kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ж?лдызды с?т сайысы Бекайдарова Шынар

Нажмите, чтобы узнать подробности

       С. Ерубаев атында?ы жалпы орта мектепті? 4 «а» сыныбына ?ткізілген   «Ж?лдызды с?т» атты интеллектуалды ойыны
  

“Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озы? ?ылымсыз ?аза?станны? перспективасы жо?. ?азір адамдарды? б?секелестігі, білімні? б?секелестігі, ?ылымны? б?секелестігі ж?руде. Б??ан дайындалу ?ажет” – деп елбасымыз айт?андай, біз де б?гінгі ?рпа?ты білім б?секесіне бейім етіп т?рбиелеуіміз ?ажет.

    Армысыздар! ??рметті ?стаздар, о?ушылар, ата-аналар! 4 «а» сынып о?ушыларыны? арасында?ы «Ж?лдызды с?т» интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Б?йгеге т?сіп жарыспай,
Ж?йрікті? ба?ы жанар ма.
Білім мен ?нер жарысып.
Т?рбие, т?лім табар м?н.
Б?л б?йге ойды? б?йгесі
Кім ж?йрік ой?а, сол алда,
Ал, ?анекей, келіндер,
Бір-бірі?е ері?дер.
Білімдері?ді тексеріп,
 

Ойын?а ?атысып к?рі?дер - дей келе, ойын?а ?атысушыларымызды орта?а ша?ырамыз:
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ж?лдызды с?т сайысы Бекайдарова Шынар»

С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектептің 4 «а» сыныбына өткізілген «Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойыны

Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет” – деп елбасымыз айтқандай , біз де бүгінгі ұрпақты білім бәсекесіне бейім етіп тәрбиелеуіміз қажет.

Армысыздар! Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! 4 «а» сынып оқушыларының арасындағы «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма.
Білім мен өнер жарысып.
Тәрбие , тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,
Ал, қанекей, келіндер,
Бір-біріңе еріңдер.
Білімдеріңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларымызды ортаға шақырамыз:
1.Бірінші ойыншымыз сол қолымен-ақ талай істі тындыратын Байходжаева Нұрғаным қыздарыңызды қарсы алыңыздар! Өздеріңізге тарихтан белгілі небір ұлы ғалымдар мен суретшілердің солақай екенін ескерсек, біз де Нұрғанымнан үлкен үміт күтеміз!
2. Математика десе ішкен асын жерге қоятын Беркін Бекарысқа деген қошеметтеріңіз! Келешекте Бекарыс математик болып жатса мен оған еш таң қалмаймын. Өйткені оның математикаға деген махаббаты ерекше.
3. Үндемей жүріп бәріне үлгіретін Нышанбайқызы Әсел қыздарыңызға қол соғып қойыңыздар! Мен Әселімнен үлкен үміт күтемін. Өйткені ол бастаған ісін ешқашан аяқсыз қалдырған емес.
4.Алдарыңызда сегіз қырлы, бір сырлы сері жігіт Сайпназаров Пірназар. Пірназар сыныбымызға жаңадан келсе де, өзінің көпшілдігімен, білімге деген құштарлығымен бәрімізді тәнті етіп жүр.
5. Алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын Сейділлә Гүлзира қыздарыңызға ду қол шапалақ! Гүлзира қашан мақсатына қол жеткізгенше өзін де, мені де, анасын да тыныш қоймайтын ерекше қасиеті бар ерке қыз.
6. Атына заты сай, зерек десең зерек, зейінді десең зейінді Әбдіназар Зейінді ортаға шақырамыз. Зейін білімді де, тәрбиені де бойына сіңіре білген ерекше шәкіртім. Мен оны мақтан тұтам.
7. 7-ші киелі санды иеленген дана да, дара қыздарыңыз Диана Әбдіназарды қарсы алыңыздар! Диананы негізі Диана емес Дана деп атаған дұрыс болар еді. Өйткені ол сыныбымыздағы ақылды да, дана қыз.
8. Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қай жағынан сынасаң да сүрінбейтін, жан-жақты да салмақты қыз Тұрымбет Ұлданаға ду қол шапалақ!
«Қарға баласын аппағым дейді» демекші өз шәкірттерін сонша мақтады деп сөкпеңіздер. Одан да олардың осы мақтауға қаншалықты лайық екенін көрсету үшін ойынымызды бастаймыз!
Бүгінгі интеллектуалды ойынымыздың мақсаты:
1. Оқушылардың жан-жақты білімін тексеру, пысықтау;
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3. Тапқырлыққа, жылдамдыққа, зияткерлікке, тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу;
4. Сынып көшбасшысын анықтау;
Ойын жоспары:
1-айналым: «Білгенге маржан»
Бұл айналымда үміткерлерге оқу бағдарламасының аясында әзірленген 24 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алады. Ең аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады.  

2-айналым: «Сиқырлы әріптер»
Әр сөзі сол әріптен басталатын, сонша сөзден тұратын сөйлем құрау.
3-айналым: «Қалт етпей қағып ал,
Жауабын тез тауып ал» (әртүрлі сұрақтар, жұмбақтар)
4-айналым: «Қисынды ойлай білейік!»
Логикалық тапсырмалар орындайды.
5-айналым: «Мультфильмдер мың түрлі
Ертегілер бар мұнда» (Мультипликациялық сюжетті суреттердің ана тіліндегі қай шығарма екенін табу)
Қазылар орнатады әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.


Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына,
Ұқыптылық пен зеректік,
Серігің болсын бойыңда
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар, сайыс жолында !

1-айналым. (Ең аз ұпай жинаған екі оқушы ойыннан шығады)

Сөйлем неден құралады? (сөздерден)

7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап? (307)

Ауада ең көп кездесетін газ? /Азот/

Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерің білесің?

Қазақ тілінде неше септік бар? (жеті)

Автомобиль 180 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобиль жылдамдығы неге тең? /90 км/сағ/

Қандай қорықтарды білесіңдер?(«Наурызым», «Ақсу-Жабағылы», «Алматы»)

«Қырық мысал» кітабының авторы. (А. Байтұрсынов)

«Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз?»
Қыстырма сөзді тап. (жаңылмасам)

64 қай санның квадраты? (8 санының)

Ауаның қасиеті (түссіз, мөлдір, иіссіз)

«Жетім» әңгімесінің авторы (М. Әуезов)

Мәтіннің неше түрі бар? Ата. (3 Пайымдау, сипаттау, әңгімелеу)

Ұзындықтың өлшем бірліктерін ата. (Км, дм, см, мм)

«Жер бетінің өкпесі» деп нені айтамыз? (Орман)

Лирика деген не? (лирика адамның көңіл-күйін сезімін білдіреді)

Қос сөз дегеніміз не? (Екі сөздің қосарлануынан жасалған күрделі сөздер)

100 жылдың басқа атауы (ғасыр)

Жер бетінде ауаның ауысуынан не пайда болады? (жел)

Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады? (ертегі, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер)

Кісіге, жер-суға, жан-жануарларға арнайы қойылған атаулар. (Жалқы есімдер)

Тәуліктің 4-тен бірі қанша сағат? ( 6 сағат)

Үгілу деген не? (Тау жыныстарының бөлшектенуі)

Дүние жүзі бойынша Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында? (9)

2-айналым. Бұл айналымда ең аз ұпай жинаған бір оқушы ойыннан шығады.

Суреттегі ашылған тапсырманы орындау.

Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен
Білімді болсаң жығарсың,- демекші 3-айналымға да келіп қалдық.
3-айналым: «Қалт етпей қағып ал,
Жауабын тез тауып ал» (әртүрлі сұрақтар, жұмбақтар)

Ұя салмайтын құс (көкек)

Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата?

Қос құлақты, жүз тісті. Жүзінен бір - ақ із түсті.(ара

Медеу мұзайдыны қай қалада? (Алматы)

Орман дәрігері (тоқылдақ)

Сақталады алты ай жаз, Сандығымды сары аяз. (Тоңазытқыш)

Қазақша жыл басы (тышқан)

Болса да көкте мекені, Кездеспейді екеуі (Ай мен күн)

Зеңгібаба қай малдың пірі? (Сиырдың)

ҚР тұңғыш ғарышкері кім?( Тоқтар Әубәкіров)

Нешеу ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді? (алтау)

Басты байлық не? ( денсаулық)

Әр желінің асты толған көк қоян
Жаз шыққанда көк қоянды жеп қоям.(қияр)

Мәңгілік өмірді жырлап өткен ақын. (С. Ерубаев)

«Ит өлген жер» деген қандай мағына береді? (алыс)

Ағайынды бәрі:

Шыққанда – көк,

Түскенде – сары. (жапырақтар)

Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол. (Атаның)

Білімнен мол сый-асы
Балдырғандар ұясы. (мектеп)


4-айналым: «Қисынды ойлай білейік»

Менің ақшама осы ақшамның жартысын қосса, менде 150 теңге болар еді. Менде қанша ақша болған? (100 теңге)

Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш – үш-тен, ұлдарына екі - екіден берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін тап. (2 ұл, 2 қыз)

Торда үш қоян бар еді. 3 бала қояндарды бір-бірден бөліп алды. Сонда торда әлі бір қоян қалды. Бұл қалай?

Жанар сабаққа 150 минут дайындалса, Анар екі жарым сағат дайындалады. Сабаққа кім көп уақыт жұмсайды? ( екеу бірдей)

Бір күні әкесі ұлына бір кітап беріп, «Мына кітапты оқысаң, 2000 теңге берем » депті. Баласы 1 аптадан соң әкесіне келіп, «Әке, мына кітапты оқып болдым, 2000 теңгемді қашан барасіз?» депті. Сонда әкесі:
- Балам, сен кітапты оқыған жоқсың, - депті. Баласының кітапты оқымағанын әкесі қайдан білді? (өйткені, 2000 теңге кітаптың ішінде болған )

Мадина жасырынған достарын іздеп жүр. Ол шымылдықтың артынан 11аяқты көрді. Ол жерге Мадинаның неше досы жасырынған? (6. Біреуі бір аяғын көтеріп тұр)

Бес таяқтың неше ұшы бар?

 Судың қолды кесіп кетуі мүмкін бе? (егер оны мұз етіп қатырса)

Ойын-толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойында жеңеді нағыз мықты,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ!


Жеңімпазды анықтау. Марапаттау.

Сынып жетекшісі: Бекайдарова Шынар


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Ж?лдызды с?т сайысы Бекайдарова Шынар

Автор: Бекайдарова Шынар Билисбековна

Дата: 21.01.2016

Номер свидетельства: 280336


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства