар»-деп ақын қатты қынжыла айтты.
Рақым (Айар)
Рақым-дегеніміз адамның үлкенге құрмет көрсетіп,кішіге қамқорлық жасауы, жақсылығы, мейірім-шапағаты мен көмегі.
Бәрі: (бесеуі қосылып)
Біз намыскер-Қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді Отан,қыранымыз.
Талап, еңбек, терең ой,қанағат қыл,
«Рақым ет» деп Абай айтқан ұранымыз.
Өнерлі болу үшін оқу,білім,еңбек қажет. Яғни Абай атамыз айтқан «бес асыл іс» жадымыздан шықпағаны абзал.
Көрініс : «Әке мен бала»
Қорытынды. Еріншек екі істер.
Жалқау болсаң жасыңнан,
Ұйқы қалмас қасыңнан
Еңбек сүйсең табылар
Бар жақсылық басыңнан.
Сұрақтар:
1) Адам болу үшін қандай қасиеттерді бойға сіңіру қажет?
2) Ал,кері әсер ететін жаман қасиеттерді кім айтып береді?
3) Қай кезде білімді бала бола аламыз?
Қорытынды.
Жақсылыққа жетем десең қолыңда
Бар жақсылық жақсы адамның жолында
Жаман болыптумайды адам анадан,
Жаман адам қайдан шыққан соңында.
Соны ойла да өзіңе-өзің есеп бер,
Көктем өмір, көктем-бәйшешектер,
Екі жол бар жалғасып жататын,
Жақсылыққа апаратын жетекке ер.-дей отырып, жаман қасиеттерден аулақ болып,жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, болашақта бізден халық қамын жеген, Отан сүйер азамат шығары сөзсіз.
Сабағымызды Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай»әнімен аяқтаймыз.
Сабақтың тақырыбы: Кітап – сарқылмас рухани қазына. Сабақтың мақсаты: а) Кітап – сарқылмас рухани қазына,- дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. ә) Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. б) Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқулықты құрметтеуге, күтіп ұстауға үйрету. Сабақтың құрал-жабдықтары: Слайдтар, кітаптар. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. 2.Кіріспе. 3.Әдеби-монтаж. 4.Монолог. 5. «Кітап қалай жасалады?» Көрініс. 6.Кітап – рухани қазынамыз.(Кітапханашы сөз сөйлейді) 7. «Кітаптар мұңы» көрініс. 8. Кітап ұстау ережесі. 9. «Оқушы мен кітап» көрініс. 10. «Кітап емханасы» көрініс. 11.Қожанасыр қоржыны(Тапсырмалар орындау) 12.Қорытынды. 2. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Бүгін мейрам, бізге үлкен мереке, Тойлайықшы кітабыңды жыр ете. Әрі ақылшың – рухани қазынаң, Құнды байлық баға жетпес бұл өте - деп ақын жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты.Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.Ендеше кітап біздің рухани қазынамыз дей келе кезекті әдеби - монтажға береміз. 1. Адамның досы – кітап, өмір кілті, Тең келмес оған жиған дүние мүлкі. Ақылшы, жанға серік жол бастаушы, Асыл ой, қазынасы, өмір көркі. 2.Тұрады басын құрап әріп неден, Басталған білім басы әліппеден. Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит, Оқысаң кітап сырын алып неден. 3. Кітапты оқымайды сыйламаған, Білімге жанын жанып қинамаған. Өсірген кімнің болсын ой-өрісін, Сол кітап бек ақылшы күнде маған. 4 Түлекті тәрбиелер кітап – мектеп, Өседі сол кітаптан бұлақ көктеп. Молайтып ақылыңды сан еселеп, Береді білім нәрін кітап көктеп. 5Кітаптар-бейне жапырақ, Жырлайтын сырын өмірдің. Оқисың кейде жаттап ап, Көтеріп күйін көңілдің. 6. Айдың шалқар кейде бір, Кітапты тұнған көл дерсің. Ауадай қажет бейне бір, Татпасаң нәрін шөлдерсің. 7. Кетпейді ешбір жадымнан, Мектепке бардық күз айы. Тастамай сені жадымнан, Қолтықтап жүрдім ұдайы. 8Достарға толы маңайым, Татулық тәтті бәрінен. Ерекше сені санаймын, Құшақтап жүрдім әлі мен. 9. Елімізде атақты, Ғалым ата не тапты? Бәрін, бәрін білесің? Оқи берсең кітапты. 10. Бөбектерім оқы, ойна, Оқу-білім саған пайда. Кітабыңның шетін жыртып, Сияменен бояп қойма. Мұғалім: Оқы талмай, түй санаңа , Сыр құямын, нұр құямын бойыңа. Таза ұстап, оқы мені қастерлеп, Бар білімді мен егемін санаңа - деп келесі кезекте «Кітап» монолог оқитын Назерке. Мұғалім: Айдын шалқар кейде бір, Кітапты тұнған көл дейсің. Ауадай қажет бейне бұл, Таппасаң нәрін шөлдерсің - деп келесі кезекте «Кітап қалай жасалады?» көрініс. Орындайтындар: Ислам, Динара, Перизат, Назерке, Ғарифулла. Мұғалім: Кітаптарды таза етіп сақтаған, Оқырманға бар білгенін ақтарған. Аянбайды әрқашанда ел үшін, Кітапханашы ел үмітін ақтаған. «Кітап – рухани қазынамыз», - деп жатамыз.Сол қазынамызды қорғап, қастерлеп, қазіргі балалар әдебиеті туралы библиографиялық шолу жасау үшін мектебіміздің кітапханашысы Алтынай апайға сөз береміз.(Кітапханашы сөз сөйлейді) Мұғалім: Қыркүйек айында өзінің әдемі суреттерімен, небір төгілген асыл сөздерімен, қиын да қызықты есептерімен күлімдеп кеткен оқулықтарымыз мамырдың аяғында ренішпен, мұңды болып кітапханаға қайтатын оқулықтарымыз да бар.Енді сол оқулықтардан көріністер көрейік. Көрініс: «Кітаптар мұңы»
Мұғалім: Міне, балалар, арамызда кітапты ұқыпты, таза ұстайтын және кітапқа ұқыпсыз қарайтын балалар да кездеседі Кітап ұстау ережесі: (Слайд арқылы түсіндіріледі) Мұғалім: Кітап жинап, түптеймін, жыртылмасын, Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын. Таза болсын беттері, кірлемесін, Көрген кісі кітабың кір демесін - деп «Кітап емханасы» көрінісін тамашалаңыздар. «Қожанасырдың қоржыны»(Қоржындағы сұрақтарға жауап беру) Қорытынды: Мұғалім: Кітапхана - кітаптардың ордасы, Білсең кітап - нағыз жол басшы. Біздің ғасыр білімділер ғасыры, Деп айтқанды Нұсұлтандай Елбасы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауында «Қазақстан әлемінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан лайықты орын алу үшін өзінің мәдениеті мен ғылымын, білімі мен білігін, рухани байлығымен елімізді айдай әлемге паш ете білу керек»,- деген еді. Олай болса, құрметті қонақтар, Ұстаздармен бірге отырып балаларыңыздың кітап оқуға ынтасын арттыру мақсатында жұмыс істейік. Кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін!
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойындары - халықтың мәдени мұрасы.
Мақсаты: 1.Білімділік: Ол ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын біліп өсерлеріне, тілін дамытуға да жәрдемдеседі. 2. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, таным қабілеттерін дамыту. Көрнекіліктер: Кітап көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Барысы: 1. Ұйымдастыру: - оқушыларды топтарға бөлу - топ басшысын сайлау 2. Негізгі бөлім. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды. Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар. 1. Таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін таныстыру) 2. Жамбы ату. 3. Аударыспақ 4. Ұшты-ұшты 5. Теңге алу 6. Асық ойыны 7. Білектесу (қол күрес) 8. Мыршым-мыршым
Манашыұлы Тұяқпай жырында: Балалармен ойнайды Ойнап жүріп ол бала Кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді. Сайысқа қатысқалы отырған 2 топты ортаға шақырамыз.Бүгінгі өткелі отырған сайысымызды әділ бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлап алайық. 1. «Тұлпар» тобы (өздерін таныстырады) 2. «Қыран тобы» (өздерін таныстырады) Сайысымыздың 2- ші туры «Жамбы ату» Бұл сайыс мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны атып түсірген адам жүлдеге ие болады.Үлкен тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру.Ойыншы садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл тигізу керек.Біздің ойыншыларымыз ілулі тұрған теңгені көздеп атады.Жебесі дәл тиген жағдайда ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Келесі турымыз «Аударыспақ» деп аталады. Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ» ол –қазақ халқының арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Екі топтан 4 оқушы шығып осы аударыспақ ойынын көрсетеді. Қай топ жеңсе сол топқа ұпай қосылады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 4-туры «Ұшты-ұшты» ойыны. Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады. 1-топқа Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ойынымыздың келесі туры «Теңге алу» Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарымыздың бірі – «Теңге алу».Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкететін адам жеңімпаз атанады. Енді біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны арқалау арқылы тез жүгіріп барып, шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан оқушы ортаға шығады.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 6-туры «Асық ойыны». Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына , шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады.Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке , ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді. Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады. Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі. Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін екі топты ортаға шақырайық.Екі топтан бір-бір ойыншыдан шығып күш сынасады. Барлық ойыншы түгел қатысады. Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы туры «Мыршым-мыршым».
«мыршым-мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде ойналатын ойын.Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады.Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ.Ойын жүргізуші айтқан Мырым-мырым деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты оқушыларды байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларымыз осы ойынды ойнау үшін ортаға 1-ші топты шақырамыз.Біздің ойыншыларымыз ауыздарына 2 түйір конфет салып алып мырым-мырым деп айтып отырады.Келесі топтан бір оқушы шығып қай оқушының аузында конфет бар екенін табуы керек. Тауып алса ұпай алады. Екі топ кезекпен ойынға шығады
Тәуелсіз тойға арналған, Бүгінгі бәйге қандай-ды! Кім келеді екен алдыда, Жарыс пен жүйрік таңдайды.
Осы өткізіліп отырған сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы алқасына сөз береміз. Мәңгі толы қазағымның ғұмыры Сан асылдың ашылып тұр тұғыры Кеше ғана керексіз ғып тастаған Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» атты сайысымызды аяқтаймыз.
Сабақтың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы! Сабақтың мақсаты: Желтоқсан оқиғасына қатысқан құрбандарды еске алу. Оқушыларды Отанын сүюге, қорғай білуге және ұлттық рух пен қазақы мәдениетті жоғары деңгейде көрсететін азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Тәуелсіздік монументі, нақыл сөздер, желтоқсан құрбандарының суреттері, Қазақстан рәміздері, слайдтар
Сабақтың интеграциялық мүмкіндігі: тарих, саясаттану Сабақтың барысы: 1. Балаларды сабаққа бейімдеу; 2. Сыныппен амандасу, кезекшімен сөйлесім; 3. Сабақтың мақсатымен таныстыру Үй тапсырмасын сұрау: ҚР Тәуелсіздігінің белгілері туралы мәлімет жинау;
Жаңа тақырыпқа кіріспе: Сөйлесім: М: Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қас дұшпанмен арыстандай алысқан батыр бабалардан кімдерді білесіңдер? Балалардың мүмкіндік жауаптары: Абылай хан, Қабанбай батыр, Қарасай батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, ер Махамбет, Әлихан Бөкейханов, т. б.
М: 16 желтоқсанда тәуелсіздік үшін күрескен азаматтар мен құрбандарын білесіңдер ме? Балалардың мүмкіндік жауаптары: Тәуелсіздік жолында күрескен жандар: Ж. Молдағалиев, Х. Қожахмет, Н. Сабильянов, т. б. Ал құрбандары: Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сынды ағаларымыз бен апаларымыз. (слайд көрсету арқылы балаларға желтоқсан оқиғасы туралы айту, Тәуелсіздіктің біз үшін оңай тимегенін әңгіме ету)
Мұғалім сөзі: Балалар, Алматы қаласында 1986 жылы Желтоқсанның отты оқиғасы туралы естулерің бар ма? Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттың намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 - оқушы: Қанды қырғын – қалған іс, Бейне теңіз сең соққан. Жарқылдайды ар – намыс, Алматы. Аяз. Желтоқсан! Дүрсілдейді жүректер, Сесі күшті қарудың Жүзіне мұң түнетті, Үлбіреген арудың.
2 – оқушы: Арманы алда сенім көп, Оранды отқа үміттер. Мұрты жаңа тебіндеп, Келе жатты жігіттер. Жүрегінен қан жылап, Улады дерт ұлыны Ақ махаббат сан құлап, Қырқылды ерте бұрымы.
3 – оқушы: Әлі де бостандық деп атар таңдар, Ұшқыннан бар әлемге апарғандар. Қайрат, Ләззат, Ербол, мен Сәбиралар. Осылар – Желтоқсанда Қаһармандар Халықтың қабырғасы сөгілмесін, Аналар ұлын жоқтап егілмесін. Алладан ақ ниетпен тілейік біз, Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.
«Желтоқсан желі» әні орындалады.
4 – оқушы: Күллі әлемге Қайрат боп, Тарап кеткен атағы. Желтоқсанның жарысы, Мәңгі жанға батады. Батыр болған Тұрардай, Бауыржандай атағы. Қайраты жоқ халықтың, Таңы қалай атады?!
5 – оқушы: Желтоқсанда соққан жел, Қайратты еске сала ма? Қайраты жоқ халықтың Болашағы бола ма?! Қазағыма Қайрат боп, Туса екен ұлдарым, Қалың елге байрақ боп!
6 – оқушы: Қазағым мөлдір судай тазалансын, Есіне Қайрат деген қазаны алсын. Ел болып, халық болып қолға алайық, Сол кезде кінәлілер жазалансын!
7 – оқушы: Ойлан, қазақ! Таптамасаң қызғалдақ солар ма еді? Арасына тасқындар толар ма еді? Туады тағы Қайрат, қадірлейік, Еліңе солар тұтқа болар енді
2 – жүргізуші: Осындай еркіндікті ел тілесін, Бақыт құсы бағымызға еркін келсін. Ал енді Тәуелсіздік құтты болып, Көк байрақ мәңгі – бақи желбіресін!
Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел атанып келеді, бұл Тәуелсіздік - қыршын кеткен жастардың қанымен келген тәуелсіздік! 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ мемлекеті егемендікке қол жеткізді, содан бері де талай оқиғалар өтті. (ҚР туралы слайд көрсету) Мәтінмен жұмыс: Астана Астананың іргетасы 1830 жылы қаланған. Астана бұрын Қараөткел, Акмолинск, Целиноград, Ақмола деп аталған. Астана Сарыарқаның солтүстік аумағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады. Астана 1932 жылы Акмолинск деп аталды. Ал 1961 жылы Целиноград деп өзгертілді. 1992 жылы Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмоладан Астана болып ауысты. Ол - қазір еліміздің астанасы. Астанада Президент Ақордасы, «Бәйтерек» монументі бар. Еліміздің оңтүстік астанасы – Алматы қаласы. Онда Тәуелсіздік монументі орналасқан, оның биіктігі – 28 метр.
Мақсаты : 1. Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. 2. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін меңгерту. 3. Отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Елбасы суреттері, интерактивті тақта Түрі: тәрбие сағаты Сынып сағатының барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық әзірлік. Кіріспе. - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта амандығын тілеп, тілеулес болып отырады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсанды «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күні»ретінде атап өтетін заңға қол қойды. Оған сай 1 желтоқсан енді мемлекеттік ресми мерекелер қатарына енеді. Бұл біздің үлкен қуанышымыз, үлкен жетістіктеріміздің бірі. II. Тақырыбы, мақсаты 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды. 1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ. 1-желтоқсан Президент күніне орай «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағатын өтеміз. Негізгі бөлім . Слайдтар бойынша түсіндіру. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне тоқталу. Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады. Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді. Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Менің Отаным –ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде салтанат құрған береке-бірліктің, достық пен ынтымақтың айғағы. 1991 жылы 16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қол қойған Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн. 1993ж ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті. «Болашақ»бағдарламасы қабылданды. 1995ж Конституциямыз қабылданды. 2010 жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық жерін түгел аралап шығуымен қатар шет мемлекеттерге де барған. Осының бәрі ел қамы, ел болашағымен байланысты. Достық қарым –қатынас жақсы жолға қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің ақылгөй данасы атануы, ескерткіш орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында бір үлкен даңғылға есімінің берілуі –әлем алдындағы зор беделі. Оқушы: Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы » бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр. Оқушы: Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан болған азап күн Елім, жерім қазағым деп тебіренем Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын. Оқушы Қазақ елі желбіреп көк байрағың Гүлге оранды ауылың мен аймағың Нұрсұлтаның биіктерге бастады Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын Оқушы Нұрсұлтанды тудырған, заманалар Желтоқсан жел. Ұл мен қыз Ажал құшқан сондағы Тәуелсіздік байрағын көкке тікті қазағы Ер Қарасай, Райымбек бабалары қолдады. Оқушы Нұрсұлтанға рух берген кәрі тарих парағы Дара шыңы қазақтың Дана басып тудың халық – алыптан Топырағы ол туған жердің киелі Интерактивті тақтамен жұмыс - Елбасының басқа ел басшыларымен түскен суреттері - Елбасының өмірінен үзінділер айту, көрсету Оқушы Тұратұғын болашақтың үні кеп Т артылар күй айтылатын жыры көп Ерекше бір еркіндейік, бауырлар Басшымыздың бүгін туған күні деп Оқушы Әнге толсын барлық қала ауыл бар Қағылсын бір барабандар, дабылдар Елбасының туған күнін ардақтау Бәріміздің борышымыз, бауырлар Астанаға саяхат Астана-Отанымыздың жүрегі. Астананың көркем жерлері туралы айту. Басқа елдің президенттерінің Астана туралы айтқан пікірлері Астана күні. (Оқушылар пікірін тыңдау) Болашағы кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты келіскен әлемде теңдесі жоқ қала-Астанамызбен, жас қаламызбен мақтанамыз. БАРША ӘЛЕМ НАЗАР САЛҒАН ЖАС ҚАЛА Астананың көрікті жерлеріне саяхат. Оқушылардың өлеңдерін тыңдау. Оқушы Тәуелсіздік – рухы күшті ғажап күн Артта қалды бодан болған азап күн Елім, жерім қазағым деп тебіренем Өйткені мен – тәуелсізбін, азатпын. Оқушы Қазақ елі желбіреп көк байрағың Гүлге оранды ауылың мен аймағың Нұрсұлтаның биіктерге бастады Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын Осы бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан да жақсаратынымызға күмән жоқ. Нұр аға – қазақ халқының маңдайына біткен бақ. Қазақстан Президентінің басқа мемлекеттер Президенттерімен кездесуі, достық қарым-қатынастары туралы айту. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтылған пікірлер ЕЛБАСЫНЫҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ - ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ Жыл сайынғы жолдаулардың мақсат, міндетіне тоқталып өту Болашақтың іргесін бірге қалаймыз ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ Қазақстан – 2030” халыққа жолдауы
2011- 2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасы жасалды. 2003 жылы демографиялық жағдайды көтеру және әлеуметтік қолдау. (жолдауларға шолу жасау) Слайдтар бойынша түсіндіру 2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының бірегей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары қойылған. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Балалық шағымның аспаны»атты фильм түсірілді. Бұл кинода Елбасының балалық шағынан азаматтық жасына дейінгі өмір жолын қамтиды. Көркем фильмнен үзінді көрсету.
Қорытынды: 1. Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер қандай үлес қосып жүрсіздер? 2. Басшы адам қандай болу керек? Интерактивті тақтамен жұмыс Ой қозғау. Болашаққа саяхат «Егер де мен………» Президент болсам…. Оқушылардың ой-пікірін тыңдау. Президент дипломдары, ордендері, атақтары туралы айтып өту Аса мәртебелі құрмет атақтардың бәрі Елбасының мемлекет басқарудағы іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты жақсартудағы зор еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне көрсетілген құрмет.
Оқушы Тұратұғын болашақтың үні кеп Т артылар күй айтылатын жыры көп Ерекше бір еркіндейік, бауырлар Басшымыздың бүгін туған күні
Оқушы Әнге толсын барлық қала ауыл бар Қағылсын бір барабандар, дабылдар Елбасының туған күнін ардақтау Бәріміздің борышымыз, бауырлар
Оқушы Қазақстан – кешегі әз әуен, Қазақстан – бүгінгі ғажап үн. Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар, Қазақстан – қастерлі қазағым
Мұғалім Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Әрқашан елін сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
Тақырыбы: Өз құқығыңды белесің бе?
Мақсаты:Оқушылардың құқықтық білімін арттыру. Құқықтық білімін арттыру. Құқық жайында ой жүйесін дамыту. Өз елінің «Ата заңына» бағына отырып, оны қорғап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі:Сұрақ -жауап,ойын түрінде.
Көрнекіліктер:Буклеттер. Балалар құқығы туралы конвенция.
Барысы:Әнұран.
Мұғалім : Біз бүгігі тәрбиелік шарамызды әнұранмен бастадық. Осы әнұран арқылы елімізге деген сүйіспеншілігімізді білдіреміз. Осы байтақ елімізде халықтың құқығын қорғайтын заңымыз бар. Сондықтан бүгінгі тәрбиелік шарамыздың тақырыбы да «Өз құқығыңды білесің бе?» деген атпен аталады. Олай болса сендерді жақынырақ таныстыру үшін «Менің атым кім және ол нені білдіреді?» деген ойынмен бастағалы отырмыз.
Ортаға әрбір бала шығып өзінің есімімен таныстырып өтеді.
Мұғалім: Жақсы, балалар сендер өздеріңнің есімдеріңді, оның нені білдіретінін айтыңдар. Енді, балалар, осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады.
Жауап: Бала туғанан кейін есім алуға құқылы.
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар. Балалар, сендер сабаққа 8.00-де келесіңдер. Одан кейін не істейсіңдер? Осыны ойын арқылы жүзеге асырып көрейік. Менің қолымда доп бар. Допты әрқайсысына лақтырғанда сендер бос уақыттарыңда не істейтіндеріңді маған айтасыңдар. Сонымен ойынымыз басталды. (Балалар жауабы.)
Мұғалім: Жарайсыңдар. Енді осы жерде қандай құқық туралы айтуға болады.
Жауап: Дем алу құқығы туралы.
Мұғалім: Осы құқықтардың барлығы біріктіріліп, жинақтап жазылған. Біз оны заң деп атаймыз. Конституция 98 бап 9 тараудан тұрады. Енді балалар, бізге ертегі еліне қонаққа Тазша бала келу керек.
Мінекей, өзі де келіп қалған сияқты.
Тазша: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Мен ханның жарлығымен өзімнің тапқырлығымен өтірік өлең, қырық өтірік әңгіме айттым. Сонымен халықты риза еттім. Осы жерде қандай құқық туралы айтар едіңдер маған.
Мұғалім: Кәне, балалар, Тазшаға көмек көрсетейік. Осы жерден оның қандай құқы бар?
Жауап: Тазша өз пікірін еркін білуге құқылы.
Мұғалім: Келесі ойынымыз ,,Шуағынан айырылған күн,, деп аталады. Сіздердің алдарыңызда күннің шуағы бар, сол шуаққа өздеріңіздің білетін құқықтарыңызды жазыңыздар. Сонда біздің күніміз әлемге жарқырап, шуағын шашып тұрады. (Балалар күннің шуағына білетін құқықтарын жазады.)
Мұғалім: Мінекей, балалар, ойшыл қазақ аталарымыз адам құқығымен бастағандығын қорғаған. Атап айтқанда олар үш жүздің билері: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
Абай атамыз да адам бостандығы үшін күрескен ақын. Соңғы ойынымыз мақал-мәтелдерді аяқтау. (Балаларға конверт таратылады.)
Осы мақалда айтылғандай біреуге қиянат жасамай, тек жақсылық жасап, заңды құрметтеуіміз керек. Сөзімізді қортындылыуға балаларға сөз береміз.
Қорытынды:
Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады?-(бала туған кезінен бастап).
Баланың өз пікірін білдіруге,ақпарат алуға,ақпаратпен идея беруге құқығы бар. Ол шектеулі ме, әлде шектеусіз бе?-(шектеусіз).
Бала басқа адамдармен қатысуға және ұйымдар құруға,оларға кірге құқылы ма?-(иә)
Оқушы неге құқылы?
Білім алуға,емделуге,демалуға, ұрлықжасауға,қоршаған ортаны ластауға,өзсыныптастарына кедергі жасауға.
Оқушы неге міндетті?
Білім алуға, ата-анасын тыңдауға, басылымдарға жазылуға,оқулықтарын таза ұстауға.
Осымен тәрбие сабағымыз аяқталды.
Мақтанышым-мемлекеттік рәміздер
Мақсаты:Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының әдісі:іздену, сұрақ-жауап,әңгімелеу
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері,Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларының суреттері, буклеттер, карта, Отан, жер туралы нақыл сөздер, оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді...
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Тұңғыш Президент.
1-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-оқушы:Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
3-оқушы:Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
4-оқушы :Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
5-оқушы:Міне осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
6-оқушы:Азат елдің тәуелсіз азаматы
Сенің келді мінбе де сөз алатын
Аттан барыс бейнелі болашаққа
Барша әлемге шығыршы қазақ атын.
7-оқушы:Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы,өзені, көлі бар
Қазағымның елін жерін қорғайтын
Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
Хор: “Астана”.
Тұғырлы туымыз.
Жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры
www.jospar.kz Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар
ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.
8-оқушы:Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
9-оқушы:Мен қазақтың ұланымын
Мен қазақтың,ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімін
Ұланымын туын көкке көтерген.
Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер:
Жандарбек Мәлібеков пен Шота-Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
10-оқушы:Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
11- оқушы:Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
Асқақтаған Әнұран.
Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
12-оқушы:Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
13-оқушы:Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Ойындар мен тапсырмалар
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұра
Таң қар Ұн
Аң ар нан
2.Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)
Оқушылар шығармашылығы:
1.Менің Отаным-Қазақстан
2.Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздік символы.
Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билер-Төле би,Қазыбек би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.
Төле би:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің:
Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшы болмаса-ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім…
Қазыбек би:
Алтын ұяң-Отан қымбат,
Құт-берекең-атаң қымбат
Аймалайтын-анаң қымбат,
Мейірімді-апаң қымбат.
Әйтеке би:
Бай болсаң
Халқыңа пайдаң тисін.
Батыр болсаң,
Жауға найзаң тисін.
Әумин!
Тақырыбы: «Рәміздерім - мақтанышым» Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап Көрнекілігі: ҚР - ның рәміздері, Президент портреті Барысы: Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Рәміздерім - мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын. Оқушылар орындарынан тұрып, ҚР - ның Әнұранын орындайды. Жанғаным: Батырлықтың уызына жарыған, Ер түркіні байрағынан таныған Өзі ақын, өзі әнші халықта, Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Айжол: Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру - тайпасының таңба белгілері, жалауымен қатар, Әнұраны да болған. Елді жау шапқанда жер - жердегі сарбаздарды жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар береді. Кезінде сарбаздарға рух берген, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған. Жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?
Оқушылар жауабы. Әні: Шәмші Қалдаяқов Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов Камила: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар. Еркін: Бәрі болған қараң сынды көне Ел белгі де, ерлік өнерде. Жаһандағы ең жауынгер халықта, Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?
Жүргізуші: Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен. Гүлназ: 1992 жыл 4 - маусым - тарихи күн. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР - ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті. Жалғас: Ту ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран, Тудаң сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі алтын түстес.
Аянна: Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға, Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға. Қалай оның Елтаңбасы болмайды, Түлігіне дейін салса ен - таңба.
Камила: Енді бүгін өлген Туым тірілді, Әнұраным жалғап алды ғұмырды. Босағада қалып кеткен Елтаңбам, Баяғыша төріме кеп ілінді.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз» Жүргізуші: Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті, ол ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұранын, Туы мен Жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз деп санауын көздейді. Ал, балалар, ҚР - ның Елтаңбасында нелер бейнеленген? Оқушылар жауабы: күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары.
Жүргізуші: Олар қандай мағынаны білдіреді? Жанғаным: Көк аспан – кеншіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын білдіреді. Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ Қазақстанның «қара шаңырақ» деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халықтың қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Гүлназ: Қанатты тұлпардың баламалық мәні қазақтың аңыз - ертегісінен алынған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен. Аянна: Бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспан ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу.
Қорытынды. Айжол: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын! Жүргізуші: Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.
Тақырыбы: Абайдың қара сөздері Мақсаты: Білімділік: Қара сөздерді мәнерлеп оқу, қара сөздерді, нақыл сөздерді танып – білу, нақыл сөздің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру. Дамытушылық: Оқушылар қара сөздерді жатқа айту арқылы сөзді қоры молаяды, дүниетанымы артады, өз ойларынан нақыл сөздер, өлең құрастыру арқылы шығармашылық қабілеті артады. Тәрбиелік мақсаты: Қара сөздерде кездесетін үлгі аларлық сөздердің мағынасын түсіне отырып, оқушылар жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге тәрбиеленеді. Сабақта қолданылған көрнекіліктер, техникалық құралдар, Нақыл сөздер, Абай Құнанбаев портреті, шағын кітап көрмесі. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кідіріс. «Біз ұйымшыл топпыз» а/ Әр топ спикерін тағайындау. ә/ Топтың сабаққа дайындығы.
І. Қызығушылықты ояту: Ойын «Аққала ойыны» / оқушылар әр түрлі қозғалыста жүріп аққала бейнесін құрауға қажетті суреттерді қиыстырып музыка тоқтаған сәтте тұра қалады./ Аққала жасаған балалар орындарына топ құрап отырады. Инсерт кестесін тарату. Абайдың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу. - Авторы кім? - Оқушылар « Абай Құнанбаев» деп жауап береді. 2. Оқушылар ойы:
Абай Құнанбаев ↓ Кім: Ұлы ақын Азан шақырып қойған есімі: Ибрагим Құнанбаев Өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Жазғытұры», «Күз», «Қыс» Әкесі: Құнанбай Анасы: Ұлжан Әжесі: Зере
2. Үнтаспадан тыңдау. «Әдептілік, ар - ұят адамдықтың белгісі.»
ІІ. Мағынаны ажырату. 1. «Әдептілік ар – ұят - адамдықтың белгісі, Тұрпай мінез тағы жат надандықтың белгісі.» дегендей......
Абайдың отыз сегізінші қара сөзінен: Қара сөзде адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Ол, бірінші надандық, екінші еріншектік. Үшінші залымдық. а/ Абайдың қара сөзін магнитофоннан тыңдалады. ә/ Үш топтан үш оқушы мәнерлеп оқу. б/ Қара сөздегі нақыл сөздерді жазып есте сақта. Жақсыдан үйрен ● Адам бойындағы жақсы қасиеттер. Адам: → Қайырымды, парасатты, терең ойлы, еңбекқор, адал, білімді, ізденгіш, инабатты, талапты ● Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер. Адам: → Мақтаншақ, ұятсыз, қанағатсыз, білімсіз, рақымсыз, күншіл, надан, залым
3. Ой толғау. 1. Абайдың он жетінші қара сөзіне талдау. Үш топқа жеке мәтіннің сөздерін бөліп беріп, аялдамамен оқыту әдісі арқылы қара сөзді талқылау. 1. топ Ақыл 2. топ Қайрат 3. топ Жүрек
а/ Мәтіннің бірінші бөліктерін тарату б/ оқушы ойын тыңдау болжам жасауларына назар аудару. в/ Мәтіннің екінші бөлігін тарату. г/ Болжамдарын салыстыру. д/ Қорытынды пікірлерін тыңдау
2. Адамның бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді салыстыра отырып нақыл сөздер, шағын өлең, ЭССЕ құрастыру. 1. топ. Нақыл сөз, мақал – мәтел 3. топ. Шағын өлең. 4. топ. ЭССЕ
Қорытындылау.
Тақырыбы:« Қазақстан Республикасының рәміздері»
Мақсаты:
- Оқушыларға Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсінік беру, елін, жерін, тілін, қазақ елінің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қазақстан Республикасының рәміздері.Н.Ә.Назарбаевтың портреті ,Қазақстан Республикасының картасы.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
-Отан деген не?
Отан дегеніміз –адамның туып өскен жері,туған-туысқандарымен,жақындарымен тұратын атамекені.Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.
-Балалар, Отан туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
«Отан-оттан да ыстық»
«Туған жердің топырағы да ыстық»
«Отан әркімнің ары,ожданы».
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атаңдар.
Егеменді еліміз әлемдегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті ел ретінде өзінің Елтаңбасы мен Әнұраны ,Туын қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп ,оны қастерлей біліп, әдептілік рәсімдерін орындау борышымыз.
Қазақстанның елтаңбасында жарқын күн сәулесі ,көк аспан,шаңырақ,жарық жұлдыз,қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Көк аспан -кеңшілік, тыныштық, биіктің белгісі.
Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті, өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ қазақтың «қара шаңырақ»деген қасиетті сөзінен алынып, шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп, халқының қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына күн ананың жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр.
-Қанатты тұлпардың мәні қазақтың аңыз-ертегісінен алынған. Аңыз бойынша қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттерден аман алып қалған. Еліміздің азаттығының, жеңімпаздығының белгісі. Аспаны ашық жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік елінің перзенті болу қандай бақыт!
Көк байрақ.туымыз-халқымыздың қасиетті ,киелі белгісі. Туымыздың көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді.Ту ортасындағы алтын күн-халқымыздың азаттық күні.Алтын күнді қанатымен жебеп,қыран құс ерлік белгісі. Кең- пейілділікті білдіреді.Ту шетіндегі ою -өрнек қазақ елінің танымын,қасиетін көрсетеді. Туымызды қастерлеу-халқымызды қастерлеу.Ұлттық әдептілік қасиеттердің бір үрдісі –ел Туын елжірей сүйіп,құдірет тұтып,құрметтей білу болып табылады. Әрқашанда төбемізге көтеріп ,тәлім алып көк байрақ –Туымызға тәжім етеміз.
Көк байрақ –Туымыз,
Жарасқан байрақтың мәні бар,
Көк аспан,қыран сәні бар,
Көк байрақ –ашық көк кеңісім.
«Әнұран»
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Туымыздың көне күнін,
Даламыздың байтақ үнін ,
Ол әні ғой жүрегімнің
Мың қайталап айтам мұны.
«Елтаңба»
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің
Елдігімнің белгісі,
Мұнда да бар ерлігім,
мұндада бар жер күші.
«Біздің ту»
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.
Жанатындай өзі отта,
Жалын шарпып бетіңді.
Туымыз да қазақша
Сөйлеп тұрған секілді.
Туымызға жас тұнған,
Бір қарамай өтпейміз,
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз -,деп отыра біз бүгіргі күнге арналған шағын сынып сағатты аяқтаймыз.