kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Авторская работа на тему "?аза? тілі саба?ында ойын технологиясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

В начальной школе очень важен роль игры на уроке. Игра на уроке проявляет интерес к изучаемому предмету. Повышает мотивацию на уроке казахского языка. Используя на уроках разные виды игровых, а именно фонетических и дидактических элементов начинается повышение качества предмета. В авторской работе было собрано ряд фонетических, дидактических игр которых  можно использовать на уроке казахского языка. Эти игры предназначены  для учеников начального и среднего звена.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Авторская работа на тему "?аза? тілі саба?ында ойын технологиясы" »

Урицкий орта мектебі













Бастауыш сынып

мұғалімдеріне арналған

көмекші құрал

























Қазақ тілі пәні мұғалімі: Тлеулина Жанна Асылханқызы





2014-2015 оқу жылы

Түсінік хат



Қазіргі заманның қоғамдық-әлеуметтік басты мәселелерінің бірі- басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлей білуі. Осы мәселені шешу барысында жалпы білім беру мектептерінде, орта және жоғары оқу орындарында әртүрлі технологиялар жүйелері еніп, қазақ тілін оқыту әдістемесі де өз нәтижесін беріп келеді.

Әсіресе, бастауыш сыныптарда ойын технологиялары өте тиімді.

Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы.

«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді. Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады.

Қызықты ойын түрінен кейін оқушылар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.

Қазақ тілі пәнінін сапасын көтеруге мүмкіндік беретін көптеген ойын түрлері бар. Сол ойындардың, кейбіреулерін көрсетіп өткім келеді



Фонетика

«Кім тапқыр» ойыны

Ойынның мақсаты:

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.Сɵздік қорын молайту.

Ойынның шарты: Тɵмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сɵз жасаңдар.

1.р,о,б;

2.а,ш,а,ғ;

3.т,р,е,м;

4.а,б,л,ы,қ;

5.қ,ы,ы,з,қ.

Ал бұларды берілген күйінде тіркестіріп айтса,сɵз жасала ма?

 

Игра «Кто находчивее»

Условия игры: Составьте из нижеследующих групп букв слова.


Сан есім

Логикалық есеп”

  1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, құыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады.

  2. Үстел үстінде 4 алма тұр. Біл алманы алып ортасынан бөліп қайтадан қойды. Үстел үстінде неше алма болды?

  3. Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді – қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да, көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай.

  4. Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы бесеу. Біреуін атып түсірсе, нешеуі қалады?






Моншақ”ойыны


Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу.
Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет.
Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді.
Керекті сөздер: дәріхана, аурухана, дәрі, тамақ, астана, орман, кезекші, үзіліс, оқушы, өшіргіш, қалам, күнделік, көктем, қыс, балық, т. б.



“Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап беруге дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөлу. Әр топқа сұрақтардың жауаптары жазылған карточкалар тарату. Сұрақ оқылғаннан кейін оқушылар дұрыс жауабын көрсетеді. Қай топтың дұрыс жауаптары көп болса, сол топ жеңеді.
Сұрақтар:
1. Сөмкеде не жатыр?
2. Бір аптада неше күн бар?
3. Асханада кім бар?
4. Сыныпта неше терезе бар?
5. Қолда неше саусақ бар?
6. Жазда ауа райы қандай?
7. Бір тәулікте неше сағат бар?
8. Мектеп неше қабатты?
9. Күзде не сарғаяды?

Керекті сөздер: қалам, жеті, аспаз, үш, бес, ыстық, жиырма төрт, үш, жапырақ.
“Қалалар” ойыны.
Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кез келген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді.
Тапсырма үлгілері: қар – Қарағанды
ас – Астана
алма – Алматы
тау – Көкшетау
рау – Атырау
кент – Шымкент.


“Соңы кім?” ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерді өрбіту, толықтыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.
Ойынның шарты: Тақтаға кез келген сөз жазылады. Мұғалім бұл сөзге байланысты басқа сөздер құрғызады. Соңғы сөзді құрған оқушы жеңімпаз атанады.
Ойынды жургізу тәртібі:

Жаз
|
ыстық
|
жазғы каникул
|
тамыз
|
күнге күю
|
шомылу



“Сиқырлы ағаш” ойыны.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: Тақтаға қатты қағаздан жасалған алма ағашы ілінеді. Алмалардың сыртында бір сұрақтан жазылады. Тақтаға шыққан оқушы алманы алып, сұраққа жауап береді. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, алманы өзіне қалдырады. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалайды. Бұл ойынды “ Мектеп “, “ Үй жануарлары”, “Асхана”, “ Балықтар”, және т. б. тақырыптар бойынша өткізуге болады.

Отбасы тақырыбы бойынша ойынды жүргізу үлгісі:
Сұрақтар:

1. Сенің отбасың қандай?
2. Отбасыңда неше адам бар?
3. Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
4. Сенің анаң кім болып жұмыс істейді?
5. Сенің анаң неше жаста?
6. Сенің әкең неше жаста?
7. Сенің әжең кім?
8. Отбасың тату ма?
9. Сен әкеңе қалай көмектестің?



Орныңды тап “ойыны.
Ойынның мақсаты: Сөздерге дұрыс сұрақтар қоя білу.
Ойынның шарты: Тақтаға кім? не? қандай? деген сұрақтарды жазып қою. Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздерді қатты қағазға жазып, оқушыларға тарату. әр оқушы тақтаға шығып, сөзіне қойылатын сұрақтың қасына барып тұрады. Бұл ойынды ұпай беріп ойнауға болады.

Асхана” ойыны.

Ойынның мақсаты: “Асхана” тақырыбына байланысты сөздерді қайталау.
Ойынның шарты: Тақтаға аспазшының суреті және тақырыпқа байланысты сөздер ілінеді. Сынып екі топқа бөлінеді. Қай топ тақырыпқа байланысты көп сөз тапса, сол топ жеңген болып шығады.
Керекті сөздер:
Аспаз------------Балық
Шанышқы-----Тұшпара
Палау------------Ботқа
Тәрелке---------Кесе
Сүт---------------Шәйнек
Ет-----------------Қасық
Дәмді-----------Сорпа
Тәтті-----------Ас
Бұл ойынды әр - түрлі тақырыптар бойынша жүргізуге болады.















“Жоғалған әріптер” ойыны.
Ойынның мақсаты: Оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру
Қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталау.
Ойынның шарты: Сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға 10 сөз жазу.
Мысалы: к... гершін
балдыр... ан
ән... ран

к... тап
к... ктем
... же
... ңгіме
о... ушы
айда... ар
а...
Қай топ керекті әріптерді дұрыс құрастырса, сол топ жеңіп шығады.

“Аукцион” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөздік қорларын молайту. Пәнді сүюге тәрбиелеу.
Ойынның шарты: сынып екі топқа бөлінеді. Тақтаға қағазға жазылған сөзді іліп, бұл сөзге әр топ қанша ұпай беретінін анықтап алу. Ең көп ұпай берген топқа сөзді ашып, дұрыс аудармасын сұрау.
Егер команда дұрыс жауап берсе, берілген ұпайлар команданың қорына көшеді. Дұрыс жауап бермесе, ұпай екінші командаға көшеді. Ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанады.


Сұрақ – жауап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Ойынның шарты: қатты қағаздан 40 карта жасау. 20 картада сұрақтар, қалған 20 картаға жауаптар жазу. Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы сұрағы бар картамен жүреді. Келесі оқушы сұраққа жауап беретін картамен басады.


“ Жалғасын тап” ойыны.
Ойынның мақсаты: сөйлемдерді дұрыс құратуға үйрету.
Ойынның шарты: оқушыларды екі топқа бөлу. Қатты қағазға
мақалдарды бөліп жазу. Оқушыларға карточкаларды таратып беру.
Оқушылар тақтаға шығып мақалдың басын оқиды. Мақалдың жалғасы бар оқушы қасына барып, жалғасын оқиды.

“ Сиқырлы қоржын” ойыны.
Ойынның мақсаты: оқушыларды сұраққа жауап бере білуге үйрету.
Ойынның шарты: тақтаға қоржынның суреті ілу. Қоржынның ішіне сұрақтар салу. Оқушылар бір - бірден шығып қоржыннан сұрақтарды алып оқиды.
Сұрақтар: Сен қайда тұрасың?
Сенің Отаның қай ел?
Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
Елтаңбада не бейнеленген?
Әнұранның авторлары кімдер?
Солтүстік Қазақстан неге бай?
Сен қай көшеде тұрасың?
Сен неше жастасың?
Сенің әкең кім болып жұмыс істейді?
Кім нан пісіреді?
Кім етік тігеді?


«Ұшты-ұшты» -ойыны 
Ұшты, ұшты, үкі ұшты (қол көтеріледі) 
Ұшты, ұшты, түлкі ұшты (көтерілмейді) 
Әр түрлі зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып, балалардың тілінің дамуында сөйлеу қабілетін жетілдіріп, дүниетанымын кеңейтуде сөздік ойындардың атқарар рөлі ерекше екені дәлелденді. Сондықтан барлық сабақтарда сөздік ойындарын қолдануға болады.


«Керекті сөзді тауып айт».

Басқарушы көкөніс, жеміс, оқу құралдары, ойыншықтар т.б. сөздерді атаса, оқушылар сол топқа жататын заттарды атауы керек. 



Сөздік ойын 
1.оценка – баға степь – ...... туча – бұлт смех - күлкі 
берег – ...... город - ...... нация - ..... лиса - ....... 



2. Белгілі бір сөзден бірнеше сөз құрастыру.

Мысалы: «қамсыздандырылмағандықтан» - тамақ, нан, қант, сан,тас, мақта,сағат, қас,қаз,лақ,ырыс...т.б. 



Тізбек ойыны 
Берілген сын есімнің соңғы дыбысынан басталатын басқа сын есімді тауып айту тапсырылады: таза – ақылды - ..... 



«Сөз жарысы» ойынын кез келген тақырыпты өткен кезде,нәтиже сабақта  ойнатуға болады.Мысалы, «Азық түлік» тақырыбын өткен кезде үш  оқушы тақтаға шығып сөздер жазады.Бір оқушы сүт тағамдарын жазады,екінші  оқушы азық түліктерді жазады,үшінші оқушы ет тағамдарын жазады, кім бірінші болып жазып бітірсе, сол оқушы жеңімпаз болады. Бұл ойын оқушыларға өте ұнайды,оқушылар белсене қатысады. «Сандарды сөйлет»  ойыны  оқушылардың сөйлеу дағдылары дамиды, оқушылар қызыға ойнайды.Бұл ойынды «Жыл мезгілдері» ,»Қазақстан  Республикасының мерекелері» тақырыптарын өткенде ойнатуға болады. Сандардыкеспе қағаздарға жазып, бір- бір оқушыдан тақтаға шығып сөйлем құрастырады.Мысалы,365, 12-Бір жылда12  ай  бар ,бір жылда 365 күн бар, 8-наурыз -Халықаралық әйелдер күні. «Кім көп біледі?» деген дидактикалық ойынды сөздер айту , сөз тіркестерін , сөйлем  құрастыру арқылы ойнатамын.


  «Дыбыстар жұмбағы» ойынын барлық сыныптарда ойнатуға болады.Бұл ойын сөздік қорларын дамытады,дыбыстарды дұрыс табуға,айтуға үйретеді.Мысалы,кез келген тақырыпты  қайталаған кезде ойнатуға болады. Оқушылар жиі қолданылатын сөздік қордан сөздер табуы тиіс.Сөздік жұмбақты өздері құрау керек.
  «Мектеп» тақырыбын қайталаған кезде ; қаламда бар,өшіргіште жоқ,қарындашта бар,сызғышта жоқ. Бұл қай әріп? Бұл әріп –Қ


  «Ойлан тап» ойынында оқушылардың кез келген білетін тақпақтарын интерактивті  тақтаға жазып,тақпақтағы қазақ тіліне тән дыбыстарды алып тастап ,дыбыстарды тақтаға шашыраңқы етіп жазып,сол дыбыстарды көп нүктенің орнына  дұрыс қойып шығу керек.


«Шешуін тап» ойындарында қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгеріп алғаннан кейін, оларды әбден бекіту мақсатында жұмбақтар, жаңылтпаштар, олардың сипаттамасын жатқа айтқызамын.

Тілдік ойындар «Азық түлік», «Отбасы», «Киім»,«Тамақ»,«Дүкенде» тақырыптарын өткен кезде  ойнатуға болады. Бұл ойындар оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытады,оқушылардың қызығушылықтары арттады.  Мысалы, «Дүкенде» тақырыбын алатын болсақ,бала мен бала,сатушы мен сатып алушы арасындағы әңгімелесу болады. танытады, сабақтың ортасында да ,соңында дасабаққа  қызығушылығы артып, назар аударуы жоғарлайды.

«Түймедақ» ойыны. Септік жалғауды қайталап бекіту мақсатында жүргізіледі. Таблицаның басына «Түймедақ» деп жазылады да , оның астына дөңгелек сызылады. Дөңгелектің шетінен гүл тостағаншалары орналасатын тілік жасалады, оның гүл тостағаншалары тәрізді қағазға гүл, гүлдің, гүлге, гүлді, гүлде, гүлден, гүлмен деп жазылған сөздер жазылған қағаз жолақтар жасалады. Ойнау шарты: атау септігінде тұрған «гүл» сөзі бар бала оны дөңгелек тіліне іледі.

«Еске сақта» бұл ойынды сөздерді меңгеру барысында қолданған тиімді. Оқушылар үнтаспадан жазылған сөздерді тыңдайды, қайталайды. Есте сақтаулары арқылы дәптерлеріне жазады. Бұл ойынның тағы бір тиімділігі оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға септігін тигізеді. Көп сөз жазған оқушы жеңімпаз атанады.

«Суретті билет» ойыны. Сан есімді өткенде оқушыларға суреті бар кәртішкелер беріледі. Сөйлем құрап, сан есімді табады. Мысалы: оқушыларға гүл, торғай, қоян суреттері беріліп, солар бойынша заттың түрі мен түсі туралы сөйлем құрау тапсырылады. Сөйлемді тез, дұрыс құрап, ондағы заттың түсін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап беріп, сын есім болып тұрғанын айтып айтып берсе, сол бала жеңеді. Мысалы: Әдемі гүл өсіп тұр. Бір торғайға ұя жасадық.

«Үндемес» ойыны. Сөйлем мен сөйлемдегі сөздердің байланысын өткенде, қайталағанда жүргізуге болады. 5 оқушыға орны ауысқан сөздері бар сөйлемдер жазылған қима қағаздар беріп, оларды дұрыстап жазу тапсырылады, немесе интерактивті тақтадан көрсетіледі. Анам, әкелді, қызыл, алма, ұшады, жылы, құстар, жаққа. Оқушылар сөйлем дұрыс құрып болған соң үндемей қол көтереді де тақтаға жазады. Дұрыс жазса оқушылар алақандарын соғып қуаттайды. Егер дұрыс жазылмаса, басқа бір бала дұрысын жазып береді.

«Білім мен дәстүр сыны» ойыны.

Мақсаты: Қазақ халқының дәстүрін біліп, өздігінен іздену үстінде болады.

Ойынның шарты: 1- сұрағы сабақ мазмұнына байланысты, 2- сұрағы ұлттық дәстүрлеріміздің сол сабақпен байланысты тұстарын алу.

Қазіргі уақытта қазақ тілін үйренуде оқытудың иннавациялық әдісін қолданып оқыту болғандықтан, сабақта түрлі жағдаяттарды тудыра оқыту өз жемісін береді. Ауызекі сөйлеуде сұрақтар тудыру тіл үйренушілерді әрі қызықтырады, әрі жағдаяттар тудырып, сол жағдайларға қарам-қарсы пікір айту үшін сөйлеу интенциясын сабақта беріп отыру керек.

«Қонақ» ойыны.

Қонаққа келген адамның өзін таныстыруы. Үй иелерін, яғни, шаңырақ мүшелерін қонақпен таныстыру. Бұл ойынға 4-5 оқушы қатысуына болады. Бұл ойынды отбасы мүшелерін, туыстық атауларды өткен кезде пайдаланған дұрыс. Себебі оқушылар жаңа сөздерді меңгерумен қатар сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.





«Қай буынды жоғалттым ?» ойыны.

Буындарды өтіп, сөздерді дұрыс бөлуге жаттықтыру үшін алғашқы ойын тсілін пайдалануға болады. Мысалы: қалам, мектеп, досым сөздеріндегі қа... , ... теп, дос... жазылмаған буындарды дұрыс, шапшаң, әрі көп тапқан оқушылар ұтады. Бұл ойынды интерактивті тақтада өткізген әсерлі, әрі тиімді болып табылады.

 «Дыбыстар жұмбағы» ойынын барлық сыныптарда ойнатуға болады. Бұл ойын сөздік қорларын дамытады, дыбыстарды дұрыс табуға, айтуға үйретеді. Мысалы, кез келген тақырыпты  қайталаған кезде ойнатуға болады. Оқушылар жиі қолданылатын сөздік қордан сөздер табуы тиіс. Сөздік жұмбақты өздері құрау керек


«Ойыншықты сипатта»

Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алуды ұсынады (1 минут). Мысалы: қуыршақ, түлкі, қоян т.б. Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні, көлемі, дене бөліктерін есіне сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді, талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.


«Төрт құбылыс»

Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші «су» - десе қолдарын алдына созады, «ауа» - дегенде қолдарын түсіреді, «от» - дегенде екі қолын айналдырады, «жер» - дегенде қолдарын Кім шатасса сол ойыннан шығады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Авторская работа на тему "?аза? тілі саба?ында ойын технологиясы"

Автор: Тлеулина Жанна Асылхановна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 194043


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства