kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

зорлық-зомбылықсыз балалық шақ тәрбиеленушілер арасында зорлық-зомбылықсыз балалық шақ тақырыбында түсінік қалыптастыру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Тақырыбы: Зорлық – зомбылықсыз балалаық шақ.



Мақсаты: Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтып түсіндіру. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.



Өту түрі: әңгіме,сурет салу.



Өту күні: 26.11.2017.



Қатысушылар: 1,4,5,6,7 сыныптар.



Барысы:



Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана котереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді.



Зорлықтың түрлері:

- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;

- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;

- Қауіп - қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;

- Балаларды анасына қарсы қолдану - әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 - тармағына сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді. 

Заң жобасының негізгі мақсаттары:

- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беруді көтермелеу.

- Отбасылық тұрмыстық  қатынастар  саласындағы құқық бұзушылықты  төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу.

Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету.

Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу керек ісі болып табылады.



Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.



Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады:

- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;

- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;

- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;

- тұлғалық және психологиялық  денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.  

Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау?

Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарынмен бірге, көрші – көлемдерінмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.

Қылмыстың бір түрі– балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.

Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:

- Үйде жалғыз болғанда, бөтен  адамдарды үйге кіргізбеу керек; 

- Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан

-Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.



Адам сатудан сақтаныңыз.

Адам саудалау әлемді жайлаған қылмыс. «Адам саудалау» түсінігі дегеніміз: адамды алдап – ардбап, тасымалдау бөтенге тапсырып, біреуден сатып алуды білдіреді. Саудаланушылар құрбан болған адамды қатаң бақылауда ұстау үшін зорлық – зомбылықты қолданады. Адам саудасының мақсаты – пайда табу. Адам саудалау – бұл адам құқығын аяққа таптау. Адам саудалау бұл кез – келген елде кездесетін, айналымнан миллиардтаған ақша түсіретін қылмыстық іс.

Бұл қалай жүзеге асады?

Шетелде жеңіл жолмен табыс табу ұсынысын сақ болыңыз.

Олар: «Ешқандай біліктіліктің қажеті жоқ. Сізден шығын болмайды, бізбен жүріңіз барлығын өзіміз ұйымдастырамыз»,- дейді.

Сізге шұғыл түрде жұмыс керек пе? Өз еліңізде жұмыс табу қиын ба? Өзге елге көшуді жоспарлайсыз ба? Егер «ия» десеңіз – өз құқығыңызды біліңіз, сауалдарыңызды қойып абай болыңыз.

Олар қалай алдап – арбайды.

-Олар жеңіл жұмыс үшін көлемді сыйақы аласыз дейді.

-Олар жол ақысын және пәтер ақысын өзіміз төлейміз деп уәде бере ді.

-Олар: Ақшаны асықпай қайтарасыз. Жаңа өмір бастау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз дейді.



Бірнеше өмірден алынған мысалдарды келтіре кетейік.

Важнина Карина.

Нүргүл мен Асыл Бішкекке оқуға келеді. Бірде кешкісін олар би кешіне барады. Биденен әйел кейін оларға тәп – тәуір киінген ер адам мен әйел адам келеді де: «Қыздар , жұмысқа тұрғыларың келмей ме? Өте жақсы билейді екенсіңдер, кәсіби биші болуға лайықсыздар. Біз сіздерге барлығын үйретеміз. Шетелде жұмыс істеп жақсы қаражат табасыздар,-деп байрай бастайды. Олар қос қызға телефон номерлерін қалдырып, хабарласуын сұрайды. Нүргүл бұған аса мән бермейді, ал Асыл болса ойланып қалады. Бірер аптадан кейін ол құрбысына келіп : «Мінеки менің қолымда ұшаққа билет бар. Мен шетелге жұмысқа тұрдым деп қуанғанын жасыра алмайды.

Бір айдан соң Нүргүл Асылдан СМС хабарлама алады. Көмектес маған: Олар менің құжаттарымды тартып алды. Мені ұрып – соғып жұмыс істеткізеді.

Нүргүл Асылдың ата-анасына барлығын жеткізеді. Олар құзырлы органларға хабарласады. Тәртіп сақшылары Асылдың адам саудасының құрбаны болғанын , енді оған қол ұшын беру қиынға соғатынын айтып, түсіндіреді.



Стафурова Екатерина

Руслан автослесарь болып жұмыс істеген. Жалақысы мардымсыз болса да қымбат көлікті армандайтын. Немере ағасы Русланның арманындағы темір тұлпарды алып келгенде : Әттең осындай көлік менде де болса ғой деп, армандады. Қаласаң ал, саған сыйым болсын дейді ағасы. Руслан келіп: «Менің досыма барып, шеберханасында көмегіңді көрсете аласың ба? деп өтініш білдіреді. Руслан ағасының кез-келген өтінішін орындауға дайын еді.Жұмысынан шығып кетіп , көрші елге аттанады. Ол елде Русланның құжаттарын тартып алып, соққыға жығады, күніне 14 сағат тегін жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Қолын кеш сермеген Руслан кейде Қап сол кезде көлікті алудан бас тартқанымда ғой» деді.

Балаларды қанау қауіп-қатерін арттыратын факторлар.

-кедейлік.

-нашар отбасы жағдайы.

-білім алуға мүмкіндігінің жоқ болуы.

-отбасына демеу көрсету қажеттілігі.

-мұқтаждыққа дұшар болу және аман қалу қажеттілігі.

-отбасындағы зорлық-зомбылық, есірткіге не болмаса ішімдікке салыну.

Балаларды қанау оқиғалары жөнінде хабарласыңыз.

Сенің құқығың өз еліңнің заңымен қорғалған.

Егер сенің жасың 18-ге толмаған болса және сені қанаса, сен қорғалуға құқылысың.

ЕГЕР:

-Саған көп жұмыс істетсе.

-Жұмыстың кеселінен оқуға бара алмасаң.

-Саған заңсыз іс әрекеттерді істесе.

-Сені қауіпті заттармен жұмыс істеуге қатыстырса.

-Сен істеп жатқан жұмыс денсаулығыңа зиян келтірсе.

Онда тікелей желіге қоңырау шал. 1 16 16



Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмау?

Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарынмен бірге, көрші – көлемдерінмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.

Қылмыстың бір түрі– балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.

Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:

- Үйде жалғыз болғанда, бөтен  адамдарды үйге кіргізбеу керек; 

- Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;  

-Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.



Қорытынды.

Әңгіме соңында тәрбиеленушілердің салған суреттері жайлы айтылып, суреттерін қорғау.











ШҚО Білім басқармасының

«Науалы балалар үйі»КММ

















Тақырыбы: Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ.

Бағыты:













Дайындағандар: Курмангалиева Г.С

Меркурбанова Г.Н.









2017-2018 оқу жылы














































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ

Автор: Меркурбанова Гульфия Нурдаулетовна

Дата: 17.01.2018

Номер свидетельства: 450522

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) ""Зорлы? зомбылы?сыз балалы? ша?" апталы?"
    ["seo_title"] => string(35) "zorlykzombylyksyzbalalykshakaptalyk"
    ["file_id"] => string(6) "286761"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1454397536"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Эссе: Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
    ["seo_title"] => string(38) "essie_zorlyk_zombylyk_syz_balalyk_shak"
    ["file_id"] => string(6) "364901"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480663668"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
    ["seo_title"] => string(32) "zorlyk_zombylyk_syz_balalyk_shak"
    ["file_id"] => string(6) "364236"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480505257"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Эссе Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
    ["seo_title"] => string(40) "essie_zorlyk_zombylyk_syz_balalyk_shak_1"
    ["file_id"] => string(6) "364908"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1480665830"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»"
    ["seo_title"] => string(34) "zorlyk_zombylyk_syz_balalyk_shak_1"
    ["file_id"] => string(6) "445720"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513849954"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства