Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. ?арсы м?ндес сын есім.»
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 4
Күні: 25.02.16
Тақырып: Қарсы мәндес сын есім Мақсаты: Оқушыларға мағынасы қарама-қарсы ұғымдарын бекіту сын есімдер туралы түсінік беру, сын есімдерді сөйлеу кезінде орынды пайдалана ды. Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту; Сабақтың әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап, топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ, Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін. ІІ. Психологиялық дайындық: Көршілеріңнің аттарының бірінші әрпіне байланысты сын есім айту. Рамазан- рақымды … "Түрлі көзқарас" әдісі арқылы топқа бөлу. (бес топқа бөлінеді). ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. "Үлгі жауап" әдісі арқылы. Топ мүшелері үй жұмыстарын қарап ішінен ең үздік үй жұмысын анықтайды. І. Жаңа сабақ.
1-тапсырма: Таратпа тарату арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
(таратпаға екі сөйлемнен жазылады. 7-12 жаттығулар)
2-тапсырма: "Айрықша тапсырма" әдісі арқылы 9-10 жаттығулар орындалады.
I- топ: инабатты
II-топ: жуас
III-топ: ірі
IV-топ: жұқа
V-топ: құрғақ
сөздерге топ оқушылары бірлесе сөйлем құрастырады.
Үлгі: Құстар өз балапандарына мейірімді болады.
3-тапсырма: "Сәйкестендіру" әдісі арқылы 13-жаттығу орындалады.
қымбат
жұқа
алыс
қараңғы
қою
аласа
сұйық
жарық
жақын
жіңішке
биік
арзан
қалың
жуан
аласа жұқа
жарық арзан
жуан алыс
қымбат сұйық
жақын биік
қою қараңғы
қалың жіңішке
4-тапсырма: "Кездейсоқтық" ойыны. Ұшақ ұшыру арқылы мақал-мәтелдердегі қарсы мәндес сын есімдерді анықтау.
1. Мейірімді алғыс алса Мейірімсіз қарғыс алар. 2. Ақылды іс тындырады, Ақымақ тіс сындырады.
3.Қызғалдақтың қасына Ісіп кетті бас,шекем. 4.Балы тәтті болғанмен, Тілі өзінің ащы екен!
5. Ақылсыздар ұқпайды,
Аққа қара жұқпайды.
6.Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер.
7.Жақсы сөз –сүйіндіреді. Жаман сөз – күйіндіреді.
Кері байланыс: «Сабақта өзіңді бағалай біл!»
Сабақта
Менің іс- әрекетім
Қорытынды
Қызықты
Жалығу
Бәрібір
жұмыс істедім
демалдым
басқаларға көмек бердім
Тақырыпты түсіндім
Көп мәлімет алдым
Түсінбедім
Бағалау:
Бағалау парағы
(1-3) аралықта балл қойылады
Оқушының
аты-жөні
1-тапсырма
(Үй жұмысы)
2-тапсырма
"Айрықша тапсырма" әдісін
3-тапсырма
"Сәйкестендіру" әдісі
4-тапсырма
"Кездейсоқтық" ойыны
Қортынды
1
2
3
4
5
6
7
Үйге тапсырма: 11-15 жаттығуларды орындау.
Қара өрік пен сары өрік,
Ақ өрікті көріп пе ең?
Білсең, кәне айта ғой,
Не жасайды…? (өріктен)
Өлеңнен сын есімдерді тап.
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді тауып, олардың қай сөз табы екенін анықта.
Үлкен кісі бастар, кіші кісі қостар.
Жақсы бала – қуаныш, жаман бала – өкініш.
Қант тәтті болады, бұрыш ащы болады.
Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.
Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақал-мәтелдердің мәнін аш. 1. ... көрмеген ... көрмейді. 2. ... жігіт ақылын жеңдіріп іс қылар ... жігіт оңай істі үш қылар. 3. ... бала – арлы бала ... бала – сорлы бала. 4. ...Ақылды адам өрге озар ...ақмақ адам жер соғар. 5. Ойың ... болсын, Сөзің ... болсын. 6. ... іс тындырады, ... тіс тындырады.
. Қаймықпаймыз қауіптен Зәулім мектеп, алаңды Көркем үйлі қаланы Құрылысшылар салады
Сабақты қорытындылау.
Данышпандар кітабы Біз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе, надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі. (мәтіннен қарсы мағыналы сөздерді тапқызу)
– Не білдік?
– Не үйрендік?
– Не ұнады?
Оқушылар өздерінің осы сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді. «Бағалау парағы» бойынша оқушылар өздерін бағалайды.