Жаңа тақырыпты ашу. Бүгін не туралы өтеміз деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауабы. Сабақтың мақсатымен танысу. Бағалау критериін анықтау. (Көрменің жанында балалармен әңгімелесу) Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады: Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.    Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.    Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады. 2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.     Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.  
 Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі. 3. Космогониялық ою - өрнектер.   Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек. 4. Геометриялық ою - өрнектер.    Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
   Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады. Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. |