kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ба?шада. Маш?ар Гумеров.

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыны Маш?ар Гумеровты? «Ба?шада» ??гімесін т?сініп

                  о?у?а ?йрету, ?зекті т?йінді ойын ашу?а жа?дай жасау, Дамытушылы?: ?з бетінше шы?армашылы?пен ж?мыс істеуге баули отырып, байланыстырып с?йлеуін, шы?армашылы? ойлауын дамыту,

 Т?рбиелік: о?ушыны адалды??а, батылды??а т?рбиелеу;

Саба?ты? типі: аралас саба?.

Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі саба?

Саба?ты? ?дісі: с?ра?-жауап,т?сіндіру, ойын, к?рнекілік топтастыру,ми ?оз?ау.

К?рнекілігі: Авторды? суреті, сызбалар,суреттер, картоп, лупа

Техникалы? ??ралдар: Интерактивті та?та, компьютер

Саба?ты? барысы: 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ба?шада. Маш?ар Гумеров. »


Алматы обл. Іле ауданы. Боралдай кенті. Кенен Әзірбаев атындағы №15 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Балтагүл Зұлхарнайқызы


Ана тілі 4-сынып

Тақырыбы: Бақшада. Машқар Гумеров.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыны Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп

оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, Дамытушылық: өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту,

Тәрбиелік: оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру, ойын, көрнекілік топтастыру,ми қозғау.

Көрнекілігі: Автордың суреті, сызбалар,суреттер, картоп, лупа

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері:

Жарқырайды таңымыз,

Жарасады әніміз.

Біз бақытты балдырған,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Ендеше сабағымызды бастайық.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сөз жұмбақ

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық

Сөз жұмбақ

1. Кім балдан тәтті? /бала/

2. Ашу дұшпан ................ не дос? /ақыл/

3. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар? /қой/

4. Қыста немен сырғанайды? /шана/

5. Жұмсақ алақаны бар адам кім? /на/

6. Атаңның баласы болма ...................... кімнің баласы бол? /адам/

7. Қазақстанның астанасы қай қала? /Астана/ (Бақшада)

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп оқып, Серіктің картоптың кеселін қалай тапқаны жайлы білейік.

Оқулықпен жұмыс.

Кейін оқушыларға екі сөйлемнен оқытамын

Әр балаға жартысынан кесілген картоптан беріп лупамен қаратып өздеріне көрсетемін

1.Балалар бақшада не істеді?

-Картоп түбін көмеді.

2.Серік не нәрсеге таңданды?

-Картоп жапырақтарының қоңыр болғанына

3. Оны не арқылы байқады?

- Оны гүл деп қонып тұрған «ақымақ» ара рқылы байқады.

4. Картоп ауруы қалай деп аталады екен?

«Саңрауқұлақ» ауруы

5.Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады?

«Бордос» сұйығы деп атайды.

6.Оны қалай емдеуге болады?

- Оны картоптың сабағына бүркеді. Оны бүркетін арнайы аспап бар.

Интерактивті тақта арқылы картоптың шығуы мен ауруларын көрсетемін.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мен сендерге картопты зерттеп жан –жақты мағұлматтар тауып келіңдер деп тапсырма берген едім.

Кім дайындалды?

Дайындалған балалардың картоп туралы мағұлматтарын тыңдайық

Өсімдік туралы:

Картоп – алқа (Soianum) туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы жуан, тікенексіз,. Сабағының көп бөлігі топырақ астында болады. Ұзын мұртшалар шығарады (ұзындығы 15-20см, кейбір түрлерінде40-50см) Жапырағы қоңыр жасыл, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүлі ақ, күлгін түсті, сабақ басында шоғырланған болады, гүлі 5 күлтелі. Отаны Оңтүстік Америка, күні бүгінге дейін осы аймақта табиғи жағдайда өсетін жабайы картоп түрлерін кездестіруге болады.

Күтімі:

Картопты вегетативтік тәсілмен, картоптың түрлері арқылы көбейеді Картопты бірнеше бөліктерге бөліп, 5-10см тереңдікке егеді. Егілген тұйіндер өну үшін 15-20С температурада ұстау қажет. Ал сабағының өсуіне, жапырақтардың өсіп шығуы мен гүлдеуі үшін 16-22 С температуражеткілікті. Картоп гүлдеу кезінде және түйін салу кезінде суды көп мөлшерде қажет етеді.

Дайындалуы.

Түйнекті алқаның түйнектерін күзде қазып жинап алады Химиялық құрамы: Картоптың түйнегінде 10-28 % крахмал,15%май,1,3% ақ уыз, А, В1, В2, С РР, К1, Д дәруумендері, натрий, калий, кальций, хлор, күкірт тұздары, микроэлементтерден мыс, кобальт, иод,болады.

Қолдануы:

Крахмал өндірісінде қолданылады. Бәрімізге белгілі картопты көптеген елдерде «екінші нан» деп атайды. Өйткені оның құнарлылығымен және дәмімен үлкен орын алатын картопбарлық елдер дастарханында тағам құрамында болады. Картоптан көп мөлшерде крахмал алынады.

ҮІІ. Қорыту.

Не біліп, не үйрендік?

1. Кәрімнің картоп ауруын анықтауы

2. Балалардың бақшаға келуі

3. Серіктің байқағыштығы

Портрет тек кейіпкердің сыртқы бейнесін суреттеп көрсетсе, мінездеуде кейіпкердің ішкі мінез-құлқы мен сыртқы бейнесі, іс-әрекеті бір-бірімен байланыстыра көрсетіледі.





2. Әңгімедегі Кәрімнің фортретін көрсететін тіркестерді тауып жаз. (ақ сұр жүзді, ат жақты, қою қара шашын кейін қайырған бір жігіт...)

Портрет пен мінездеудің қандай айырмасы барын білесің бе?

Кері байланыс.

Смайликқа жаңа сабақ қаншалықты меңгергенін жазып жапсыру

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.

2. Бағалау. Смайлик арқылы бағалаймын.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ба?шада. Маш?ар Гумеров.

Автор: Ержанова Балтагул Зулхарнаевна

Дата: 08.01.2015

Номер свидетельства: 151484


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства