kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Алғыс айту-игілік сыйлау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Алғыс айту-игілік сыйлау

Оқиға айту Мұғалім сыйы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Алғыс айту-игілік сыйлау»

Мектебі: №49 Мерзімі:26.12.2018жыл №: 16 сабақ

Тақырыбы: Алғыс айту-игілік сыйлау

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: достық, бауырмалдық, татулық.

Сыныбы:1 «А,Ә,Б»

Мақсаты: оқушыларға   адам өміріндегі алғыс алудың маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

-оқушыларға бауырмалдық қасиеті туралы түсінік беру.

- оқушылардың бойындағы достық қасиеттерін дамыту.

-оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық,дәптер,

үнтаспа,бейнелі суреттер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. 5Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.


2. Үй тапсырмасын тексеру.

№16 – сабақ. «Әдеп» мәтінін үлкендердің көмегімен оқып келу.

Сұрақтар:

1. Әжей неліктен екі балаға да алма берді?

2. Арман не үшін қысылды?

3. Адамды қандай іс – әрекет қуантады?


3. Сабақтың дәйексөзі.

(Бірінші ұл балалар қайталайды, кейін қыз балалар қайталап оқиды)

«Алтын алма алғыс ал,

Алғыс деген – ел сыйы»

Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты? 
2. Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?

3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Б. Момышұлы.

... Тағы бір жай ойыма оралады...

Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немеге, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?» – деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып:«Ассалам-алейкум, аталар» деп әр сөзді қадап-қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «әлейкүм ас-салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді» – дейтін. Міне, әке тәрбиесі осы.

Сұрақтар:

1. Атасы немересіне не себепті риза болды?

2. Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Сендер өз әдептіліктеріңді қалай көрсетесіңдер?

4. Өзіңнің ризашылық алған кездерің туралы әңгімелеп бер.


5. Шығармашылық іс - әрекет, топтық тапсырма.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Тапсырма: Рақметке лайықты кімдер?

Тізімді бірге құрайық! Бастысы – алғыс айта білу...

1 – топ:

Анаға – .................................... (өмір сыйлағаны үшін) 
Әкеге – .................................... (қорған болғаны үшін) 
Далаға – .................................. (гүлдері мен көк шалғыны үшін) 
2 – топ:

Сөзге – .................................... (жанды жылытатыны үшін)

Күнге – .................................... (шуағы мен назары үшін) 
Жұлдызға...................................(қараңғы түндегі жарығы үшін)
3 – топ:

Досқа –..................................... (құшағы мен иығы үшін)
Әжеге –..................................... (ыстық алақаны үшін)

Суға – ....................................... (тіршілік көзі болғаны үшін) 


6. Топпен ән айту.

«Мен Үлгілі баламын» Сөзі: Айтжан Байғожаев Өлеңі: Әшір Молдағайынов

Мен үлгілі баламын,

Үлкен тілін аламын.

Ерте тұрып төсектен,

Малға шөп те саламын.



Су да алып келемін,

Қаздарға жем беремін.

Дүкенге әжем жұмсаса

Әкеп берем керегін.


7. Үй тапсырмасы.№17 – сабақ. «Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгімесін үлкендердің көмегімен оқып келу.

8.Қорытындылау: Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Алғыс айту-игілік сыйлау

Автор: Султанова Оразкуль Турсыновна

Дата: 05.06.2019

Номер свидетельства: 513525


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства