kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Нажмите, чтобы узнать подробности

классный час проводился в школе. Как неделя для начальных классов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»

Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік!»
Мақсаты: - Оқушыларға жол ережесі мен қауіпсіздікті сақтауға үйрету;
- Қоғамдық орындарда өздерін алып жүруге баулу;
- Жол белгілерін тани білу және дағдыларын қалыптастыру;
- Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілерінің суреттері, нақыл сөздер, кітаптар, слайдтар.
Барысы:
І бөлім: 1-жүргізуші:
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта жүре алатын жас ұланбыз!
2 – жүргізуші:
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп
Ол – ортақ, үлкен-кіші, баршамызға!
Мұғалім:
Бүгінгі тәрбие сағатымызға оқушылар екі топқа бөлініп, қатысып отыр. Бұл топтар жол ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілерін анықтап, сіздерді жолда жүру ережелерімен таныстырады.
Сонымен сіздердің алдарыңызда
«Бағдаршам» тобы және «Жол белгілері» тобы.

ІІ бөлім. «Бағдаршам» тобы
Ұраны: «Тоқта!, Сақтан!, Жол ашық!
Жүрме жолға таласып»
Бағдаршамның шығу тарихынан баяндайды.
1–оқушы:  Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапты, білесіңдер ме?
Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның аты тарихта сақталмаған.
2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
3-оқушы: 1914жылы Американың үлкен қалаларында электрлі бағдаршамдар пайда болды. Олар тек екі түсті: қызыл және жасыл болатын.
4-оқушы: 1918 жылдан бастап үш түс қолданылатын болды. Олар: қызыл, сары және жасыл түстер.
5-оқушы: Бүгінгі таңда бағдаршамды электронды жүйемен басқарады. Бағдаршамдар Қазақстанның барлық қалаларында, көшелерінде де бар.
«Жол белгілері» тобы
Ұраны: «Үйрен таппай тыным бір,
Белгілердің тілін біл.»
Жол белгілерінің шығу тарихынан баяндайды.
1-оқушы: Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде талпыныс жасалған.
2-оқушы: 1730 жылы Жаңа Указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды.
4-оқушы: 1812 жылы Жаңа ереже қабылданды. Оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, номерлік белгілер қойылды.
6-оқушы: 1968 жылы Венада халықаралық конференцияда «Жолда жүру» туралы конвенция қабылданды. Осы құжат негізінде жолда жүру ережесі жасалып, 1973 жылы күшіне енді.
ІІІ бөлім. Топтар шартты белгілерімен таныстырады.
1. «Бағдаршам» тобы

  1. Мен көзімді ашқанда,
    Ешқашанда баспа алға.
    Орыңда тұр, қозғалма,
    Ереже бұл «Сен, тоқта!»
    2. Мен көзімді ашқанда,
    Қарап қалма аспанға.
    Жүруге әлі болмайды,
    Дайындықты сақтайды.
    3. Мен көзімді ашқанда,
    Көліктер саған тоқтайды.
    Ережені білген жандар 
    Өтуге еш қорықпайды.
    2. «Жол белгілері» тобы

1. «Ескерту» белгісі
Өзі қызыл үшбұрышты ескерту белгісі мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікте ешқашан да қалмаған.
2. «Тыйым салу» белгісі
Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адам.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың?
3. «Нұсқау» белгісі
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
4.Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз, ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндет атқарып жүрміз біз,
Есіңде сақтап қал, біздерді ұмытпай!
ІV бөлім. Сұрақ-жауап
Бағдаршам тобына
1. Бағдаршам деген не? /жол қозғалысын реттейтін автоматты жүйеге қосылған үш көзді қондырғы/
2. Бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өтеміз? /алдымен сол жағымызға қараймыз,жолдың ортасына жеткесін сол жағымызға қараймыз/
3. Велосипедті көшеде неше жастан бастап тебуге болады? /он төрт жастан бастап болады/
4. Көлік күтетін жер қалай аталады? /аялдама/
5. Көліктің бұрылатынын қалай білеміз? /поворотник жағады/
«Жол белгілері» тобына
1. Бағдаршам сөзінің орысшасы қалай? /светофор/
2. Тротуар дегеніміз не? /жаяу жүргіншілерге арналған жол/
3. Жол белгілерінің неше түрі бар? /126 түрі бар/
4. Бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрғанда кімдерге тоқтамай өтуге рұқсат етіледі? / 101 – өрт машинасына, 102 – полиция машинасына, 103 – жедел жәрдемге/
5. Көшеде жолдың қай жағымен жүру керек? /оң қол жағыңмен жүру керек/
V бөлім. Көрермендерге жұмбақтар беріледі. Жұмбақтардың жауабы алынады. 
VІ бөлім. Оқушылармен бағдаршам ойыны ойналады.
VІІ бөлім. Қорытынды
Біз бүгін жолда жүру ережесімен, бағдаршам белгілері мен жол белгілерін үйрендік.
Айналайын, абайла!
Жан-жағыңа қарайла!
Жолда жүру ережесін
Есте сақта қалайда.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 1 класс

Скачать
Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік

Автор: Симгалиева Рухия Аскаровна

Дата: 24.10.2016

Номер свидетельства: 351908

Похожие файлы

object(ArrayObject)#854 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Адами қарым - қатынас жасау ізгіліктері"
    ["seo_title"] => string(42) "adami_k_arym_k_atynas_zhasau_izghiliktieri"
    ["file_id"] => string(6) "399258"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1489240689"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства