kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

АКТ-ны пайдалана отырып оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту

Нажмите, чтобы узнать подробности

Алғы сөз
Математика пәні қызық та, күрделі пәндердің бірі. Көбіне оқушылардың білім деңгейіне,дайындығына сәй-кес, уақыттың болуына қарай өткен тақырыпты қанша- лықты меңгергендігін тексеру үшін қосымша тапсырма- лар ұсынып отырамыз.Бұл жұмыс түрі баланың бағдар- ламаға қаншалықты түсінгенін көрсетеді,әрі өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады, математикалық бі- лімді жүйелейді.
Ұсынылып отырған жинаққа енгізілген тапсырма- лар мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді деп ойлаймын. Себебі, тапсырмалар оқулықтың тақырыптары мен та -рауларына сәйкестендірілген:
1.Көп таңбалы сандар
2.Шамалармен жүргізілетін есептеулер
3.Теңдеулер және оларды шешу
4.Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері
5.Есептер және оларды шығару
«Математика ақыл-ойды тәртіпке келтіреді»,- деген рас.Соған орай берілген тапсырмалар да мазмұнына сай шартты белгілермен көрсетілді:
@ Оқы және есептеп жаз
& Қызықты тапсырмалар
! Сызу жұмыстары
Бұл құрал оқушылардың математика сабағына қызы- ғушылығын арттырып, берілген материалдарды еркін меңгеру үшін тиімді де, пайдалы болсын дегім келеді.

3
Көп таңбалы сандар
1-тапсырма
@ Сандарды өсу ретімен жаз:259, 206,251,219,291,20
& Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқай-
сысы неше сағат ойнады ? 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«АКТ-ны пайдалана отырып оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту»

Ұстаз төлқұжаты



Аты жөні: Жұмажанова Шынар Қабдылқаққызы

Туған жылы: 10.04.1975

Білімі: жоғары

Санаты: II

Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі

Пән: Бастауыш сынып,

Педагогикалық жалпы өтілі: 8 жыл

Осы салада: 2 жыл

Қай жылдан осы мектепте жұмыс істейді: 2014 ж

Қандай оқу орнын бітірді: Казақ иновациялық гуманитарлық- заң университеті

Диплом бойынша мамандығы: 1. Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі;

Сынып жетекші: 1 сынып

Кабинет: бастауыш сынып

Курстан өткен жылы: 2012, 2014. 2016 ж

Мекен жайы: Береговой ауылы. 1 май көшесі















Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту –
педагогикалық технология
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.
Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
Қызығушылықты ояту
Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:


Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.
Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстыра кетеміз.
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.
Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:

Бөліктің оң жағына Сол жағына
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады. Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)
 
 Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:
─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?
─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.
Бұл әдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістің тиімділігі – сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Біз жобадағы әдістердің тек бірнешеуін ғана сөз еттік. Қалғандары осы тақырыптар арнайы ұйымдастырылатын курс жұмыстарында талқыланады.
“Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” жобасында жұмыс жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Мектеп өмірінде мұғалімдердің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.
Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де осылар.
Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа жүйенің құны болмайды.

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді
Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді
Мәтіннің идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады Шығарма жазады
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді


RWCT    с а б а қ т а р ы
Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті
Топқа бөліп, ой қозғайды Ұжыммен жұмыс жасайды
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды Мәтінмен өздері танысады
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды
Өз ойларын жазуды ұсынады Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді
Ойларын қорытуға бағыттайды Өз тұжырымдамасын жасайды

Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Мен өз сабақтарымда, көбінесе ана тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүй елі түрде қолданып келдім. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Венн диаграммасы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

















1 деңгей мұғалімі үшін
1. Мұғалім туралы мәлімет
2. Өзін өзі дамыту папкасы
3. Мектептің даму жоспары
4. Ұзақ мерзімді жоспар
5. Орта мерзімді жоспар
6. Қысқа мерзімді жоспар
7. Рефлексивті күнделік
8. Оқушының жұмыстары
9. Сынып оқушыларының білім сапасының мониторингі
10. Коучинг жоспары, материалдары, фокус группаның мониторингі
11. Іс-әрекеттегі зерттеу жоспары, материалдары
12. Lesson study – зерттеу тобының жұмысы, сабақ жоспары, фокус группа (АВС оқушылары) бақылау парақтары, рефлексия, кері байланыс, нәтижесі
13. Менторинг жоспары, кері байланыс, тәлім алушының рефлексиясы,мониторинг, реф. күнделік
14. Желілік қоғамдастық жоспары, материалдары, мониторинг
15. БАҚ материалдары
Рефлексивті күнделік , мониторингке байланысты толықтырулар мен ұсыныстар енгізуге болады

















Өз білімін көтеру жоспары

Павлодар облысы

Качир ауданы

Береговая орта мектебі

 




Бастауыш сынып мұғалімі

Жұмажанова Шынар Қабдылқаққызының өз білімін көтеру

жоспары 

Мектептің әдістемелік тақырыбы:

АКТ мен жаңа педагогикалық технолгиялары негізінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын нәтижелі дамыту.

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:



Өз білімін көтеру тақырыбы:

  «Акт мен жаңа педагогикалық технологиялар негізінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.»  

Өздігінен білім алудың мақсаты:

1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;

2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;

3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;

4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,

 







Біліктілігін көтеру курстары

 

Мекеменің аты

Тақырыптың аты

Курсты өту мерзімі

Куәліктің

нөмірі

Павлодар облыстық педагог –мамандар біліктілігін арттыру институты

Проектілік әрекет арқылы мұғалімнің іздену-зерттеуәрекетін құзреттілкке негіздеу.

12.03.2012-18.03.2012

0363646

Павлодар облыстық педагог –мамандар біліктілігін арттыру институты

«Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен өнімді әрекет етуамалдарын дамыту»

09.02.2015-21.02.2015

0094794


Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. филиалы.








Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиалық сағат көлемінде оқыту курсын аяқтады.

11.07.2016-29.07.2016

БЖ№ 006169

  Басталуы: 2014 жылы

Аяқталуы: 2019 жылы


Бағыттары: сөзбен жұмыс, сөз тіркесі мен сөйлеммен жұмыс, байланыстра сөйлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1.   Сөз бен сөйлемнің ерекше белгілерін білу.

2.   Сөз тіркесі мен сөйлемнің ерекше белгілерін білу.

3.   Сөйлем ішіндегі сөздердің байланысын білу.

4.   Сөйлемнің негізгі мүшелерін, олардың сұрақтарын білу.

Істей білу:

1.    Сөйлем құрастыру.

2.   Сөздердің мағынасын өзгертіп, сөйлем құрастыру.

3.   Сөйлемнің негізгі мүшелерін табу.

4.    Мәтіннен хабарлау, сұраулы, лепті сөйлем табу.           

5.    Сөйлемнің әр түрін құрастырып жазу.

6.    Сөз – адамдардың арасындағы жанасушылық тәсіл. Сөз адамның ойына, сезіміне және тәртібіне әсер етеді.

7.    Мәтіннің негізгі ойын табу. 

   


























Өз білімін жетілдірудің жоспары

 

Негізгі бағыттар

Өткізілген жұмыстар

Орындалу мерзімі

Кәсіби

1.    Пәндік баспалар мен

 Интернет арқылы жаңа педагогикалық технолог - иялармен танысу

 

әрдайы

2.    «Бастауыш сынып»

журналын жазғызу

 

әрдайым

3.    Сол журналдардан

мақалалар тізімдемесін жүргізу

 

әрдайым

4.    Бастауыш сынып

курстарында біліктілігімді арттыру

 

2014-2015 ж

Психолого-педагогикалық

1.    Қазіргі психология

 мен педагогика облысын -да өз білімімді жетілдіру

 

әрдайы

Әдістемелік

1.    Бастауыш сыныпта-

рының қазіргі білім мазмұ ны бойынша білімді жетілдіру

 

әрдайым

2.    Оқытудың жаңа

әдіс, тәсілдерімен танысу

әрдайым

3.    Бастауыш сыныптар

 бірлестігінің жұмысына белсенді қатысу

 

әрдайым

4.    Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру және сайыстарға, ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға  қатыстыру

 

2014-2019 жж.

5.    Өз мектеп мұғалімдерінің тәжірибелерімен танысу

 

әрдайым

6.    Әріптестердің сабақ

тары на қатысу және тәжірибемен алмасу

 

әрдайым

7.    Өз жұмысымды

талдау

 

2019 ж.

8.    Жақсы сабақтардын,

 әдістердің базасын құру

 

әрдайым

9.    Ашық сабақтар

өткізу

 

жылына 1,2 рет

10.                     Өз білімін жетілдіру

 бойынша баяндамалар оқу

жоспар бойынша

Ақпараттық-технологиялық

1.    Педагогика, психо -

логия және пән бойынша ақпаратты Интернетте шолу

 

әрдайым

2.    Тілектестермен бай -

ланысу үшін электрондық пошта құру

 

2014 ж.

 














Өз білімін көтеру жұмысының

негізгі кезеңдері

 

Кезеңдері

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Сарамандық қызмет

Диагностикалық

1.    Мәселе бойын- ша әдебиеттік басы - лымдарды зерттеу

 

2011-2012

1.    Мұғалімдердің білімін

жетілдіру курстар

2.    Мектептің әдістемелік

бірлестігінің мәжілісінде сөйлеу

3.    Әдістемелік әдебиеті- не жазылу

4.    Өз тақырыбы бойын-ша әдебиетті зерттеу

Болжау кезеңі

1.    Тақырыптың

мақсаты мен міндет - терін анықтау

2012

1.    «Шығарма – оқу –

 шылардың тілін дамыту тәсілі» тақырыбымен әдістемелік бірлестігінің мәжілісіне қатысу

2.    Жоспар құру

2012

3.    Нәтижелерін

болжау

2013

Сарамандық

1.    Жұмыстың

тәжірибесін енгізу

2014

1.    Педагогикалық кеңесте баяндама оқу

 

2.    Әдістемелік

кешенін құру

2014

2.    Конференцияларға,

олимпиадаларға, конкурс - тарға қатысу

 

3.    Жұмысты

түзету

2015

3.    Ашық сабақтар өткізу

4.    Тілектестермен байла-

нысу үшін электрондық пошта құру

Жинақтау кезеңі

1.    Жұмысты

қорыту

2015

1.    Баяндамалар мен

есептерді ортаға салу

2.    Аудандық конферен -

цияларға, олимпиадаларға қатысу және олардың қоры - тындысы

3.    Жұмыстың қо -

рытындысын рәсім - деу

2016

4.    «Қазақ тілі  сабақта-

рында оқушылардың байла- ныстырып сөйлеу қабілетте- рін дамыту» тақырыбына мастер-класс

5.    Оқушыларға консу -

льтативтік көмек көрсету

Енгізу кезеңі

Тәжірибенің таратылуы

2016

1.    Тәжірибені басылым -

дарға жазу

2.    Тақырыптың нәтиже -

лерін мектептің сайтына орналастыру

 

















Тіл негізі - ой дамыту

 

Тіл негізі - ой дамыту
Тіл адамзаттың бір - бірімен пікірін, түсінуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым - қатынасты іс жүзіне асырады.
Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді, «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Жүсіп Баласағұн «ақыл - ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп айтқан екен.

Қазіргі таңда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дара қабілеттігін дамытуға мүмкіндік беретін бағдарлы білім беруге жол ашатын Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес оқыту мазмұнын қоғам талабын ескеріп, жаңарту қажеттігі - оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз бетінше міндетті және мүмкін деңгейлерді игере білуге үйретуді көздейді.

Тіл дамыту жұмысы – күрделі де творчестволық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатын – олардың орындаған жаттығулардың мазмұндылығы, жүйелігі, анықтығы, мәнерлігі, тазалығы, өрнектей, түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі.

Тіл дамыту - ойдың жұмысына негізделіп, ойлауды іске асырады. Көптеген зерттеулерге қарағанда, нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуы да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндіктері де мол болады. Тілді меңгеру барысында бала қорытынды жасайды, жалпылау, нақтылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын қолданады.

Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым - қатынас жасап қоймайды, сонымен бірге айналасын да таниды. Сөйлеуді меңгеру - шындықты меңгеру. Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1. сөздік жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстарда сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір - бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында қалған екеуінде үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, орфографиялық шеберліктері іске асырылады.

Жалпы сөйлеу дегеніміз өзі адамның ойын, білгенін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін, яғни қарым – қатынас жасау үшін тіл арқылы байланысу болып табылады.
Тіл дамыту балаға тек жаттығулар мен мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындау арқылы ғана емес, сонымен қатар сөйлеу баланың өзін көрсететін құралына айналып, оны қуантып көңілін шарықтататын болуы керек. Балалардың ойын дамыту үшін негізінен мынадай жұмыстар іске асырылады.
1. Бақылау, тіл дамытудың қайнар бұлағы. Бақылау арқылы жинаған материалдарын сөйлемдер, мазмұндама, шығарма етіп жазуға, сол сияқты түрлі жаттығуларға пайдаланады.
2. Шығарма жаздыру. Ш. Кәрібаев:« Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруына талап етеді. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін материалды жаздырған дұрыс» - дейді.
Бастауыш мектепте жүргізілетін тіл дамыту жұмысы мынадай мақсаттарды көздейді: 1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, өз бетімен қорытынды шығара білуге үйрету.
2. Қазақ әдеби тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылап беру.
3. Ана тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырын, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге тәрбиелеу.
4. Жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп ұсыну.

 




























р/с

Атқарылатын жұмыстың мазмұны

Мерзімі

 

Пайдаланған

әдебиеттер

 

І. Идеялық -теориялық  білімді жетілдіру

 

1

 

ҚР Конституциясы

Үнемі

 

 

ҚР  «Білім туралы» Заңы

Үнемі басшылыққа алу

«Егемен Қазақстан»

үнқағазы

 

«Тіл туралы» Заңы

Үнемі

 

 

Білімдегі жаңалықтар

Үнемі

 

 

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы

 

 

 

ҚР  2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдасы

 

 

7

Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексі

 

Алматы 2007 жыл

 

12 жылдық білім беру бағдарламалары

 

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы «ҚР – ның Мемлекеттік рәміздері туралы».

Үнемі

 

 

«Қазақстан-2030» стратегиялық   бағдарламалары

 

 

 

Балалар  құқығын қорғау Конвенциясы.

 

 

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жылма – жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін  оқу – тәрбие процесінде қолдану.

Үнемі

Ақпарат құралдары

Интернет

 

 

ІІ.Әдіс-тәсіл мен әдістемелік шеберлікті жетілдіру

 

 

Жаңа педагогикалық технология

 

Педагогикалық ізденіс

 

Проблемалық оқыту әдісі

 

 

3

1.Ішнәра-ізденіс (эвристикалық)

2.Зерттеу әдісі

 

 

4

Ж.Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту » әдісі

 

 

5

Облыс көлеміндегі жаңа педагогикалық  іс-тәжірибемен танысу

Уақытында

 

6

Педагогикалық шеберханалар технологиясы

Үнемі

Интернет материалдары

7

Білім берудің негізгі міндеті

 

 

8

Бейіндік оқыту

 

 

9

Инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу- құралдары-

мен,электрондық оқулықпен, компьютермен жұмыс

 

 

10

Әр түрлі білім жетілдіру курстарына бару

 

 

11

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда интернет материалдарын пайдалану

 

Әдістемелік журналдар

 

 

ІІІ. Психо - педагогикалық әдіс-тәсілдер

 

1

Оқушылардың тұлғалық бейнесін қалыптастыру шарттары

 

 

2

Тест түрлері бойынша оқушылардың логикалық ойын дамыту

Сабақ үстінде

Шың

Интернет

3

Оқушыларды зерттеудегі диагностикалық әдіс

а) Сапалық-диагностикалық әдіс

ә) Экспериментальды әдіс

 

Ф.М. Фридман

«Изучение личности учащихся и ученических коллективов»

 

 

ІV. Сынып жетекшісі ретінде ізденіс

 

 

1

Сынып ұжымына тәрбие жоспарын дайындау.

қыркүйек

«Сынып жетекшісі»

«Тәрбие құралы» журналы

2

 

Кешенді бағдарламаны басшылыққа ала отырып,апталық,айлық жоспар дайындау.

Қыркүйек-мамыр

Ақпарат құралдарына сүйену

3

Халықтық педагогика элементтерін іс-тәжірибе жүзінде дайындау.

үнемі

Мектеп кітапханасымен байланыс жасау

 

4

Модульдік технологияны тәрбие жұмысында қолдану бағытындағы тәрбиелік шаралар дайындау.

Уақытында

М.М.Жанпейісова «Модульдік технология негіздері»

 

1

Сынып ұжымына тәрбие жоспарын дайындау.

Қыркүйек

«Сынып жетекшісі»

«Тәрбие құралы» журналы

 

 

V. Шығармашылық жұмысты жетілдіру

 

1

Сыныпта және сыныптан тыс уақытта оқушы шығармашылығын дамыту

Жыл бойы

 

2

Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, шығармашылық сабақтар өткізу

Оқу жылында

Шығармашылық сабақтар

3

Оқушыларды ғылыми бағыттағы жұмысқа баулу

Үнемі

Ғылыми жұмыстарға қатысу

4

Оқушылардың кіші ғылыми жобалар сайысына қабілетті оқушыларды қатыстыру

Уақытында

 

5

Оқушыларды әр түрлі деңгейлік тапсырмалармен оқыта отырып, олимпиадаға  дайындау

Жыл бойы

Олимпиадаға қатысу

6

Әр түрлі мектепішілік, қалалық, облыстық сайыстарға қатысу

Уақытында

Әр түрлі сайыстарға, байқауларға қатысу

7

«Дарын» орталығының тестер жинағымен жұмыс

Үнемі

«Дарын»-2007,2009,

 

 

VI. Мәдени ой – өрісін кеңейту

 

1

Көркем әдебиеттер оқу

Үнемі

Абай, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекқожин т.б. туындылар

2

Күнделікті газет-журналдар оқу

Үнемі  

 

3

Теледидардан «Хабар», «Ақшам» т.б. бағдарламаларды көріп отыру.

Үнемі  

 

 

 

VII. Қазақ тілін дамыту

 

1

«Ана тілі» газетінің материалдарын сабаққа, тәрбие сағаттарына пайдалану.

 Үнемі

«Ана тілі» газеті

2

Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін,тарихын оқушыларға игерту.

Үнемі

Тәжірибе алмасу

3

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Үнемі

 

4

Ана тілі арқылы ұлтжандылықты, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.

Үнемі

 

5

А. Байтұрсыновтың тіл үйретуге қатысты қағидаларын басшылыққа алу.

Үнемі

А.Байтұрсынов

6

«Тіл туралы заңды» жүзеге жасыру

Үнемі

 





Өздігінен  білім  жетілдіру  — кәсіби кемелдену.

Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай  алатын, белсенді әрекетті, жан – жақты болуды талап етеді. Біздің елімізде жаңаша  білім беруде әлемнің алдыңғы қатарлы  мемлекеттерінің қатарына  ену мақсатында түрлі  шаралар атқарылуда. Бүгінгі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін — әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

Мұғалімнің кәсіби шығармашылығы -оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның білім беру аясы да соғұрлым кең болмақ.

Аталған  талаптар мұғалімнің  шығармашылық іспен айналысуын қажет етеді. Жаңашыл  мұғалім – өзін – өзі дамытып отыратын түлға. Олай болса «өзін – өзі дамыту немесе жетілдіру » деген не? Соған тоқталайық :

Өзінөзі  жетілдіру дегеніміз – өздігінен білім алу, өз бетімен оқу, жетілу  процесі болып табылады.

Өздігінен білім алудың мақсаты:

  1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;

  2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;

  3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;

  4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,

  5. Әдістемелік тақырыбы мұғалімдердің жұмыс жоспарында ашылуы тиіс.

 

Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіруге түрткі болатын мәселелермен қажеттіліктері:

  • Күнделікті ақпаратпен жұмыстануы. Мысалы ата – аналар жиналысын өткізу, сайыстарға, мектепшілік шараларға қатысу үшін мұғалімде ақпарат іздеуге және жаңа ақпаратты талдауға қажеттілік туындайды;

  • Шығармашылық шабыты;

  • Ғылымның қарқынды өсуі;

  • Қоғамда болып жатқан өзгерістер және оның дамуы;

  • Бәсекелестік (әріптестер арасындағы бәсекелестік);

  • Қоғамдық көзқарас , айналасындағы адамдардың осы  ұстаз  туралы  пікірлері;

  • Материалдық стимул. Аттестаттау комиссиясының пікірі, санаты, өтемақы немесе марапаттаулар;

  • Қызығушылық;

 

 

Мұғалімнің өздігінен білім алуын және оны жетілдіруді қажет ететін

 негізгі бағыттар:

  • Кәсіптік (пәнді оқыту бойынша);

  • Психологиялық — педагогикалық (оқушыларды және ата-аналарды бағыттау);

  • Психологиялық (имидж, пікірлесу, көшбасшылық қасиеті);

  • Әдістемелік (педагогикалық технологиялар, оқытудың әдіс-тәсілдері, формалары);

  • Құқықтық;

  • Эстетикалық;

  • Тарихи ;

  • Шет тілдері;

  • Ақпараттық-компьютерлік технологиялар;

  • Қызығушылықтары, хоббиі;

 

Өзін – өзі дамытудың негізгі түйіні неде?  Мұғалім өзін – өзі дамыту барысында ақпаратты әртүрлі білім алу көздерінен алады және алған ақпаратын сабақта немесе өмірде пайдаланады. Осындай  ақпарат көздері  өзіндік, кәсіби  өсуге ықпал ететін   білім көздеріне бөлінеді.

 

Өздігінен білім алу көздері:

  • семинарлар мен конференциялар

  • шебер сынып

  • іс-тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралар

  • біліктілікті жетілдіру курсы

  • ашық сабақтарға қатысу

  • экскурсиялар, театрлар, мұражайлар, концерттер, газеттер, журналдар

  • әдебиет (әдістемелік, ғылыми, көркем)

  • интернет.

 

Мұғалімнің өзін – өзі жетілдіру формалары:

Өзін – өзі дамытудың формаларын екіге бөлуге болады.

Жекеленген  және  топтық.

 

 

 

 

Мұғалімнің өзін – өзі дамыту процесінің  құрамдас бөліктері:

 

Мұғалімнің  өзін – өзі дамыту барысындағы іс – әрекеттерін алатын болсақ , олар – оқу, үйрену, зерттеу, талдау, бақылау және жазу болып табылады.

Осы іс – әрекеттердің мұғалімнің кәсіби аймағындағы  рөлі қандай?

  • Жаңа педагогикалық технологияларды, білім беру тәсілдерін, әдістерін үйреніп, қолдану.

  • Әріптестерінің сабағына қатысу, тәжірбие алмасу.

  • Өзінің педагогикалық шығармашылығына жүйелі түрде өзіндік талдау жасау.

  • Қазіргі кездегі психология – педагогикалық аумағында білімін үнемі жетілдіріп отыру.

  • Еліміздегі саясаттағы, мәдениеттегі, экономикадағы жаңалықтардан хабардар болу.

  • Өзінің жалпы мәдениетін, құқықтық білімін көтеріп отыру керек.

 

Мұғалімнің өзіндік жетілу процессіне тікелей және жанама түрде құрайтын іс әрекеттерін тізбектейік

  • Белгілі бір телебағдарламаларды қарау;

  • Әдістемелік пәндік басылымдарды оқу;

  • Өзінің пәні бойынша жаңа, озық технологиялар туралы ақпаратты ғаламтордан шолу;

  • Кәсіби пәні бойынша есептер, тест, деңгейлік тапсырмалар орындау;

  • Семинар, конференция, on – line сабақтарға, тренингтерге қатысу;

  • Шет тілдерін үйрену;

  • Білім жетілдіру курстарына бару;

  • Ашық сабақтар өткізу;

  • Мектептегі, ауылдағы немесе еліміздегі әріптестерімен байланысу, интернет арқылы тәжірбие алмасу;

Жоғарыда көрсетілген пункттерге тоқталып,  әр мұғалім  өзінің білім көтеру  жоспарын құра алады.

Мысалы:

Жаңақала жалпы орта білім беретін  мектебінің информатика пәні мұғалімі Ильясова Жансая Ильясқызының өз білімін жетілдіру жоспары.

2013-2014 оқу жылына қойылатын міндеттер.

 

  1. Информатика пәнін оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздерін оқып үйрену.

  2. Оқушылардың пәнге қызығушылықтарын  арттырудың әдіс – тәсілдерін жетілдіріп отыру.

  3. Білім саласындағы жаңалықтармен танысу.  Өз жұмысында қолдану.

  4. Жалпы дүниетанымды арттырып отыру.

 

Өзін –  өзі дамыту  жоспары

Өз бетімен зерделейтін мәселелер мен тақырыптар

Әдебиеттер

Жұмыстар дың нысандары мен әдістері

Мерзімі

І Жалпы идеалогиялық мәдениетін арттыру.

1

Еліміздің саяси әлеуметтік мәселелері бойынша жаңалықтары

Ғаламтордағы  сайттары, қоғамдық – саяси және мәдени газеттер, телеарналар

Оқып танысу

Үнемі

2

Облыс, аудан  жаңалықтары

 сайты, «Орал өңірі», «Жаңарған өңірі» газеттері

Оқып танысу

Үнемі

ІІ. Оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық – психологиялық негіздері

1

Педагогика саласындағы жаңалықтар

www.edu.gov.kz сайты «Қазақстан мектебі» журналы, «Қазақстан мұғалімі» газеті

Оқып танысу

Үнемі

2

12 жылдық білім беруге көшудің пед-қ, психол-қ әдістемелік негіздері

«12 жылдық білім», «Ұстаз» журналдары, «Жайық ұстазы» газеті

Тезистеу

Әр апта сайын

3

Педагогика – психология бойынша терминдер

«Педагогика», «Психология» кітаптары

Глосарий

Каникул кездері

4

Педагогикалық технологиялар

Әдістемелік басылымдар

Глосарий

Ай сайын

ІІІ. Теориялық және әдістемелік дайындық

1

Информатика пәні бойынша әдістемелік шеберлікті арттыру

«Информатика негіздері», «мұғалім.kz» журналдары,

Тезистер

Үнемі

2

Информатика пәні бойынша оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыру

Электрондық оқулықтар, сайттар, методикалық нұсқаулар, тесттер жинағы, дидактикалық материалдар

Оқушылар мен жұмыста қолдану

Күнделікті сабақтарда

IV. Жалпы дүниетанымы

1

Жалпы дүниетанымды арттырып отыру

Интернеттегі энциклопедиялар, танымдық газеттер мен журналдар

Оқып танысу

үнемі

 

 

Мұғалімнің қол жеткізетін жетістіктерінің тізімі

  • пәнді оқыту сапасын жетілдіруі (оқыту сапасы мен тиімділігін анықтауға болатын көрсеткіштерді көрсету)

  • шығарылған жинақтар, мақалалар

  • оқытудың жаңа әдіс-сәтілдерін, формаларын әзірлеу

  • дидактикалық материадарды, тестілерді, көрнекіліктерді жасау

  • әдістемелік нұсқауларды жасау

  • Тренингтерді, семинарларды өткізу

  • Зерттеу тақырыбы бойынша іс-тәжірибені жинақтау.

 

 

Қазіргі таңда жаңа технологиялар саны күннен –күнге артып келеді, Бірақ соның өз сабағына  және өзінің де, оқушылардың да тез меңгере алатынын таңдаған жөн.

Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім  ғана жүзеге асырмақ.

Менің өмірдегі ұстанымым «Өзім үйрене отырып, өзгелерді де үйрету» болғандықтан, осындай семинарларға қатысып ақпарат ағынындағы жаңалықтарды өзім  үйреніп, әріптестерімізге және оқушыларымызға   жеткізіп  отыру ең басты  міндеттерімнің бірі  болып табылады.

 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
АКТ-ны пайдалана отырып оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту

Автор: Жумажанова Шынар Кабдулхаковна

Дата: 21.01.2017

Номер свидетельства: 382155


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства