kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Баяндама, тақырыбы: "Бала тәрбиесінде және шығармашылық дамуындағы ата-ананың рөлі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.  Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Баяндама, тақырыбы: "Бала тәрбиесінде және шығармашылық дамуындағы ата-ананың рөлі"»

Тақырыбы: Бала тәрбиесінде және шығармашылық дамуындағы ата-ананың рөлі

«Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы»

С. Смайлс


Құрметті ата-аналар, бүгін сіздермен жиналыс «Бала тәрбиесінде және шығармашылық дамуындағы ата-ананың рөлі жайында» өрбімек. Қазіргі заманымыздың мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың рөлі зор.

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы.  Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.

Әрбір ата – ана өмірге бала әкелгеннен кейін оған тәлім – тәрбие беретіні белгілі. Бала тек қана отбасы тәрбиесін алып қана қоймайды. Ол қоршаған ортаның тәрбиесін алатыны сөзсіз. Бала дүниеге келгенде таза ақ парақ секілді, пәк болып келеді. Сол пәк сәбиге үш түрлі адамның мінез беріледі екен. Ол – бірінші ата- анасынан, себебі бала ес білген шаққа дейін бар нәрсені өз отбасынан табады. Ал –екінші ұстазынан, өйткені алғаш ес біліп мектеп табалдырығын аттағанда қолына алғаш «Әліппені» ұстатып өмір жолына алғаш жол салатын ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы үш адамның бойындағы мінез –құлықтарды екшелей келіп, олардың ішіндегі өзіне ұнайтын жақтарын алады екен.



Үй жұмысын орындаудағы кеңестер:

Ата-аналар баланың үй тапсырмасын әсіресе, жазбаша тапсырмаларды орындауда мына шарттарға назар аударса. Олар :

1.     Жазбаша жұмысты орындауда ең бірінші ережені оқып, соған сай орындауы;

2.     Жаңа немесе түсініксіз сөз кездессе, бұрынғы жазғандарға қарап, қате жібермеу;

3.     Мәтінді түгел оқып соңғы рет тексеріп шығу.

Ата-аналар баланың есеп шығаруын тексергенде мына шарттарды орындағаны жөн:

1.     Берілген есепті оқып шығып, ойлану;

2.     Есептің шығару жолдарын баламен ойласып жобалау;

3.     Есептің сұрағын қайталап оқып, балаға шартын түсіндіру қажет. Содан кейін жауабын бірден беруге болады.

Осындай жағдайлар ескеріліп отырса, баланың үй тапсырмасын орындауда өзіндік жұмыс істеуде оқуға жауапкершілігін арттырады.


- Баға дегеніміз не?

- Баға -оқушы үлгерімінің көрсеткіші.

- Қандай бағаны жақсы, қандай бағаны жаман деп айтамыз?

- «5» - жақсы, «2» - жаман.

- Бала «5»-ті алғанда, ата-ана не істейді? Бала не істейді?

«5»

Ата-ана:

Бала:

  • қуанады

  • мақтайды

  • риза болады

  • қуанады

  • мақтанады

  • көңіл-күйі көтеріледі


«2»

Ата-ана:

Бала:

  • ренжиді

  • ұрсады

  • айқайлайды

  • күйінеді

  • қорқады

  • жылайды

  • көңіл-күйі түседі

  • ренжиді

Құрметті ата-аналар! Педагогикада «талаптану деңгейі» деген термин бар (уровень притязаний). Ол бір оқушыда жоғары, біреуде төмен болады. Сондықтан, талаптану деңгейі жоғары оқушы «2» алса («2» алмайтын оқышы жоқ), ол осы бағасын жоюға тырысып, намыстанып, келесі сабаққа дайындалып келеді. Ал, осы деңгейі төмен оқушы жаман баға алса, ол өзін басқалардан төмен санайды.

«Мен бәрібір ол екіні жоя алмаймын» деген ойда қалады. Баланың осы кемшілігін тәрбиелеу үшін не істеу керек? Ол үшін мына сұраққа жауап беріп көрейік:

- Сіздің балаңыз үйге «2» алып келсе, сіз не айтасыз?

Үлгермеуші оқушы қызды мұғалім қосымша сабаққа шақырады. Қыз есептің бәрін шығарады. «Жарайсың, ақылдысың» - деп, мұғалім оны мақтайды. «Жоқ, өтірік айтпаңыз, мен ақылды емеспін» - деп, қыз жылап жібереді. Таң қалған мұғалім: «Сен неге олай айтасың?» деп сұрайды. «Маған мамам сен ақылсызсың деп ұрсады» - деп жауап береді қыз.

Осы оқушы қыздың талаптану деңгейі төмен бе, жоғары ма? Әрине, төмен. Мұғалімнің мақтағанына сенбейді. Ал, бала сондай болмауы үшін не істеу керек?

Ата-ана:

Мұғалім:

  • сену керек

  • мақтау керек

  • көмектесу керек

  • мұғаліммен байланыста болу керек

  • сену керек

  • мақтау керек

  • көмектесу керек

  • ата-анамен байланыста болу керек


Ата-ана мен мұғалімнің жұмысы, міндеті бір екен. Сондықтан баланың алдындағы жауапкершілігіміз де бірдей. Не істеу керек екенін білеміз. Ал, осыны істейміз бе? Бірінші кестедегі мінез-құлқымызды түзетіп көрейік. Ол үшін:


Көріп отырғандай, біздер осы «Бірақты» жойсақ, бала екісін де жояды, талаптану деңгейін де көтереді.

Тренинг қорытындысында оқушы үлгеріміндегі ата-ананың рөлі қандай болуы керек деген сұрақтың жауабы табылады.


Ата-ана баласына:

  • Сену керек;

  • Мақтау керек;

  • Үнемі көмектесу керек;

  • Мұғаліммен байланыста болу керек.


Ата-аналар мектеп оқушыларының оқуға деген ынтасын қалай арттыруына болады:
1. Балаңызбен мектеп және білім алу қаншалықты маңызды екені туралы сөйлесіңіз. Бұл өте маңызды.
2. Балаңыздан күнде мектептегі әр күні қалай өткенін сұрап отырыңыз. Ол сізге бәрін егжей-тегжейлі айтып беретініне көз жеткізіңіз.
3. Балаңызға мұғалімдері үй тапсырмасын бере ме немесе сыныпта өзі жасауы тиіс қандай да бір жоба тапсыра ма – соны біліңіз.
4. Балаңыздың үйде орындайтын ешқандай тапсырмасы болмаса, сабақтарын пысықтап, қайта қарап шығуға кем дегенде 30 минут жұмсауын қадағалаңыз. 
5. Балаңыз үйде қол жеткізген жетістіктерінің қандай да бір сипаттары туралы оқып, онымен сөйлесіңіз. Қажет болса, оның әлдеқандай әрекеттеріне шектеу қойып, не жаман қылықтары турасында бірдеме істеңіз. 
6. Оң әрекеттерді мақтап отырыңыз. Баланың жаман қылықтарына, не теріс мінезіне ғана назар аударып, шүйліге берудің қажеті жоқ.
7. Балаңыз қандай да бір тест не емтиханды нашар тапсырса да, оған қолдау көрсетіңіз.
8. Балаңыз оқудан қиналып жүрсе, оған мұғалімнің, үйге келіп оқытатын репетитордың көмегі қажет.
9. Балаңыз оқудан қиналып жүрсе, оған көмектесетін балама не басқа бір ақпарат көздері туралы мұғалімімен сөйлесіңіз.
10. Ең бастысы – балаңыздың мектептегі үлгерімі мен іс-әрекеттерін қадағалап жүретін мұғалімдерімен үнемі үздіксіз байланыста болыңыз.
Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, - деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық. Адам да өсімдік сияқты, күтілмесе жайнап өспейді дейді.



Шешімі: 

«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту. Сезімді тәрбиелеу, яғни баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылық- қасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттық дегеніміз – адамзатқа қызмет ету», - деп жазады Сара Алпысқызы Назарбаева өзінің «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында.

Еліміздің Бірінші Ханымының жеткіншек тәрбиесіне деген жанашырлығы, еліміздің болашағына деген зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлу педагог қауымға ғана емес, барша жұртқа зор ықпал етері даусыз. Қазақ отбасындағы дәстүрлер арқылы оқушылардың рухани- адамгершілік қасиеттерін дамытып, оларды рахымдылыққа, мейірімділікке тәрбиедеу парызымыз.

   

Қорытынды:

Баланың саналы тәрбие, білім алуына өз көмектеріңізді аямай, бала болашағы туралы ойланайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Баяндама, тақырыбы: "Бала тәрбиесінде және шығармашылық дамуындағы ата-ананың рөлі"

Автор: Баймаханова Кулжан Жукеевна

Дата: 09.06.2019

Номер свидетельства: 514078


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства