- Балалар мына суреттегі баланы? есімі Тап?ырбек. Ол сендерге б?гінгі саба?ты жа?сылап т?сініп, ме?геріп, сандар мен цифрларды жаттап алу?а к?мек бергелі келіпті. Балалар б?гінгі ?тетін мына санды танимыз ба, таныса? ?андай сан?
- 2 саны
Д?рыс, сан не ?шін керек?
- Заттарды санау ?шін керек.
Онда суретте берілген жемістерді санайы?.
Неше пияз?
- Екі пияз.
Неше ?ызылша?
- Екі ?ызылша.
Неше ?ияр?
- Екі ?ияр.
Жарайсы?дар балалар! Енді келесі тапсырма?а к?шейік. Ыдыста?ы не?
Сабақтың көрнекілігі: дидактикалықматериалдар, ойын элементтері, электронды оқулықтар.
Сабақта қолданылатын технология түрі: инновациялық оқыту, ойын арқылы оқыту.
Пәнаралық байланыс: әліппе, бейнелеу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) құрал-жабдықтарды түгелдеу,
ә) қауіпсіздік шараларымен таныстыру.
ІІ. Психологиялық дайындық кезеңі:
«Жәндіктерге көмек» ойыны.
Мақсаты: күз келді, қылышын сүйретіп қыс келеді, барлық адамдар, жан-жануарлар, жәндіктер, құрт-құмырсқалар қысқа дайындалуда. Кәне біз де жәндіктерге (қоңыз бен инелікке) көмек берейік.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау кезеңі:
«Қанша? Қайда?» ойыны. Мақсаты: көрсетілімдегі жәндіктерді санап, өз орындарына орналастыру арқылы, өткен сабақтағы 1 саны мен цифрын тиянақтау, оқушыларға комьпютерді өз бетінше басқаруды үйрету.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
А) оқулықпен жұмыс;
- Балалар мына суреттегі баланың есімі Тапқырбек. Ол сендерге бүгінгі сабақты жақсылап түсініп, меңгеріп, сандар мен цифрларды жаттап алуға көмек бергелі келіпті. Балалар бүгінгі өтетін мына санды танимыз ба, танысақ қандай сан?
- 2 саны
Дұрыс, сан не үшін керек?
- Заттарды санау үшін керек.
Онда суретте берілген жемістерді санайық.
Неше пияз?
- Екі пияз.
Неше қызылша?
- Екі қызылша.
Неше қияр?
- Екі қияр.
Жарайсыңдар балалар! Енді келесі тапсырмаға көшейік. Ыдыстағы не?
Бізге кесіндінің ұзындығын өлше депті. Ұзындықты немен өлшейміз?
- Сызғышпен.
Онда өлшеп көрейік.
- 2 см.
V. Жаңа сабақты пысықтау кезеңі:
А) Оқулықтағы №3-ші тапсырмаға қараймыз.
Ойын: «Жеміс жинаймыз».Мақсаты: суреттегі берілген жемістердің ішінен бүгінгі өткен 2 санына сәйкес келетін жеміс түрлерін қорапқа саламыз
Сабақты бекіту.
Балалар біз қандай сандармен таныстық?
Кесінді деген не?
Сәуле деген не?
Бағалау
Жақсы қатысқан оқушыларды атап айту.
Қазақ тілі 2 сынып
Күні: 7. 10.2015
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз б мен п
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: түбірдің соңындағы п дыбысына дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанған жағдайда п дыбысы б дыбысына өзгеретіндігін түсіндіру; басқа тілден енген, соңында б дыбысы келетін сөздердің жазылуын естеріне түсіру.
Дамытушылығы: сөздік қорларын молайтып, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қозғау, сергіту сәті, ребус шешу.
Сабақтың тәсілі: жаппай, жеке.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер, плакат, электрондық оқулық.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
2. Психологиялық дайындық
Қайырлы күн, достар!
Бүгінгі күн, міне,
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын.
3. Үй тапсырмасын сұрау
86-жаттығу. Өзің білетін зиянкестер туралы әңгімеле.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Жуан дыбыстыларды ата?
- Жіңішке дыбыстыларды ата?
- Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Үнді дауыссыздарды ата?
- Ұяң дауыссыздарды ата?
- Қатаң дауыссыздарды ата?
4. Жаңа сабақ
1) Кіріспе бөлім.
«Орфографиялық сөздікте қалай жазылады?» тапсырмасы.
Тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылады.
кәсі... қалы... клу...
мекте... ғажайы... шта...
- Осы сөздер орфографиялық сөздікте қалай жазылады деп ойлайсыңдар? (Тақтаға оқушылар көп нүктенің орнына тиісті әріпті (п, б) жазады).
Сөздерді бірнеше балаға дауыстатып оқыту.
- Балалар, осы сөздердің соңында б дыбысы естіліп тұр. Ал сендер неліктен кейбір сөздердің соңына п, ал кейбір сөздердің соңына б әріптерін жаздыңдар?
Сөз соңында б дыбысы естілгенімен, п әрпі және кейбір басқа тілден енген сөздердің соңында б әрпі жазылатындығы еске түсіріледі. П мен б дыбысына аякталатын сөздерге мысалдар келтірту.
Б мен п әріптері туралы не айтуға болады?
Б - ұяң дауыссыз дыбыс, ал п - қатаң дауыссыз дыбыс.
Күннің реті Көркем жазу
Суреттегі заттарды атау, оларға ы дыбысын қосып айтып көр.
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Күзгі дала
Дала жатыр демалып,
Үлестіріп жемісін.
Дүниедегі ең алып
Осы дала мен үшін.
Алма сыйлап бөбекке,
Алма ағаштар сарғайған.
Төгілген тер шелектеп,
Елестеді маңдайдан.
(Тұманбай Молдағалиев)
П әрпіне аяқталған сөздерді көшіріп жазып, п әрпінің астын сыз. Бұл сөздердегі п дыбысы қалай айтылатынын байқа. Ол дауыссыздардың қай тобына жатады?
Ереже: Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады.
88-жаттығу. Көп нүктенің орнына п, б әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз. Оқылуы мен жазылуын салыстыр.
Әде..., тала..., жі..., шө..., қора... .
89-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
Сергіту сәті
5. Өзіндік жұмыс
Төмендегі суреттерден штаб, клуб сөздерін оқуға болады. Қалай?
Штаб, клуб сөздерін п дыбысына аяқталған сөздермен салыстырып, қорытынды жасап көр.
Топ, штаб, шалап, қап, клуб, кәуап, қалып, сап, куб, тап, араб. Сөздерді көшіріп жазу, мағынасын түсіндіру. П-қатаң дауыссыз, б-ұяң дауыссыз. Кейбір сөздер ережеге бағынбайтынын ескерту.
Клуб, араб сөздеріне сөздік жұмысын жүргізу.
клуб – үйірме араб – ұлт
Штаб, куб. Бұлар - басқа тілден енген сөздер. Осы сөздердің жазылуын есте сақтауымыз керек.
Ереже
Клуб, штаб, куб, араб тәрізді кейбір сөздердің соңына б әрпі жазылады.
6. Сабақты қорытындылау.
Б қандай дыбыс?
П қандай дыбыс?
П мен б әріптерінің жазылуы туралы не айтуға болады?
7. Үйге тапсырма
91-жаттығу. Мұғалім, мектеп, оқу, талап, кітап тірек сөздерін пайдаланып, «Мектепте» тақырыбына әңгіме құра.
8. Бағалау.
Пәні: математика
Күні: 7.07.2015
Тақырыбы: Қосу және азайту (23+2, 25-2) Мақсаты: 1.Ондықтан аттамай екі таңбалы және бір таңбалы сандарды қосуды, қосу мен азайту үлгілерін қарастыру. Ондықтар мен бірліктерді азайтуды пысықтау. 2. Ойша қосу мен азайтуды жетілдіру. Ойлау қабілетін, зейіндерін дамыту. Математикалық сауаттылыққа баулу Жүрісі: І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық Математика – бар ілім басы, Математика – ғылым патшасы. Математика- өмір тірегі, Математика – шәкірт жүрегі. ІІ. Өткен сабақты пысықтау. (Кестеге бойынша өзіндік жұмыс нәтижесін талдау) ІІІ. Тірек білім. Санды парақшалармен жұмыс. — Келесі санды ата: 23… 25… 35… 57… 86… 72… 99… — Алдыңғы санды ата: … 20, … 30, … 40, …50, …61, … 88, … 97. — Көршілерін ата: …65…, …69…, …89…, …73…, …82…, … 91 … ІУ. Жаңа сабақ 1. Ойға сақта (қосу, азайту амалдарын жүзеге асыру тәсілдерін түсіндіру)