kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Бала ша?тан- болаша??а!" ерте?гілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: о?ушыларды адамгершілікке т?рбиелеу, адам ?міріндегі ал?аш?ы ?стазды? орны туралы ??тыру. ?р о?ушыны? ?зіндік ерекшеліктерін дамыту.

Барысы:     Ал?ы с?з.  Сынып жетекші:

  • ??рметті ата-аналар, ?ріптестер! Б?гін ?уанышты да ?ызы?ты к?н. Себебі осыдан т?рт жыл б?рын мектеп табалдыры?ын ж?рексіне атта?ан балалары?ыз о?ып, біліп, ?анаттарын ?атайтып бастауыш сыныппен ?оштас?алы отыр.

     Б?л о?у тама? болар ?арны аш?анда,

     Жол табар ?ара??ыда адас?анда.

     Мал озбас біле білсе? білім озар,

                А?ыры керек болар бір сас?анда – деп Міржа?ып а?ын айтпа?шы, о?ы мен солын танып, жа?сы мен жаманды айыра білуді ?йренген ш?кірттерімні? ?йымдастыруымен ?ткізгелі отыр?ан «Бала ша?тан- болаша??а» атты мерекемізді бастау?а р??сат еті?іздер

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Бала ша?тан- болаша??а!" ерте?гілігі»

Тақырыбы: Бала шақтан- болашаққа!

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, адам өміріндегі алғашқы ұстаздың орны туралы ұқтыру. Әр оқушының өзіндік ерекшеліктерін дамыту.

Барысы: Алғы сөз. Сынып жетекші:

  • Құрметті ата-аналар, әріптестер! Бүгін қуанышты да қызықты күн. Себебі осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып, біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, оңы мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттерімнің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бала шақтан- болашаққа» атты мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!


Сахна ашылады. «Учат в школе» музыка әуенімен оқушылар топтық би билейді.

1-ж: - Данагүл, бұл жерде не болып жатыр? Бұл не той?

2-ж: - Ой, Нұрдәулет, сен-ақ үнемі жаңалықтан кеш қалып жүресің ғой. Бізде бүгін үлкен қуаныш, бізде бігін үлкен той.

3-ж: -Жарайды достар! Тойымызды бастамас бұрын «Сәлем – сөздің анасы» демекші, алдымен қонақтармен сәлемдесіп алайық.

Барлығы: - Сәлеметсіздер ме?!

2-ж: - Динара, сенің алғаш 1-сыныпқа келген кезің есіңде ме?

3-ж: - Әрине есімде. Мектепке келгенбіз

Сыныпқа енгенбіз.

Алғаш рет біздің

Апайды көргенбіз –деп әндетсем де артық болмас. Жарайды, олай болса, ортаға достарды шақырайық.


Мұғалім әр оқушыны арнау өлеңдермен ортаға шақырады.


1.Білімімен үлгі болған сыныпқа
Отырмайды ойланбастан тынып та.
Әсел біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.


2. Мынау менің сезгенім,
Ол –сыныптың данасы.
Өзінің де, өзгенің
Жанат болар панасы

3. Сынып намысын ақтаған,
Жүрекке сыр жаттаған.
Мектеп ұясын Құралай
Жан –тәнімен сақтаған.

4.Қай кезде де ол анық,
Қайғырмайды өзі үшін,
Данагүл біздің қуанып,
Қызарады біз үшін.

5.Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырған жанын.
Амина біздің қайтпай үйге
Ойлаумен жүреді сынып қамын.

6.Ертеңгі күнін ойлайтын,
Бес алам деп қалмайтын.
Аршыл біздің Сандуғаш
Жалқаулыққа бармайтын.

7. Ал мен ақын боламын,
Сусылдаған қаламым.
Дейді біздің Қарақат
Таудан асқан талабым.

8.Жыр оқып, тарихын ол танытқан,
Кітап оқып, білімін де дамытқан.
Динара -сыныбымыздың озаты.
Білімін ол болаттай ғып қорытқан.

9. Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Жұлдызды сыныпта,
Ізетті деп біледі.

10.Қыздарымыз ұқыпты,
Сүйкімді әрі қылықты.
Нұрзира біздің әрқашан,
Таза ұстайды сыныпты.

11.Сүйкімдісі сыныптың,
Тентек емес, жуас тым.
Амина біздің сыпайы,
Досқа адал шынайы.

12.Математиканы ұнатады,
Қыздарды кейде жылатады.
Нұрдаулет біздің әрқашан,
Күлдіреді және қуантады.

13.Өнер қуған жасынан
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Даниал
Табылар дос қасынан.

14.Білімді , алғыр, жан-жақты,
Қыздарымыз сымбатты.
Қарақат біздің әрқашан,
Досымыз болар қымбатты.

15. Тентек, бірақ ақылды,
Сыйлап жүрер жақынды.
Мадияр біздің ұлдарды,
Тәртіпке әркез шақырды.

16.Жұмсағанда баратын

Айтқан тілді алатын

Келеді әне сүйкімді

Диана біздің күлімдеп.


17.Ата-анаға толған-ай

Көңілге қуат болған-ай

Қарсы алайық кезекпен

Күлімсіреген Ләззатты-ай.


2-ж: - Біз бүгін сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектебімізбен, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан алғашқы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.

3-ж:- Күндіз-түні бала қамын ойладыңыз

Тынымсыз атып жатыр әр таңыңыз.

Басқарып директор боп осы ұжымды

Баршаны аялап алақаныңыз – дей келе, ортаға гимназия директорын шақырамыз.

Құттықтау сөз.

2-ж: - Ағай, біздің сынып оқушыларының атынан сізге естелік ретінде мына жаңылтпаш кітабын сыйға тартамыз.

1-ж: - Ағай, мүмкін болса, кітаптан бір жаңылтпашты айтып бересіз бе?

  • Рахмет!

  • Адамзат ең алдымен ана алдында парыздар. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды. Ана баласының ержетіп, адам болуын қалайды.

3-ж: Дүниенің жарық күні анамыз

Дана болсақ анаменен данамыз.

Алдыменен тыңдаңыздар ағайын,

Аналарға арнап бір ән саламыз.

Хор «Анашым»


  1. Өз аузына қаратқан, ұстаз ойын ұғамыз,

Сөйтіп әрбір сабақтан, сәл есейіп шығамыз.

Көкке жетіп төбеміз, көңілденіп тарқаймыз,

Талаптанып келеміз, қанаттанып қайтамыз.


  1. Өтті бізден балалық,

Өкінішті шалалық.

Тезге салды ұстаздық,

Текті мінез даналық.

Ұсынғаны адалдық,

Үйреткені адалдық.

Бар ұстазға тілейміз,

Бақыт,табыс,амандық! (хормен)


3 Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Көңілінің хошын-ай,

Ақ ниетті, кең пейіл

Біздің апай осындай!


«Ұстаздар өмірінен» үзінді Жанат, Амина, Аманқұлова Амина.


2-ж: - Сонымен ұстаздар өмірі қызық екен. Шынымен де түрлі білім мен өнерді меңгерген бастауыш сынып мұғалімдеріне алғысымыз шексіз.


Бастауыш сынып мұғалімдеріне арнау өлеңдер.

Үйретіп алғаш бізге әліппені

Нағия ұстаз ғылымға жол салып берді.


Жазуларымды қаттаған,

Жақсы көріп мақтаған.

Күләш ұстаз- жақсы адам.


Балалық болса кешірген,

Сара ұстаз біздерді

Байыппен баурап өсірген.


Ақ ниетті, кең пейіл

Гүлназ ұстаз біз сізді

Ұмытпаймыз үнемі.


Қызық өтіп сабағы

Сөз сөйлесе жарқын-ақ

Сәнжан ұстаз жарқылдап.


Үлгілі әр кез ұстамды

Сабырлы Салтанат ұстазды

Барлық бала сыйлайды.


Айтқанын ұғып жаттағам

Оқу-білім үйреткен

Лаура ұстазбен мақтанам.


Барлығы: Ұлы өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін

Құрметтейік мәпелеп

Ұстаздардың есімін.


4 Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын,

Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.


5 Түрлі-түрлі пәндерді де оқитын болдық ержетіп,

Қателік болса жіберген, түзетелік тездетіп.

Мықты болса ұстазың, мінді өзіңнен іздегін,

Игере алмай қиналсаң, біреуден көріп жүрмегін.


6 Балалықпен тәртіп бұзсақ, кешіруді сұраймыз,

Терең білім алуды енді, мақсат етіп шыңдаймыз.

Алтын ұя мектеп даңқын, даралап тағзым етеміз,

Білімді әрі жалғастырып, арманға біз жетерміз.


