kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«4 – 5 ЖАС АРАЛЫ?ЫНДА?Ы БАЛАЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУ ?АСИЕТІНІ? ДАМУЫНДА МАТЕМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ ?ОЛДАНУ»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен, Тусупбаева Салтанат Сейткалиевна мектепке дейінгі толы? к?нгі ша?ын орталы? топ т?рбиешісімін. Мені? ?станымым: мейірім мен махаббатты, сабырлы? пен т?зімділікті с?йеніш етіп, айнала?ды адамгершілікті? шапа?аты мен шарапатына б?леу. Балаларды? танымды?, шы?армашылы?, логикалы? ойлау ?асиеттерін дамыту. ?з ойларымен б?лісе білуге талпындыру, е?бек?орлы??а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««4 – 5 ЖАС АРАЛЫ?ЫНДА?Ы БАЛАЛАРДЫ? ЛОГИКАЛЫ? ОЙЛАУ ?АСИЕТІНІ? ДАМУЫНДА МАТЕМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫ? ОЙЫНДАРДЫ ?ОЛДАНУ»»

Шақаман жалпы орта білім беретін мектеп КММ















ТАҚЫРЫБЫ: «4 – 5 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАСИЕТІНІҢ ДАМУЫНДА МАТЕМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ»









Мазмұны:

КІРІСПЕ..............................................................................................................4 - 7

«4 – 5 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАСИЕТІНІҢ ДАМУЫНДА МАТЕМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ»............................................................................8 - 10

4 – 5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР......................................................................................................11 – 14

4 – 5 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР..............................................................................................15 - 23

ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС - ӘРЕКЕТІ.............................................24 – 35

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................36




















Кіріспе

Ең алдымен таным көзі – сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.

Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту. Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде («Сан және санау», «Көлем», «Пішін», т.б.) кезектестіріп 2 - 5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2 - ші бөлімінде оқытқан жөн.

Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай - ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі. Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы – ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады.

Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі. Мынадай жаңа материалдармен жұмыс жасаудың 3 түрі бар: біріншіден – педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады. Балалар педагогтың іс - әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады.

Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті балаларға пайдалы, қызықты болады.

Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлемін. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т.б. Өзімнің математика бойынша сабақтарымда жұмбақтарды пайдаланамын, өлеңдер, тақпақтар таңдаймын, логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен топтама жасаймын. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сондай - ақ, олар баланың ақыл – ойының дамуына үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады. Балаларды ойын үрдісіне оқыта жүріп, ойыннан алған қуаныш оқу қуанышына ұласуы үшін, ары қарай жұмыстанамын.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын дамыту.
Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай адам болады.

А.С. Макаренко мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.

Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.

Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.

Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Ойын – жалпы адамзат мәдениетінің бірегей феномені, оның қайнар көзі мен шыңы. Мәдениет феномені ретінде ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіл көтертеді, дем алдырады, сонымен қатар, ол сықақтап, күлдіріп, кез-келген әлеуметтік мәртебенің шартты екендігін көрсетеді

Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл - ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, балалың ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә. Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «…өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар…». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек - көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.













Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері. Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

  • Дидактикалық ойын;

  • Сюжеттік рөлдік;

  • Қимыл-қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар);

  • Саусақтар ойыны;

  • Үстел үсті ойындары.

Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады.

Дидактикалық ойынның пайдасы – баланың ой - өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай - ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.

Бұл ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады. Логикалық ой - өрісін кеңейтіп,қиялдарын дамытады.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және т.б.

  3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын – оқушы қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Балабақшада балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар, дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.

Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі балабақшадан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы баланы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар балалардың ақыл - ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта -ықылас қоюына баулиды және балалардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Мұның барлығы дидактикалық ойындарды орта топ балаларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.

1.Ойын-саяхат.

Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен беріледі;

2.Ойын-тапсырмалар.

Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3.Ойын-болжамдар.

Бұл ойындар «Не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.

4.Ойын-жұмбақ.

Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, бала қиялының дамуына әсер етеді.

5.Ойын-әңгімелер.

Тәрбиеші балалармен, балалар тәрбиешімен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке,өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары бар.

«Қандай сан қалып қойды».

Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды қояды. Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап қалуды ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады.

«Көршілес сандарды тап» атты ойында аталған санның көршілес сандарын атау мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына келген бір санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы керек. Егер доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын айтады.

«Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар».

Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту. Бұл ойынға түрлі-түсті орамалдар пайдаланылады. Балалар сол орамалдарды бастарына тартып сапқа тұрады. «Бірінші, екінші» деп дауыстап санайды. Жүргізуші «қай орамалды әпкенің, қай жерде тұрғанын ойына жаттап алып, шығып кетеді. Осы кезде «орамалды әпкейлер» орын алмасып тұрады, жүргізуші қайтып келіп, қандай өзгеріс болғанын табуы шарт. Қызыл орамал бесінші еді, ол енді екінші болыпты, ал екінші орамал бесінші болыпты». Жүргізуші дұрыс жауап берсе, келесі жүргізушіні өзі тағайындайды.

Балаларды реттік есепке жаттықтыру, затты сипап білушілік қасиетке дағдыландыру үшін «Өз орныңа тұр» ойынын ойнатуға болады. 2 – 10-ға дейін түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді. Сонан соң тәрбиеші белгі береді «Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа тұрыңдар!». Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл беріліп отырған ойындардың міндеті – балалардың білімін бекітіп, сезімталдық қабілеттерін дамытады.

Дидактикалық ойындар:

«Қандай сан қалып қойды?»

Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып қоямыз. Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады.

«Көрші санды ата».

Ойынның шарты: Балаларға мына сандар қойылады (2,1,3,4,5,7,8,5,9). Балалар сандардың көршісін табу және атау керек, ретімен қойып береді.

«Аз ба, көп пе».

Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды. Аз ба, көп пе салыстырады.

«Топтастыру».

Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндердің тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет.

«Кетті, кетті орамал».

Ойынның шарты: тәрбиеші: «Кетті, кетті орамал» шеңберді айнала ойынды бастайын, бір баланың қасында келіп орамал тастайын» деп бір балаға орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастап тура сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз.

«Көршіңді тап».

Ойынның шарты: ойынды бала арқылы бастайды «ірімшік, ірімшік сен тұр, сен шық!» «Сен шық» деген бала ортаға шығады, көршілерін шақырады. Ойын әрі қарай басқа санамақпен жалғасады: «Бірім – екім, тығыл, бекім. Сен тұр, сен шық».

«Көңіл күйді көрсет».

Ойынның шарты: Ағашқа балалар дөңгелектерді іле отырып, көңіл күйлерін білдіреді. Жақсы көңіл- күй – қызыл түс. Орташа көңіл- күй – көк түс.

«Жеміс жинау».

Дидактикалық мақсаты: Заттарды санауға және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету.

Қажетті құрал – жабдықтар: Қағаздан жасалған үш себет және үлестірмелі жеміс түрлері.

Ойын мазмұны: Үстел үстінде шашырап жатқан жеміс түрлері. Тақтаға щақырылған бала жемістерді теріп, үш себетке жинайды. Бірінші себетке – алма, екінші себетке – алмұрт, үшінші себетке - әр түрлі жемістер теріледі. Әр себеттегі жемістерді алдымен жеке бала санайды, кейін топ балалары хормен салыстырады. Екі себеттегі әр түрлі жемістерді салыстырады.

Мысалы: «Себеттегі алмалар нешеу? Себеттегі алмұрт ше?

Бірінші себеттен бір алма, ал екіншісінен бір алмұрт алып қой. Осылайша ары қарай жалғастыр. Себетте алмұрт қалды ма? Неше алма қалды? Неше алмұрт қалды? Алмұртттың алмадан қаншасы кем? Қаншасы артық? Алмұртттың пішіні неге ұқсайды, алма ше?» деген сұрақтар қоя отырып, ойынды ары қарай жалғастыруға болады.

«Нені, қайда қою керек?» (Салыстыруға)

Дидактикалық мақсаты: Санауға үйрету. Геометриялық фигураларды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: Түрлі геометриялық фигуралар, магнитті тақта.

Ойын мазмұны: Тақтаға бала шақырылады. Түстері, өлшемдері, пішіндері әр түрлі геометриялық фигураларды магнит тақтаға немеесе фланелографта орналастыруы керек.

Мысалы: Көк дөңгелек қызыл дөңгелектің оң жағына, бір үлкен дөңгелек екі дөңгелектің арасында, қызыл дөңгелектен жоғары үлкен сары шаршы, қызыл дөңгелектен төмен кіші көк үшбұрыш және т. с. с. болсын.

Тапсырма орындалғаннан кейін, заттарды санайды, топтар құрады, әртүрлі белгілеріне қарай салыстырады.

«Нені, қайда қою керек?» (заттардың кеңістіктегі орны)

Дидактикалық мақсаты: Санауға үйрету. Заттардың кеңістіктегі орны жайындағы түсініктер қалыптастыру.

Қажетті құрал – жабдықтар: Геометриялық фигуралар. Жылжымалы сөрелер.

Ойын мазмұны: Тақтаға бірнеше бала шақырылады. Тәрбиешінің басшылығымен бірнеше тапсырма орындалуы тиіс. Жоғары сөреге қызыл дөңгелекті, оның астына жасыл дөңгелекті; қызыл дөңгелектің оң жағына – шаршыны (квадрат), ал сол жағына жасыл үшбұрышты, жасыл дөңгелектің оң жағына сары үшбұрыш, ал сол жағына жасыл шаршыны (квадрат) қой.

Әр сөреге неше зат қойдың? Олар жайында не айтар едің? Барлығы неше зат қойдың? – деген сұрақтар қоя отырып, ойынды әрі қарай жалғастыруға болады.

«Байқағыш бала».

Дидактикалық мақсаты: «Қанша», «Қанша болса, сонша» түсініктерін қалыптастыру. Санау дағдыларын бектіу.

Қажетті құрал – жабдықтар: 0 – 10 аралығындағы сандар жазылған карточкалар, санау материалдары.

Ойын мазмұны: Ойынға топ балалары тегіс қатысады. Тәрбиеші санауға арналаған заттар топтамасын көрсетеді.

Мысалы: 5 – саны дөңгелекке, 6 – үшбұрышқа, 4 – қайыққа, 7 – алмаға сәйкес екен дейік, т. с. с. Балалар байқап тұрып, заттар санына сәйкес нөмірлі карточканы көрсетеді. Ойын барысында қанша? Неше? Қанша болса, сонша деуге бола ма? Қанша артық? Қанша кем? – сұрақтарына тиісті жауап беріледі.



4 – 5 жастағы балаларға арналған ойындар мен жаттығулар.

  • Бөліктеден бүтінді құрастыру;

  • Геометриялық фигуралардың жиынтығынан сұлбаларды қайта жасау.

«Суретті салып бітір», «Құрастырып бітір»


























Берілген заттарды сәйкес түстермен боя.













Қандай заттар көп, аз?

Не көп, не аз?













Заттың пішіні қандай?



Заттардың пішіндерің ата















Қалған шарларға не жетіспейді? Сал.















Нешінші қабат? Нешінші пәтер?



































Үйшік қандай геометриялық фигуралардан құрастырылған?



Неше дөңгелек?




Неше үшбұрыш?




Неше шаршы?




Неше төртбұрыш?














Сандардың көршісін тап.



5

3






Суретте барлығы неше үшбұрыш бар? Мақсаты: үшбұрышты басқа фигуралар арасынан ажырата және тани білуге үйрету.
















Суретті мұқият қара. Әр фигурада қанша үшбұрыш бар? Санын торкөзге жаз.











Қарындашты қағаз бетінен үзбей және түзуді екі рет қайталап сызбай, пішіннің суретін салып көр.













Суретті мұқият қара. Екінші қабаттың терезелерін сары, төртінші қабаттың оң жақ терезесін көк түске, ал бірінші қабаттың сол жақ терезесін жасыл түске боя.





























Берілген әртүрлі фигуралардан заттардың суретін салуың керек. Ойланып көр. Елестет. Сурет сал.
























Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті.

«Ойнайық та ойлайық»

Сабақтың мақсаты:

  • Балаларды реттік және есептік санауға үйретуді жалғастыру, заттарды ұзындығы бойынша салыстыра білуге, заттардың бір – бірінен айырмашылығын таба білуге, екі түрлі заттың ішіндегі бірдей заттарды салыстыруға үйрету;

  • Көру қабілетін дамыту;

  • Берілген тапсырманың орындалуын түсініп, өз бетімен орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

- Балалар қараңдаршы бүгін бізге қонақтар келіпті, қане амандасайық!

- Сәлеметсіздер ме!

- Балалар кім айтады бір жылда неше жыл мезгілі бар?

- 4 жыл мезгілі бар.

- Дұрыс айтасыңдар, олай болса мен қазір сендерге жұмбақ өлең айтамын, сендер қай мезгіл екенін табыңдар?

Күн ұзарып, Қар еріп, Су сайларға толады. (көктем)

Күндер ысып, Шөп пісіп, Ел пішенін орады. (жаз)

Жауып жаңбыр, Жер сабыр, Шөп, жапырақ солады. (күз)

Суда мұз бар, Жерде қар бар, Боран борап соғады. (қыс)

  • Балалар қазір қай мезгіл? Қане кім айтады?

  • Қыс мезгілі.

  • Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

1-бала: Қар жауады.

2-бала: Адамдар жылы киінеді.

3-бала: Балалар шанамен ойнайды.

4-бала: Қармен ойнайды.

5-бала: Аққала жасаймыз.

6-бала: Суық жел соғады.

7-бала: Күн жарқырайды, бірақ жылытпайды.

8-бала: Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

9-бала: Су бетіне мұз қатады.

10-бала: Ағаштар жапырақсыз болады.

11-бала: Жаңа жыл мерекесі болады.

12-бала: Аяз ата келеді.

Осы кезде есік қағылып топқа аю кіреді.

  • Сәлеметсіз бе балалар! Сәлеметсіз бе қонақтар!

  • Балалар бұл не?

  • Аю.

  • Аю қайда тұрады?

  • Орманда.

  • Аю сен осы кезде орманда ұйықтап жатпайтын ба едің?

  • Иә, мен үлкен тапсырмамен келдім. Аяз ата сендерге сәлемдеме беріп жіберді. Міне алағойыңыз. (хат береді)

  • Рахмет саған аю.

  • Сау болыңдар балалар мен енді орманыма барайын.

  • Аяз ата хатта не жазганын білгілерің келе ме? Олай болса хатты ашып көрейік. Хатта былай деп жазыпты: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге тапсырмалар жібердім. Егерде тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, сиқырлы сандық ашылып, ішіндегі сыйлықтарға ие боласыңдар. Сәлеммен Аяз ата».

  • Балалар қараңдаршы қандай әдемі шырша. Шыршаға нелер ілінген табыңдаршы?

Айналамда ұшып жүр,

Ақ мамық қар себелеп.

Қалт-құлт еткен бейне бір,

Ақ қанатты көбелек (аққыраулар)

  • Қане біреуін алып көрелік. Бұл аққырау менің құлағыма былай деп сыбырлайды. Аққырау тақтаға өзінің достарын шақырады.(тақтаға қызыл, көк, сары және ақ түсті аққырау ілінеді)

  • Балалар санайықшы мында неше аққырау бар?

  • Бір, екі, үш, төрт – барлығы төрт аққырау.

  • Көк түсті аққырау нешінші орында тұр? (бірінші)

  • Сары түсті аққырау нешінші орында тұр? (үшінші)

  • Төртінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (ақ)

  • Екінші орындағы аққыраудың түсі қандай? (қызыл)

  • Балалар мына аққырау шыршаның пішіндерге жасырынған кішкентай достарын іздеп тап дейді. Қане алдымызға карточкаларымызды алып қарайық. Шыршалар шеңбер мен тіктөртбұрыштың ішіне жасырынған екен.

  • Балалар шеңбер тіктөртбұрыштың қай жағында орналаскан? (сол жағында)

  • Ал тіктөртбұрыш шеңбердің қай жағында орналасқан? (оң жағында)

  • Енді екі пішіннің ішіндегі шыршаларды санап шығайық.

  • Қайсы пішінде көп. Әлде екі пішіндегі шыршалар тең бе? (екі пішіндегі шыршалар бірдей 4-ке тең).

  • Балалар енді алдымызға келесі карточкамызды алып қарайық. Мұнда Аяз ата балабақшадағы ертеңгілікке және ормандағы аңдардың ертеңгілігіне баруы керек. Қай жол қысқа, қай жол ұзын. Ол бұрын қайда жетеді? (Аяз ата балабақшаға тез жетеді, себебі ол жол қысқа, ал орманға баратын жол ұзын)

  • Балалар енді сендерге мынадай тапсырма көк түспен қысқа жолды, жасыл түспен ұзақ жолды сырлаймыз.

  • Жарайсыңдар балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

  • Балалар мына аққырау сендерді сергіту жаттығуын жасауға шақырып тұр.

Боран соғар сол жақтан,

Боран соғар оң жақтан,

Қар лақтырып ойнасақ

Су болады қолғаптар.

  • Ал келесі аққырау сендерге жұмбақ жасырады:

Бойымызға шақ қана,

Көзі көмір қап - қара.

Мұрны сәбіз сап - сары,

Тұрғыздық біз (Аққала)

  • Аққалалар біздерге қонаққа келеміз деп, асығып шелектерін жоғалтып алыпты. Олардың әрқайсысының шелектерін табуға көмектесейік. Балалар көлеміне сәйкес шелектер мен аққалаларды сызықпен қосады.

  • Ал енді бәріміз тақтаға қарайық. Мұнда екі Аққала берілген. Осы екі

Аққаланың бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

  • Айырмашылықтарын кім айтады?

  • Шелектері екі түрлі түсті, бірінің қолы сопақ, бірінің қолы домалақ, бірінде сыпыртқы, екіншісінде күрек бар, бірінде түймелер бар, екіншісінде жоқ. (Балалар жауабы)

  • Жарайсыңдар балалар.

  • Енді сандықшаны қалай ашамыз? Бізде кілт жоқ. Мен сендерге геометриялық пішіндерден кілт жасауды ұсынамын.

  • Балалар геометриялық пішіндерден кілт құрастырады.

  • Кілт қандай геометриялық пішіндерден құралған?

  • Дөңгелектен, төртбұрыштан, шаршыдан және үшбұрыштан құралған.

  • Ой балалар шыршада да дәл осындай кілт бар екен, келіңдер сандықты ашып қарайық. Балалар мұнда Аяз атаның сендерді Жаңа жыл мерекесіне шақырыған хаты бар екен. Онда бұлай деп жазылған екен: «Құрметті балалар, сендерді жаңа жыл мерекесіне шақырамын».







Ортаңғы топтағы іс – әрекетін ұйымдастыру

технологиялық картасы


Жас ерекшелігінің тобы: ортаңғы

Білім беру саласы: «Таным»

Бағдарлама тарауы: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: «Гномға көмектесейік».

Мақсаты:

  • Балаларды апта күндерімен таныстыруды жалғастыру: жаңа апта күні – сейсенбімен таныстыру; «кеше», «бүгін» сөзерінің мағынасын түсініп, ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдануды үйрету, «5» - ке дейін санауды бекіту, заттардың құрамына сәйкес санмен атау іскерлігі. Түрлі түсті бояуларды пайдаланып, ұқыпты бояуды үйрету, қажет геометриялық фигураларды реттеп, түсін атауды бекіту;

  • Балалардың логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін дамыту;

  • Ұйымдастырылған іс – әрекетіне қызығушылығын ояту, досына көмектесу ынтасын, ұжымда жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Құрал – жабдық: Апта күндерінің үйі, гномдар: Дүйсенбі, Сейсенбі, тоқ сары және қызыл жапырақтары бар гүл, пано «Қояндар жағажайда», ақ түсті сәбіздер, бояулар, стақанда су, әр балаға (1- 5) сандар, геометриялық пішіндер, «сиқырлы қорапша».


Әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс – әрекеті.

Баланың іс – әрекеті.

Мотивациялық – қозғаушы

Психилогиялық дайындық:

Армысың асыл күн,

Армысың асыл жер,

Армысың көк аспан

Армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос.

Міне менің қолым.

Бір – біріне қолдарын беріп, жылуларын сезеді.

Ұйымдастыру – іздестіру

  • Тыңдандар! Тыңдандар! Сендерге хабарлауға асығудамын. Бүгін саяхатқа шығамыз!

  • Мен сиқырлы саяхатқа аттану үшін сиқырлы сөзді білемін:

  • «Аяғымызды топылдатып, алақанды соғайық. Айналып, қолымыздан ұстайық. Көзімізді жұмайық, «Ах!» деп айтып, қонаққа да келіп жеттік».

  • Балалар, мына қызыл үйге назарларыңды аударыңдаршы:



  • Мына үй сендерге таныс па? Бұл үйде кім тұрады?

  • Қызыл үй тұр жарқырап,

Апта тұрады бұл үйде.

Атада тура жеті күн –

Барлығы оны біледі,

Гном ағайындары тұрады,

Шырқайды олар әндерді,

Ертегі де айтады,

Күнде түстерін ауыстырып…

Апта бүгін басталды

Жұмысқа кірісті…

  • Қай гном апта үйіне келіп жұмысты бірінші бастайды?



  • Дүйсенбі күні гном Апта үйін қызыл түске бояйды.

  • Ал бүгін, балалар, аптаның екінші күні, яғни – сейсенбі. (Сейсенбі гномын көрсетеді).



  • Сейсенбі күні жан – жағымыз тоқ сары түске айналды. Ол тоқ сары түсін ұнатады екен, киімінің түсі де тоқ сары.

  • Екінші болып Апта үйіне кім келеді? Қай гномның жанына ол орналасты?

  • Гном үйіне кіре алмай тұр, сендер оған көмектесесіңдер ме?

  • Қараңдаршы жерде қызыл және тоқ сары жапырақтары бар гүл жатыр. Қандай тамаша гүл!

  • Әрқайсыларын бір жапырақтан таңдандар. Қызыл жапырақты таңдасаңдар, кеше не болғанын айтасыңдар, ал тоқ сары түсті таңдаған балалар бүгін не болатынын айтады.

Дидактикалық ойын: «Кеше, бүгін».

(Бүгін мені балабақшаға әкем әкелді, кеше мен анаммен бауырсақ пісірдік, кеше ыдыс – аяқ жууға анама көмектестім).

  • Келесі тапсырма: Мына конверттің ішінде түрлі – түсті шаршылар жатыр.



  • Шаршылардың түсі қандай? Тапсырманы тыңдандар: түрлі – түсті шаршылардан схема бойынша жол жасауымыз керек. Ең алдымен қандай түстен бастайтынымыз туралы келісіп алайық. Схема:



Дидактикалық ойын: «Схема бойынша жол құрастыр».

  • Сендердің әрқайсыларының алдында сандары бар конверттер жатыр.



  • Сандарды алып шығып алдарына қойындар. Сан дегеніміз не?

  • Гномға үйге кіру үшін келесі тапсырманы мұқият тыңдандар.



  • Мына жағажайда қанша ақ қояндыр бар?

  • Қанша қоян сәбіз жеп отыр?

  • Барлығы неше қоян?

  • Үлкен қояннан нешеу?

  • Сұр қоянның саны қанша?

  • Бұл тапсырмалардың барлығын біз не үшін орындадық?

  • Мына жерге не отырғызып қойған?



  • Жұлып көрейік?

  • Ал сәбіздердің түсі қандай? Қандай болу керек?

  • Бояуды алып, сәбізді тоқ сары түске бояйық.



  • Сәбіздерді Сейсебі гномына берейік, ол қуанып өз қояндарына береді.

  • Дүйсенбі Сәрсенбіге мына қорапта сыйлық жасап қойыпты. Не екен?

  • Печенье? Олар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын көрейікші?

  • Түстері қандай?

  • Сейсенбі гном тоқ сары печеньені ұнатады, ең бастысы домалақ емес.

Дидактикалық ойын: «Қажет пішіндерді ретте».

  • Сейсенбі қай түсті ұнатады?

  • Апта үйінің үстінде гномдар шатасып қалмау үшін түрлі – түсті сағат бар екен. Бүгін қай сағат бағыты қай түсте тұру керек?

  • Дұрыс айтасыңдар, тоқ сары.



Рефлексивті – корригиялық

  • Балалар, бүгін сендерге қызықты болды ма?

  • Қай тапсырма қиынға түсті?

  • Ал жеңіл тапсырма қайсысы болды?

  • Ең қызықты ше?

  • Жарайсыңдар!




Күтілетін нәтиже:


Білу керек: 5 санының құрамын, 5 – ке дейін санау іскерлігі; геометриялық пішіндерді (дөңгелек, шаршы мен үшбұрыш) тани білуді, көп пішіндер әр түрлі қалыптар арасынан таба білуді;

Болу керек: «кеше», «бүгін» түсініктері қалыптасқан;

Істей біледі: тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап баріп, ұжымда жұмыс істей білу іскерлігі.






25



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 1 класс

Автор: Тусупбаева Салтанат Сейткалиевна

Дата: 07.02.2016

Номер свидетельства: 289818


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства