kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Балаба?шада?ы сергіту с?ттері ж?не сауса? ойындар жина?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Подборка материала согласно тематиеским неделям  группе

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Балаба?шада?ы сергіту с?ттері ж?не сауса? ойындар жина?ы»




сергіту сәттері


















1. Орнымыздан тұрайық

Аяқты нық басайық (бір орында жүру)

Бір отырып, бір тұрып (тізе бүгіп отырып, тұру)

Біз демалып алайық (орнына отыру)


2. Орнымыздан тұрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Қолды белге қоямыз

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

Жоғары қолды созамыз

Аяқтың ұшында тұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып аламыз


3. Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін (орында жүру)

Екі аяқпен жүгіремін


4.Саусақтарым дем алып (орындарынан тұрып)

Қайта сурет салады (саусақтарын қимылдату)

Аяқтарым секіріп (қолдарын белге қою)

Қуаттанып қалады (орындарында секіру)


5. Бала, бала, балақан (қолдарын көтеріп)

Кәне, қайсы алақан? (алақандарын көрсету)

Саусақтарың әйбәт (саусақтарын қимылдату, ойнату)

Былай, былай ойнат


6. Біз аяқпен топылдаймыз (мәтінге сәйкес іс-қимыл жасату)

Біз қолмен шапалақтаймыз

Баспен біз шайқаймыз

Қолды жоғары көтереміз

Одан кейін түсіреміз

Одан кейін ақырын

Орнымызға жүгіреміз






7. Кәнеки, оң аяқ (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)

Бір адым алға бас

Кәнеки сол аяқ

Шырағым алға бас

Оң аяқ, сол аяқ

Сол аяқ, оң аяқ

Сол аяқ, оң аяқ

Қарашы оңай-ақ


8. Кәне шеңбер құрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)

Қолымызды созамыз

Бір отырып, бір тұрып

Оңға, солға қараймыз


9. Ал, балалар, келіндер (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)

Бой жазайық бәріміз

Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды созамыз

Аяқтармен топ-топ басып

Орнымызға барамыз


10. Шаршасаңдар, балалар (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Қолдарыңды созыңдар.

Саусақтармен ойнаңдар,

Қолдарыңды сермеңдер.

Денелерiң шынықсын,

Саналарың тынықсын.


11. Бір, екі – еңкей, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Бүгілмесін тізең.

Үш-төрт шалқай

Иілмесін тізең.

Қолды көтер аспанға

Саусақты соз, жасқанба.

 

12. Оңға түзу тұр, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары, төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

 

13. Оңға, солға бұрылдық, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Алға, артқа иілдік.

Тіземізді бүктіріп,

Қолды создық тік тұрып.


14. Соз қолыңды оң жаққа, (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Соз қолыңды сол жаққа.
Қолды айналдыр бұлданбай
Шеңбер жасап тұрғандай

15. Отыр аппақ, ақ қоян

Неткен сап-сақ бұл қоян (жүресінен отыру)

Құлақтары делеңдеп (екі қолмен қоянның құлақтарын келтіру)

Әр дыбысқа елеңдеп (сол жаққа және оң жаққа құлақтарын тосу)


16. Ормандағы аю қонжық (аюдың жүрісін көрсету)

Ұялардан бал іздейді

Мойындарын солға бұрды (солға бұрылу)

Мойындарын оңға бұрды (оңға бұрылу)

Орман ішін аралады

Оңға бір, солға бір (қолдарын көтеріп)

17. Ағаштарды шайқады (оңға, солға теңселу)

Аяқтарын көтеріп ап

Қуанғаннан билей берді

Оңға бір, солға бір


18. Ормандағы аюдың (аюдың кимылын келтіру)

Құлпынайы бар екен (жүресінен отырып, жидек жинау)

Теріп – теріп алайық (тұрып, қалтаға салу қимылын көрсету)

Қалтамызға салайық


19. Ұзын құлақ сұр қоян (шеңберге тұру)

Естіп қалып сыбдырды (қолдарымен қоянның құлағын көрсету)

Ойлы – қырлы жерлермен (құлақтарымен кезек-кезек айналаны тыңдау)

Ытқып-ытқып жөнелді (екі аяқтарын біріктіріп бір орында секіру)


20. Қорбан, қорбан, қорбанбай (бір бала аюдың қимылын көрсетеді)

Келе жатқан аю ғой

Жақындап оған бармайық (балалар, баяу аюға жақындайды, аюды көріп орындарына оралады)

Қатар, қатар тұрайық

Алыстан байқап қарайық




21. Аю, аю тұршы (орындарынан тұру)

Бетіңді жушы (екі қолымен бет жуу)

Айнаға қарашы (айнаға қарау қимылы)

Шашыңды тарашы (шаш тарау қимылын жасау)


22. Жолдарына үңіліп, (орындарынан тұру)

Екі бақа жүгіріп,(жол жаққа қарау қимылын жасау)

Секіреді, бақ-бақ, (қос аяқпен биікке секіру)

Ағаштарды аттап. (ояну қимылын көрсету)

Олар ерте тұрады, (бет-қолдарын жуу қимылы)

Беті-қолын жуады. ((екі жаққа тербелу)

Оңға-солға шайқалып,


23. Орнымыздан тұрамыз, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Қолды белге қоямыз.

1,2,3 қарлығаш боп ұшамыз.

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Жүгірді, секірді.

Орнына келіп отыршы.

Таза киім киемін

Тазалықты сүйемін (орындарынан тұру)

Денем таза болса да (киген киімдеріне көңіл аудару)

Түсемін жиі моншаға (таза киімдерін көрсету)


24. Күнге қарайық (шеңберге тұру)

Шашымызды тарайық (бастарын жоғары көтеру)

Керіліп, дем алайық (күнге созылу)

Бойымызды жазайық (қолды белге қою)


25. Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу (қол жуу қимылын жасау)

Жуынсаң сен әрдайым

Таза бетің, маңдайың (бетін, маңдайын сипау)

Тазалықтың досы –

Су дегенің осы


26. Айнаға қараймын (сол қолында айна, оң қолында тарақ бар екенін көрсету)

Шашымды тараймын. (шаштарын тарау)

Бақытты боламын, (үсті бастарын көрсету)

Сымбатты боламын.

Әрқаша тазамын,

Бәрiнен озамын.


27. Бір – таңертең тұр (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Екі – шынығып бекі
Үш – тазала тіс
Төрт – сабындап жу бет
Бес – сүртін тез
Алты – үйді жина
Жеті – киін енді

28. Гүлдеріміз қызғалдақ (орындарынан тұру)

Ашылады әдемі-ақ (қолдарымен гүлді көрсету)

Желмен бірге шайқалып (жеңіл теңселіп)

Мұрынға жақын апарып (гүлді иіскеу қимылын көрсету)

Бір искейік тамсана

Хош иісі тамаша


29. Теңселеді ағаштар (орындарынан тұру)

Алдымнан жел еседі (қолдарынан ұстап теңселу)

Кіп – кішкентай бөбектер (жүресінен отыру)

Үп – үлкен боп өседі (тұрып қолдарын көтеріп, бойларын көрсету)


30. Ағаштар шайқалып (орындарынан тұру)

Желменен билейді (ағаш секілді теңселу)

Басылса жел енді (ақырын отырады)

Тыныштық енеді


31. Тербеледі ағаштар, (оңға, солға тербелу)

Алдымнан жел еседі. (екі қолдарымен беттерін жуу)

Кіп-кішкентай бөбектер (жүресінен отыру)

Үлкен болып өседі. (қолдарын көтеріп, тұру)


32. Оң қолымда - бес саусақ (оң қолды созып, саусақты көрсету)

Сол қолымда – бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Беске, бесті қосқанда (екі қолды біріктіру)

Болады екен он саусақ (он саусақ көрсету)


33. Қане, қайсы алақан, (орындарынан тұру)
Біз– кішкентай. (балапан) (алақандарын көрсету)
Аралардың нәрі (гүлдің қимылын көрсету)
Бау-бақшаның сәні. (гүл)
Тік, тік, тік пісте, (ағаштай бір орында теңселу)
Қысы-жазы бір түсте. (шырша)
Менің тұрақты мекенім,
Сәнді етіп жүремін. (үй)


34. Бір дегенде тұрайық, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

35. Оң қолымда бес саусақ, (мәтінге сәйкес саусақтарды көрсету)
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

36. Орнымыздан тұрамыз (орындарынан тұру)

Екі қолды созамыз (қолдарын екі жаққа сермеп)

Құс боп қанат қағамыз (құстың қанаттарын келтіру)

Бір отырып, бір тұрып

Орнымызды табамыз


37. Тауық, тауық тұрады – қыт – қыт- қыт (тәрбиешінің басында тауықтың атрибуты)

Серуенге шығады қыт-қыт-қыт

Балапандар тізіліп – шиқ- шиқ – шиқ (балаларда балапандардың атрибуты)

Артына еріп тұрады (бірінің артынан бірі тізіліп тұрып, қимылдар көрсетеді)

Балапандар тыңдайды

Алысқа бармаңдар

Дәндерді теріңдер

Шиқ – шиқ – шиқ


38. Үлкен шеңбер құрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар)

Құсша қанат қағайық

Бір отырып, бір тұрып

Тынығып біз алайық


39. Алақай-ау алақай (орындарынан тұру)

Қандай жақсы көктем ай (алақан соғу)

Нұр жамылды далалар (қолдарын жоғары көтеру, бұлғау)

Келді ауылға көп торғай (құсша қанат қағу)

40. Үлкен шеңбер құрайық (шеңберге тұру)

Қазша қанат қағайық (қолдарын жайып көтеріп, түсіру)

Аққуша мойнымызды созайық (мойындарын оңға, солға созу)

Құсша жерге қонайық (қолдарын түсіріп, жай тұру)

Үлкен үйді жасайық





41. Екі қолды жоғары (мәтінге сәйкес іс-қимылдар көрсету)

Сәл көтерсек болады

Енді оны бөгелмей

Түсірейік төменге

Міне былай ...

Қарайық

Құстай қанат қағайық

1,2

1,2

Жаттығайық бір келкі


42. Алақай-ау алақай (орындарынан тұру)

Қандай жақсы көктем ай (алақан соғу)

Нұр жамылды далалар (қолдарын жоғары көтеру, бұлғау)

Келді ауылға көп торғай (құсша қанат қағу)

Ал, балалар тұрайық (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық

Қарлығашқа ұқсайық

Қане қанат жазайық

Ұшып, ұшып алайық

Орнымызды табайық


43. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)

Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

 

44. Орманның бiз емшiсiмiз

Тоқ, тоқ, тоқ (үстелді үш рет ұрады)

Құрт бiткендi жоқ етемiз

Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)

Тоқ, тоқ, тоқ,

Жоқ, жоқ, жоқ.

 

45. Аққу болып ұшамыз (орындарынан тұру)

Көлге келiп қонамыз (қолдарын екі жаққа көтеру)

Көлдiң бетiн құшамыз (екі қолдарымен көмкеру)

Қайта самғап ұшамыз. (қолдарын қанат тәрізді жаю)


46. Әппақ болып таң атты,(екі қолмен айналаны көрсету)

Түтiн тiке шығады (қолдарын біріктіріп түтіннің шыққанын көрсету)

Қарлығаштар қанатын (самғаған құсты көрсету)

Самғап биiк ұшады.

47. Тереңдет ойыңды, (орындарынан тұру, денені тік ұстау)

Тiк ұста бойыңды. (құстың қалықтап ұшқанын келтіру)

Құстарға ұқсайық, оң қолды көтеру)

Қалықтап ұшайық. (сол қолды көтеру)

Шық алға оң қанат, (қолдарын түсіру)

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.


48. Ұшқандай боп кекiлiк, (шеңберге тұру)

Биiк-биiк секiрiп, (қолды белге қойып, бір жерде жүру)

Ойнап-ойнап, тез өсiп, (қолдарын биікке көтеру)

Кетемiз бiз жетiлiп.


49. Орнымыздан тұрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)

Қолымызды жаяйық.

Қарлығашқа ұқсайық

Ұшып, ұшып алайық.


50. Ұшып келді бір топ қаз, (құстардың ұшқанын келтіру)
Қонған жері, бірақ саз. (жүресінен отырып шоқу)
Сазды шоқып, тағы шоқып, (орындарынан тұрып, ұшу)
Ұшып кетті бір топ қаз.


51. Ал, балалар, бір ауық (орындарынан тұру)

Әріп санын ұғалық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)

«А» дегенде отырып

«Б» дегенде тұрайық

А-а, б-б

А-а, б-б

Отырып, тұр тағы


52. Бір, екі, үш –  (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Қарлығаш боп ұш.
Төрт, бес, алты – 
Қарлығаш боп қалқы
Жеті, сегіз, тоғыз,он – 
Қарлығаш боп қон

53. Орнымыздан тұрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Жалаушаны аламыз

Көкке қолды созамыз

Жалаушаны желбіретіп

Отырамыз, тұрамыз

Орнымызға отырып

Сабаққа көңіл бұрамыз


54. Топ, топ, топ, топ басайық (шеңберге тұру)

Жалаудан күн жасайық (жалаушаларын көтеру)

Жаса, жаса, алтын күн (бір орында аяқты нық басып жүру)

Жаса, жаса, алтын күн


55. Санайық жаңаша, (шеңбер құру)
Бір, екі, үш! (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.

56. Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Біздер тату баламыз (бір – бірімен қол ұстасу)

Гүл – гүл жайнап жанамыз (қолдарын жоғары көтеру)


57. Секірейік, жүгірейік (бір орында секіру, жүгіру)

Ку анайық, күлейік (бір – біріне қарап күлімсіреу)

Отырайық, дем алайық (жүресінен отыру, дем алу)

Дем алып – ап, жүрейік (тұру, бір орында жүру)


58. Достарым көп бақшада (шеңберге тұру)

Көңілдіміз бақшада (қолдарын жайып)

Достықты біз сүйеміз (бір-біріне қарап, жымию, құштасу)

Бірге күліп жүреміз


59. Бала, бала, балақай, (орындарынан тұру)

Қол соғайық, алақай! (қолдарын соғу)

Бiр,екi,үш деп айтайық, (бір-біріне қолдарын созу)

Саусақтарда тартайық. (бір орында жүру)

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып, ойнайық


60. Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) 
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Биде айналған жақсы ма? (айналады) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Қазақстандық болған жақсы ма? 
(бас бармақтарын көрсетеді) 
Жақсы! (алақандарын соғады)


61. Қане балалар, тұрамыз, (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Бойымызды жазамыз.
Балықтарға ұқсап біз,
Жүзіп-жүзіп аламыз.

62. Қақпаға туралап,
Теп допты, оң аяқ
Қақпаға туралап,
Теп допты сол аяқ,
Оң аяқ, сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ. (екі аяқпен кезек-кезек доп тебу қимылын көрсету)

63. Сол аяқпен оң аяқ (екі аяқпен кезекпен доп тебу қимылын көрсету)

Кезек оны тебеді

Ол тынымсыз домалап

Зыр жүгіре береді

Ол – не? – ол – доп

Добым менің, добым менің (қолды белге қойып, бір орында секіру)

Өзің неткен көңілді едің!


64. Доп, доп, домалақ (шеңберге тұрып, допты бір-біріне үйлестіру)

Қайда кеттің домалап? (мәтін сөздерін айту)

Добым менің, добым менің

Өзің неткен көңілді едің!

Зымырайсың, қутындайсың

Бірақ менен құтылмайсың


65. Домала, доп, домала (екі қолынды айналдыру)

Балшыққа тек жолама (Сұқ саусақпен ескерту)

Жек көремін оныңды (Сұқ саусақпен оң және сол жаққа серпілту)

Бүлдіресің қолыңды (екі колының алақандарын жоғары көтеріп айналдыру)

Секіріп өт ордан да,(екі қолынды жұдырықтап кезек кезек бірінің үсінен бірін секірту)

Секіріп өт жолдан да, (екі қолынды жұдырықтап кезек кезек бірінің үстінен бірін секірту)

Қуса күшік жетпесін (баяу жүгіру)

Машина басып кетпесін ( машинаның рөлін айналдыру)

 

66. Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)

Тоқтамайсың домалап (тезірек екі қолды айналдыру)

Үстел үстін бүлдірдің  (көлымен үстел үстін көрсету)

Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)

Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)

Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу)


67. Орнымыздан тұрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Түзу сапты құрайық

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары, төмен қарайық

Орнымызды табайық


68. Балық жүзді таза суда, (балықтың жүзу қимылдарын көрсету)
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.



69. Балық болып жүземіз (малту қимылын көрсету)

Шынығамыз суда біз (оң қолмен, сол қолмен)

Шынықсақ біз бәріміз (білектерін көрсеті)

Шымыр болып өсеміз (бір орында жүру)

Бір, екі, үш – білекке күш

Бір, екі, үш – аяққа күш


70. Сағаттың тіліндей (орындарынан тұру)

Иіліп оңға бір (аяқты алшы қою)

Сағаттың тіліндей (қолды белге қойып)

Оңға бір, солға бір (оңға, солға иілу)

Сағатқа қарап – ақ

Жаттығу оңай –ақ


71. Денсаулықты сүйеміз (орындарынан тұру)

Шынығамыз күнде біз (қолдарын екі жақа созу)

Бір-екі-үш! (білектерін бүгіп, күштерін көрсету)

Бір-екі-үш!

Бұлшық етте міне күш!


72. Ішке тартып ауаны, (орындарынан тұру)

Деміңді алшы тереңнен. (мұрынмен демалу)

Денсаулықтың  жауабы,

Қайталасаң менімен.

Дөңгеленіп тұрайық (шеңбер құру)

Керегені құрайық (бір-біріне қолдарын созу)

Уықтар болып иіліп (қолдарын биікке көтеріп, шаңырақ жасау)

Киіз үйді құрайық


73. 1,2,3 (орындарынан тұру)

Жинап бойға күш (саусақтарын қимылдату)

Қолға қалам аламыз

Әсем етіп жазамыз


74. Қылқаламды қояйық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Орнымыздан тұрайық

Қолымызды созайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық





75. Доп домалақ доп ұстап (орындарынан тұру)

Домалатып көрейік (қолдарына доп алып)

Диірмен болып ұн тартып (екі алақанның ортасында айналдыру қимылын көрсету)

Дым қалтырмай егейік

Желкілдеген желменен, (шеңберге тұру)
Жел егінді тербеген. (қолдарын көтеріп оңға, солға текселу)
Өсірді оны дихандар, (еңбектен шаршағандарын көрсету)
Тамшылаған терменен.


76. Далада қар борайды (орындарынан тұру)

Ақ мамыққа орайды (жауып тұрған қарды елестетіп)

Мұз болады, қатады (ұстап алуға тырысу, айналу)

Жып-жылтыр болып жатады


77. Боран соғар оң жақтан (шеңберге тұру)

Боран соғар сол жақтан (оң жаққа, сол жаққа қарау)

Қар лақтырып ойнасақ (қар лақтыру қимылын көрсету)

Суық өтер қолғаптан


78. Менің үш көзім бар (орындарынан тұру)

Бір көзім тұр дейді (үш саусағын көрсетіп)

Бір көзім жүр дейді (бірінші саусағым «ТҰР»)

Бір көзім абайла дейді (екінші саусағым «ЖҮР»)

Жан-жағыңа қарайла дейді (үшінші сұқ саусағым «АБАЙЛА»)


79. Балық жүзді таза суда, (балықтың жүзу қимылдарын көрсету)
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.

80. Жалғыз саусақ тіпті де (саусақтарды мәтінге сәйкес көрсету)

Ұстай алмас жіпті де

Екі саусақ бірікті

Ине қолға илікті

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды

Өнерлі екен оң саусақ

Қала салсақ, жол салсақ


81. Бас бармағым - әкем (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Балан үйрек – апам

Ортан терек – ағам

Шылдыр шүмек – мен

Кішкентай бөбек – сен

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз







82. Бойыңды сергек тік ұста (тік тұру)

Емін – еркін тыныста (дұрыс дем алу (мұрынмен))

Деміңді ішке тез алда

Сол қолыңды соз алға

Қол ұшына қара да (қол ұшына қарау (ауада сызу))

Үшбұрыш сыз ауада

Оң қол бос тұрмасын (оң қолға қарау (ауада сызу))

Шеңбер сызып зырласын


83. Тоңса біздің басымыз – құлақшын киіп аламыз (тұру, құлақшын кию қимылы)

Тоңса біздің денеміз – тон киіп аламыз (тон кию қимылы)

Тоңса біздің аяғымыз – пима киіп аламыз (аяқ киім кию қимылы)

Тоңса біздің қолымыз – қолғап киіп аламыз (қолғап кию қимылы)


84. Той болғанда ауылда,(екі қолды екі жаққа жайады)

Биші шықты ортаға.(бишінің қимыл қозғалыстарын жасау)

Не киіпті басына? (басын екі қолымен көрсету)

Та-қи-я ()

Не киіпті үстіне?

Көй-лек

Ал көйлектің үстінен...

Қам-зол

Аяғына не киген?

Мә-сі

Мұң бұралған тамаша

Сол бишіні кім көрді?

Мен!!!

 

85. Тоңса біздің қолымыз (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)

Қолғап киіп аламыз

Сарт-сарт-сарт

Шапалақ соғамыз

Тоңса біздің аяғымыз

Етік киіп аламыз

Топ-топ-топ

Топылдатып билейміз

Тоңса біздің денеміз

Тонды киіп аламыз

Зу-зу-зу

Шанамен зулаймыз


86. Қане, сапты түзейік (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік

Ыршып артқа түсейік

1,2,3,4

1,2,3,4

Шегірткедей ыршиық

Ыршып – ыршып, тыншиық




87. Таңертең көбелек оянды, тартылды, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)

Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды,

Азғана айналып, барлығына күліп

Қайта гүліне оралды.


88. Бармақ болып жұмысқа, (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)
Қырға шықты құмырсқа,
Тоңып кетіп аяғы,
Қырға қайтып шығады.
Ой – ой – ой,
Әне аю келеді.
Құмырсқаны көреді.
Енді қайтып құтылар,
Илеуіне тығылар.


89. Құлыншағым құндызым (құлыншақтың шабысын көрсету)

Құлдырайды, шабады

Жылтылдаған құлыным (құстың ұшқанын қолдарымен келтіру)

Құстай қанат қағады


90. Күндей болып күлеміз (орындарынан тұру)

Гүлдей болып өсеміз (жүресінен отырып, өсіп тұрған гүлді көрсету)

Құстай болып ұшамыз (қанаттарын жайып, құс болып ұшу)

Көбелектей қонамыз (қанаттарын түсіріп, көбелектің қимылын көрсету)


91. Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)


92. Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған  жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)


93. Көкөністі көп ектік (бір қатарға тұрып, егін егу қимылын көрсету)

Өссін, піссін – деп ектік (су құю, шөп жұлу қимылы)

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берер көп өнім


94. Кел, балалар, кел бері (шеңберге тұру)

Қыздырайық денені (қолды белге қойып оңға, солға бұрылу)

Орнымызда тұрып – ақ (бір орында жүгіру)

Жүгірейік бір уақ

1,2,3,4

95. Шаршағанда «Ух» дедім (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)

Ренжігенде «Тух» дедім

Қорыққанда «Ой» дедім

Өкінгенде «Ах» дедім

Шарасызда «Ех» дедім

Таңырқап «О» дедім

Біліп ап «Е» дедім

Қуанып «Ха-ха-ха» дедім


96. Қатар, қатар тұрайық (бірінің артынан бірі тұру)

Кәне, кәне сұрайық (сөздерін қайталау)

Кімнің болса бойы ұзын (паравоздың жүрісін келтіру)

Паравозы поездің

Пш-пш-пш-пш біз кеттік

                              Жүрісті біз үдеттік

                               Гу-гу-гу гуілде

                               Қалып қойма біріңде.


97. Көп отырып, шаршадық, (шеңберге тұру)

Қозғалуды аңсадық. (оң жақа, сол жаққа иілу)

Жүгiргiмiз келедi (бір орында жүру)

Әдемiлеп ән салып,

98. Еркiн ұста денеңдi, (орында тік тұру)

Тарсылдатпай едендi (аяқты баяу басу)

Орнымыздан тұрып ап (бір орында)

Жүгiрейiк бiр уақ. (жеңіл жүгіру)

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. (аяқтарды кезекпен көтеру)

Аяқты алға созайық (бір орында жүру)

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


99. Қолға, алып шарды, (шарды елестету)
Үрлеймін мен былай. (мәтінге сәйкес іс-әрекеттер жасау)
Уф-ф-ф,
Үрлеймін деп қатты,
Жарып алдым шарды.
Пах.

100. Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)






















саусақ ойындары





















1.«ҚЫЗЫҚ-АЙ»

Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Теуіп және сүзіп-ай (аяқтарын топылдатады, «мүйіз» жасайды)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Күлкілі, әрі қызық-ай екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)

Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды)

Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Соғар қойдың өзін-ай (қабағын түйіп, сұқ саусақпен доқ көрсетеді)

Табылар ма жан қане (екі қолды жая иықтарын көтереді)


2.«САЛАТ»

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеідеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен қозғайды)

Міне, дайын нәр тағам- (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді)


3.«ҚОЛТЫРАУЫН»

Қолтырауын қонақ күтуде (екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады)

Тістері тура шегедей (саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сәл дөңгелетң үстіне беттестіре саусақтарды сәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқан сияқты» ашып-жабады)

Бұл жерден қой өтпеді ме? (қолды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді)

Деп сұрадым ойын білмекке (алақандарын бір-біріне ысқылайды)

Ал ол болса тымпиып жатыр (көздерін қысады)

Көзін қысып қылқиып жатыр


4.«КІМ КЕЛДІ?»

Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)

Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)

Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)

Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)

Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)

Ағатайым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)

Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)

Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)

Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)

5.«ТОРҒАЙ»

Саусақтары бас

Алақан қанат (алақандар өзіне қарайды, үлкен бармақтар өріледі. Саусақтарды қозғау)


6.«ҮКІ»

Орманда қараңғы (екі қолдың білектерін біріктіре саусақтарды жан-жаққа ашады («Орман»))

Бәрі-бәрі ұйқыда (алақандарын беттестіре жақтарына таянып («Ұйқыға кетеді»))

Үкі ғана ұйықтамапты (бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелентіп көздеріне қояды («Үкінің көздері»))

Маңғазданып отыр қатты (қолдарын артқа жинап, кеуделерін көтереді («Маңғаз үкі»))

Әрі-бері отырды да (қолдарын жан-жаққа жая ұшып, басқа орынға ауысады)

Қараңғыға қанат қақты


7.«МЫСЫҚ»

Мысық біздің саққұлақ

Тышқанды жақсы есту үшін бірақ (ортаншы және төртінші саусақтар бас бармаққа тіреледі, сұқ саусақ және кішкентай саусақ жоғары қарайды)


8.«ҚАЗ»

Қаз тоқтамай қанқылдайды

Жақындасан шымшылдайды (білек тік, алақан түзу. Сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі. Барлық саусақтар бір-біріне жабысып тұрады)


9.«ҚОРАЗ»

Қораз, қораз қоқылдақ

Ерте тұрар қоқылдап

Алтын айдар басында

Ән салар үй қасында (алақан үстінде, сұқ саусақ бас бармаққа тіреледі, қалған саусақтардың аралары ашық үстіге қарайды)


10.«ДОП»

Он, тоғыз (алақандарымен шапалақтайды)

Сегіз, жеті (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)

Төрт, үш (алақандарымен шапалақтайды)

Екі, бір (отырған күйі аяқтарын алақандарымен қағады)

Доп ойнайық (алақандарымен шапалақтайды)

Кел, жүгір (қолдың біресе ішімен, біресе сыртымен көздерін жабады)

Тек білейік (әр сөз ырғағымен шапалақтайды)

Анық нық (әр сөз ырғағымен аяқтарын топылдатады)

Допты алып қашқан (отыра қалады)

Кім қумақ?



11.«СӨЗДЕР»

1-2 деп санаймыз (саусақтарды біріктіріп бүгіп санаймыз, кері ашып санайды)

Әріптен сөз құрамыз (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақанына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді («күн» жасайды)

Күн – шуақты сөз екен (бас бармақ, ортаңғы терек, аты жоқ саусақтарды біріктіре ұстайды, сұқ саусақ пен кішкентай саусақты сәл бүге «құлақ» жасайды)

Мысық-құлақты сөз екен (сұқ саусақ пен кішкентай саусақты тік ұстайды «мұйіз» жасайды. Бас бармақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақтар біріктіріле бүгіледі)

Сиыр-мүйізді сөз екен (екі қолдың барлық саусақтарының ұштарын біріктіріп үлкен «қарбыз» жасайды)

Қарбыз-жолақты сөз екен


12.«ШАЯН МЕН МЫСЫҚ»

Тасасында көпірдің (сол қолды шынтақтан бүге, алақандарды төмен қарата алдына ұстап «көпір жасайды». «көпірдің астына оң қол саусақтарын төмен қарата ұстай «көп аяқты шаян сияқты» жыбырлатады)

Кәрі шаян тұрыпты (алға созылған оң қолдың үстімен иықтан төмен қарай сол қолдың 2-ші және 3-ші саусақтарын жүгіртеді)

Көпірден өткен мысықтың (иықтан төмен «жүгірген» саусақтар қолдың басына келгенде саусақты оң қолдың жұдырығында қысып ұстап қалады)

Құйрығынан жұлыпты (сол қолдың кішкентай саусағы оң қолдың жұдырығында қысылған күйі 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарды бас бармақпен біресе біріктіре, біресе қайта ашып мияулаған мысықтың аузын бейнелейді)

«Құтқарыңдар, (сол қолдың кішкентай саусағын қыса ұстаған оң қолдың саусақтарын біртіндеп ашады)

Мяу-мяу-мяу! (екі қолды бірінің үстіне бірін қоя екі қолдағы барлық саусақтарды тез-тез «жүгіртеді)

Босатыңдар шаяннан!» (сөздің айтылу ырғағына сәйкес алақандарын шапалақтайды, соңғы сөзге аяқтарын топылдатады)

Қане, кім бар келіңдер!

Мысыққа көмек беріңдер!


13.«СӘЛЕМ»

Сәлемдесем әрдайым (екі қолдарын айқастырып кеуделеріне қояды)

Үйде және көшеде (екі қолдарын алға жаяды)

Тіпті «сәлем» - деймін мен («қанаттарын» екі қолдарын сәл көтеріп, қайта түсіріп қағып тұрады)

Тауыққа көрші үйдегі (бір қолдың сыртын екінші қолдың алақанына беттестіре саусақтарды жан-жаққа аша «күн» жасайды)

Сәлемет пе, (екі қолды жоғары соза аспанды көрсетеді)

Шуақты күн көкте! (екі қолды жоғары көтере екі жанына кезек теңселеді)

Сәлемет пе, (екі қолды төмен түсіре, қол бастарын бір-бірінің үстіне қойып алдына ұстайды)

Нұрлы аспан көкпеңбек! (оң жаққа оң қолын жаяды)

Сәлемет пе, (сол жаққа сол қолын жаяды)

Самал жел желпіген» (оң қолдың сұқ саусағын алдына тік ұстай оңға, солға кезектестіре шайқайды)

Сәлемет пе, (бастарын шайқайды)

Кішкентай түбіртек!

Сәлем, таң жаңа атқан!

Сәлем, күн арайлы!

Сәлемге еріну!

Бізде әсте болмайды

14.«ӨРМЕКШІ»

Күні бойы еңбекпен (оң қолдың бас бармағы мен сол қолдың сұқ саусағының ұштарын түйістіреді, керісінше қайталайды (сол қолдың бас бармағы мен оң қолдың сұқ саусағы)

Өрмекші өрмек тоқиды (саусақтарын сыртылдатады)

Нөсер тек кенет селдеткен (оң алақанмен сол қол алақаның үстінен тез «сырғанап түседі)

Еңбегін оның жоқ қылды (барлық саусақтардың арасын ашып, бір қолдың алақандарына екінші қолдың алақан сыртын беттестіреді «күн» жасайды)

Күн шықты қайта жарқырап (екі қол алақандарын беттестіре жоғары көтеріп біресе оңға, біресе солға иіледі)

Құрғады тез-ақ төңірек (барлық саусақтардың ұштарын түйістіре, тез-тез кезектестіре бір-біріне соғады)

Өрмекші өрмек тоқуға

Кірісті, дереу, тезірек








21



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Балаба?шада?ы сергіту с?ттері ж?не сауса? ойындар жина?ы

Автор: ИБРАЕВА КАЛИЯ АМАНЖОЛОВНА

Дата: 02.06.2016

Номер свидетельства: 332208


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства