М??алім : Ба?даршам ?мірімізді? жазымынан са?тандыратын к?мекшіміз. Оны? сырын біліп, тіліп алу баршамыз?а керек.
-Неге?
Бізді? ?аламызда, сол сия?ты бізді? елімізді? ?ала, ауылдарына б?ріне орта? к?ше ?атынас ережесі енгізілген. Б?л ережені о?ушылар да, ?лкендер де, я?ни барлы? ж?ргізушілер, к?лік ж?ргізетін ж?ргізушілер де б?лжытпай орындау керек.
-Балалар, сендер к?шеде ж?ру ережесін білесі?дер ме екен, к?рейік. Мынадай с?ра?тар?а жауап бері?дерші.
Сабақтың көрнекілігі: Бағдаршам макеті. Жол белгілері, жұмбақтар, жол белгілері туралы өлеңдер. Суреттер.
Тәрбие сағатының жүрісі :
Мұғалімнің кіріспе сөзі
-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік. Ендеше, 4 “б ” сынып окушыларына кезек берейік.
Жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тұту мүнкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.
Жүргізуші: Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп –
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!
Жүргізуші: Жалғайтың достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Жиынымыз басталсын сәлемменнен
Өлең : « Қазақстаным менің»
Жүргізуші: Бүгін бізде қонақта жол полициясынан ағай келіп отыр, сөз кезегін берейік.
Жүргізуші : Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп мағлұмат бердіңіз, сізге көп рахмет айтамыз. Ендігі сөзді оқушыларға береміз.
1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамнын есімі тарихта сақталмаған.
2-оқушы: Оны көше киылына ыңғайлап , қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент уйінің алдына бағдаршам орнатты.
3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылады.
4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып , кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің киылысында орын алды.
Мұғалім : Бағдаршам өміріміздің жазымынан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тіліп алу баршамызға керек.
-Неге?
Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық жүргізушілер, көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындау керек.
-Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынадай сұрақтарға жауап беріңдерші.
Жиек жол деген не?
Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.
Жаяу адамдардың міндеттері туралы не білесіңдер?
Жаяу тротуардың немесе жаяу жолдың оң жағымен, ал олар болмаса, жол жиегімен немесе велосипед жолымен жүруге тиіс.
Жолдан өтіп бара жатқан жаяулап себепсіз кедергі немесе тоқтап қалмауы тиіс. Көшеден өтпес бұрын алдымен сол жаққа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жаққа қарау керек.
-Жарайсыңдар балалар! Ендеше, бағдаршамға назар аударайық. Жолда жүру тәртібін, ережесін жақсы білеміз бе екен, байқайық! Қане, жол жол белгілері ортаға келейік, өздеріңді таныстырыңдар! Ендеше жол белгілерімен танысайық.
-Мынау қай белгі? Сақтандыру, ескерту белгісі.(Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген бұрыш)
Қып-қызыл үшбұрыш,
Ескерту белгісі мен болам.
Кауіптен сақ бол деп,
Сәт сапар жолдаған.
Аман-сау жүреді
Жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні
Сақтаған, қолдаған!
Тыйым салу белгісі. (Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек)
Қ ызылменен бояалған шеңберлі, аумақты
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.
Міндеттеу белгісі. (Көк түсті дөңгелек)
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол, шартымды міндетті орында!
Нұсқау (көрсеткіш) белгісі. (Көк түсті төртбұрышты)
Баратын жеріңнің бағытын, тұратын,
Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шығармын.
.
1-оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.
2-оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.
3-оқушы: Есігінен артқы
Көлікке сен мінгін
Дәл осы бір сәттен
Құлағынды тіккін.
4-оқушы: Кезекте сен әлгі
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен алғы
Түсеріңді білгің.
5-оқушы: Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
6-оқушы: Бос болмаса аялда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
(«Бағдаршам» ойынына барлық оқушы топпен қатысады)
Жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.
Ойын шарты:
Бағдаршамның жасыл түсін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
Жүргізуші: Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқан ба!
Автоинспектор: Ал, қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. (Балалармен бірге жолдан өтеді)
-Жарайсыңдар балалар! Бәріңде жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар! (Орнына тұрады)
Мұғалім: Ал, балалар! Міне, сендер жолда жүру ережесін еске түсіріп, жолдан өту қауіпсіздігін сақтауды үйрендіңдер. Жолда, көшеде барлық ережелерді есте сақтаймыз ба?