1 желто?сан Елбасы мерекесіне орай ?ткізілген шара.Ма?саты Елбасы туралы толы? т?сінік беріп.Елбасымызды? ?мірі мен шы?армашылы?ына то?талу.Елбасымызды? е?бектері мен ол туралы т?сірілген кинолардан ?зінділер к?рсету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
а)Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы Н. Назарбаевтың суреті, рәміздер, слайд, суреттер, ту, гүлдер,шарлар.
Мұғалім сөзі: : Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер! Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күніне орай бастауыш кластар арсында ұйымдастырылып отырған «Жырым саған арналады, Елбасы» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады.
Қазақстан – егемен ел, тәуелсіз ел,
Болашаққа нық басып буынған ел.
Көкке өрлеген,байрақты желбіретіп.
Қуаныш пен шаттыққа қадам басты ел.
Шартарапта шаттығыңдай азат күн,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк байрағы ,елтаңбасы,бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!
Кезекті Гимнге береміз. ( Гимн орындалады).
Балалар,сіздер мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
Сұрақ-жауап
— Елбасымыз кім?
— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.:
— Біз қай елде тұрамыз?
— Қазақстан Республикасында тұрамыз.
— Қазақстанның Елордасы қай қала?
— Елордамыз – Астана
— Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
— Әнұран, Ту, Елтаңба.
- Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Алдына қойған мақсаты айқын адамдар не нәрсе болса да жеңіп, сол мақсатына жететінін біз осы атамыздың жасап жатқан айшықты да айқын жұмыстарынан аңғара аламыз.
1991жылы Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы. Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлайды.
1992 жылы 4-маусым.ту, елтаңба, әнұран бекіді.
1993 жыл 15 –қараша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге айналымға енді.
1998 жыл 6 –мамыр.Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды.
1995 жыл 30-тамыз Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.
1998 жыл 10- маусым Астананың тұсаукесері болды.
1992 жыл 3 – наурыз.Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1986 жыл 16 –желтоқсан. Желтоқсан көтерілісі болды.
1991 жылы 16-желтоқсан. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
2006 жыл 7-қаңтар, «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік Әнұран ретінде қабылданды.«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты» дегенде, мұны поэтикалық - асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген абзал. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып - өсті. Оның балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан соңғы жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан кейін қайта еңсе тіктеп жатқан еді, ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар үнемі ашқұрсақ болатын.Жас Назарбаев соның бәрін басынан өткеріп, бәрін жеңе білді, өте жақсы білім алып, «от - жалынды» мамандықты игеріп, азамат қатарына қосылды. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылады. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.: Оның халық қамын ойлауы жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілік ретінде өзіне қайтты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекетіміздің басшысына терең құрметі мен берік сенімін көрсетті.
ІІ – бөлім. Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Назарларыңызға бастауыш класс оқушыларының мерекелік концертін ұсынамыз.
Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.
-Даярлық тобының тақпақтары.
1-класс оқушыларының тақпақтары.
2-класс оқушыларының тақпақтары.
3-класс оқушыларының тақпақтары
4- класс оқушыларының тақпақтары.
Жыр жазам деп талпынады жас балаң.
Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.
Жүрегінің түкпірінен шығарып
Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп
Даярлық тобының оқушысылары Жанайым мен Томиристің орындауында «Дастархан» әнін қабыл алыңыздар.
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Қонақтарды таңдантып,
Өнерден күмбез жасайық.
(Ән «Әдемі -ай» орындайтын дайарлық тобының оқушылары Аружан мен Нұрдана)
Біздің Қазақстан
Анамыздай тілеуі ақ.
Отан бізге біреу – ақ
Ол – біздің Қазақстан!
Жастан сүйе аңсаған
Тәтті күй мен кәусар ән.
Ән «Гүлден Қазақстан» орындайтын даярлық тобының оқушысы Жанель.
Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі Көк тудың желбірегені!
Дей келе кезекті әнге берейік. Ән «Көк тудың желбірегені» 2 – сынып оқушылары. Жандәулет,Ердәулет,Арман,Сахаба.
Мен — қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен — қазақпын, тірегімін жерімнің.
Ұланымын туын көкке көтерген,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қаранардай көтерер.
Ән: «Бақытты балалық» орындайтын Емен Әсемгүл мен Емен Аяулым.
Не жетсін бұралған би өрнегіне
Құлақты сермей түскен төрлеріне.
Буынсыз әсем дүние еліктірер,
Бишімізді сахнада көргеніңде.
Қазақ биіне кезек берейік. Орындайтын 3-4 класс қыз балалары.
Достарым түсініңдер сөздің парқын.
Әр кезде бола берсін жүзің жарқын,
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың
Бақытқа бөлендірші қазақ халқын
Ән: «Қазақстан» Орындайтын Сағызбаев Төлеген.
Ән қандай,әнші қандай тұнған таңдай,
Барады жүректерде тағат қалмай
Осы күй басылмайды-ау емін тауып.
Тамылжытып балалар ән салғанда.
Ән: «Жас ұлан» орындайтын Сейдұлла Думан.
Бүгінгі Астананың нұры қандай!
Көгінде желбіреген Туы қандай!
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.
Ән: «Ұлы Астана» орындайтын Сәрсенбай Жандәулет.
Келесі тыңдайтын әндеріңіз « Өз елім» орындайтын 4-класс оқушылары Ердәулет пен Шадияр.
Мұғалім сөзі қорытынды.
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.
Балалар Егеменді Қазақстан елінің келешегі де, болашағы да, мына өздерің боласыңдар, сол себептен Қазақстан байрағын биік ұстайық, Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен « Жырым саған арналады,Елбасы» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сау болыңыздар!