kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адамдар саяхатқа не үшін шығады? тақырыбына ҚМЖ 1 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 сынып дүниетану пәнінен "Адамдар саяхатқа не үшін шығады ?" тақырыбына ҚМЖ 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адамдар саяхатқа не үшін шығады? тақырыбына ҚМЖ 1 сынып»

Бекітемін:________________ Оқу ісінің меңгерушісі: _______________ 20-сабақ

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Адамдар саяхатқа не үшін шығады?

(Сабақтың тақырыбы)

Педагогтың аты-жөні


Пәні

Дүниетану

Бөлім

Саяхат

Күні

30.01.24

Сыныбы: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамдар саяхатқа не үшін шығады?

Оқу мақсаты

1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру:

1.​2.​4.​2 туристердің негізгі мақсаттарын анықтау

Сабақтың мақсаты

Туризм денсаулықты нығайту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпалын тигізетінін түсінетін болады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурс

Қызығу-шылық-ты ояту

0-6

Жұмысқа оң психологиялық көңіл күй қалыптастыру.

Мұғалім: – Балалар, бір-

бірлеріңе қарап, өздеріңе және барлық адамдарға іштеріңнен (ойша) денсаулық, тыныштық және жақсылық тілеңдер.

Қолдарыңды жүрек тұстарыңа қойып, менің артымнан қайталаңдар:

Мен махаббатпын, Мен еркіндікпін, Мен күш-қуатпын, Мен жақсылықпын, Мен әдемілікпін, Мен Адаммын.

Барлығы маған байланысты, барлығы менің қолымда.

Бір-біріне қарап, өздеріне және барлық адамдарға іштерінен (ойша) денсаулық, тыныштық және жақсылық тілейді.


Қолдарын жүрек тұстарына қойып, мұғаліммен бірге қайталайды.

ҚБ. Әңгімелеуді «Қол шапалақтау» тәсілінің көмегімен бағалау.


6-10

Мақсаттық тұжырымдау

Мұғалім:

Жаз келді жадырап,

Ойын-сауық құратын.

Далаларға, тауларға

Саяхатқа шығатын.

Саяхаттап келеміз,

Туған жердің төрінде.

Көкке жетіп төбеміз,

Ән келеді көңілге.

Мұғалім:

– Қалай ойлайсыңдар, біз бүгін не туралы айтатын боламыз?

Сабақты оқушылар бірлестігі бойынша жұмыстың екі нұсқасының бірін пайдалану арқылы жалғастыруға болады: 1-нұсқа.

«Оқушы дәптеріндегі» А1-2 тапсырмаларын орындаймыз.

1. «Туризм» , «турист» деген сөздерді естігенде нені елестетесің, солардың суретін сал.

2. Парталас көршіңе суретіңді көрсет.

Оның жұмысын көріп, баға бер.

2-нұсқа.

Мұғалім: – «Туризм» сөзін

естіген кезде сендердің естеріңе не түседі? («Ассоциативті бұта» тәсілі).

Мұғалім тақтаға немесе ватманға жауаптарды бірте-бірте «ұлғая» беретін «бұта» түрінде бейнелеп жазады.

Мұғалім: – Жарайсыңдар, балалар! Сендер көптеген

сөздерді атадыңдар, оның ішінде«саяхат» деген сөз бар. Балалар, естеріңде болсын, «туризм»

французша «тур» – «саяхат» деген сөзінен шыққан.

Туризм –латын тілінде «шеңбер бойлай қозғалыс» деген мағынада. Туризм – адамның бос уақытында өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Турист – саяхатқа шығатын адам. Турист – туризммен айналысатын адам.

Туризмнің негізгі мақсаты –

адамның тұрақты мекенжайынан басқа жерлерге саяхаттап

баруына байланысты. Бір жерден екінші жерге мақсатты түрде орын ауыстырмайынша туризм мүмкін емес.

Орын ауыстырудың туризм белгісі ретінде үш ерекшелігі бар:

– орын ауыстыру мәжбүрлеусіз, ерікті түрде, міндетті түрде емес, адамның өз шешімі бойынша

жүзеге асырылады;

– туристік орын ауыстыру

қызметтік міндеттерден, оқудан тыс уақытта жүргізіледі;

– туристік орын ауыстыру

уақытша болып табылады, турист белгілі бір мерзімнен соң тұрақты мекенжайына қайта оралады.

Сұраққа жауап береді

Жарай

сыңдар !

Кубик,сұрақтар

10-20

Бұл қорытындыларға оқушыларды «Көзқарасыңды ұстан» шағын-пікірсайыс арқылы әкелуге болады.

Тақтада «Үйінен басқа жерге шыққан әрбір адам турист болып есептеледі» деген сөйлем

жазылған.

Мұғалім оқушыларға

«Келісемін» немесе

«Келіспеймін» деген көзқарастарды ұсынып, өз көзқарасын қорғау үшін дәлелдер ойластыруға уақыт (1 мин)

береді.

Одан соң мұғалім: сөйлемге келісетін оқушыларды сыныптың оң бұрышынан, келіспейтіндерін сол бұрышынан орын алуды

ұсынады (тек өз еріктерімен).

– Ал кезектесіп 1-2 сөйлеммен өз көзқарасыңды білдіріңдер.


Мұғалім шағын-пікірталасты қорытындылайды:

–Балалар, демалыс немесе каникул уақытында басқа қалаға (аумаққа, ауылға, елге) жолға шығып, біраз уақыт болғаннан кейін мекенжайына қайта оралатын адамды турист деп атайды.

Турист қандай көлікпен жолға шығады? («Миға шабуыл» тәсілі). Жауаптардың түсуіне қарай мұғалім оларды тақтаға

баған түрде жазып тұрады.

Бұл қорытындылар ғаоқушыларды «Көз қарасыңды ұстан» шағын-пікірсайыс арқылы әкелуге болады.

ФТ. «Көзқарасыңды ұстан» шағын-пікірталас.

Оқушылар жауаптарының нұсқалары:

Біреулері үйден шыққандардың бәрі туристер деп есептейді.

Кейбіреулері мұнымен келіспейді:

Ал бұл адам басқа қалаға

жұмыспен жолға шығуы немесе мүлдем жаңа жерге көшіп баруы мүмкін ғой.

ФТ. «Миға шабуыл» (оқушы лардың жауапта ры): Ұшақпен, ав токөлікпен,пойыз

бен, жаяу, велоси педпен, кемемен, қайықпен және т.б.



20-30

Мұғалім: – Бүгінгі сабақты өзгеше түрде өткіземіз. Ертеде адамдар бір үйге (киіз үйге)

жиналып, әрқайсысы қайда

болып, не көргенін әңгімелеген. Сендерде дөңгелене отырып, туристік сапарлардан алған әсерлеріңмен бөлісесіңдер.

Ол қала сыртына түнемелікпен шығу, басқа қалаға немесе елге сапар шегу сияқты болуы мүмкін.

Ж.Ұ. Оқулық мәтінімен жұмыс істеу.

Туризм – адамдардың басқа елге немесе табиғатқа шығуы.

Туризмнің негізгі мақсаттары емделу, демалыс, спортпен айналысу, жаңа және қызықты жерлерді танып білу боп табылады.

Мұғалім: – Дөңгелене отырып «Турист болып көр діңдер ме?» атты әңгімемізді жалғастырамыз.

Біз қазір пайдалы кеңестерді тыңдаймыз. Егер сендерде туристік жолсапар тәжірибесі бар болса, сыныптастарыңа қай жаққа және не үшін баруға кеңес берер едіңдер?

Мұғалім: – Кімнің «туристік» әңгімелері мен кеңестері сендерге ұнады?

Балаларды тыңдағаннан кейін мұғалім:

«Жолдастарыңды қолдау үшін 3 рет бір кісідей қол соғайық»дейді («Үш рет қол шапалақтау» тәсілі).

– Міне, біздің отырысымызда аяқталды. Қызықты әңгімелерің мен пайдалы кеңестерің үшін

барлықтарыңа рақмет. Олар біз үшін болашақта өте қажет болады деп ойлаймын.

Сергіту сәті

Қолымызды көтеріп, тербелеміз, Бұл – ормандағы ағаштар.

Қолдарды бүгіп, саусақтарды сілкеміз,

Жел ұшырған бұл – шықтар.

Қолды жайып, жаймен бұлғаймыз,

Бұлар – бізге ұшып келген құстар,

Көрсетеміз қонғанын, Қанатын артқа жиғанын.

Т. Оқушылар «Мен қалай турист болдым?» деген өмірлік

тәжірибелерімен бөлісіп, «Мен сыныптастарыма қайда және не үшін баруға кеңес берер едім»

деген пайдалы кеңестерін береді
















Сергіту жаттығуын орындайды





















Жолдастарыңды қолдау үшін 3 рет бір кісідей қол соғайық» дейді («Үш рет қол шапалақтау» тәсілі).


30-40

Мұғалім: – Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге саяхатқа шығады? Бұл сұраққа жауап беру үшін топтарға бөлінеміз.

Топтарға бөліну. Мұғалім оқушыларға туристік құрал-жабдықтарының (шатыр, рюкзак, тұсбағдар, қазан, кішкентайбалта) суреттерін (жазуы бар

табличкалар) таңдауды ұсынады.

Бірдей суреттерді таңдаған балалар бір топта отырады.

«Туризм мақсаттары» кластерін құрастырамыз.

Кластердің жобалық нұсқасы Туризм мақсаттары: демалу, жаңа қалалармен танысу, жаңаны білу, бой жазу, жаңа нәрселерге үйрену, емделу, спортпен айналысу.

Мұғалім топтардың ең қызық пікірлеріне «Жарайсыңдар!

Ақылдысыңдар!» деп баға береді.


Т. Топпен жұмыс істеп, оқушылар «Туризм мақсаттары» кластерін құрастырады

ҚБ. Сөзбен баға беру


Рефлек

сия

40-45

Кері байланыс

1. Мен бүгін ... білдім.

2 қызық болды.

3 түсіндім.

4. Енді мен орындай аламын.

5. Мен үйрендім.

6 жасай алдым.

7. Мен. жасап көремін.

8. Мені таңғалдырды.

9. Сабақ менің өмірім үшін ...

берді.

10. Менің жасағым келді.

ФТ. Оқушылар айналым

бойынша фразаның бөлігін таңдап алып, бір сөйлеммен өз ойларын білдіреді.

Мадақтау

Суреттер








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Адамдар саяхатқа не үшін шығады? тақырыбына ҚМЖ 1 сынып

Автор: Дырымбаева Гульнар Қадылбековна

Дата: 25.03.2024

Номер свидетельства: 647964


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства