Просмотр содержимого документа
«"Ж?зден ж?йрік" сайыс»
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар (тапқырлар сайысы)
Мақсаты: 1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
2) Дидактикалық, логикалық т.б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. Ойын, нақыл сөздер арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту. 3) Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
І: Хош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! ІІ: Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек», - деген. І: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларың қажет. ІІ: Математикалық сайыс – бұл еңбек. Сондықтан сайыс кезінде өте ұқыпты, ойларың жинақталған болу керек және тәртіп сақталғаны жөн. Енді бүгінгі сайысымыздың жоспарымен танысыңдар: 1) Топтардың таныстыруы. 2) Қиынның да қиыны (үйден есеп дайындап қарсы топқа ұсынады) 3) «Кім жылдам?» ойыны (Топ мүшелерінің сайысы) 4) Логикалық тапсырмалар
5) Жорға сайысы (топ басшысының сайысы)
6) Фигуралардан құрастырма
1-айналым: Топтардыі таныстыруы
4 «А» сыныбы-
4 «Б» сыныбы-
4 «В» сыныбы-
2-айналым: «Қиынның да қиыны» Әр топ қарсы топқа өздерінің үйден дайындап келген математикалық тапсырмасын ұсынады.
3-айналым: «Кім жылдам?» ойыны Әр топтан бір-бірден үш оқушы шығып өздеріне берілген сұраққа жауап беруі керек. Әрі тез, әрі дұрыс жауап берген оқушы жоғары ұпай алады.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10.Бір қозы туса, (бір түп жусан артық шығады)
11. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.(Алтау ала болса, ауыздағы кетеді)
12. Күйеу - жүз жылдық, (Құда - мың жылдық)
13.Ел құлағы - (елу)
14.Екі аяқтыда бажа тату, ( төрт аяқтыда бота тату)
15.Шын бір сөз, (өтірік мың сөз)
4-айналым: «Логикалық есептер»
1-топқа
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
Хайуанаттар бағының директорынан бақта қанша түйе мен түйеқұс бар екенін сұрады.Директор сұраққа былый жауап берді:«Біздегі барлық түйелер мен түйеқұстарды қосып санағанда, 60 көз және 86 аяқ бар.»Хайуанаттар бағында қанша түйе мен түйеқұс бар?
2-топқа
Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай)
Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды.Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?
Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
Немере атасынан : "Жасың нешеде ? "деп сұрады.Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем,онда маған 100 жас болар еді.Атасының жасы нешеде?
5-айналым: «Жорға»сайысы
Әр топтың топ басшылары төмендегі сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.
Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)
Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)
Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады? (доғал)
Тәуліктің төрттен бір бөлігі нешеге тең? (6 сағат)
Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? (жүз-100) не 10(он)
3 кесіндіден құралған фигура.(үшбұрыш)
Ең үлкен екі таңбалы сан.(99)
Жарты алманың жартысы неге тең?(төртен бір бөлік)
6-айналым: «Ұшқыр ой» Фигуралардан құрастырма
Алдарыңдағы фигуралардан жан-жануардың бейнесін құрастыру
Әділқазыларға сөз беріп, жеңімпаздар анықталып, марапатталады.