2-ж: - Сіздердің құрметтеріңізге -Ән «Ардақты ұстазым» Қабыл алыңыздар.

Орындайтын: Аманқұлова Амина

Оқушылар әуенмен бірге көрініс қояды.


«Сөз жарыс» Амангелди Қарақат, Жангалиева Сандуғаш, Дүйсенбаев Мадияр


Мұғалім: - Қашықтықтан өткізілген «Оқуға құштарлық» атты республикалық байқауда Амангелди Қарақат бас жүлде иеленсе, Мурзашева Жанат, Саинова Данагүл, Алдабергенова Динара 1-орынды иеленіп, мектебіміздің мерейін бір көтеріп тастады.


1-ж (қағаз санап отырады) - 1 млн.+ 3 онд.мың= 1030000

3-ж: - Нұрдаулет, не істеп отырсың?

1-ж: - Шіркін, өскенде осы қағаздарым ақшаға айналып көп жалақы табатын, қалталы жігіт болсам ғой. Сонда көзімді жұмып тұрып –ақ ақшамды есептер едім.

3- ж: - Арманың жаман емес, әрине. Есепке жүйрік болсаң, жауап берші.

1млн-ға 8 жүзд.мың мен 2 бірл.-ң қосындысын қоссаң қанша болады?

1-ж: 1800002 теңге болады.

3-ж: - Мен саған теңгені емес, санды қос дегенмін. Жарайды, дұрыс. Ендеше достарымыздың есепке жүйріктігін тексерейік.

2-ж: - ауданы 42кв.м , ұзынд.7м, ені неше м?

3кв.м неше кв.см бар?

20*99= ?

Мұғалім: - Аудандық «Бастау» математикалық турнирі мен математика пәні бойынша өткізілген олимпиадада Мурзашева Жанат пен Есенжолқызы Әсел бас жүлдені жеңіп алса, Киев қаласында қашықтықтан өткізілген олимпиадада математика пәні бойынша екеуі де 1-орынды иеленді.


Экраннан Мадияр мен Даниялдың қызықты суреті көрсетіледі.

3-ж: - Достар, бұлар кімдер?

1-ж: - А я их знаю. Они мои друзья. Это – Мадияр, а это- Даниал. Они занимаются спортом.

2-ж: (ағылшынша)- Спорт-денсаулық кепілі. Мадияр мен Даниал- болашақ чемпиондар. Жарайсыңдар!

3-ж: - Бәрекелді, достар! Сендер орыс және ағылшын тілдерін жақсы меңгерген екенсіңдер. Олай болса, өзге тілді үйреткен ұстаздарымызға және мектептегі барлық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.

Арнау өлеңдер (частушки әуенімен)


Жұмыста ылғи қайсарлы

Гүлраушан апай жайсаңды

Ұжымның мықты ұстазы

Камила апайды айтсаңшы


Тәрбиелікке оқытқан

Санамызға тоқытқан.

Марал апай жетелеп

Ақыл кенін қорытқан.


Тұғырын үш тілдің

Білуді қош көрдім.

Рахмет Сәнім ұстазға

Үйреткен тіліне Пушкиннің.


Сыныпқа кіріп келгенде

Қимылдамас еш пенде.

Күнжақсы апай, Жарқын апай

Компьютерді үйреткен.


Гуд морнинг деп біздерге

Ағылшын тілін үйреткен.

Жетелеген Жайгүл ұстазға

Алғысым айтар көп менің!


Бағыт сілтеп көлемді

Үйреткен музыка өнерді

Ақгүл апай өнерлі

Шығарған талант өнерді.


Суреттер әлемі

Тамаша әдемі.

Сырға ұстаз біз сізді

Ұмытпаймыз үнемі.


Барлығы: Айтылды ізгі тілектер

Болмасын еш жаманат.

Жүздеріңіз жадырап

Аман-есен болыңыздар!

1-ж: - Барлық ұстаздарға және кітапханашы Нұрсұлу апайымызға

арналады. Қабыл алыңыздар. «Украин» биі


3- ж: - Данагүл, осы сен ата-анаңмен бірге ойын ойнап көрдің бе?

2-ж: - Жоқ.

3-ж: - Олай болса сәті түсіп тұр.

Ата-аналармен ойын ойналады. Ойынның ережесі: экраннан көрсетілген суретке байланысты мақал-мәтел немесе жаңылтпаш айту. Мақал айтпаған ата-ана тойдың бастаңғысын жасайды.

2-ж:- Сынып оқушылары мен ата- аналары өмірінен қызықты көріністер.

«Есеп», «Ең қиын сұрақ» ,«Емтихан», «Ермек», «Тентек бала», «Білгір бала», «Әжесі мен немересі».


Түсіндірме сөздік

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік - үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы - әжеме айтатын басты сылтауым.

Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

Кер жалқау –“ертеңі” таусылмайтын оқушы.


3-ж: -Ата-аналардың құрметіне арналады. Би «Әкешім» Қабыл алыңыздар.


Бейнетаспа көрсету.

2-ж: - Ия керемет! Айтпақшы, сен осы біздің сыныптағы Даниал мен Мадиярдың қазақ тілін дамытамыз деп елімізге үлес қосып жүргенін білесің бе? Ендеше ортаға айтыскерлерімізді шақырайық.

«Айтыс» орындайтындар: Мадияр мен Даниал.

Мұғалім: - Аудандық пәндік олимпиадада қазақ тілі пәні бойынша Алдабергенова Динара

Бас жүлдені иеленді.


1-ж: - Апай, осы мен бар ғой аспанға ғарыш кемесімен ұшып барып, аспан әлемін зерттегім келеді. Қызықты нәрселер көргім келеді.

Мұғалім: - Ойың жаман емес. Бірақ ол мақсатыңа жету үшін әлі көп оқуың қажет.

3-ж: - Нұрдаулет, саған ғарышты зерттеу әлі ерте. Сен одан да Жерге қарасайшы. Жердегі де тіршілік өте қызық. Біздің зерттеуші достарымыз түрлі тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Соған құлақ түрейік.

Оқушылар зерттеу жұмыстары туралы қызықты мәліметтер айтады.


Мұғалім: - Облыстық «Зерде» ғылыми зерттеу жұмысы сайысында Алдабергенова Динара мен Амангелди Қарақат жүлделі 2-орынды иеленіп, мерейімізді көтерді.Сыныбымыздың барлық оқушылары мектепішілік апталықтар мен сайыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсам, Даниал, Мадияр, Амина, Ләззат, Диана, Нұрзира, Жұлдыз,Данагүл.Мектепішілік «Екі жұлдыз» ән байқауында Аманқұлова Амина бас жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар аудандық Құлшар атындағы өнер мектебіндегі би үйірмесіне Құралай, Амина, Әсел, Динара,Қарақат сынды биші қыздарымыз қатысып,аудандық шараларда өнер көрсетіп жүр. Осындай шәкірттерімді мақтан тұтамын.


Би «Аяулы мектебім»


7 Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.

Енді, міне сағымдай өте шықты,

Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел танымас азамат бір-бір мықты.


8 Болашақтың үлкен жолын, сізден сызып бастадық,

Еркеліктің, жалқаулықтың, көп түрін біз тастадық.

Жылы сөзбен қарсы алып, бізді баурап алдыңыз,

Үйретем деп түрлі білім, біраз шаршап қалдыңыз.


9 Әр отбасы еркесінің,бабын таба білдіңіз,

Ұстаздықтың қиын жолын, көтеріп сіз жүрдіңіз.

Біз кішкентай болсақ та, сізге үмітпен қарадық.

Басқа ұстаздар алдында енді оқуға біз жарадық.


Вальс «Астана»

2-ж: Өтті менің қызық шағым,

Бастауышым- Балбұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

3-ж: - Осы төрт жылда 4220 сабақ оқып, ондаған ережелер жаттап, мыңдаған есептер шығарып, 2720 сағат партада отырдық. Бұл үй тапсырмасына кеткен уақытты есептемегенде. 1960 дәптер толтырып, ондаған оқулықтар оқыдық.

-Біз білім алуға, үлкенді сыйлауға, Отанды сүюге, тілімізді құрметтеуге, үлгілі болуға, ерінбей сабақ оқуға, мектеп даңқын көтеруге АНТ ЕТЕМІЗ! 
Музыка әуенімен оқушылардың естелік суреттері тапсырылады.

Барлығы: - Назарларыңызға рахмет!

Құттықтау сөз.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
"Бала ша?тан- болаша??а!" ерте?гілігі

Автор: Са?та?анова А?марал

Дата: 31.12.2015

Номер свидетельства: 271510


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства