I. ?йымдастыру кезе?і. Саламатсындар ма, балалар ! Б?гін бізде ерекше к?н. Бізді? «Тіл – тірегіміз, со?ып т?р?ан ж?регіміз » атты т?рбие са?атымыз ба?дарламасы негізінде сайыс т?рінде ?теді.
М??алімні? кіріспе с?зі: Со??ы жылдары ана тілімізді? мемлекеттік м?ртебеге ие болуы, халы?ты? педагогиканы? асыл ?азынасын пайдалану?а, ?дебиетіміз бен м?дениетімізді, салт – д?ст?рімізді жетілдіруге м?мкіндік ту?ыз?аны еліміз ?шін зор ?уаныш. ?азіргі заман талабы халы?ты? д?ст?рді ке?інен пайдалана білуді к?здеп отыр. Ол ?шін хал?ымызды? ата – бабадан келе жат?ан ?лтты? асыл м?раларын, т?рмыс салтын, ?лгі - ?негесін ж?зеге асыруымыз ?ажет. Елімізді бас?а ел танып жат?анда, т?уелсіз ел тірегі – білімді ?рпа?ты т?рбиелеу басты міндеттерді? бірі. Т?рбиені? негізгі ??ралы – тіл, ол ?лтты? тарихи к?рінісіні? белгісі болып табылады.
Сонды?тан да, біздер, б?гінгі жастар, ана тілін біліп, ??рметтеп, ?астерлеуді ?зімізге басты міндет етіп ?оюымыз керек. Осы айтыл?ан то?сан ауыз с?зімні? тобы?тай т?йіні ретінде а?ын
М??а?али Ма?атаевты?: Е? бірінші ба?ытым – хал?ым мені?, Со?ан берем ойымны? алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын ?ор болмаймын, ?ымбатыра? алтыннан нар?ым мені?.
Ал, екінші ба?ытым – тілім мені?, Тас ж?ректі тіліммен тілімдедім. Кей кейде д?ниеден т??ілсем де
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге , ой – өрісін кеңейтуге , шешендік өнердің қыр – сырын ұғына білуге тәрбиелеу . Тілдің қоғам өміріндегі маңызын ұғындыру . Шығармашылық қабілеттерін дамыту .
Көрнекіліктер: тақырып , мақалдар жазылған плакаттар , шарлар, жапырақтар
Сабақтың әдісі : сайыс сабақ
Сабақтың барысы :
I. Ұйымдастыру кезеңі . Саламатсындар ма, балалар ! Бүгін бізде ерекше күн . Біздің «Тіл – тірегіміз , соғып тұрған жүрегіміз » атты тәрбие сағатымыз бағдарламасы негізінде сайыс түрінде өтеді.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.
Сондықтан да, біздер, бүгінгі жастар, ана тілін біліп, құрметтеп, қастерлеуді өзімізге басты міндет етіп қоюымыз керек. Осы айтылған тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйіні ретінде ақын
Мұқағали Мақатаевтың: Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей кейде дүниеден түңілсем де Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем. Оты сөнген жалғанда жан барсың ба, Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен, - деген өлең жолдарын ұсына отырып, сайысымыздың негізгі бөліміне көшелік.
II. Негізгі бөлім
А) Сайыскерлерді топқа бөлу.
Ә) Әділ – қазылар алқасын таныстыру .
Б) Сайыстың шарты .
I. кезең. «Бәйге» ( оқушылар койылған сурақтарға I минут ішінде тез жауап беруі тиісті )
II. кезең «Мақал – сөздің мәйегі» ( жалғасын табу )
III. кезең . « Жұмбақ шешу»
IV. кезең. «Сөзден сөз құра» топттық жұмысы
Би: 2-ші «Е» сынып қыздары
- Бүгінгі жарысқа үш топ қатысып отыр . Топтарды таныстырып өтейік.
Түрлі түсті жапырақтарды таңдау арқылы оқушыларды топтастыру
1. топ. Алғырлар
2. топ. Білгірлер
3. топ. Тапқырлар
Қазір бүгінгі мерекемізге арнап,тіл туралы тақпақтарымызды айтамыз
Тақпақтар - 3 оқушы ( Омархан,Асемай,Бексұлтан )
I. кезең. «Бәйге» ( оқушылар койылған сұрақтарға I минут ішінде тез жауап беруі тиіс )
1. топ. Алғырлар
1. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар ? (42)
2. Оқушыларға білім беретін кім ?(мұғалім)
3. Кыстан кейінгі мезгіл ?(көктем)
4. Дауысты дыбыстардың түрлері ?(жуан жіңішке)
5. Абайдың әжесі кім ? (Зере)
6. Алғашқы қоңырау мерекесі қай айда болады ? (Қыркүйек)
2. топ. Білгірлер
1. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А.Байтұрсынұлы)
2. Әңгіме жазатын адамды қалай атайды ? (жазушы)
3. Қойдың төлі қалай аталады? (қозы)
4. Бес дұшпан жаман істі (өсек, өтірік, мақтаншақ ,еріншек, бекер ,мал ,шашпақ) ата
5. Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыс бар ? (4)
6. Қолыңа алғаш ұстаған оқулық. (Әліппе)
3. топ. Тапқырлар
1. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
2. Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
3. Көктемнен кейінгі мезгіл ? (жаз)
4. Өлең жазатын адамды қалай атайды ? (ақын)
5. Сиырдың төлі калай аталады ? (бұзау)
6. Бес асыл іс? (талап, енбек, терең ой, қанағат, рахым)
Тақпақтар – 2( Арайлым,Ғалия )
II. кезең «Мақал – сөздің мәйегі» ( жалғасын табу )
IV. кезең. «Сөзден сөз құра» топтық жұмысына кезек береміз
Әр топ берілген сөзіне бірнеше сөздер құрайды.
1. топ. Алғырлар .«Қазақстан»
2. топ. Білгірлер. «Байтерек»
3. топ. Тапқырлар «Бейбітшілік»
Тақпақтар – 2 (Ақжан,Алмат,Динара)
Бүгінгі сайысымыздың ұпайлары дайын болғанша ортаға Абзалды шақырамыз
Қүй: 2 «в» сынып оқушысы. (Абзал)
- Енді, ойышыларымыздың жинаған ұпайларын білу үшін және де ойынның қорытындысымен танысу үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
Қорытынды
Жақсы сөзді жаныңа азық етіп, қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтап , орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрді, Тіл өнерін қадірлеп , құрметтеді . Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Осымен , сайысымыз аяқталды.