kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

4 орыс сынып?а арнал?ан «Ту?ан жер –алтын бесік» атты факультатив ба?дарламасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Название авторской программы по казахскому языку для 4 русского класса "Ту?ан жер –алтын бесік». Год выпуска 2013 год.  Автор: Маней Риза, методист отдела образования Актогайского района Павлодарской области.     Программа факультативного курса создана для учителей казахского языка работающих в русских классах, можно использовать на уроках как дидактические материалы, дополнительные задания, на консультациях с неуспевающими детьми, даже можно испоьлзовать на практиках с одаренными детьми. Удачи!

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«4 орыс сынып?а арнал?ан «Ту?ан жер –алтын бесік» атты факультатив ба?дарламасы »

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Білім беру мен тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы









«Туған жер –алтын бесік»

атты курстың

бағдарламасы





Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің

4-сыныбына қосымша оқу курсына арнлаған













Павлодар, 2013









Құрастырушы:

Маней Риза, Павлодар облысының Ақтоғай ауданының білім бөлімінің әдіскері













































Алғы сөз


Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес пәндік оқу бағдарламасына қосымша оқу курсы ретінде әзірленді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы әдіснамалық басшылыққа алынды. Оқыту қазақ тілді емес мектептердің бастауыш сыныптарыңда «Қазақ тілі» пәнін оқытудың жалпы мақсаты – қарапайым және бастапқы деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту, сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес бұл бағдарламаның білім мазмұнының бағыттары мынадай мақсаттарды көздейді.

- оқыту орыс тілінде жүргізілетін бастауыш мектеп оқушыларының лексикалық минимум бойынша екшеліп алынған сөздерді пайдаланып, қазақ тілінде екеуара сұхбат жүргізе алуы;

-қоршаған орта тақырыптары аясында қазақ тілінде сөйлеуді біртіндеп меңгеруі;

-туып-өскен өлкесінің табиғатының, халқының, тарихы, мәдениеті, өркениеті, дүниетанымы, салт-дәстүрінің ерекшеліктерін білуі;

- жергілікті өнер тарландарын, дара тұлғаларды танып білуі;

Осы мақсатты жүзеге асыру жолында алға қойылатын міндет-оқушыларды қазақ тілінде сөйлеуге үйрету.

Бастауыш сатыда дәстүрлі тәсіл «грамматика» арқылы тіл үйрету тәсілі қолданылмайды. Тіл үйрету сөйленім арқылы ғана жүргізіледі. Оқушыларға дайын сөйленім үлгілерінің жүйесі беріледі де, оның грамматикалық табиғаты (атаулар мен ережелер) қалыс қалып отырады. Қазақ тілінің грамматикасынан (фонетикасынан) мәлімет 4-сыныпта танымдық деңгейде ғана кірістіріледі. Бағдарлама өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім əрекеті арқылы мəдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.

4-сыныпта негізгі деңгейдегі-А2.1.2 5 игерімінің алғашқы баспалдағы қамтылады: қалыптасу қарсаңындағы бастапқыигерім А2– 4-сынып.

Қазақ тілді емес жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді жəне тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге алынды.

Білім мазмұнының желісі оқулық мазмұнына сәйкес үш аяға бөлініп ұсынылды:


1) əлеуметтік-тұрмыстық ая;

2) əлеуметтік-мəдени ая;

3) оқу-еңбек аясы.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту түрлерін, әдістерін, технологияларын таңдап алуда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгім ен құра беруіне мүмкіндік береді.



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:


І. Пəндік нəтижелер бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар: 1) қазақ тілінің фонемалық жəне фонетикалық жүйесі туралы мағлұматтарын тереңдету; 2) белсенді қорға енген сөздердің екпінін дұрыс қоюды; 3) лексикалық минимумның 100-110 сөзін; 4) лексикалық бірліктерді мағынасына қарай орындыпайд алуды; 5) сөздердің түбірі мен қосымшаларын айыруды; 6) сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғауды; 7) септік, тəуелдік, жіктік, көптік алғауларын,жұрнақтарды ауызша/жазбаша тілде қажетіне қарай пайдалануды; 8) лексикалық минимум көлеміндегі сөздерді көптеуді, тəуелдеуді, септеуді, жіктеуді; 9) сөздің мағынасына қарай сөз таптарын: зат есім, сын есім, сан есім мен етістіктіажырата алуды; 10) сөйлем түрлерін ажыратуды; 12) сөйлемдегі сөздердің байланысын; 13) үндестік заңына бағынатын бейтаныс сөздерді естіп отырып, сауатты жазуды білуі тиіс. ІІ. Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 1) логикалық бірізділікпен əңгіменің сабақтастығын сақтап баяндауды; 2) 8-9 сөйлем арқылы затты, құбылысты, іс-əрекетті сипаттауды; 3) естіген, оқыған ақпаратты қайта баяндауды; 4) 10-12 сөйлемнен тұратын диалогтегі мұғалімнің, сыныптастарының сөзін, шағын ақпараттарды түсінуді; 5) естіген ақпараттағы негізгі ойды ажыртуды, негізгі мазмұнын түсініп айтуды; 6) тыңдаған материал бойынша өз көзқарасын білдіруді; 7) шағын мəтінді түсініп оқуды; 8) 10-15 сөйлемнен құрылған мəтіндерді интонация сақтап мəнерлеп оқуды; 9) іштей оқу дағдысын дамыта отырып, мəтіннен негізгі жəне қосымша ақпараттарды айыруды; 10) оқыған мəтін бойынша: мəтінге тақырып қоюды, қарапайым жоспар жасауды, сұраққа жауап беруді жəне логикалық тұрғыдағы сұрақтар құруды, өз пікірін білдіруді, бағалауды, əр азат жолдың негізгі ойын 1 сөйлеммен айтуды; 11) 9-10 жолды өлеңді мəнерлеп түсініп оқуды; 12) өз бетінше сөздіктен сөздердің аудармаларын табуды; 13) қазақша-орысша жəне орысша-қазақша сөздікпен жұмыс істеуді; 14) көркем мəтіндердің танымдық мазмұнын түсінуді; 15) контекстегі əлеуметтік-мəдени ерекшеліктерді танып, күнделікті өмірмен байланыстыруды, өз пікірін білдіруді; 16) белсенді лексикаға енген сөздерді естіп отырыпсауатты жазуды; 17) лексикалық бірліктерді пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды; 18) грамматикалық дағдыларды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауды; 19) қарым-қатынас əрекетін жасауға арналған тапсырмаларды орындауды; 20) диалог-сұрастыру жүргізуді, сөйлеу мəдениетін ескере отырып, келісетінін, келіспейтінін, қуанышын, өтінішін қарапайым түрде білдіруді; 21) күнделікті өмірлік жəне сабақта жиі кездесетін жағдаяттарда тілдік этикет нормаларын қолдана отырып, қатысымға түсуді; 22) қатысымдық тұрғыдағы диалогке қатысуды: əңгімені бастауды, əңгімеге кірісуді, қайталап беруді өтінуді; 23) таныс тақырыпқа шағын диалог құрастыруды; 24) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда тілдесуді меңгеруі тиіс. ІІІ. Тұлғалық нəтижелер оқушылардың: 1) Отанына, туған жеріне, мектебіне; 2) Қазақстан Республикасының рəміздеріне; 3) қазақ халқына, қазақ тіліне құрмет көрсетуінен; 4) өзгелермен қарым-қатынастағы сөз əдебінен көрініс табуы тиіс. ІҮ. Жүйелік-əрекеттік нəтижелер бойынша оқушылар: 1) өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда қазақ тілінде сөйлесім əрекетінің түрлерін қолдана білуі; 2) қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуі; 3) қазақ тілін үйрену барысында меңгерген сөздер мен тілдік бірліктерді өз ойын жеткізуде орынды қолдана білуі тиіс.












БІЛІМ МАЗМҰНЫ


/Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан/


Лексикалық материал.

-мемлекет аттары;

-жүз, ру, ұлыс, тайпа атаулары;

-туыс-жақын атаулары;

-ел билеуші көсемдерінің атаулары /титул/;

-елді мекен, аймақ, облыс қала атаулары;

-адам аттары;

-дене мүшесінің атаулары;

-тамақ атаулары;

-жеміс-жидек атаулары;

-сәулет өнерінің бұйымдарына қатысты атаулар;

-табиғат атаулары;

-өсімдік атаулары;

-аң-құс, балық атаулары;

-мамандық атаулары;

-ғылыми атақ-дәреже, марапат, орден, белгі аттары

-тілдік, әдебиет, тарих, география, музыка, жануартану ғылымдарының терминдері;

-топонимикалық атаулардың шығу тарихы;

-ән, күй, музыкалық аспап атаулары;

-қолөнеріне қатысты атаулар;

-қосымша тілдк материал: тақпақ, өлең, жұмбақ, мақал-

мәтел, сөзжұмбақ, бата.

-сапа, сынды білдіретін сөздер;

-сан есісдер;

-есімдіктер;

-өлшем атаулары;

-түс атаулары;

-әрекет сөздер;

-сұрау сөздер;

-көмекші сөздер;

-күнделікті сабақта қолданылатын сөздер;



І. Әлеуметтік-мəдени ая


Туған жер –алтын бесік - 14 сағат


1-2-сабақ Туған жер –алтын бесік

3-6-сабақ Ертіс өзені

1-сабақ Павлодар облысы

2-сабақ Павлодар қаласы

3-сабақ Саяхат сабағы

4-сабақ Жер жаннаты –Баянауыл

5-сабақ Жасыбай көлі

1-3-сабақ Менің туған жерім –Ақтоғай


Ел іші -өнер кеніші -3 сағат


1-сабақ Майра Шамсүтдинова

2-сабақ Жаяу Мұса

3-сабақ Естай Беркімбаев


Сөз зергерлері - 10 сағат


1-5-сабақ Абай Құнанбайұлы

6-сабақ Шәкәрім Құдайбердіұлы

1-3-5-сабақ Мұхтар Әуезов

4-сабақ Қимадиден Нығманұлы


ІҮ. Оқу-еңбек аясы


Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді -

2 сағат


1-сабақ Қаныш Сәтбаев

2-сабақ Әлкей Марғұлан


Ұстазсыз -шәкірт тұл -1 сағат


1-сабақ Қабдыкәрім Ыдырысов


ІІІ. Әлеуметтік-тұрмыстық ая


Әр елдің салты басқа -2 сағат


1-сабақ Қазақ дастарқаны

2-сабақ Қазақ халқының қолөнері


Қайталау, тіл дамыту -3

Нәтиже, бақылау сабақтары - 2


Фонетика мен грамматикалық тұрғыда 4-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы мен стандартқа қосымша білім мазмұны бұл бағдарламада қаралмады.


Әр мәтіндегі сөздер саны шамамен 10-55 сөз.

Жыл бойында игеруге тиісті жаңа сөз саны шамамен

100-110 сөз.

Әрбір сабақта берілетін жаңа сөз саны шамамен 1-8 сөз.








Пайдаланылған әдебиеттер



1. Қазақ тілі оқу пәнінен жалпы орта білім беру стандарты 1-4-сыныптар. 2013 жыл

2. Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін

мектептердің 1-4-сыныбына арналған бағдарламалар. Алматы, Астана, 2013

3. А.Қайырбекова. Қазақ тілі оқулықтары 1-4-сыныптар. Алматы, «Атамұра», 2003, 2004, 2005.

4. З.Махадил. Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 1-4-сыныбына арналған бағдарламалар. Павлодар, ПМБАИ, 2007.

5. Р.Маней. 4-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» бағдарламасы, Павлодар, ПМБАИ, 2008.


9




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
4 орыс сынып?а арнал?ан «Ту?ан жер –алтын бесік» атты факультатив ба?дарламасы

Автор: Маней Риза

Дата: 21.05.2015

Номер свидетельства: 213960


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства