kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бастауыш мектеп о?ушыларыны? рухани дамытуды? этнопедагогикалы? негіздері»

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Та?ырыбы: Бастауыш мектеп о?ушыларыны? рухани дамытуды? этнопедагогикалы? негіздері

Ма?саты: Келешек ?рпа?ты халы? педагогикасы ар?ылы ?лтты?

?дет – ??рпымыз,салт – д?ст?рімізді д?ст?рлі ?негесімен эстетикалы?

т?лім-т?рбиесі ар?ылы о?ушыларды ?о?ам?а сай елін,жерін,тілін,дінін Отанын с?юге т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бастауыш мектеп о?ушыларыны? рухани дамытуды? этнопедагогикалы? негіздері»»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы Исатай ауданы

Жаңа Жанбай бастауыш мектебі














«Бастауыш мектеп оқушыларының рухани дамытудың этнопедагогикалық негіздері»






















Абуғалиева Ақмарал Тельманқызы


Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларының рухани дамытудың этнопедагогикалық негіздері




Мақсаты: Келешек ұрпақты халық педагогикасы арқылы ұлттық

әдет – ғұрпымыз,салт – дәстүрімізді дәстүрлі өнегесімен эстетикалық

тәлім-тәрбиесі арқылы оқушыларды қоғамға сай елін,жерін,тілін,дінін Отанын сүюге тәрбиелеу.




Міндеті: Оқушылардың ұлттық болмысымыз арқылы шығармашылығын, ойлау қабілетін,сөз өнерін,шешендігін, ой өрісін, сөздік қорын, жалпы бүгінгі қоғамға тән ұлтжанды жеке тұлғаны тәрбиелеу.























,,Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие

берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім

адамзаттың қас жауы, келешекте

оның барлық өміріне опат әкеледі ,,


Әбу Насыр Әл-Фараби



Кіріспе

Халқымыздың ғасырлар бойғы даналығы,бай тарихы,әдебиеті мен мәдениеті, салт-санасы,дәстүрлерінің асылын жинау,бүгінгі заманмен салыстыра отырып туған жерге,туған елге,туысқан жандарға деген сүйіспеншілікті,құрметті жандандыру біле білсек,еліміздің экономикасының саяси тұрақтылығының күре тамыры.Қанша заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық педагогика мұрасын тәлім-тәрбиесінің түп қазығына айналдыру ата-ананың да,ұстаздың да жалпы болашақтың ұрпағын тәрбиелеп отырған азаматтардың асыл борышы.Қазақ халқын құрып кетуден сақтап қалған елім деп еңіреп өткен қас батырларын,олардың ерлігін,бір туар ел мақтанышы болған аға ұрпақтың өмірін өз мәнінде жастарға таныта алмасақ,өз халқының бай қазынасынан сусындауға мүмкіндік жасамасақ,халық педагогикасын – көзін жаңа туып ашқан бұлақ сияқты тірі,жанды құбылысты – жоғалтып,сөндіріп алмауымызға кім кепіл.Ұлттық құндылықтарымызды менсінбей,жатқа еліктеу өз - өзімізді қорлау,ұлттық санамызға дақ салу.Ендеше рухани енжарлыққа,селсоқтыққа жол бермеуге тәрбиелеу – басты мәселелердің бірі болуы шарт.

Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық қасиеттер,ғылым және практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау деп үлкен міндеттер жүктейді Өмірде болып жатқан бетбұрыстар қоғамдағы саяси көзқарастар әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің тарихына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт-дәстүріне құрметпен қараумен қатар оның бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.Расында да шығыс ғұламалары ұрпақ тәрбиесіне ұлан қайыр мұра қалдырды. Кезінде Н. К. Крупская шығыс тәрбиесін зерделей келе,балаға тәрбие беруді шығыс халықтарынан үйренуіміз керек деп аса мән берген болатын.

Шығыс ойшылдары Әл - Фараби,Ж.Баласағұн,М.Қашқари т.б бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне орны толмас мұра қалдырды.Аталған ғұламалардың еңбектері еліміздің егемендік алуымен байланысты педогогикалық тұрғыдан зерттеліп,бір жүйеге келтіріп,жас ұрпақ тәрбиесіне пайдаланып отыр.

Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы,келешекте оның барлық өміріне опат әкеледі

- деп Әл-Фараби бабамыз айтқан қағиданы негізге алған ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне аса мән бергенін байқаймыз.

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тәрбиенің әсері орасан зор.Жалпы тәрбие мәселесінің негізін салған Н.К Крупская оқушылардың жан-жақты дамуын зерттей келе,тәрбиелеу мен оқытудың бірдей,өзара байланыстыра отырып жүргізуді ұсынады.Ал Л.С.Выготский оқушының оқу үрдісіндегі дамуының екі бағыты актуальды және іргелес бағыт туралы идеяны береді Егер бала мұғалімнің түсіндіруінен білімді ары қарата еркін меңгерсе, бұл бағыттағы даму үрдісі деуге болады.Ал,бала өз бетінше де және басқа да адамдардың көмегімен де сабақ үрдісін орындау мүмкіншілігі болмаған жағдайда іргелес даму бағытында тоқталып қалады..Бұл жолдан шығу мұғалімнің шығармашылық қабілеті және балаға деген сезімі арқылы оны ынталандыруға байланысты туындайды.Л.С.Выготский оқушының ішкі рухани күшіне сырттан әсер ететін күштің үйлесімділігіне аса мән береді.

Аталған ғалымдардың еңбектерінде, оқу үрдісін негізге ала отырып,оқушының дамуы жан – жақты қарастырылған.Жалпы оқушының жан – жақты рухани дамуына жеке тұлға ретінде қалыптасуына оқыту,білім беру және тәрбие ісі негіз болып саналады.



























Негізгі бөлім



И.О.Безрукова өзінің еңбегінде оқыту,білім беру және тәрбиені орыстың ұлттық ойыншығы матрешкаға теңей отырып,бас матрешканы тәрбие деп белгілейді.Бұдан шығар қорытынды.тәрбие өте күрделі,негізгі және ұзақ мерзімді жүргізілетін үрдіс екенін түсінеміз.

Жеке тұлғаны жан – жақты дамыту мен қалыптастыру мәселесі Абай Құнанбаев.Ыбырай Алтынсарин,Мағжан Жұмабаев,Шәкәрім Құдайбердиев,Жүсіпбек Аймауытов және т.б шығармаларының негізі арқауы.Әсіресе ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер:қайрат,ақыл,жүректің сапалық деңгейіне қарай және олардың өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды» (білімді,адамгершілігі жоғары,парасатты жан – жақты жетілген тұлға) тәрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді.

Платон жеке бастың үш негізгі компонентін бөліп шығарды: ақыл,сезім және ерлік.Ал,ұлы Абай ұсынған адам бойында болатын негізгі қасиеттер Платон идеясымен ұқсас.Абайдың зерделеуінше «Толық адамды»қалыптастыруда адам бойында ақыл,сезім және жылы жүректілік үйлесім табуының керектігіне басты назар аударады.

«Абайдың дүниетанымы мен философиясы»атты еңбекте тұлға,оның қалыптасуы туралы ұлы Абайдың тұлғалық келбетін даралап көрсетеді. «Абай – заманның ұлы тұлғасы,Тұлға халық тағдыры тұйыққа тірелгенде көш бастайды,тың бастамаға себепкер болады.Осы ретте тұлғасы бар ел тиянақтылыққа ұмтылады,тұрақтылықты қалайды».

Абай тұлғасы – еңбек пен ерлікті.ұмтылыс пен төзімділікте жол тапқан,елдің де намыстың да жүгін артқан нардың беделі.Абай – ыстық жүрек,қайсар ерік терең парасат теңдігін тапқан ерекше тұлға.Жеке тұлғаны қалыптастыруға ұлы тұлғалардың өмірі,оның шығармаларының,адамгершілік рухани қасиеттері негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі мәселесі болып табылады..Осы мәселелер белгілі ғалым С.Қалиевтің еңбегінде де негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысына тоқтала келе, «сегіз қырлы бір сырлы»,толық адам тәрбиелеу қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді:

1.Ақылды,арлы,намысшыл азамат болуын қарастыру

2.Еңбек сүйгіш,елгезек етіп тәрбиелеу

3.Тән сұлулығын қарастыру,әсемділікке баулу.

4.Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке,имандылыққа) баулу

5.Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа,бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу

6. «Жігітке жетпіс өнер мен білімді насихаттау

7.Табиғатпен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.

8.Денені шынықтыруға тәрбиелеу

Жеке тұлғаны қалыптастыруға оқушыны жан – жақты рухани дамыту негізгі орын алады.Оқушының дамуына оқыту,білім беру,тәрбиелеу үрдістері өзара бірлікте жүргізілгенде ғана табыстарға жетеміз.

Оқушының жеке тұлға ретінде рухани дамуына халықтық педагогиканың мұралары зор үлес қосады.Бүгінгі мектептің оқу – тәрбие үрдісіне халықтық педагогиканың тәлімдерін енгізу мәселелері

Қ.Жарықбаев.С.Қалиев,С.Ұзақбаева,К.Қожахметова,М.Балтабаев,Ж,Наурызбаева,ШМайғаранова,С.Иманбаева,С.Төренизова және т.б ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.Ал,философиялық тұрғыда

Ә.Нысанбаев,Ж.Молдабеков,Ғ.Есімов,Д.Кішібеков психологиялық тұлғада Ж.Аймауытов,М.Мұқанов,Қ.Жарықбаев.Қ.Жүкештің еңбектерінде орын алады.Болашақ ұрпақ тәрбиесіндегі ең басты міндеттердің бірі – мектеп оқушыларының іс - әрекетін ізгілендіріп , рухани дамуының дұрыс жолға қойылуы.Ол үшін оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін гуманистік бағытта тәрбиелеп,олардың өзін - өзі шығармашылықпен дамытуына жол ашу.

Педагогикалық,психологиялық тұрғыдан алып қарағанда жастар арасындағы қарым –қатынастар мен іс - әрекеттердің ізгілікке негізделуі үлкендердің үлгісімен ұлттық тәлім – тәрбиеге тіреледі.Олардың ар – намысы,мейірімділік пен парасаттылық,адамды сүйе білу,жеке бастың ар – ұжданын,еңбегін қадірлеу т.с.с шынайы адамгершілік қасиеттері қазіргі және болашақ ұрпақ бойынан табылу үшін «жеке тұлғаны»дұрыс қалыптастыру жолын іздестіру керек.Оқушының жеке басының рухани дамуының дұрыс болуы үшін,оның іс - әрекеттерін (оқу,білім алу тәрбие, даму,қалыптастыру) жан – жақты жетілдіру арқылы біртіндеп дамыту көзделеді. Рухани даму тұлға қалыптастырудың өзегі болып табылады.Сондықтан адамның өмірдегі орнын,атқаратын міндеті мен қоғам алдындағы жауапкершілігін қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді дұрыс түсініп,еркін араласуын қамтамассыз ету – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Оқыту,білім беру,тәрбиелеу – баланың ішкі жан дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін,түрткі болатын,жағдай жасайтын,оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені белгілі.Баланың жан – жақты дамуын зерттеген ғалымдар бұл жағдайларға ерекше мән беріп,қозғаушы күш арқылы баланың іс - әрекеті біртіндеп жетіліп өздігінен дамуына ықпал ететінін дәлелдеп отыр.Даму күрделі үрдіс болғандықтан оқу – тәрбие арқылы беріліп,ұрпақ тәрбиесінің сабақтастығы үнемі сақталып отырады.Тәрбие бір ұрпақтың озық тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс,осы арқылы адамның дамуына басшылық жасалады,оны тәрбие арқылы жетілдіруге немесе өзгертуге болады.Нәтижелі жүйелі тәрбие жеке тұлғаны дамытады, адамның қоғамдағы орнын айқындайды.Ал,білім беру – қоғамдағы адамда дамыту жағдайын арнайы ұйымдастыратын жүйе.Оқыту арқылы білім жинақтаған адам,өзін - өзі тәрбиелей отырып дамуға қабілетті келеді. Демек,тұлғаның руханилылығы оның гуманистік бағыттағы дүниетанымының,санасының адамдық құндылықтарының өсіп – жетілуі.

Осы орайда Ш.Амонашвилидің Өмір мектебі атты тракты педогогика оның ішінде гуманды - тұлғалық қатынастарын сараптауға ерекше орын алады.Онда бастауыш сынып оқушыларын рухани дамытудың басты мәселелеріне тоқталады.Бұл мектептің басты мақсаты:

Білім үрдісінің барлық құрамында гуманды педагогика қағидаларын қолдану Мұғалімдерге және педогогикалық ұжымға гуманды тұлғалық педагогиканы шығармашылықпен қоса игеруге мүмкіндіктер беру Баланың рухани ,адамгершілік,тұлғалық,интелектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.Сонымен бастауыш сатыда берілетін білім үрдісі баланың жеке психологиялық қасиетіне емес,біртұтас табиғатына негізделуі тиіс.Өйткені ол табиғатына негізделуі тиіс.Өйткені ол табиғат заңдылықтары арқылы жетісіп,бала бойындағы мүмкіншіліктер мен қасиеттер біртіндеп дамиды.Жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру арқылы ғана бүгінгі күні кездесетін келеңсіз жағдайларды жоюға жол ашылады.Адам тәрбиесі ең маңызды мәселе,ол бұған дейін оқу арқылы кейінгі орынға ығыстырылып келеді Бүкіл оқу үрдісі оқушыға тар ауқымды білім,білік,дағды,білім негіздерін игеруге бағытталады Ал бастауыш сыныптардағы оқушылардың дамуы тәрбиелік іс-әрекеттер арқылы,еліктеу,ұқсау,қайталау негізінде қалыптасады.Сондықтан да оқушылардың рухани дамуында тәрбиеге гумманистік және гуманитарлық мән берудің өзіндік ерекшеліктері мен маңызы бар.

Бала тәрбиесін ізгілендіруді мақсат оқушыларды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға,мәдени дағдыларды игеруге,өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қамтамасыз етеді.Рухани адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу арқылы баланың күнделікті іс-әрекеттері мен қарым-қатынас жасау мәдениеттерін жетілдіру көзделеді.Ол үшін оқушының мәдени құндылықтарды игеруіне өзін-өзі дамытуына,өмір сүруге бейімделуіне,өзіне және басқа адамдарға жауапкершілікпен қарауына көмектесіп отыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруі,оның өзін-өзі танып өз айналасындағылармен,отбасы мүшелерімен,қоғамдық ортамен дұрыс қарым қатынас құра білуі,яғни оны әлеуметтендірудің маңызы зор Осыған орай оқу-тәрбие үрдісінде олардың жеке бас ерекшеліктері мен қабілеттеріне сәйкес өзін-өзі тануға ,өзін дамытуға бағыттап,бұл жұмысты ата-аналарының жалғастырғаны жөн Бұл орайда мұғалімнің шеберлігі баланың талап тілегіне қолдау көрсету олардың көңіл-күйлерінің көтеріңкі еркін ,сергек жүруіне жағдай жасау.

Жас ұрпаққа рухани тәрбие ,білім беру арқылы оның тәндік,жандық,рухани,

қоғамдық әлеуметтік үйлесімділігі сақталады.Өмір сүру құндылықтарын түсініп,табиғатпен сабақтаса отырып адамдық игі қасиеттер негізінде дамуына мүмкіндіктер беріледі.Адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін үнемі тәрбиелеп,өздігінен білім алып өз бетінше оқып үйренуге ұмтылуы тиіс Бұл орайда этно педагогиканың оқушының білім алуына рухани тәлім тәрбие берудегі ықпалы зор.Тәрбие түсінігінің ауқымын кеңейту логикалық жүйесін анықтап,тәжірибеге енгізу Қоғам мен тәрбие арасындағы үйлесімділікті сақтап тәрбиені мәдени құндылық негізінде құру. Философиялық ойды тәрбие тұжырымдамасымен байланыстырып ,тәрбиедегі негізгі анықтамаларды биологиялық әлеуметтік,діни психологиялық жағдайлармен байланыстырып салыстыруға болады.

Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана сезімде,төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын,мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту процесіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы керек. Бұл үшін қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен кәусар бұлағымен сусындату қажет.

Ж.Б.Қоянбаев халық педагогикасының мақсаттарына мыналарды жатқызады.

Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып,болашақ ұрпақты өмірге дайындау,өнер білімге баулу,бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік,имандылық қасиеттерге тәрбиелеу.Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары,этнографиялық материалдар,халықтық тәрбие дәстүрлері,халық ойындары жататындығын атап көрсете келе халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі роліне айрықша тоқталады.

Қазақ халқының ұлт ретінде өмір сүруіне оның тілімен қатар оның салт дәстүрінің,әдеп ғұрыптарының маңызы айрықша.Қазақтың мақал-мәтелдері жас ұрпақты ибалы болуға,әдептілікке,мінезін жақсы қасиеттер арқылы имандылық пен инабаттылыққа тәрбиелесе ақын жазушылардың көркем шығармалары эстетикалық, этикалық қасиеттерге тәрбиелейді.Баланың құлағына жас кезінен бастап халықтың тәрбиелік асыл маржандарын құйып отыру тек мектептегі мұғалімнің ғана жұмысы емес,сонымен қатар үйдегі ата-аналардың негізгі міндеттерінің бірі болуға тиіс.

Абай Құнанбаев он тоғызыншы сөзінде жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады дейді Адам ата анадан туғанда есті болмайды,естіп, көріп,ұстап,татып ескерсе ,дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы,сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет.Қазақ халқының өзіндік ерекшелігіне жас ұрпақты туылған кезінен бастап,халықтық педагогика негіздерімен тәрбиелеуі жатады.Бесік жырынан бастап өскенге дейін бала тәрбиелік маңызы жоғары өсиет сөздер естіп өседі.Бірақ қазіргі кезде ата дәстүрлері қалалық жерлерде ұмытылып жүр.Бұл жас ұрпақты мәңгүрттікке апарады Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгертуде халық педагогикасының тәрбиелік мәні басым элементтерін кеңінен қолдану қажет.Осы арқылы оқушылардың рухани дүниесі парасаттылық пен бауырмалдылық, адалдық пен кішіпейілділікке инабаттылық пен үлкенді сыйлауға тәрбиеленеді.Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстарының да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор.Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармалардағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады.

С. Рахметова қазақ тілі сабақтарында көркем шығармалардың оқушыларды тәрбиелеудегі маңызын жан-жақты талдап көрсетеді.

1.Идеялық – саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру;

2.Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру;

3.Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен, еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйласушылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу;

4.Отанымыздың мейілінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін, қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу;

5.Балалардың алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін онан әрі дамыта түсу;

6.халықтардың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізетін қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып, отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

7.Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;

1.еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Демек, бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында дидактикалық материалдар арқылы меңгерту жұмыстарының мынадай мақсаттары болуы керек:

2.оқушыларды ұлттық болмысқа тәрбиелеу. Бұл төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі.

а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім - тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал –мәтелдерді, халықтың даналық , өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;

ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;

б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.

2. оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы әлемдік ізгілік пен әдептілік негіздерімен тәрбиелеу. Бұл үшін әлемдік тәрбиенің озық үлгілерін сыннан өткен тәрбие көздерін қазақ тілін оқыту барысында тиімді қолдану қажет.

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабақтарында қолданудың маңызы зор. Ойын баланың өмірінде маңызды орын алады. Бірақ түрлі ойындардың арасынан шапшаң қимылды ойындарды айрықша бөліп айтуға болады, өйткені оларда барлық ойынға қатысушылар өте белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттеріне қатыстырылады. Бұл әрекеттер ойынның ережелерімен ағымына байланысты және балалардың алдында үлкендер немесе олардың өзі қойған белгілі бір шартты мақсатқа жетуге бағытталған.

Халық арасында көп тараған шапшаң қимылды ойындар өздігінен еркін пайда болады, олардың ұзақтығы шектелмейді; Ойынның қарапайым ережелері, қимылдарға қойылатын талаптар ойынға қатысушылардың жалпы келісімімен қалыптасты, ойнаушылар әрқашан қай жерде , қашан ойнауды, қайда қашуға болатынын, жүргізушіге қанша адамды ұстап алу керектігін және т .с.с өздері шешті.

Педагогикалық ойдың дамуына байланысты халықтық ойындардың ішінен тәрбиелік маңызы өте жоғарылары біртіндеп таңдалады. Ұзақ тәжірибенің арқасында олардың мазмұны айқындалып ережелерге қалыптастырылды, арнайы тәрбиелік мақсаттарды көздеген жаңа ойындар жасалды.

Мазмұны мен балаларды ұйымдастыруы жағынан ойындардың сан алуандығы олардың ішінен күн мезгіліне өткізілу шарттарына сай, балалардың жасына қарай, олардың дайындық деңгейін ескеріп, сондай – ақ педагогтың алдына қойған мақсаттарына тура келетіндей етіп таңдап алуға мүмкіндік береді.

Этнографиялық зерттеулер барысында қазақтың ұлттық ойындарының пайда болуы мен дамуына ерекше мән беріледі. Ойындардың мазмұны халықтың өмірімен тұрмыстық өзгеруіне сай ауысып отырды. Қазақтың ұлттық ойындары командалық және командалық емес деп бөлінеді. Кейбір ойындар спорттық түрлеріне және жергілікті ойындарға дайындық ретінде қолданылуы мүмкін.

Қазақтың ұлттық ойындарын сабақта қолдану мынаны көрсетті:

Бұл ойындар оқушылардың дене тәрбиесінің негізгі мәселелерін табысты шешуге, олардың денсаулығын жақсартып, өмірлік маңызды қимылдық бейімділіктерін қалыптастыруға өте пайдалы. Олар оқушыларға белгілі бір тәрбиелік әсерін тигізеді: батырлық пен батылдыққа, табандылыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа, жолдастық және көмекке, саналы тәртіпке үйретеді. Ұсынылған ойындар сауықтыру мәселелерін шешуге де өз үлесін қосады: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру икемдіктерін дамытады. Кейбір ойындар оқушыларға гимнастика, жеңіл атлетика және спорттық ойындарда алған біліктіліктерін жетілдіруге көмектеседі. Бұл ойындарды біз және спорт түрлеріне дайындық топтарына жіктедік.

Қазақтың ұлттық ойындарында ойыншылар арасында белгілі қарым-қатынастар орнататын ережелер бар. әрбір ойында ойыншылар сол ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Ақырында сол ережелерге сай ойыншылар тиісті іс әрекеттерді таңдауы керек болады.

Ойындарың сипаттамасы және оларға әдістемелік нұсқаулар

1.«Соқыр теке » өту жайы, құрал сайман. Алаң. Спорт залы. Ойынға орамал керек. Дайындық ойыншылар қол ұстасып, дөңгелек құрайды. Үш, төрт адам дөңгелектің ішінде, олардың біреуінің көзерін орамалмен таңып қояды. Ойынның сипаттамасы. Дөңгелек ішіндегі ойыншылар жүргізушіге келіп, оны түрткілеп қашады. Егер жүргізуші біреуді ұстап алып, оның кім екенін біліп қойса, онда ол орамалды шешіп ұстаған ойыншының көзін таңады.

Ережелері. 1. Ойыншылар дөңгелектен шықпауы тиіс. 2. Жүргізушіні итеруге, аяғынан шалуға болмайды.

Ойынның педагогикалық мәнісі. Ойын қатысушылардан байқағыштықты, ынта мен шапшаң ұғынуды талап етеді, шыдамдылық пен Шапшақ қимылдауға, батылдық пен зеректікке тәрбиелейді, қозғалысқа және бағытты өзгерте отырып жүгіруге қашуға кеңестікте жылдам бағадар алуға үйретеді.

Әдістемелік нұсқаулар. Бұл ойынды сабақтың соңында өткізген дұрыс, ойын балалардың зейін жинақтап, демалдырады. Егер қатысушылар саны қырық адам болса, онда оларды үш – төрт топқа бөліп, әр топта ойынды бөлек өткізу керек.

Эстетикалық тәрбие беруде дүниетану пәнінің алатын орны.

Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырға созылған өзіндік тарихи тағылымы, ой-пікір қорытындылары бар. Ал ол жазу-сызудан,ауыз әдебиетінен,ұлттық өнер тағылымынан,халықтың тәлім – тәрбиелік салт – дәстүрлері мен саналы дүниетанымдық көзқарастарынан әдет – ғұрпынан,бір сөзбен айтқанда,рухани материалдық,мәдени – эстетикалық мұраларынан өзекті орын алып,көрініс береді.Өткеннің өнегелі тәжірибесін бойына сіңіріп озық дәстүрсіз,ұрпақтар тәрбиесінің сабақтастығынсыз халықтың тарихи дамуы мүмкін емес.Әлеуметтік,көркем – мәдени,эстетикалық мұралар неғұрлым бай болса,өткен уақыт пен бүгінгінің мәдени,рухани құндылық мұралары өзара жалғасып жатса,халық өмірінің мән – мағынасы терең,айқын,үлгі - өнеге тұтар ұлттық парасаттағы ой толғайтын күшті ұрпақ тәрбиелейміз.

К.Қожахметова,Қ.Бөлеев,Ә.Табылдиев т.б – болашақ ұрпақ тәрбиелеудің өзіне тән мақсаты,міндеттері,принциптері,жүйесі мен әдіс – тәсілдері бар – ұлттық мазмұнды педагогикалық ғылым екенін ашып көрсетті.Сонымен бірге,ұлттық мәдениет,рухани құндылық,өнер,педагогика мазмұнында жинақталған сан ғасырлық тәжірибелерді анықтай отырып,түрлі саладағы ғалымдарымыз,орыс және Европа елдерінің санасында қалыптасқан:... қазақ халқының өз мәдениеті мен ілімі жоқ,ғасырлар бойы сауатсыздық күнін кешкен,отырықшы халықтар мәдениетіне ешқандай үлес қоспаған – деген теріс ұғымды жоққа шығарды.

Халқымыз тек бір жақты тәрбиемен ғана емес.сонымен бірге,әр саладағы білім беру мәселелеріне де аса көңіл бөлгенін айқындап отыр.

Бастауыш сынып – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды қайталанбайтын кезеңі.Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім,білік,дағдыларды меңгерумен бірге табиғат,қоршаған орта,дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып,оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы.Бұл әрине,мұғалімнен көп ізденісті талап етеді,осыған орай орта білім стандартында мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету талабы қойылып отыр.Мұнда әсіресе,оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орын алады.Дүниетанымның қалыптасуына адам,табиғат,қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам,қоғам,табиғат – біртұтас дүние.Адам,табиғат,қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып,түсінуі жолға қойылып отыр.Өйткені дүниетануды бастауыш сыныпта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды.Танымға көмегін тигізген оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды.Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені бірлікте сезініп,қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып,ой - өрісі кеңейді.

«Дүниетаным», «қазақ дүниетанымы» , «таным» саласында көптеген құнды ой – пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың С.Б.Крымский , Б.М.Кедров Ә.Нысанбаев,А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, т.б еңбектерінде жан – жақты талқыланып келеді.Дүниені өз дәрежесінде танып – білу оның мазмұнына байланысты жүзеге асады ,сондықтан да мектептердегі дүниетану сабақтарының дүниені танып білуде мәні ерекше зор.Дүниетану табиғатты біріңғай материалдық тұтас дүние ретінде зерттейді,оны даму жағдайында,уақыт пен кеңістікте қарастырады.

Осыған келіп дүниетану сабақтарының негізгі міндеті – табиғатты біртұтастықта оқып үйрену және оның жеке элементтері мен құбылыстары арасындағы байланыстар мен өзара байланыстарды анықтау болып табылады.

Табиғаты оқып үйренуде өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге де мол мүмкіндіктер туады.Табиғат адамды рухани байытады,онымен қарым – қатынас жасау адамдардың жоғары моральдық қасиеттерінің қалыптасуына жағдай жасайды.Кезінде К.Д.Ушинский табиғаттың балалар психикасына жағымды әсер ететініне олардың табиғатпен қарым – қатынас үстінде жан – жақты дамитынына назар аударған болатын. «Табиғат логикасы балалар үшін көрнекті,даусыз,ең түсінікті логика.Кез келген жаңа пән ақыл – есті салыстырулар арқылы жаттықтыруға,меңгерген ұғымдар саласына жаңа ұғымдар енгізуге,зерттелген түрлерді бір туысқа келтіруге мүмкіндік береді»

Жүйелі жолға қойылатын оқу – ағарту жұмысынсыз баланың дүниетанымын ғылыми тұрғыда жүзеге асыруға болмайтыны белгілі.Осыны ескеріп,қоршаған дүниеден білім беруді мектеп қабырғасында жүзеге асыруды көздеген алдыңғы қатарлы ойшыл,ағартушыларымыз қаншама.

М.Жұмабаев - өзінің көзқарастарында адамның туысынан бастап тәрбие мен білім негізінде өмір танымын,ақыл – ойын дүниеге көзқарасын қалыптастыруға болатынына кәміл сенеді,баланың білімі болуы,дұрыс тәрбие алуы тәрбиешіден деген пікірін айтады. «Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан Ана»деп табиғат - ана жайлы өзінің терең толғанысын білдіреді.

А.Байтұрсынов зерттеулерінде де адам баласына жас шағынан бастап – ақ өзін қоршаған ортадан білімі болуы керектігін айтып,оны танып,білуі үшін оқып үйренуді міндеттейді. «Біздің көріп,сезіп біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі – не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе ,не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе...» дей келе,өзімізді қоршаған ортадағы тіршілікті сақтау адам баласының қолында екендігін ескертеді.

М.Жұмабаев ,Ж.Аймауытовтың педагогикалық және психологиялық ілімдері айналадағы заттар мен құбылыстарды сезіну арқылы дүниетанымды қалыптастыруға болатынын дәлелдеді.Олар қоршаған ортаны сезіну арқылы қабылдауды жоғары бағалады.Ұғымның пайда болуы мен сөзге түрінде сыртқа шығуы қоршаған дүниені көріп сезініп,қабылдау арқылы жүзеге асатынын ашып көрсетті.Бастауыш сынып оқушыларының дүниетану саласындағы білімі орта мектепте жаратылыс пәндерін (география,ботаниканы зоологияны адам анатомиясы мен физиологиясын) оқып үйренуге негіз болады.Табиғат – балалардың дүниетанымын,ақыл – ойын,тілін,танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құралы.Балаға табиғат құбылыстарын бақылату,көргенін ой елегінен өткізіп қабылдауын,ойын,тілін дамытуды басшылыққа алып отыру - әрбір ата – ананың,ұстаздың мақсаты.Қоршаған ортаны таныту,баланың дүниетанымын кеңейтуде ұстаздар оқытудың негізгі түрін басшылыққа алу қажет.

Сонымен қатар халық аузындағы әр ғасырда өмірге келген,атадан балаға мұра болып қалған ауыздан-ауызға тараған ұлттық мазмұнды есептер қазақ халқының тыныс-тіршілігін әл ауқатын өмірге араласуын,мақсатқа жету ізін,аңсаған арманын,философиялық күрмеуін,дүниетанымын,халық тәрбиесінің сыр-сипатын бейнелейді Халықтық математика біресе жұмбақ,біресе өлең,қара сөз, ертек, тәжікелесу,ұйқас табу,мақалдап сөйлеу,ұсақ заттармен өнер көрсету,сиқырлы ой айту түрінде кездеседі Бұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты Оны есептің сыртқы түрінен,сондай-ақ ішкі мазмұнынан да байқауға болады Мысалы мына жұмбақты алайық

Бір емен жеті терек алты қайың

Бұтағы толып жатыр дайым,дайым

Ішінде шынар терек,үш қарағай

Өңгесін айта беріп не қылайын

Өлең жазу ережесіне бағындырып ағаш түрлерімен салыстыру арқылы ен тағылған жұлдыздар Темірқазық,Жетіқарақшы,Үркер,Шолпан,Үштараз өлеңде әр жұлдыз өзіне тән сипат алған. Өлең ұйқасын пайдалана отырып тез жаттаттырып ,жеті рет айтса сиқыры сауабы бар екендігіне бой ұсындыру Дем алмай өлеңді жеті рет қайталау өкпе жұмысын жақсартып адамның сергектігіне әсер етеді.Қазақ тілінде бұл биоэнергиялық жаттығу жатады Өлеңді жаттау және қайталау арқылы ес дамытылады.Халық тәрбиесінде өмірді білу табиғатпен тілдесу,құбылыстың обьектінің сырын ашу,яғни таным,салыстыру,нақтылау,топтау және жіктеу,байқау мен ұқсастыру,қолдану арқылы өткен Осыдан да біз халық аузындағы есептердің танымдық сипаты бар дейміз.Заттан санды дербестеу арқылы дерексіз санау туындайтыны белгілі Бала бір десе түсінбейді,бір жылқы десе түсінеді.Мұны қазақ халқы баланы дерексіз санға үйрету үшін мына жолдарды ойлап тапқан.

Бір дегенім білеу Алты дегенім асық

Жеті дегенім желке

Екі дегенім егеу Сегіз дегенім серке

Үш дегенім үскі Тоғыз дегенім торқа

Төрт дегенім төсек Он дегенім оймақ

Бес дегенім бесік Он бір қара жұмбақ

Мұнда бір мен білеудің,екі мен егеудің сондай-ақ білеу мен егеудің үндестігін пайдаланып,санды еске түсіру үшін,затты еске алудың керектігіне нұсқай отырып, онға дейінгі санауды үйретеді. Өзі күнбе күн ұстап тұтып жүрген заттарды пайдаланып,онға дейінгі санды үйрету болып табылады.Ұғымды меңгерту үші,оның негізгі сипаттарын білу қажеттілігіне баланы баулиды,тілін дамытады.Ол үшін қазақ жұмбақтар шешуге, жаңылтпаштар айтуға қалыптастырады, мақал мен мәтелдің,шешендік сөздердің сырын білуге тәрбиелейді

Осы мақсатта сабақты треннинг түрінде өткізуге болады мысалы

Сабақтың тақырыбы

Жаңылтпаштар,жұмбақтар,мақал мәтелдер.

Сабақтың мақсаты

1 Оқушыларды халық ауыз әдебиеті шығармасының түрлері екенін ұғындыру,жұмбақ,жаңылтпаш,мақал мәтелдермен таныстыру

2 Халық шығармасының түрлерін бір-бірінен ажырата білуге үйрету,мәнін терең ұғып,мағынасын аша білуге машықтандыру.Оқушылардың ойлау қабілетін,тілін дамыту.

3 Оқушылардың халық ауыз әдебиеті шығармасы арқылы ұлттық сезімін ояту,кішіпейілділікке,ізеттілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл түсіндіру,сұрақ жауап

Түрі тренинг сабақ

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру Топқа бөлу

Жаңа сабақ

Бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді

Тренинг сабақтың негізгі мақсаты ұйымшылдыққа,топтасып жұмыс істеуге баулып,ойларыңды бөлісіп,ашық айтуға дағдыландыру

Осылайша сыныпты екі топқа бөліп,ережемен таныстыру

1-бөлім Білгенге маржан,білмеске арзан.

Әр топқа тапсырмалар таратамын ойлануға 2 минут беріледі.

Тапсырмалар

1 Жаңылтпашты қалай түсінесің?

2.Жұмбақты қалай түсінесің?

3.Нақыл сөздерді қалай түсінесің?

4Мақал дегеніміз не?

5.Мәтелді қалай түсінесің?

6Мақал мен мәтелдің айырмашылығы бар ма?
Оқулықпен жұмыс

2-бөлім Мақал-мәтел,жұмбақ

Халық айтса,қалт айтпайды атты бөлімде топ басшылары келіп,тапсырмалар алады.әр топқа тақырып беремін сендер тақырыпқа сай 3 мақал-мәтел айтуларың керек.

1 топ Туған жер Отан туралы,өнер білім туралы


2 топ Ынтымақ бірлік туралы үлгі өнеге, тәлім-тәрбие туралы.


3-бөлім Ойлан тап Жұмбақ жасыру

Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғарсың,

Бұл үйден көреген боп шығарсың


Көрінбейді көзіңе,тіл қатпайды өзіңе,

Жығады ол күн сайын ең күштінің өзін де.


Кейде батыр басында,

Кейде аяқ астында.


Өзі түзу, ізі қисық бір аттың,

Өшпес ізін бала кезден ұнаттым

4 бөлім Кім жаңылыспайды Дәптермен жұмыс

3.Сабақты бекіту

4.Бағалау



Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар


Сабақтың мақсаты:Балаларды халықтың тіршілік – іс әрекетпен таныстыру,мал атауларын,ерекше қасиеттерін,пайдасын,күтім – бағымын түсіндіру.Атакәсіп туралы олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып,қазақ халқының табиғатқа, жан – жануарларға деген қарым – қатынасының тәрбиелік жағынан назар аудару.

Дамытушылық мақсаты: «Төрт түлік»туралы өлең,жыр,жұмбақ,мақал – мәтелдер оқыту,дүниетанымын кеңейту,тілін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Еңбекқорлық,іскерлікке,шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Төрт түлік туралы жеке,сюжетті суреттер,қима қағаздар, ребустар т.б

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап,әңгімелеу әдісі

Пән аралық байланыс: Дүниетану,Қазақ тілі,Бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау:

Бесік жыры туралы өлең жырларын оқушылардан сұрап пысықтау.

Жаңа сабақ

Ой қозғау

Төрт түлік туралы түсініктерін байқау.

Балалар малды шақырудың да өзіндік ерекшелігі бар.

Малды шақыру

Түйені – «көс – көс»

Жылқыны – «құрау – құрау»

Сиырды – «ахау – ахау»

Қойды – « пұшайт – пұшайт»

Ешкіні «шөре – шөре» деп шақырады.

Мал атасы

-халық ұғымында әр түліктің өзінің пірі,иесі болған,олар мал басынқорғап,сақтап көбеюіне септігін тигізеді.

Жылқы иесі – Қамбар ата

Түйе иесі – Ойсыл қараша

Сиыр атасы - Зеңгі баба

Қой атасы – Шопан ата

Ешкі иесі – Сексек ата деп аталады.

Оқулықпен жұмыс

1.Іштей оқу

2.Тізбектеп оқу

3.Мәнерлеп оқу

Өзіндік жұмыс

Оқушылар төрт түліктің пайдасы туралы.Олардан қандай өнімдер

алынатыны туралы,тағамдар туралы айту











Тыйым сөздер

Қазақ халқы малды күтіп – бағу,сақтап өсіру жағын да көп көңіл бөлген.Малға байланысты тыйым сөздерді айтып,әдептілікке,мейірімділікке,аяушылық,қамқорлық сезімдеріне тәрбиелеген.

Малдың басынан ұрма

Малға теріс мінбе

Малды теппе.Ақты төкпе, - деп ескерткен.

Мақал – мәтелдер

1.Түйе атасы – нар

2.Ат – адамның қанаты

3.Мал бақсаң – сиыр бақ

4.Сүт кетпейді шарадан

5.Мал өсірсең,қой өсір

6.Өнімі оның көл – көсір.

7.Ешкілі қой өрлеген.

Жұмбақ

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар (Қой)

Екі айнасы бар

Екі найзасы бар (Сиыр)

Қамыс құлақ

Тостаған тұяқ

Сүті дәрі

Еті тамақ (Жылқы)

Басында таяғы бар

Төрт аяғы бар

Екі құлағы баИегінде сақалы бар (Ешкі)


Шығармашылық жұмыс

Суреттерден коллаж құрастыру

Топтық жұмыс

Ребус шешу

Қорытындылау

Үйге тапсырма:

Төрт түлік туралы жырларды жаттау

Мақал – мәтел,жұмбақ жаттау

Төрт түлік туралы кітапша жасау

Бағалау




















Тәрбие сағаты


ақырыбы: Менің Қазақстаным.


Мақсаты:Туған халқымыздың тарихының тамырына ене отырып,ата-бабаларымыз қаншама қиыншылық көрсе де мойымай бізге жеткізген асыл мұрасы тіліміздің қадір-қасиетін түсіне зерделей білуге баулу;

Құрметті: Ұстаздар,ата аналар және оқушылар бүгінгі «Тәуелсіздіктің 20 шыңы.20 жұлдызды күні» арналған апталығымыздың ашылу салтанаты «Менің Қазақстаным» атты тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!

Көрнекілігі: Мақал-мәтел, бейнетаспа, нақыл сөздер, шарлар, жалаушалар, көгершін.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

1 жүргізуші: Қазақстан! Қазақ халқының атамекені,ұлы одалы киелі ошағы.Осы тұрғырлы орданың айбарлы есімін естігенде сан қилы күй кешемін.Асқар таудың биік белесінен жарқылдай жайнап,бүкіл әлемге қуаттана қарап,өзін мәңгілікке хабарлап тұрған «Қазақстан»атты жазуды байқап,оның мәртебесі аса жоғары мерейі өте-мөте үстем тұғырын тот баспайтынын мақтанышпен сезіп мәз-мәйрам болатын. Қазақстанның басты әрі өрісті байлығы халқы шын тебіреніп,ұмтыла алға адымдап барады.

2 жүргізуші: Иә,» «Қазақстан» атты ұлы есім және осы елдің бейбіт келешегі адамзатты ұйыта ойландырады.

Біздің қазақтың жүрегіне мықты намыс,айбарлы арыстандай қайратты күш-жігер жинаған.Сондықтан да олар Қазақстанның айбынға толы келешегі үшін ауызбіршілігін молайта бірлесіп,күресе атсалыса біледі. Болашақта жұлдызды Қазақстан әлемдік аренаның басты орнына ие болады деп нық сенеміз.

1 жүргізуші: Балалар,мына сұраққа жауап берейік.Отан деген не?

Хормен: Ол – белгілі бір аумақта жатқан бүкіл халық.Осы халықтың өткені,бүгінгі мен келешегі.Ол – оның өзіндік мәдениеті,оның тілі,оның мінез-құлқы.

-Балалар,біз қай ұлтпыз?

Хормен:Қазақпыз

-Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Хормен: Қазақстан

-Біздің елдің призденті кім?

Хормен:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

1-оқушы:Ұлдана Қазақстан Республикасы-Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет.Аумағы – 2724 мың км ².Халық саны бүгінгі таңда 16 млн 403 мың.Қазақтың үлес салмағы 21%-дан асты.Қазақстан Республикасы зайырлы,демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары – ислам және христиан діндері.Елордасы- Астана қаласы.Мемлекет басшысы-президент.Заң шығаратын жоғары органы-сенат және мәжілістен тұратын парламент.Атқарушы билігі-республика үкіметі.Ақша бірлігі – теңге.

2-оқушы: Жұлдыз Республика аумағы батыстан шығысқа қарай 3 мың км және солтүстіктен оңтүстікке қарай 1 мың км созылып жатыр:қазақстан батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен оңтүстігінде Түркіменстан,

Өзбекстан,Қырғызтанмен,шығысында Қытаймен шектеседі.Мемлекет шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың км-ден астам.Қазақстан 2,7 млн шаршы км. Жер көлемімен дүние жүзінде 9 орында тұр.

3-оқушы: Наргиза 1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сесиясында Республикамыздың Туы,Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді,жобасын жасаған- Шәкен Низбеков.Ал Елтаңбаның авторлары-Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханова.Елтаңбадан елдің тарихы дәстүрі рухы толық танылуы керек.Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр.Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең босағаң берік болсын»деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынсын.Елтаңбаның екі жағында пырақ бейнелегенген..Шаңырақ биік болу үшін бейбітшіл отанды қорғау мақсатында жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалған.Жеті буын қазақтың «Жеті атасын білмеген жетесіз»дегенін аңғартса сәтін еске салады.

Республикамыздың Әнұран сөзін ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.

Ән: Туған жер Орындайтындар Өтепқалиева Наргиза,

Байдошева ЖұлдызЖұмабекова Дильназ,Мұғазова Күнсұлу


4-оқушы: Әділхан Ана тілім – асыл күні бабамның

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның

Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап

Туған тілді жаттап өскен балаңмын



5- оқушы: Нұрәділ Туған тілде сыры терең жаным бар

Туған тілде әнім менен сәнім бар

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар


6-оқушы:Аружан Туған тілім тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін


7-оқушы: Нұржігіт Қымбат маған ана тілім,бал тілім

Қымбат маған дана тілім ар тілім

Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма

Ана тілім – ардақ тұтар алтыным


1-жүргізуші: Отанымыздың жүрегі тәуелсіздіктің тірегі жеріміздің кіндігі халқымыздың бірлігі Астана –Қазақстанның жаңа бейнесі жарқын келбеті.Дүниежүзіндегі астаналардың ішіндегі ең жас Астана-халқымыздың болашаққа деген үмітінің сенімді кепілі.


2-жүргізші: Бүгінгі Астана –азат елдің бас қаласы. Бүгінгі Астана – Тәуелсіз Қазақстанның елдік,еріндігінің рәмізі.


Хормен: ХХІ ғасырдың қаласы – Астана

8- оқушы: Әбілмансұр Қуан далам

Қуанатын күн бүгін

Серпіп таста

Мұңы жүрек түндігін

Тіл туралы

Заңым енді күшіне

Паш еткендей

Кескен Жаңа кіндігін

9 – оқушы: Дильназ.Ана тілін жырлап өткен талайлар

Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар

Қасиетті менің ана тілімде

Өшпес мәңгі алаулаған арай бар


10-оқушы: Елжас Көрікті өлкеме қарашы

Тізілген орман тау,қаласы

Алтай мен Атырау арасы

Қазақтың кең-байтақ даласы


Ән: Сағындым Алматымды. Орындайтын: Бақтығали Данияр



11-оқушы: Ілияс Гүлдердің ертемен

Қауызын ашқанын

Көктемнің көкпеңбек

Мөп-мөлдір асапын

Таулардың қол жетпес асқарын

Ұнатам ол- Отан

Ұлы Отан

Бәрін де бәрін де

Ұнатам

Өйткені ол-Отан

Ұлы отан


12-оқушы: Данияр Мен оның түнін сүйем күнін сүйем

Ағынды өзен асқар тау гүлін сүйем

Мен оның қасиетті тілін сүйем

Мен оның құдыретті үнін сүйем

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған

Бәрі маған Отан деп сыбырлаған

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы ол оның шырылдаған.

Отан Отан

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем

Би: Қара жорға: Шағын орталық тобы


13-оқушы: Жүрсін Көгінде күн нұрын төккен

Жеріне гүл жұпар сепкен

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу неткен көркем

Осы менің туған өлкем

Би: Қазақ биі


14 – оқушы: Ризабек Әкемнің құты шешемнің сүті

Сіңірген тұла бойыма

Бар асылын халықтың

Өткен ұлы тарихтың

Құйған сана ойыма

Туған тілім өркенде

Бола бер күшті көркем де




15-оқушы: Ілияс Мен Қазақстанмын!

Болашаққа сәлемін жолдайтұғын

Қырандай қос қанатын қандайтұғын

Бәйгелерге оздырып қос тұлпарын

Тұғырын саф алтыннан сондайтұғын

Мен Қазақстанмын!

Бабалар намысымын

Байтақ елмін игілік табысы мың!

2030 мәресін әйгілейтін

Азияның айбарлы барысымын.


16- оқушы: Жұлдыз Сұлу дала менің сүйген еркемсің

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О,туған жер тамашасың көркемсің

Тамаша асап мекен жері қандай

Зеңгір тау дария мекен көлі қандай

Орман тоғай гүлдеген бақшалары

Пайдаланған бұларменен елі қандай.


17-оқушы:Даниял Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек

Елдің ашық қабағы

Бұлт баспасын тауымды

Тарылмасын өсімім

Биік ұстау туымды

Қасиетті борышым

Хор: Елім менің

18 – оқушы: Данияр Көтереді шаңырақ Астанам асқақ

Жаңарып қалам жасарып далам

Басыңнан септі бодандық жүгін

Кетпейді одан Отандық ұғым

Арыстан жүрек айбынды елім

Таниды сені бар әлем бүгін!


19 – оқушы:Ұлдана Тамырын тартқан таң нұрдан

Азаттық үшін жан құрбан

Есілдің ені жағынан

Салтанат

Сауық

Сән құрған

Електен бәрін өткізіп

Елімнің бағын жандырған

Елорда сенен айналдым

Қилы күніңе қиналам

Игілігіңе иланам

Жаныма шабыт күй беріп

Шапағатыңды құй маған

Таланттарын түгендеп

Асылдарын жинаған

Астана сенен айналдым.


20 – оқушы: Наргиза Арманы болған бабамның

Еркіндік бүгін төрімде

Құлпырып төсі даламның

Рухтана түсті елім де

Қыраным көкті шарлайды

Әйгілеп сені Астанам

Еркіндік жайлы Ел жайлы

Шырқасын мәңгі асқақ ән

Отанымсың, жерімсің

Аспанның көк мөлдір күн

Желбірейді көк туың

Отанымсың, жерімсің

Егеменді елімсің

Өзіңе бас иемін

Мәңгі сені сүйемін.

Би: Қазақ биі

21-оқушы:Жұлдыз Сарыарқа даламнан

Сарқырап даламнан

Сарқырап бұлақ нәр алған

Кетпейтін сыры кеудеден

Өшпейтін нұры жанардан

Еңсесі биік

Ерекше

Елорда сеннен айналдым!


22-оқушы:Күнсұлу Жарқырап жақұт дидары

Халқыма бақыт сыйлады

Ұлдары түгел ержүрек

Қыздары түгел ибалы

Есілге құйған құт болып

Төсінде тұнған

Иманы

Астана сенен айналдым!

Ән: «Жаса Қазақстан» Орындайтын Меңдіғалиева Ұлдана

23-оқушы: Даниял Егемендік ел болудың белгісі

Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші

«Егемендік» деген сөзден естілер

Ата жұрттың арғысы мен белгісі

Өткен жылдар жемісі.

1991 жылы 29 тамызда Елбасы Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

1991 жылы желтоқсанның бірінші жұлдызында республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Тәуелсіздік алған соң еркімізбен ядролық қарудан бас тарттық.

1992 жылы қазан айында тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

4 маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,Елтаңбасы,Әнұраны туралы Қазақстан Республикасы заңдары қабылданды.

28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды.

1994 жылы 30 маусымда қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев асап көгіне алты айлық сапарға аттанды.

1995 жылы ақыл-ойдың данышпаны,қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевқа 150 жыл толды.Осы жылы миллиондардың көз жасымен келген Ұлы Жеңіске 50жыл болды.

Осы жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясы қайта қабылданды.

1996 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.

1997 жылы «Жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы»болып белгіленді.

1998 жылы «Халық бірлігі мен сабақтастығы жылы»болып белгіленді.

1998 жылы жаңа Астан еліміздің болашағының символына айналды. Бас-аяғы 2-3 жылдың ішінде Сарыарқаның нақ ортасында,батыс пен шығыс өркениеттерінің мәнді белгілерін бойына жинаған әсем шақар пайда болды.

Еліміздің әкімшіл - әміршіл жүйесі нарықтың экономикалық жүйесіне ауысты.Өтпелі кезеңнен экономикамыз тұрақтану кезеңіне аяқ басты.

Мұнай қоры Қашаған кен орнының ашылуына байланысты Қазақстан мұнай өндіру бойынша әлемде бесінші орында көтеріледі.

Еліміз мырыш қоры бойынша әлемде І орын ,қорғасын қоры бойынша ІІ орын марганец қоры бойынша ІІІ орында

2010 жылы елімізде Ақ Азияда алауы жағылса дәл осы жылы ЕҚЫҰ-ны Қазақстан

төрағалық етті.

2011 жылы 3 сәуірде Президент сайлауы өтіп,қайтадан Елбасы Н.Ә. Назарбаев сайланды.

Хор: Атамекен

1 жүргізуші: Қазақстан бүгінгі егеменді ел болып дүние жүзінде танылуда.Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы.Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті.Енді біздің парызымыз-ұлттық рәміздерді қастерлеу,тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу мәдениеттің биік шыңына көтерілу.


2-жүргізуші: Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса,оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек деп біз бүгінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған «Менің Қазақстаным» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.




















Қорытынды

Негізінен қазақ ұлты қоныстанған өңірінде от басынан бесік жырын,ертегі – аңыз - әңгімелерді,ата – баба өсиетін,ана тілін – рухани қуат,қатынас құрал,ғұмырлық серігі екенін бала білмей өсіп жатыр десек дұрыс болмас. Бүгінгі таңда көптеген ата – аналар,білім ордасы балаларының тағдырына бей – жай қарай алмайды. Сондықтан жастарымыздың бойындағы жалынды,туған халқының тарихын өнерін білуге құштарлықты,өз елінің адал ұл – қыздары өсіп келе жатқанын көруге болады.

Ғылым академик Манаш Қозыбаевтың «Байтақ қазақ жері Отанымыз,көшпелі өркениет,мемлекеттік дәстүріміз,салт – санамыз,таңғаларлық қонақжай кең пейіл ата сыйлаған,ана сыйлаған мейірбандылығымыз,бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы,сайын даланың сақшысы,жерінің құтын,тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер,дамыған әдебиетіміз құлашын әлемге сермеген мәдениетіміз,тіліміз дініміз осының бәрі халық мұрасы.Бір ғажап қазына – азаматтық парасат,тарих алдында адал болу,ата рухын сақтау,туған жердің алдындағы парызын ақтау – ата өсиеті болып танылған.Ары таза,Отан деп шырылдап,жанын шүберекке түйіп,шейіт болып кеткен не сан халық перзенттері – халық мұрасының асылы,ұттық мақтанышы.Біз,міне осындай есімі даңқты ата – бабаларымыздың осы күнгі мұрагерлеріміз» - деген сөздердің астарында қаншама ой,ұлылық жатыр десеңізші.

Демек еліміздің тағдырын,болашағын ілгері апаратын жастармен жүргізілетін қандай да бір іс халқымыздың ұлттық мүддесі тұрғысынан жасалуы керек. Жеке тұлғаны жетілдірудің барлық саласын қамтитын іс – шараларда тек олардың тарихи мәнін ашып беруді ғана емес,қазіргі өмір тынысына сай келетін жаңғыртып,пайдалана білуге үйрету мақсат.

Бүгінгі жастарға дәріс беріп,тәрбиелеуде халықтық педагогиканы енгізіп отырған мұғалімдеріміздің озық тәжірибелері ұқыптылықпен жинақталып,халқымыздың асыл мұрасын жастардың бойына терең ұғындыруға негізделген шаралар жүйелі жүргізіліп отырылса,олардың өмір зор әсерін тигізетіні сөзсіз.
















Пайдаланған әдебиеттер


1.Аманашвили Ш.А Трактат «Школа жизни» М,Изд.дом Ш.Аманашвили 1998


2.Әл – Фараби Филосовиялық трактаталар Алматы 1981


3.Безрукова П.С. Педагогика Екатеринбург Деловая книга 1996


4.Выготский Л.С Воображение и творчество в детском возресте.Москва Просвещение 1967


5.Крупская Н.К Педагогические сочинение т.5


6.Қожақметова К.Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері Алматы РоК 1993


7.Қалиев С Қазақ этонпедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы А.(Білім 2003)




























31




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Бастауыш мектеп о?ушыларыны? рухани дамытуды? этнопедагогикалы? негіздері»

Автор: Абу?алиева Акмарал Тельмановна

Дата: 19.12.2015

Номер свидетельства: 267966


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства