5.Малдың пірлерін атаңдар? 5.Жұлдызнамада қандай үй жануарлары бар?
6.Түйе қалай дыбыстайды? 6.Жылқы қалай дыбыстайды?
7.Қазақстанның бірінші астанасын атаңдар? 7.Қазақстан неше облысқа бөлінеді?
8.Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 8.Қазақ тілінде неше септік бар?
9.Мемлекеттік Тудың авторы кім? 9.Елтаңбаның авторы кімдер?
10.Атаңа сен кім боласың? 10.Анаңның әкесі саған кім болады?
III. Үшінші кезең: мақал-мәтелдердің жалғасын тап.
Жері байдың ... Отансыз адам - ...
Өнер алды ... Еңбек түбі - ...
Адам досымен, Жүз сомың болғанша, ...
Ағаш ...
V. Төртінші кезең: «Жаңылтпаш» сөзінен жаңа сөздер құрастыру(капитандар сайысы).
VI. Бесінші кезең:төртінші артықты тап (слайд).
алма көктем
алмұрт күз
қауын қыс
өрік қыз
дүйсенбі әпке
бейсенбі әже
тамыз әтеш
жұма аға
VII.Алтыншы кезең: жағдаят.
1-топқа: құттықтау жазу. 2-топқа: туған күнге шақыру. Викториналық сұрақтар:
1-топқа:
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
4. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
5. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
6. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
7. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
2-топқа:
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
2. Абайдың туған жылы? (1845).
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
4. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
7. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
1-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды.
2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.
Таня: Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау –парызым бүгін менің,
Катя: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Таня: Қазақ тілің-Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан.
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған.
Илья: - Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін!
Тіл туралы Заңым енді күшінде,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін!
1-жүргізуші: Осымен орыс сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс-шарасы аяқталды.
2-жүргізуші: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!
VIII. Қорытындылау, марапаттау.
ГУ «Карабалыкская средняя школа №1 им. М. Горького отдела образования акимата Карабалыкского района»,
п. Карабалык, Костанайская область, Карабалыкский район.1. Сабақтың тақырыбы:
Отбасы мүшелері
2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу, оқыту, тақырыпқа байланысты жазбаша, ауызша жұмыстар орындау арқылы білімді нығайту.
Дамытушылық: Тақырып бойынша, оқыту, жазу арқылы олардың сөйлеу әрекетіне жол ашу.
Тәрбиелік: Оларды татулыққа, ойға жүйрік болуға, ізденімпаз болуға баулу.
3. Сабақтың түрі: аралас
4. Сабақтыңәдіс-тәсілі: түсіндіру, оқыту, сұрақ- жауап
I Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу ауа- райы, күз туралы аздап әңгімеге шақыра отырып ойларын сабаққа аудару.
II Үй жұмысын тексеру: Ереже, Үндестік заңына байланысты, жаңа сөздерді сұрау.
III Ой шақыру, сабақтың мақсатымен таныстыру: Осы тақырып бойынша білімдерін молайту, есте сақтау қабілетін арттыру, отбасында тату болуға үйрету. Суреттер арқылы отбасы мүшелерді атау.
IV Жаңа сабақты түсіндіру: Мақалды талдау
Мәтінмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
Тірек сызбадағы сөздер
Сергіту
V Сабақты түсіндіру: А)Балалар отбасын әдетте үш тұлға құрайды: әке, ана, бала.
Ендеше мына мақалға назар аударайық:
Әке- асқар тау,
Ана-бұлақ,
Бала-құрақ.
Осы мақалдың мағынасын қалай түсінеміз? Әке тау сияқты мықты, биік қорған. Ана су тәрізді өмірдің нәрі. Бала- тауда ағып жатқан су жағасындағы құрақ (шөп ) сияқты, яғни бала ананың қамқорлығымен өседі.
Б)Тренинг арқылы оқушыларды үш топқа бөлемін.
Ітоп Әке ІІ топ Ана ІҮтоп Бала
Осы топтар әр отбасы мүшенің үйде қандай жұмыс жүргізетінің көрсетеді, постер бойынша. Сосын өз постерлерін қорғайды. Бір топ өз жұмысын қорғағанда, екінші топ оларды бағалайды.
В) Мәтінмен жұмыс.
Мәтін сөйлемдері жазылған, қасындағы екі қатарға, дұрыс, бұрыс емес деген жазуға белгі қойылады + деген, яғни мәтіндегі сөйлемдердің дұрыс, _бұрыс еместігін анықтау.
Мәтін.
Менің отбасында бес адам бар. +
Олар анам, әкем, сіңілім, мысығым және мен. _
Cіңлім, інім бар. +
Менің әкем дәмді тамақ пісіреді. _
Менің анам ағаш жарады. _
Г) «Кім тез?» ойыны әр топтын командиры шығып, тақтадағы жапырақтарды орына қояды. Мысалы: Ер кісіге арналған сөздер- ата, әке, ұл, аға, іні. Әйел кісіге арналған сөздер– әже, ана, шеше, қыз, апа, қарындас, сіңілі.
Д) Дәптермен жұмыс.
6 тапсырма 15 бет. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
Дарынды оқушымен жұмыс қысқаша монолог айтту «Менің отбасым туралы».
Е) Суреттерге қарап өз отбасының мүшелері кім болып істегендері туралы айту.
Қорытынды: Бір _біріне тақырып бойынша сұрақ қою.
Рефлексия: сабақ бойынша пікірлерін смайлектер арқылы көрсетеді.
Бағалау.
Үй тапсырмасы:сөздерді жаттау, 7 бет 9 тапсырма.
1. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
2. Сабақтың мақсаты.Білімділік: Отбасы мүшелерімен таныстыру, оларды атай білу және жаңа сөздер арқылы сөйлем құрай білу.Үндестік заңы мен танысу.
Дамытушылық: Тақырыпқа байланысты тіл байлықтарын сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Туған туысты, үлкенді сыйлауға кішіні құрметтеуге баулу.
Рефлексия: стикер арқылы сабақтың өткен көңілдерін жазу, айту.
1. Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер.
2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Отбасының мүшелерінің тұрмыс тіршілігі, дәстүрі туралы тереңірек білу, ұғындыру .
Дамытушылық: Отбасы дәстүріне байланысты сөйлемдер, диалог және басқа амал тәсілдер арқылы, тіл байлығын молайту.
Тәрбиелік: Отбасы дәстүрлерін сақтау, татулықты, бейбітшілікті сақтауға баулу.
3. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
4. Сабақтыңәдісі: түсіндіру, оқыту, қызықтыру.
5. Жұмыс формалары: топтық, жұптық, жекелей.
6. Көрнекілігі: Олардың тұрмыс тіршілігі суреті, оқулық.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын сұрау, олармен ауа райы, жыл мезгілдері туралы аздаған 5 мин әңгіме жүргізу.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру, ой шақыру: «Дәстүр» деген сөзді түсіндіру. Мақсат: дәстүрлер туралы әңгіме ете білу, ол үшін сөйлемдерді аудару, диалог оқу, сөздер, бізге көмегін тигізеді.
III Үй тапсырмасын тексеру:Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап шығу.
IV Жаңа сабақ. А)Пазл ретінде оқушыларды топқа бөлу.
І– пазл Мерекелерді қарсы алу.
ІІ–пазл Үлкендерді сыйлау.
ІІІ– пазл Қонақ күту.
Б) Жеке жұмыс «Өз отбасымдағы дәстүрлер» – слайд, сурет, көрме ретінде көрсету. Жұмыстарды бағалайды бір парта да отырған оқушы.
В) Жазба жұмысы– фонетикалық талдау: отбасы, дәстүр, қамқор сөздеріне.
Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
Г) Оқулықпен жұмыс– 20 бет 2 тапсырма. Мәтін бойынша диалог құру.
Д) Пазлдың жанына отбасының дәстүрлерін жазу. Мысалы: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қарсы алу.
Қорытынды: Сөздік дәптерді қолдана отырып сөздер жарысы, мұғалім орысша сөздерді атайды оқушылар жауабын береді, өткен тақырыптағы сөздерді естеріне түсіру.
Сөздер: здравствуйте, сіңлі(сестренка ей), қарындас сестренка (ему), жақын(близкий) , бауырмал(сердечный), тату (дружно), құрмет көрсету (уважать), қамқор болу (заботиться), бірге (вместе), қарсы алу (встречать), тұру (жить).
Үй тапсырмасы: сөздерді жаттау 21бет, 4тапсырма І деңгей.
Бағалау.
Рефлексия: оқушылар сабақ бойынша өз пікірлерін айта кетеді.
Тренинг өткізу: менің атым....
1. Сабақтың тақырыбы:Біздің үй
2. Сабақтың мақсаты. Білімділік: Тақырыпқа байланысты жаңа сөздер,мәтін, көрнекіліктерді қолдана отырып, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Өз пәтерлері туралы айтуға, тілдерін жаттықтыру, ой- өрісін қозғау,сөйлеу әрекетін қалыптастыру.
I Ұйымдастыру кезеңі: Кабинетті, оқушыларды сабаққа дайындау. Олармен сабақ төңірегінде пікір алысу, 5-7 мин.
II Сабақтың мақсатымен таныстыру: Өз пәтерің туралы айта білуге үйрену, сөйлеу әрекетіңді дамыту, бөлмеңді таза ұстау, ұқыптылық әдеттерін сақтау.
III Үй тапсырмасын сұрау: сөздерді жаттау 21бет, 4тапсырма І деңгей,
монолог айту.
IV Жаңа сабақты түсіндіру Мәтін оқу, суретпен жұмыс жүргізу, жаңа сөздер, сөздік диктант, оқулықпен жұмыс, сергіту.
V Сабақты пысықтау. Жаңа сөздерді оқу, әр оқушыға оқыту, осы сөздермен сөз тіркестерін құру. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.Сөйлемді , сөздерді дәптерлеріне жазып алу .
А)Сурет бойынша: Балалар мына суретте үйдің суреті және ондағы бөлмелер.
Қәне бөлмелерді атаймыз мына қонақ бөлме, мынау жататын бөлме, ал мынау ас бөлмесі , мынау менің бөлмем, яғнй бұл біздің үй. Біздің үй – наш дом.
Б) Балалар қәне жаңағы айтылғанға ұқсас кім өз үйі туралы не айталады? Мысалы: Мынау менің үйім, осы сөйлемді тақтаға жазамыз.Әрі қарай оқушылар сөздіктің көмегімен суретке байланысты сөйлемдер айтады. Дәптерлеріне жаза отырады.
В)Ойын бойынша оқушыларды екеуден бөлу. Ойын «Мен бүгін саған ... тілеймін».
Г) «Менің үйім» деген тақырыпқа оқушылар сұхбат құрайды. Бір- бірін бағалайды.
Д) Дәптермен жұмыс. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазу.
Менің үйім .... ауданында орналасқан. Менің үйім .... көшесінде тұр. Үйім ... бөлмелі. Үйде қонақ, жататың, менің , .... бөлмелері бар. Керекті сөздер: ас, Пролетарская, Қарабалық, төрт.
Сергіту сәті:17 бет, өлеңді айту.
Е) «Менің үйім» туралы тақырыпқа дарынды оқушылар презентацияларын көрсетеді немесе суреттерін қорғайды
Қорытынды: Тест тапсырмалары.1. Әсем-Нұрболдың....
А)Қарындасы
Б)Ағасы
В)інісі
2.Балам, ата-.....сыйла.
А)Анаңды
Б)әжеңді
В)бауырларыңды
3.Өркенің........, балам
А)өссін
Б)ашылсын
В)көктесін
4. Келіңіз......шығыңыз
А)Төрге
Б)Оңға
В)Ас бөлмеге
5. Атам дастарханға .........берді.
А)Тамақ
Б)Ақша
В)Бата.
Таныс емес сөздердің аудармасын тақтаға жазып қою, соның көмегімен тесті орындау.
Үй тапсырмасы: «Менің үйім» монолог, 2тапсырма 23бет.
Бағалау.
Рефлексия: оқушылар сабақтың жақсы, жаман жерлерін стикерге жазып оқиды.
останай қаласы. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты.Тарих пәнінің мұғалімі:Тышканбаев Жамбыл Советбаевич.
«Алтын қақпа» танымдық ойыны
Тақырыбы: Даланың алып қоңырауы
Мақсаты:оқушыларға Ы Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мәнін түсіндіру,шығармашылық,ойлау қабілеттерін дамыту.
Ықыласпен тоқылық,-деп қазақтың бар баласын оқу мен білімге шақырған,ағартушы-педагогымыз Ы.Алтынсариннің 170 жылдық мерейтойына байланысты «Алтын қақпа» танымдық ойынын өткізгелі отырмыз.Ойынға екі топ қатысады.
ІІІ.Ойынға қатысатын топпен танысу.
Топ басшылары, өз топтарыңды және топ ұранын таныстырып өтіңдер.
1-топ. «Зерек», ұраны: «Оқыған озады»
2-топ. «Дарын», ұраны: «Білімді мыңды жығады»
Оқушылар таныстырады.Өте жақсы.
Оқушылар сендер өз шығармашылықтарыңды дамыту мақсатында, өздерің оқыған Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша білімдеріңді ортаға саласыңдар.
Ойын: сұрақ-жауап қақпасы,тас қақпа,күміс қақпа,алтын қақпа деп аталатын қақпалардан тұрады.Алтын қақпаның ішінде сиқырлы сандық бар.Қақпаларға кіру үшін әр топқа 2 сұрақтан қойылады.Соңғы сиқырлы сандық сұрағы топ басшыларына арналған.
«Өнер-білім бәрі де,
Оқуменен табылған» -деп Ыбырай атамыз айтқандай,білімімізді көрсетуге дайын болсақ,ойынымызды бастайық!
1.Сұрақ –жауап қақпасы.
Бұл қақпада берілетін сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.
1-сұрақ. Балалар әдебиетінің атасы кім? Жауабы:Ы.Алтынсарин.
2-сұрақ.Ы.Алтынсарин нешінші жылы,қай жерде дүниеге келді? Жауабы:1841 жылы,20-қазанда қазіргі Қостанай облысы,Қостанай ауданында дүниеге келді.
3-сұрақ. Ыбырайдың атасының есімі кім? Жауабы: Балғожа би.
4-сұрақ.Ыбырайдың арман еткен мектебі нешінші жылы,қай жерде ашылды?
Жауабы:1864 жылы,Торғай өңірінде.
Сұрақ-жауап қақпасынан өтіп,тас қақпаға жеттік.
2.Тас қақпаның сұрақтары Ы.Алтынсаринніңөлеңдеріне байланысты болады.
Тас қақпаның сұрағы 3-еу болады. Екі топқа бір сұрақтан қойылады.
3-сұрақ екі топқа бірдей болады,қай топ жылдам қол көтерсе,сол топ жауап береді.Егер сұрағы дұрыс болмаса,жүргізушінің «қарсыластар» деген сөзіне кейін жауап беруге болады.
1-ші топтың сұрағы.
«Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады»
Қайсы өлеңнен алынған үзінді?
Жауабы: «Өзен»
2-топтың сұрағы.
«Өнер жігіт көркі» деп
Ескермедік мақалды,
Үміт еткен достарым
Сіздерге бердім батамды.
Бұл қай өлеңнен алынған үзінді?
Жауабы: «Өнер-білім бар жұрттар»
Екі топқа бірдей сұрақ.
Ыбырайдың табиғат лирикасына арнап жазған өлеңі қалай аталады?
Жауабы: «Жаз»
3.«Күміс қақпа» сұрақтары.Ы.Алтынсариннің еңбектері туралы болады.Бұл қақпаның да ережесі тас қақпадағыдай.
1-топтың сұрағы.1883 жылы қандай кітабы жарық көрді және қай жерде?
Жауабы:1883 жылы Мұсылмандық тұтқасы кітабы.
2-топтың сұрағы.1879 жылы қандай еңбегі жарық көрді?
Жауабы: Қазақ хрестоматиясы.
Екі топқа бірдей сұрақ.
... «Осы жылы қаңтардың 8-і күні менің көптен күткен арманым орындалып,мектеп ашылды.Оған 14 қазақ баласы кірді,бәрі де жақсы,есті балалар... Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім ...» деп, ағартушы кімге хат жолдады?
Жауабы:Қазан университетінің профессоры Н.И.Илминскийге хат жазды.
4.«Алтын қақпа» сұрақтары ағартушының тәлім-тәрбиеге бай әңгімелері туралы қойылады.Ойын ережесі бұрынғыдай.
1-топтың сұрағы.
Сынып қалған ескі таға туралы әңгіме қалай аталады?
Осы әңгіме мазмұнына сай,мақал-мәтел айт.
Жауабы: «Әке мен бала»
2-топтың сұрағы.
Бағу-қағуда көп мағына барын ғибрат еткен әңгімесі қалай аталады?
Осы әңгіме мазмұнына сай,мақал-мәтел айт.
Жауабы: «Бақша ағаштары»
Екі топқа бірдей сұрақ.
Еңбек-дәулетке,байлыққа жеткізетінін алға тартқан әңгімесі қалай аталады?
Осы әңгіме мазмұнына сай,мақал-мәтел айт.
Жауабы: «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесі.
Мұғалімнің сөзі: Балалар,барлық қақпалардан сүрінбей өттіңдер,енді алтын қақпаның ішінде сиқырлы сандық бар.Оның ішіндегі тапсырма топ басшыларына арналған.
5.Сандық ішіндегі тапсырма: «Даланың алып қоңырауы» тақырыбында ой толғау. Топ басшыларына ойланып өз жауаптарын айтуға 1 минуттан уақыт беріледі.
Қорытындылау.Құрметті ойынға қатысушылар,сендер,ағартушы,қоғам қайраткері Ы.Алтынсарин еңбектерін жақсы білетін білімді,зерек,дарынды оқушы екендіктеріңді көрсеттіңдер.
Ыбырай еңбектері жас ұрпақты тәрбиелеудегі таптырмас құрал екеніне көзімізді жеткіздік.Ойынға қатысқандарыңа көп рахмет!
Марапаттау.
Әділ-қазыларға сөз беріледі. Мақтау қағазын беру.
Сыныптан тыс іс-шараның сценарийі
Тақырыбы:Біз оқимыз, ойлаймыз және ойнаймыз
Мақсаты: 1. Білімділік: модуль бойынша алған білімдерін еске түсіріп бекіту, оқушылардың интеллектуалдық ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: тіл байлығын өз ойын жеткізу, қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, мәртебелі қонақтар! Бүгінгі біздің «Біз оқимыз, ойлаймыз және ойнаймыз» сыныптан тыс сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа 2 топ қатысады- «Сұңқар», «Тұлпар». Сол топ балаларының білімдерін қазір ортаға салып саралаймыз. Ендеше, біздің еңбегімізді бағалау үшін біз ортаға әділқазылар алқасын сайлап алайық.
«Біз оқимыз, ойлаймыз және ойнаймыз» - сайысымыз V кезеңнен тұрады.
1-кезең «Бәйге»
2- кезең «Мерекелер»
3- кезең «Пантомима»
4- кезең «Спорт»
5-кезең «Өнер сайысы»
Жарысты бастамас бұран ережемізді қайталап еске түсірейк.
Алтын ереже:
Тыныш отырып тыңда!
Уақытты үнемдей біл!
Тез ойлан!
Сауатты жаз!
Мұқият бол!
Басқаны тыңдай біл!
1-кезең «Бәйге»
Әр топ кезек-кезекпен сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берген балаға «асық» беріледі. 1 асық - 1 ұпай деп саналады. Жауап бере алмаса келесі топ жауап береді. Оқылған сұрақтарға тез, шапшаң жауап беру керек.
1. Қазақстанда неше облыс бар?
2. Қазақстан Республиканың мемлекеттік рәміздерін ата.
3. Сен қай республикада тұрасың?
4. Қазақ тілі сабағы аптасына неше рет болады?
5. Сен қай мектепте оқисың?
6. Мектеп қай көшеде орналасқан?
7. Сен неше жастасың?
8. Қазақтың ұлттық тағамдары қандай?
9. Қазақ тілі сабағында не істейсіңдер?
10. Қазақстанда неше теңіз бар?Қандай?
11. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
12. Қазақстанның екінші астанасын ата.
13. Қазақстанның 3-ші астанасы?
14. Қазақстанның төртінші астанасы?
15. Бір аптада неше күн бар?
16. Бір жылда неше ай бар?
2- кезең «Мерекелер»
Балалар, қане, сандарды атайық! Бұл - әрбір сұрақтың бағасы. Суретке қарап қандай мейрам екенін дұрыс айтып беру керек. Қандай санды таңдап алсаң, дұрыс жауап берілгенде, сонша ұпай саналады. Ойыншы жауап бере алмағанда, екінші топ жауап бере алады, және де осы ұпай сол топқа беріледі.
10 ұпай – 9 мамыр
20 ұпай – 22 наурыз
30 ұпай – 1-2 қаңтар
40 ұпай – 16 желтоқсан
50 ұпай – 1 мамыр
60 ұпай – 8 наурыз
Ал енді әділқазылар қортынды шығарғанша, біз бәріміз ойын ойнайық «Дұрыс па, бұрыс па?» деп аталады. Мен өз ойымды айтамын, дұрыс болса, тұрып қол шапалақтаңдар, бұрыс болса, аяқтарыңмен тарсылдатыңдар. Сонымен, бастайық.
1. Бәйге – қазақтың ұлттық ойыны.
2. Бесбармақ – француздардың тамағы.
3. Наурыз – Шығыс қазақтар мейрамы.
4. Блины – қазақтың ұлттық тағамы.
5. Қажымұқан Мұңайтпасов – қазақтың балуаны.
6. Масленица мейрамында бауырсақ пісіреді.
7. Қымызды жылқының сүтінен жасайды.
8. Наурызды күзде тойлады.
9. Мектепте біз дұрыс жазуды, оқуды үйренеміз.
10. Абай Құнанбаев – орыстың ұлы ақыны.
11. Қазақстанның астанасы – Карағанды.
12. Қазақстан – біздің Отанымыз.
3- кезең «Пантомима»
Сандықтың ішіндегі карточкаларға жазылған тапсырмаларды бірінші топ алып, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетеді. Ал екінші топ оның қандай дәстүр екенін анықтайды.
І топ
* тілашар
*тұсау кесер
ІІ топ
* бесікке салу
*шашу
4- кезең «Спорт»
Бұл кезенде І топ ұлттық спорт ойындарын жазады, ал ІІ топ Қазақстандық олимпиада чемпиондарының атын жазады. Тақтаға шығып күн шуағын құрастырады. (Күн сәулесін)
Қай топтың күн шуағы бірінші жарқырайды? Қане, бастаймыз?
Жауабы дұрыс, қатесіз болса әр күн шуағына 5 ұпай береміз.
Ұлттық спорт ойындары
арқан тартыс
аударыспақ
көкпар
бәйге
қазақша күрес
қыз қуу
теңге алу
асық
Қазақстандық олимпиада чемпиондары
Александр Винокуров
Зульфия Чиншанло
Ильин Илья
Майя Манеза
Светлана Подобедова
Ольга Рыпакова
Серік Сәпиев
Әділқызылар қорытынды шығарғанша біз бәріміз ойын ойнайық. «Аударыспақ» деген ойын.
Мына ұзын орындықты ат деп есептеңдер. Әр топтан бір-бір адам шығады, орындықтын екі жағына қарама қарсы тұрып бір-бірін итеріп аттан түсіру керек. Атта қалған бала жеңімпаз болады
5-кезең «Өнер сайысы»
Ал енді бірінші топ өздерінің «Қара жорға» биін көрсітеді, ал екінші топ ән айтады «Туған жер».
Әділқызылар қорытынды шығарғанша, біз бәріміз ойын ойнайық.
«Тақия» - ойын
Ойынның шарты: ортаға әр топтан төрт адамнан шығады, сосын
1- дегенде бір-бірімен құшақтасып «Ассалау мағалейкум» деп амандасады
2- дегенде тақияларын бір-біріменауыстырып киеді
3- дегенде тақияларын шешеді
Ал енді, сөз әділқызыларға беріледі. Олар әр топтың жинаған ұпай санын айтады. Қай топ жеңімпаз екені анықталады. Оқушылардың білімдері бағаланады.
Қорытынды.
- Балалар, бүгін сендерге бүгінгі жарыс сабағы ұнады ма?
- Несімен ұнады? (Көп ойнадық, ойладық, ән айтық, би биледік)
- Осымен сабағымыз аяқталды. Сайысқа қатысушыларға рахмет. Құрметті ұстаздар, мәртебелі қонақтар назарларыңызға көп рахмет!