kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба? "К?кемгі орман?а саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «К?ктемгі орман?а саяхат»

Саба?ты? ма?саты: Балаларды? жабайы а?дар туралы т?сініктерін тияна?тау. А?дарды? аттарын, балаларын атай білуге ?йрету. Осы а?дарды, таби?атты ?ам?орлау?а, а?дар?а деген с?йіспеншілікке баулу. Та?па?тарды айт?ыза отырып еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру, тілдерін дамыту.

   К?рнекілік ??ралдар: ?лгі суреттер, ойыншы? а?дар, ??стар, шыршалар.

   ?діс-т?сілдер: т?сіндіру, ??гімелесу, к?рсету, с?ра?-жауап, ойын.

   Саба?ты? барысы:

?атармен топ?а кіру. Амандасу. Ше?берге т?рып бір-біріне ала?ан ар?ылы жылу беріп «с?лем» айту.  Досты?ымыз берік сол,

                                               Бекітейік беріп ?ол.

                                               ?айта кіріп ше?берге,

                                               ?андай жа?сы ?ол.

Біз ?з елімізді, жерімізді с?йеміз. Ендеше, кім айтады ?аза?стан р?міздері нелер?

Балалар: -?аза?станны? туы, елта?басы, ?н?раны.

Т?рбиеші:Туда нені? бейнесі бейнеленген ж?не т?сі ?андай?

Балалар:-Мынау ?аза?станны? туы. Туды? т?сі к?к, ортасында к?н, к?нні? т?сі сары, о? жа?ында ?рнек.

Т?рбиеші:-?аза?стан Республикасыны? Елбасшысы кім?

Балалар:-Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев.

Т?рбиеші:-Елімізді? ел ордасы ?ай ?ала?

Балалар:-Астана ?аласы.

Т?рбиеші:Тамаша, ?те жа?сы.

Та?дану с?ті: ?она??а ?онжы?ты? кіруі. Амандасу. Мен анамнан адасып ?алдым, ма?ан к?мек бері?дерші. Орман?а ?алай баратынымды білмеймін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "К?кемгі орман?а саяхат" »

Сабақтың тақырыбы: «Көктемгі орманға саяхат»

Сабақтың мақсаты: Балалардың жабайы аңдар туралы түсініктерін тиянақтау. Аңдардың аттарын, балаларын атай білуге үйрету. Осы аңдарды, табиғатты қамқорлауға, аңдарға деген сүйіспеншілікке баулу. Тақпақтарды айтқыза отырып еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, тілдерін дамыту.

Көрнекілік құралдар: үлгі суреттер, ойыншық аңдар, құстар, шыршалар.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.

Сабақтың барысы:

Қатармен топқа кіру. Амандасу. Шеңберге тұрып бір-біріне алақан арқылы жылу беріп «сәлем» айту. Достығымыз берік сол,

Бекітейік беріп қол.

Қайта кіріп шеңберге,

Қандай жақсы қол.

Біз өз елімізді, жерімізді сүйеміз. Ендеше, кім айтады Қазақстан рәміздері нелер?

Балалар: -Қазақстанның туы, елтаңбасы, әнұраны.

Тәрбиеші:Туда ненің бейнесі бейнеленген және түсі қандай?

Балалар:-Мынау Қазақстанның туы. Тудың түсі көк, ортасында күн, күннің түсі сары, оң жағында өрнек.

Тәрбиеші:-Қазақстан Республикасының Елбасшысы кім?

Балалар:-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші:-Еліміздің ел ордасы қай қала?

Балалар:-Астана қаласы.

Тәрбиеші:Тамаша, өте жақсы.

Таңдану сәті: Қонаққа қонжықтың кіруі. Амандасу. Мен анамнан адасып қалдым, маған көмек беріңдерші. Орманға қалай баратынымды білмеймін.

Тәрбиеші:-Балалар көмек-тесейік пе? Ендеше, орманға қандай транспорт түрлерімен баруға болады?

Балалар:-Машина, автобус, т.б.

Тәрбиеші: Транспортқа кіру үшін, не төлеу керек?

Балалар:-Ақша, билет алу керек.

Тәрбиеші:-Жарайды, ренжімеңдер, біздер серуендеп, орманға жаяу барамыз.

Тәрбиеші:-Балалар, біздер қайда келдік?

Балалар:-Орманға.

Тәрбиеші:-Міне қонжық орманға да келдік. Апанға бара ғой! (шығып кетеді).

Тәрбиеші:-Балалар орманда нелер мекендейді?

Балалар: -Құстар, жәндіктер, жабайы аңдар, т.б

Тәрбиеші:-Мына шыршаға қараңдар, қандай әдемі! Мынау хат қой!!!

Кімде-кім бізбен ойын ойнаса, соларға сыйлығымыз бар делінген. Ойынның аты «Кім білгіш?» деп аталады. Сұрақтарға жауап айту керек екен.

Қасқырдың сұрағы:

-Қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)

-Қасқырдың түсі қандай? (Сұр)

-Қасқыр қалай ұлиды? (у-у-у-у)

-Қасқырдың баласын қалай атайды? (бөлтірік)

-Түлкінің түсі қандай? (қызғылт сары)

-Түлкінің дене мүшелерін атаңдар?


Жұмбақ: «Өзі бір қу, жүрген жері айғай шу». (түлкі)


Қоянның сұрақтары:

-Қоянның терісі қыста қандай болады, ал жазда ше? (Қыста ақ, жазда сұр)

-Қоянның баласын қалай атаймыз? (көжек)

-Олар не жегенді ұнатады? (Сәбіз)

-Қоянның құлағы қандай? (ұзын)

-Қоянның көлемі қандай? (кішкентай)

-Қоян түралы тақпақ білесіңдер ме?

Тақпақ : -Ақ қон-ау. Ақ қоян

Қорқақ қоян, сақ қоян

Қаша берсең қалыңға

Қорқағым деп ат қоям.


Жұмбақ: «Өзі қорқақ, қыс пен жазда екі түрлі тон киеді». (қоян)


Аюдың сұрақтары:

-Аю жылдың қай мезгілінде ұйықтайды? (Қыста)

-Қай кезде оянады? (Көктемде оянады.)

-Аюдың баласын қалай атайды? (қонжық)

-Аю мен қонжық не жегенді жақсы көреді? (бал)

-Аю туралы тақпақ білесіңдер ме?

Тақпақ: -Аю отыр партада ,

Екі қолы қалтада.

«А» деді «Б» деді,

«Р»-ға тілі келмеді.

Жұмбақ : «Қыста ұйықтайды

Жазда қыдырады». (аю)










Кірпінің сұрағы:

-Кірпі туралы тақпақ білесіңдер ме?


Тақпақ: Кірпі, кірпі, кірпі,

Үстің толған ине

Бірін берсең шіркін

Қадар едім түйме.




Мына шыршаға қараңдар, балалар:

- Шыршада нелер отыр? (құстар отыр).

Қане, санайық: 1-5 ке дейін тура және кері санау. 2 торғай ұшып кетті, нешеу қалды, 1 торғай ұшып келді, нешеу болды?

«Құстың ұясын бұзуға бола ма?» (болмайды)

Мына сұрақтар жазылған пішіндерді бәріміз атап айтамыз. Сандарға байланысты кім санамақ айтады



Санамақ: Бір дегенім-білім

Екі дегенім-еңбек

Үш дегенім-үміт

Төрт дегенім-төзім

Бес дегенім-бестік.



Мына шыршаға қараңдар, балалар:

- Шыршада нелер отыр? (құстар отыр).

Қане, санайық: 1-5 ке дейін тура және кері санау. 2 торғай ұшып кетті, нешеу қалды, 1 торғай ұшып келді, нешеу болды?

«Құстың ұясын бұзуға бола ма?» (болмайды)

Мына сұрақтар жазылған пішіндерді бәріміз атап айтамыз. Сандарға байланысты кім санамақ айтады



Санамақ: Бір дегенім-білім

Екі дегенім-еңбек

Үш дегенім-үміт

Төрт дегенім-төзім

Бес дегенім-бестік.

Дидактикалық ойын: 1 «Кірпіге көмектесу.»

Балалар, сендер кірпіні білесіңдер ме? Кірпі шыршаның бүрін жинағанды ұнатады.Ендеше, кірпіге шыршаның бүрін жинап берейік.

Дидактикалық ойын: «Жабайы мен үй жануарлады жеке қой»

Рахмет балалар,өте жақсы, енді тобымызға оралайық.


Міне, тобымызға да келіп жеттік. Ал қазір қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңыздар!
























«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»







Ашық сабақ

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі










Тәрбиеші: Ибраева А.М.







2015ж


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Ашы? саба? "К?кемгі орман?а саяхат"

Автор: Ибраева Алия Муталип?ызы

Дата: 12.04.2015

Номер свидетельства: 200560


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства