Просмотр содержимого документа
«Бейнесабақты талдау»
Гагарин орта мектебінің 2-сынып жетекшісі Аубакирова Айнур Қайырғазықызының бейнесабақты өзіндік талдауы. 2016-2017 оқу жылы
Сынып туралы қысқаша мәлімет беру (интеллектуалдық және психологиялық ерекшеліктеріне назар аудару).
Сыныпта 17 оқушы бар. Оның 5- қыз, 12 ұл бала. Сыныпта 2 үздік, 7 екпінді, 8 орташа оқушы оқиды. Өте қағылез, зерек, білімқұмар балалар, Интеллектері жоғары. Саусақ моторикалары және таным процесстері: есте сақтау, ойлау, ес, зейін, қабылдау, қабілеттері қалыпты. Жас ерекшеліктері сай.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, міндетін айтап кету. Осы тақырып бойынша нешінші сабақ. Сабақтың түрін.
Тақырыбы: Амандасу салты. Осы тараудың 5- сабағы. Кіріктірілген сабақ
Сабақтың кезеңдері. Әр кезеңде қолданылған әдіс-тәсілдерді қандай мақсатпен алынған? Сабақ 8 кезең тұрады.
а). “Психологиялық дайындық:” оқушылардың көңіл- күйлерін жақсарту мен сабаққа деген ынталарын арттыру мақсатында жасалды.
Ә) “Бейнекөрініс” оқушылардың ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстыруғу арналған.
Б)”Күн шуағы” ойыны оқушылардың тіл байлықтарын дамытып, сабақты түсінгендерін байқау үшін ойнатылды
В)”Топқа бөлу” Оқушыларды ұйымшылдыққ, жауапкершілікке, тәртіпке, сөз тыңдауға, сыйластыққа тәрбиелеу үшін қолданылды.
Г) “сахналау” артистік өнерге баули отырып, тіл байлықтарын дамытуға, өз ойларын толық айтуға арналған.Түсіндірілген білімдер мен дағдыларды бекіту,оқушы жауабындағы кеткен кемшіліктерді анықтау
Нәтижеге жету шарттары білім есте сақтап қана қоймай сонымен қоса өмірде пайдалана білуге бағыттау,бекіту формаларын қолдану
Мұғалімнің өз алдына қойылған мақсаттары жүзеге асырылды ма, әлде жоқ па? Не себептен?
Сабақ барысына қойған мақсатыма жеттім:
1) Оқушылар тақырыпты толықтай түсініп меңгерді. Сабақ тура уақытында аяқталды. Тапсырмаларды орындады.
Сабақтың құрылысы қарапайым, 8 кезеңнен тұрды. Сабақ кезінде қойылған үш мақсаты орындалды. Өткен және келесі сабақтармен байланысы тиімді пайдаланылды. Сабақтың типі, оқу материалы мен мақсатының мазмұны сәйкес
Сабақтың әр кезеңін (8 кезең) зерттеу.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың міндеті сабақта жұмыс істеуге дайындау.
Сәлемдесу болды, жоқ оқушыларды белгілеу, бөлменің тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа сырттай әзірлігін тексерілді.
Жақсы нәтижеге жету шарты: талап қою, ұстамдылық, жинақылық, жүйелілік.
Ұйымдастыру сәтінен қысқа болды, сыныптың жұмысқа толық дайындап, оқушыларды ықыласпен ұйымдастырдым
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
Үй тапсырмасы дұрыс, сапалы түрде орындалуы анықталды, Жақсы нәтижеге жету шарты – шапшаң сөйледім, мақсатқа бағытты, түрлі тәсіл қолдандым. (көп оқушылармен істей отырып).Аз уақытта (5-7) көп оқушының білім деңгейін белгіленіп, тексеру барысында тірек түсініктерін топтастырып, жинақтау, кездескен қателердің себебін анықтап, жою, жоғарғы дәрежеде зерттелгені ескердім. 3. Білім деңгейін жан-жақты тексеру.
Сынып оқушыларының білімдері терең, жан-жақты тексерілді, білімде кездескен кемшіліктер анықталды, барлық оқушы өз бетінше оқуға жұмылдырылды..
Материалдың сапасы мен көлемі түрлі әдістермен тексерілді, оқушылардың ойлау әрекеті тексерілді, оқушылар жауабы, білімділік бағасы, дағдылары түсіндіріліп айтылды. Жақсы нәтижеге жету шарты – әр түрлі жолдар мен тәсілдер қолданылды,
4. Оқушыларды жаңа материалдысаналы түрде меңгеруге дайындау.
Оқушылар қызметін мақсатқа бағыттай отырып ұйымдастырылды.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын және материалдың зерттеу міндетін хабарланды, оқушыларға ой салар проблемалық сәт туғызылды, жаңа материалдың проблемалық маңызын көрсетілді.
5. Жаңа білімді меңгеру кезеңі.
Зерттелген материал туралы нақты түсінік берілді, оқушылардың қабылдауына көз жеткіздім, бірінші қорытынды жасау, икемділігі мен дағдыларын қалыптастырдым Оқушылар ынтасы ұйымдастырылды, ойлау-қорытулары қамтамасыз етілді.
6. Оқушылар жаңа тақырыпта түсінуі керек.
Оқушылардың жаңа сабақта алған фактілері мен түсініктері бір-бірімен байланысты, оқу материалын терең түсінді.
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі.
Түсіндірілген білімдер мен дағдыларды бекітілді,білім есте сақтап қана қоймай сонымен қоса өмірде пайдалана білуге бағытталды,Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу үшін қалыптастырылды
8. Үй тапсырмасын беру, орындау туралы инструктаж (нұсқау).Үйге тапсырманы хабарланды, түсіндірлді, соңғы қорыту жасалды.Үй тапсырмасы туралы нұсқау жасалды, орындалу тәсілдері, мазмұнын айта отырып, тексерілді, Оқушылар білімінің сапасы жоғары.